Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


Қыз балаға қатысты мінез атаулары



Pdf көрінісі
бет64/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   348
18.08.2023 dis

 
Қыз балаға қатысты мінез атаулары. Ұлттық салт-дәстүрімізге сай қазақ 
қызы тәрбиелі, білімді, нәзік, намысшыл, ұлтжанды, сыпайы, жан-жақты ойлай 
алатын, нәзіктік пен сұлулықтың белгісін сипаттайды. Қыз – ел намысы. 
Байырғы қазақ қоғамында қалыптасқан рушылдық туысқандық терминдер 
бойынша қыз бір шаңырақтың баласы емес, сол рудың алыс-жақындығына 
қарамастан бәрінің қызы болып есептеледі. [96, б. 163]. Мысал ретінде ғалым 
І.Кеңесбаевтың және Г.Смағұлова еңбектерінде кездесетін тіркестерді тізбектер 
болсақ: «қызға қырық үйден тыю – қызды жөнсіз ешқайда шығармау туралы 
айтылады; қызда қырық есекке жүк болатын айла бар (қыз қылығы қырық есекке 
жүк) – қыз айлалы, қу қылығы, назы көп деген мағынада; он екіде бір гүлі 
ашылмаған – жас, тазалық, пәктілікті білдіретін символдың белгісі ретінде
қыздың жиған жүгіндей – қыз қолынан шыққан дүниедей сәнді, тәртіпті, 
жинақы; қыз емшектенді – бұл жерде сүйкімді, көрікті деген мағынада айтылып 
тұр; қыз мінезді – мінезі жайлы, сызылып тұратын жас бала; қыз теке – үнемі 
қыздармен қосылып ойнайтын ер балаға, ерекше киінетін қыз балаға қойылатын 
ат, теңеу ат» деп «қыз» сөзін фразеологиялық тіркестермен түсіндірген [97, 98]. 
Қазақ мәдениетінде әйел баласына қатысты мінез атаулары көптеп саналады.
Қазақ тілінде қыз баланың әдептілігіне қатысты көптеген сөздер мен 
тіркестер, мақалдар бар. «Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі», 
дегендей сырт қарағанда алдымен қыз ажары көзге бірден байқалады. Қазақ 
қыздарының бойында туа біткен әдептілік қанмен берілген қасиет. «Қызға 
қырық үйден тыю» бұл сөздің астарында үлкен мән-мағына жатыр. Демек, біздің 
қыздарымыздың қолында білдей бір ұлттың болашағы мен тағдыры тұр.
Қазақ халқының мәдениетінде қызға байланысты ӘДЕПТІЛІКке қатысты 
көптеген атаулар бар және де нағыз қазақ қыздары осындай мінездерге сай 
болған. Біз «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» онбестомдығы бойынша қазақ 
қыздарының мінез атауларын барынша жинастырып, топтастырдық. Әйел 
адамның әлеуметтік өмірдегі әртүрлі ситуацияларына сай сипаттама атаулар да 
берілген. Олардың ішінде қызға қатысты мінез атауларына мысалдар жазып, 


106
мағынасын ашуға тырыстық. Халқымыз қыз баланың әдептілігіне қарата: 
абайлағыш, биязы, бипаз, жібек мінезді, ибалы, инабатты, инабатшыл, 
жарқылдақ, назқой, пәкізе (таза, кіршіксіз, бұзылмаған, пәк) деп қыз мінезіне 
атау берген. Ал білімділігіне қарата: зерделі, зерек туған, кішіпейіл, қылықты 
деп атаған. Мысалы:. Әкесіндей бұл-дағы Білмегенін сұрағыш, Ненің қалай 
тұрғанын, Абайлағыш, сынағыш (С.Мұқанов, Замандас.). Мұнда қыз баланың 
ұқыптылығы, тиянақтылығына қарата абайлағыш деген мінез атауы 
қолданылып тұр. Айшаның өзі де әйелдің сүйкімдісі. Мінезі қандай биязы, бипаз 
болса, тілі де сондай жұмсақ, майда (3.Шашкин, Теміртау). Бұл жерде қыз 
баланың сыпайылығына, биязылығы жайлы бипаз мінезді деп атап отыр. Он 
алтыға енді шыққан бала қыздың мінезі баяғы алғашқы әйелін есіне түсірді. 
Тарпаң-тұрпаңсыз, биязы. Биліктің әзәзіл дәміне әлі құныға қоймаған уыз жас 
(Ә.Кекілбаев, Бір уыс топырақ). Сыңғырлаған күлкі, биязы амандықпен 
бұратыла басып, тобылғыдай майысқан бойжеткендер (С.Жүнісов, Шығ.). 
Әдептілік пен сыпайылықтың қыз бала бойында бала кезден қалыптасқан биязы 
мінезі туралы айтылады. Сағила әуел баста сонша назды да жібек мінезді жан 
еді. Мен дегенде үзіліп тұратын (З. Шашкин, Доктор.). Мұнда қыз бала мінезінің 
жібектей жұмсақ, сыпайылығын – жібек мінезді деп атайды. Айсұлу әжеге 
тақап келіп, үстелдің екінші жағына тізесінен жүгініп отырып, ибалы жүзбен 
сәлем бергендей боп: – «Есенсіз бе, әже?» – деді (М.Әуезов, Өскен өркен). Мұны 
көргенде манадан бері екі босағада иіліп-бүгіліп тағзым етіп тұрған қызметші 
қыздардың ибалы жүзіне еріксіз күлкі жүгірді (Ә.Кекілбаев, Тырау-тырау.). Бұл 
жерде қыз баланың ізеттілігі мен сыпайылығы, үлкенге деген құрметіне қарап 
ибалы мінезді қыз деген атауды қолданып отыр. Қарашы, әне, мына сіңілің 
сияқты инабатты, албырт әрі ұятты, Алаулаған желегі Соңымыздан асау ұрпақ, 
арынды ұрпақ келеді (М. Шаханов, Ғасыр.). Қыз бала мінезінің ілтипаты мен 
ізгілігі жайлы ианабатты деген мінез атауын қолданады. Айғайшы 
көсемдердің көшбасы осы Бөкем, былайша айтқанда, Бозжігіт. Үлкенге де, 
кішіге де инабатшыл, ауылдың ат қойғыш әйелдері «сенатор», «қайнаға» деген 
тіркестерді қосып ап соға береді («Лен. жас»). Бұл жерде әдеп сақтағыш, 
сыпайы адам жайлы айтылып, инабатшыл деген мінез атауын қолданылып 
тұр. Ойлап отырса, көрші қыз соншама еркін, ашық-жарқын, жарқылдақ екен 
(О. Бөкеев, Қайдасың.). Зина кісіге сенгіш, ақкөңіл, жарқылдақ жан (К.Тоқаев, 
Түнде.). Кісі көңілін қалдырмайтын, жайдары адамның жарқылдақ мінезі 
жайлы баяндалып тұр. “Жұлын жеген бала суға кетеді” дегенді білетін зерделі 
әйел қайнысының аяқ астынан неге бұлан-талан болғанын түсіне қойды 
(Қ.Салғарин, Қасапшылық). Қыз баланың зейінділік пен саналылығына қарата 
зерделі мінезді деп те атаған. Бұл кемпір ұрғышыдан туған зерек, Кісі екен 
оқымысты жөні бөлек. Екеуін бір емшектен емізбеске Алланың бір хикметі болса 
керек (Ш.Құдайбердиев. Шығ. Қыз баланы дәстүрлі ортада білімділігі мен 
оқымыстылығына қарап зерек туған деп те атаған. Үш жыл ішінде қыз 
бетіндегі жібек пердені сыпырып, «беті ашылған», тілді де қылықты 
келіншекке айналған (З.Шашкин, Сенім). Биіктегі боз көйлекті бойжеткен 
Гүлжаһан есімді осы бір қылықты қыз көптен бері көрші тұратын 


107
(Б.Әбдіразақов, Серпіліс). Қазақта қыз қылығымен көрікті деген сөз бар, яғни 
қыз бала қылығымен тартымды болып көрінеді. Думаншыл ауылдар, түйрегіш 
тілдер, базынашыл жігіттер, назқой қыздар еске түсті («Лен. жас»). Үлде мен 
бүлдені таңдап киетін ерке, назқой, қылдырықтай жіңішке әйел екен 
(Б.Аманшин, Көкжар). Қыз бала бойындағы еркелігіне қарап назшыл, назқой 
мінезді деп баға берген. Пәкізе. Қыз баланың адалдығы, тазалығын білдіру 
мақсатында оның мінезіне пәкізе деп баға берген. 
Халқымыз жалпы қыз баланы сыйлап, оған құрметпен қараған. Ал кей 
жағдайда қыз баланың қырсықтығы мен қыңырлығына, еркекшоралығына 
қарата да ибасыз, инабатсыз, қылықсыз деген мінез атауларын да қолдана 
білген. Мысалы: Кетіп қалуды ибасыз көріп, кетпейін десе берекесі қашып, жұқа 
өңі қызара түсіп, көзі мөлтілдеп Жұмабекке қарайды (Т.Ахтанов, Дала сыры). 
Қыз бала бойындағы әдепсіз қылығына қарата ибасыз деген сөзді қолданып 
отыр. Бақ, дәулет, мал кетерде ырыс қашар, Біреуі біреуіне пәле жасар. Бала 
пайдасыз болар, Жалшы жалқау болар, Қызы қылықсыз болар (Үш ғасыр.) 
Мұнда қыз баланың ізетсіздігі мен ұятсыздығына қарата айтылған мінез 
атауы баяндалады. Тек өзіне белгілі тер төккенде жеткені, не құрымай біржола, 
не шарықтап кетпеді. Дабырадан қашқанға даңқсыз деп жүрмісің, доп тебетін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет