Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


САЛАҚТЫҚ мінез болмысы негізінен әйел адамға қатысты көп айтылады



Pdf көрінісі
бет60/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   348
18.08.2023 dis

САЛАҚТЫҚ мінез болмысы негізінен әйел адамға қатысты көп айтылады 
(21). Абылыңқы-сабылыңқы, алақ-бұлақ, арқауы бос, боғы ботқа, сідігі сорпа, 
дүмбілез, жалпы етек, кең балақ, керенау, қазанына қаспақ қатқан, қазанының 
қаспағы бес елі, қалай болса, солай, құнтсыз, лас, майлы қолтық, нас басқанды 
бит басқан, олақтан салақ жаман, салақ, салғырт, солпы етек, ұқыпсыз, 
шалағай деген атаулармен ғана аталады. Мұнда салақтық әр қырынан 
сипатталады: ұқыпсыздық, керенаулық, бостық. 
ӨТІРІКШІЛДІК қасиетті қазақ халқы (17): алдағыш, алдампаз, алдамшы, 
алдаушы, әрмен жүрек, бермен бет, екіжүзді, көзалдаушы, көзбояушы, өтірікке 
жүйрік, өтірікші, рияшыл, сайдақы, суайт, суайттау, суқит, сылдыр-суайт 
деген атаулармен атаған. Яғни адамды алдау мен өтірік айту, аңқаулықпен 
суқиттану әрекеттерін ғана таңбалаған.  
ЖАҒЫМПАЗДЫҚтың (16): бәйектегіш, жабысқақ, жағымпаз, 
жағынғыш, жағынымпаз, жақсы атты болғыш, жалбақай, жарамсақ, 
жәркелеш, көлгір, қошеметшіл, құйыршығы болу, мадақшыл, мүләйім, 
мысықсопы, шолақ белсенді деген атаулары жиналды. Бірде тік мінезді деген
бірде момын халық деген стереотиппен аталатын халықтың табиғатына 
жағымпаздану жанаспайтын болған соң, бұл мінез сипаты қазақ халқының 
болмысынан алыс болуы мүмкін.  
МАНСАПҚҰМАРЛЫҚ қазақ халқының стереотипті атауы деп 
танылғанмен бұл ұғымды беретін атау аса көп емес болып шықты (13): ағаш 


101
белсенді, атаққұмар, атақшыл, баққұмар, даңққұмар, мансапқор, мансапқұмар, 
мансапшы, мансапшыл, саясатқұмар, саясатшыл, төрешіл, шенқұмар. 
Академик Ә.Қайдар қазақты атаққұмар, шенқұмар, мансапқұмар халық 
деген ел ішінде қалыптасқан пікір барын, айта отырып, қазақтарға таңылып 
жүрген бұл пікірдің әртүрлі себебі түсіндіреді. Оның бірін Ресейдің отаршылдық 
саясатынан, яғни шен-шекпен алып, мансапқа ие болу үшін ұлықтар алдында 
құрдай жорғалап, құл болып бағыну әдетіне байланыстырады. Оған мысал 
ретінде патшайым Анна Иоановнаның қазақ қандай халық екен, нені ұнататын 
халық екенін сұрастырғанда қазақтардың атаққұмарлыққа, шенқұмарлыққа 
бейім екенін білгеннен кейін бас көтеріп, атқа мініп жүрген еті тірі, 
пысықтарының кеуделеріне алақандай-алақандай медаль таққанын, арқаларынан 
өтірік қағып қойып, бір-біріне айдап салып жаман үйреткенін; сөйтіп, 
“бөлшектеп ал да, билеп, төстей бер” саясатын жүргізе бергенін Қ.Әзбергеновтің 
мақаласы арқылы айтады. Сол әдет қазақтың бойына сіңген дейді [1, б. 18].
Ә.Табылды да шенқұмарлық, мансапқорлық мінезді – қазақ халықтың 
қасіреті деп табады. Шенқұмар адамның өзінің шама-шарқына, біліміне, іскерлік 
ауқымына қарамай, шенге (атаққа, дәрежеге) құмар болып, сол жолға «барын 
салып», «бағын жандырмақшы» болатынын, «Азат басың болсын құл: Қолдан 
келмес іске ұмтыл» деп, Абай дана мансапқор адамның қолдан келмес іске 
ұмтылып, азапқа түсетінін келтіре отырып, бүгінгі күні мансапқор адамның 
парақорлық үшін мансапқа ұмтылатынын айтады [88, б. 7-9]. «Бірақ секіріп 
шығам деп, бірақ секіріп түсем деп, мертігеді де жатады, сөйтіп Құдай атады» 
деп, Абай айтқандай, мансапқор адам түбінде жақсылық таппайтынын халық 
тарихы көрсетіп келеді.
Атауға аса бай емес, басқа да мінез атауларын төменде топтап береміз. 
Олар ЕБЕДЕЙСІЗ (11): ебдейсіз, ебедейсіз, епсіз, икемсіз, қырсыз, қыры жоқ, 
ноқай, олақ, орашолақ, өнерсіз, ығы жоқ; КӨРСЕҚЫЗАРЛЫҚ (11): әуесқой, 
әуестенгіш, еліккіш, еліктегіш, еліктемпаз, желкөкірек, желікпе, көрсеқызар, 
көрсеқызарлау, құмарпаз, қызыққыш; ӨЗІМШІЛДІК (11): бөлінгіш, жекешап, 
жікшіл, киіктеу, меншікқұмар, меншікшіл, меншіл, өзімшіл, өзімшілдеу, өпірем, 
рушыл; ЗАРЫЛДАУЫҚТЫҚ (10): безілдек, безілдеуік, ділмар, жылауқор, 
жылауық, зар жақ, зарлауық, қақсауық, тіл мен жаққа сүйенген, шағымшыл; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет