99
қажет бола қалса, ортақ мүдде, мақсат үшін өзін-өзі құрбандыққа беруге дейін
дайын тұратын, әрі мәрт, әрі іші тар халық екенін сипаттайды.
Сонымен бірге
қазақтардың бірінің-бірі иығынан тартып, етегінен басып, бастан қағып, аяғын
аттатпай қоятын әдеті барын, оның жоғалмайтынын, оған қазақ өмірінде мысал
көптігін айтады. Күншілдікте тек жоқ екенін, шек болмайтынын, пенде
бойындағы ең жаман қасиет екенін, кең дүниені тарылтатын қасірет осы
болатынын айтады [1, б. 90].
Халық тілінде «туысың бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң бөліп, бере
алмайды» деген нақыл сөз бар. Ә.Қайдар бұны қазақтың – қасіреті деген. Көп
жағдайда өз үлесінен құр қалып,
шығар биігіне жете алмай, аларын ала алмай
қалып жүруінің басты себептерінің бірі көреалмаушылықтан, іштарлықтан,
күндеушіліктен болатынын айтады.
Ә.Табылды іштар адамның қолы – сараң, мінезі – қытымыр болатынын,
алуға – бар, беруге жоқтығын, әркімге жамандық ойлап, біреу – өлсе, «жері кеңіп
қалғандай», біреу жамандық көрсе, «сауап болыпты» дейтіндей өзімшіл,
көргенсіз болатынын айтады [88, б. 7-9].
«Біреуді біреу аяп, қайғысына ортақтасқандай, қуанышына ортақтаспайды.
Біреудің қуанышына ортақтасу орнына адамда күншілік пайда болады. Бұл –
жалпы адамзаттың ұнамсыз бір жарамаған мінезі. Бір ғалым айтыпты: Қайғыға
ортақтасу үшін, адам болу жетеді. Қуанышқа ортақтасуға
періштелік те толық
емес. Неге десең, күншілдіктің дөкей ірісі соларда болған»
(Шәкәрім
Құдайбердіұлы) [92, б. 214].
Қазақ тіршілік қамы жүйесінде аңқау болуды, біреуге тез сенуді аса
жағымсыз мінез қатарына жатқызбайды. Сөйте тұра жағымды мінез ретінде де
бағаламайды, керісінше аңқаулықты кекетіп, мазаққа айналдырып отырады. Сол
себепті бұл ұғым осы топта қаралып отыр.
АҢҚАУЛЫҚ ұғымын беретін
атаулар аса көп емес, олар
(20): алаңғасар, аңғал, аңғалақ, аңғалсоқ, аңғырт,
аңқау, аңқау-аңғал, ардың-күрдің, ашықауызды, әпенді, әулекі, әумесер, әуміш,
болбыр, доланкесер, иланғыш, нанғыш, нандық, нанымпаз, саудайы.Қулығы жоқ,
арам ойламайтын, тіптен ойланбайтын ла тұлғалар жайлы айталытын сөздер.
Достарыңызбен бөлісу: