Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет56/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   348
18.08.2023 dis

ашуланшақ, ашулы, ашушаң, ашуы қатты, ашуы мұрнының ұшында тұратын, 
бажылдақ, байланысқыш, бақырауық, барылдақ, бейауыз, бетпақ, бірбеткей, 
даукес, дауқұмар, даулағыш, дауылды, долау, долуыр, долы, дөрекі, дуайпат, екі 
аяғын бір етікке тығатын, жанжалшыл, керіскек, көк долы, көкбет, тыз етпе, 
ұрысқақ, шырт етпе, ызақор, ілінісе кеткіш. 
Бұл ұғым көбіне адамның дауыс көтеруімен байланыста сипаттала 
аталады: айқайлағыш, арсылдақ, ашуы мұрнының ұшында тұратын, бажылдақ, 
бақырауық, барылдақ, бейауыз. Және ашу сөзіне қатысты атаулары да біршама: 
ашуқор, ашуланғыш, ашуланшақ, ашулы, ашушаң, ашуы қатты, ызақор. Және 
әйел адамға тін мінез ретінде лексикалық бірліктері бар: арсылдақ, бажылдақ, 
бетпақ, бірбеткей, долуыр, долы, керіскек, көк долы, көкбет, тыз етпе, 
ұрысқақ, шырт етпе.  
Қазақ мәдениетінде аңқаулыққа қарама-қарсы, қулығы көп, адамнан 
айласын асырып жүргендерді де жағымсыз мінез санаған. Осы қатар ҚУЛЫҚ 
(34) концептісіне топтастырылды. Олар: айлакер, айлакес, айлақор, айлалы, 
айлашы, айлашыл, алаяқ, алдамшы, алпыс алты айлалы, алпыс екі айлалы, 
амалқой, амалшыл, арбағыш, аттының аяғын, жаяудың таяғын алған, әдісқой, 
әдісті, әдісшіл, басбақыл, қу, қулау, қулығын асыру, қулықшы, қулықшыл, 
қушыкеш, суаяқ, сужұқпас, сужұқтырмас, сықаяқ, сырдан сыңар аяқ өткен, 
сырқынды, тақыс, тәсілқой, үміттәйім, іші лас, сырты таза. 
Ұлт санасында қулық айла, әдіс табумен ассоциацияланады: айлакер, 
айлакес, айлақор, айлалы, айлашы, айлашыл, алпыс алты айлалы, алпыс екі 
айлалы, әдісқой, әдісті, әдісшіл, амалқой, амалшыл алаяқ, аттының аяғын, 
жаяудың таяғын алған, тәсілқой. Бұл атаулар не бір жақты жағымды не бір 
жақты жағымсыз атау бола алмайды. Бұлар қазіргі қоғамның сұранысына орай 
бейтарап мәнге ие бола бастады.
Екіншіден кісіні жер соқтырып кету, арамдық қосылған қулық реңкі бар 
атаулар бар: алдамшы, арбағыш, іші лас, сырты таза. 
Академик Ә.Қайдар қазақ халқын табиғатынан намысшыл, шамшыл, 
өркөкірек, өзімшіл, қызбақанды халық екенін айтады. Қазақ халқы бұл 
мінездерімен бірден көзге түсетінін, намысты қолдан жібермейтінін, болар-
болмас нәрсеге өкпелеп қалатынын, өзгенің айтқанына көне қоймайтын 
өркөкіректігі мен қызбалығы ерекшелеп тұратынын айтады.
Бұл мағынадағы атау қорының орташа сипатына қарап, табиғатынан 
момын, енжар халықтың қызбалыққа салынуы сирек болады деген ой келеді. 
Сонымен бірге қызбалықты қазақ халқы елеп, ескеріп ат қоюы аса жиі емес 
сияқты. Дегенмен онбестомдық сөздіктен 31 бірлік табылды. ҚЫЗБАЛЫҚ: 
алақызба, албырт, арқасының қозбасы бар, асыққыш, аужар, байыбына 
бармайтын, байыпсыз, берекесіз, дойыр, желпеңбай, күйгелек, қызба бас, қызба 
қанды, қызба мінезді, қызба, қызбалы, қызбалықты, қызуқанды, ожар, 
сабырсыз, тауаны тар, тік мінезді, ұрма мінезді, ұстамсыз, ұшқалақ, үстірт 
ойлы, шадыр, шамданғыш, шәдде, шыртбас.


96
Мұндағы арқасының қозбасы бар деген тұрақты сөз тіркесі назар аударады. 
Ән біткен сайын дуылдасып, арқасының қозбасы бар желөкпе немелер өңеші 
жыртылғанша айқайлап, қошамет жаудырып, азан-қазан болады да, жаңа бір 
ән басталғанда жаңағы у-шудың бәрі жым-жылас тиылып, жұрт тағы да 
сілтідей тынып қалады (Ә.Кекілбаев, Дала.). Арқасы бар, арқалы, арқасы 
құрысу деген тұрақты тіркестермен қатар қозбалығы бар деп атау мінез сипатын 
көрсетеді.
Академик Ә.Қайдар қазақ тілінде желігу деген сөздің адамның бір нәрсеге 
қатты әуестенуі, қызығуы, құмарлықтың соңына түсуі, соны орындағанша 
тоқтамай, өзін-өзі тежей алмауы деген мағынаға саятынын айтады. Бұны 
қазақтардың жылқы малының құлағында ойнап, жылқы етін жеп, қымызын 
ішуінен деп жобалағанын айтады, өйткені ат мінгенде, әсіресе жорға мен жүйрік 
ат мінгенде адамның көңілі көтеріліп, бойы сергіп, қайдағы бір желік пайда 
болатынын, ал жылқының қазы-қартасына тойып, қымызына қызара бөртіп 
алған кезде адамның көңіл күйі көтеріңкі, сергек тесезімтал жүретініне 
байланыстырады. Сонда қызбалық желігі бар, желігі мол деумен байланыста 
екенін айтады [1, б. 64].
Педагог ғалым Ә.Табылды байыптау, пайымдау, ой қисыны болмаған 
жерде «шыдам» тез таусылатынын, ой жүйесі «шолақ» болатынын айтады. 
Қызуқандылықтың қазақ ұлтына тән еместілін ескертеді. Егер бола қалса, оның 
тексіздік екенін айтады [83, б. 7-9].
Жағымсыз мінез атауларының енді бір тобы АҚЫЛСЫЗДЫҚ (39) 
ұғымын таңбалайды. Қазақ халқы парасатты, ақыл-пайымы бар, салиқалы 
тұлғаны қашан да бағалаған. Және қазақ халқының өзіне тән мінезі ретінде 
атаған. Қазақ ақылды, парасат-пайымы толық халық деген стереотип қазақ 
халқының өз ішінде көп айтылады. Осыған сай келмейтін мінездерді мінеп, атау 
берген: адасқыш, айланкес, аққөз, ақылдан кенде, ақылдан шайнам жоқ, 
ақылсыз, ақылы алқымынан аспау, ақылы ауған, ақылы к...інен аспайтын, ақылы 
келте, алағұс, албыт, алданғыш, арда, дәлдір, дуасыз ауыз, дуасыз, есектің 
миын жеген, есер, есерсоқ, жетесіз, жылтсыз, зердесіз, кеудемсоқ, қуыс бас
надан, ойсыз, оясыз, өресі аласа, өресіз, парасатсыз, парықсыз, пәтуасыз, пікірі 
жоқ, санасы жоқ, санасыз, соқырлау, тауықтың миындай ми жоқ, түйсіксіз. 
Олардың 
көбі 
ақылдың 
жоқтығы, 
сананың 
төмендігімен 
байланыстырылады: есер, есерсоқ, жетесіз, жылтсыз, зердесіз, қуыс бас, надан, 
ойсыз, оясыз, өресі аласаөресіз, парасатсыз, парықсыз, пәтуасыз, пікірі жоқ, 
санасы жоқ, санасыз, соқырлау, түйсіксіз. 
Сараңдық пен тойымсыздық ұғымдары бір болғанмен екі түрлі топқа 
жіктелді. Себебі сараңдық қолында барды елмен бөлісе алмаушылық, 
жомарттыққа қарама-қарсы ұғым болса, тойымсыздық жемқорлықпен, 
парақорлықпен ұштасқан, арам жолмен дүние жинауға ұмтылуды, 
пайдакүнемдікті атайды. Көзі тоймаудан пайда болатын қанағатсыздық мінез. 
Қанағатсыз адам «ала берсем», «жей берсем» деген ғана оймен күн кешетін, көзі 


97
жұмылғанша тоймайтынын, ала берсем деп, мүмкіндік табылса, парақор 
болатынын, алудың амалын ғана ойлайтынын айтады Ә.Табылды [88, б.7-9]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет