Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет7/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   348
18.08.2023 dis

Зерттеу нысаны. Қазақ тіліндегі мінез сипаты атаулары, тұрақты сөз 
тіркестер, ішінара мақал-мәтелдер. 
Зерттеу пәні. Мінез сипаты атауларының мағынасы, семантикасы. 
Жұмыстың мақсаты. Қазақ тіліндегі мінез сипаты атауларының толық 
тезаурусын жасау, лексика-семантикалық топтарға бөлу, мінез атауларын 
аксиологиялық 
тұрғыда 
қарастыру, 
мінез 
атауларының 
лингвомәдениеттанымдық негіздерін анықтау. 
Жұмыстың міндеті. Зерттеу жұмысының мақсатына орай, төмендегідей 
міндеттер қойылды:
– мінез ұғымын психологиялық, әлеуметтік, аксиологиялық аспектіде 
қарастыру; 
– лексикографиялық еңбектерден қазақ тіліндегі мінез сипаты 
атауларының тезаурусын жасау; қазақ халқына таңылған ұлттық мінез 
атауларын, стереотиптік қазақы мінез атауларын айқындау;
– қазақ тіліндегі мінез атауларын жағымды және жағымсыз сипатты 
білдіретін атауларға топтастырып, жағымды мінезді танытатын концептілердің 
тілдік 
репрезентанттарының 
көбінен 
азына 
қарай 
топтастыру, 
лингвомәдениеттанымдық тұрғыда қарастыру; 


8
– қазақ тіліндегі жағымсыз сипатты білдіретін атауларды лексика-
семантикалық топтарға бөліп, тілдік бірлігі көп топтан аз топқа қарай 
орналастыра отырып, сипаттама жасау; 
– қазіргі қазақ күнделікті сөйлеу тілінде орысша аталымы қолданылатын 
мінез атауларын сауалнама негізінде айқындау, варварлық сипатта тілімізге еніп 
кеткен орыс тіліндегі атаулардың қазақ тіліндегі баламаларын көрсету; 
– қазіргі қазақтілді жас буынның қазақы мінезді тану мәдениетін айқындау; 
– қазақ тіліндегі мінез атауларының түсіндірмелі-әліпбилік, синонимдік 
қатарын көрсететін қолжазба ұсыну. 
Зерттеу жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдер. Лексикографиялау, 
түгендеу, 
сипаттау, 
лингвомәдениеттанымдық, 
концептуалды, 
лингвоаксиологиялық талдау әдістері және сауалнама әдісі мен статистикалық 
әдіс қолданылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет