216
тектісін, адам қолына тез үйренгіш естісін атаған (А.Сейдімбеков, Ақиық). Ол жұрттың
мұң-мұқтажымен есептескіш, жақсыдан үйренгіш,
жаманнан жиренгіш абзал, адал
адамдар деседі (М.Сатыпалдиев, Жартастағы жазулар).
683.
ҮЙРЕТКІШ сын.
Білмегенді түсіндіргіш, ұғындырғыш; үйретуге шебер.
Қызына ақыл үйреткіш қатындардың оңай мысалына
айналатын жерден қашығырақ
кеткені дұрыс (М.Сқақбаев, Қырық.). Көзге ерекше түскені – асау, қашаған бұрыларды
қалай ұстап, қалай үйретулері, бұл жағынан олар жылқы үйреткіш буряттар тәрізді
(С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). Үйреткіш
болса ортаға өзі шығып, қарсы жақтағыны
сұлатып түсірмей ме?! (С.Бердіқұлов, Жұмыр жер.).
684.
ҮЙРЕТІМПАЗ сын.
Үйреткіш, үйрету қабілеті күшті адам. – Апырай,
мынадай да ат үйретімпаз жан болады екен! (С.Мұқанов. Балуан Шолақ.).
685.
Достарыңызбен бөлісу: