Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


ҮНЕМҚОР сын. Үнемдегіш, үнемшіл. Бір ғажап жері ондайлар тақуа емес, –  үнемқор, тиын жинауға қомағай, тырысқақ (К.Тоқаев, Тасқын)



Pdf көрінісі
бет196/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   348
18.08.2023 dis

ҮНЕМҚОР сын. Үнемдегіш, үнемшіл. Бір ғажап жері ондайлар тақуа емес, – 
үнемқор, тиын жинауға қомағай, тырысқақ (К.Тоқаев, Тасқын). 
700. 
ҮНЕМШІЛ сын. Ысырапққа жол бермейтін, ұқыпты. Ол пысық, айтқанды екі 
етпейтін, бір тиынды текке шығын жасамайтын ұқыпты, үнемшіл қызметкер 
(Ж.Жұмақанов, Соқпақ.). Жас жұмысшылар шетінен үнемшіл, есепшіл, ұқыпты 
(Ғ.Мұстафин, Ой әуендері.) Қытай салтында арақты бұлай ішу жоқтұғын. Табиғатынан 
үнемшіл халық он грамдық оймақтай ыдыспен таңдай жібітіп қана отырады 
(Қ.Жұмаділов, Соңғы көш.). 
701. 
ҮҢІЛГІШ сын. Жан-жағына зер салғыш, байқағыш. Сафуан айтар 
әңгімелердің де тақырыбы алуан-алуан, қаһармандары немкетті сүлесоқ емес, елгезек 
те үңілгіш («Лен. жас»). 
702. 
ФАЗЫЛАТТЫ сын. Қайырымды, рақымды, жағымды. Алдырып аш-арыққа 
берді бөліп, Патша еді фазылатты дәті берік (Т.Ізтілеуов, Тұтқын қыз). 
703. 
ФАҺІМЛІ сын. ескі кіт. Пайымды, парасатты. Қолыма жазайын деп алдым 
қалам, Моллаға Әбубәкір бізден сәлем! Фаһімлі бұл заманда бір жігіт деп Сыртыңнан 
мәдақтайды барша ғалам (Кердері Әбубәкір, Қазағым). 
704. 
ФӘРЗАНА сын. 1. Данышпан, ғалым. 2. Ақылды, есті парасатты. Ақ дидары 
көз алдыңнан ұрланып, Ақынның тек қиялында жырланып. Бір фәрзана келе жатқан 
секілді, От көзінен байтақ дала нұрланып (Х.Ерғалиев). 
705. 
ФИРУЗ сын. 1. Жеңімпаз, жеңгіш. 2. Табысты, бақытты. Екінші – Құдыс 
пенен Шам болады, Үшінші – Бағдат, фируз һәм болады (Құлымбет). 
706. 
ФЛЕГМАТИК зат. псих. Эмоциялық сезімі тез қоза қоймайтын самарқау, 
салғырт адам. Флегматик өзіне әсер еткен заттар мен құбылыстарды баяу қабылдайды. 
Көңіл күйі байсалды, орнықты, бастапқы қалпын ұзақ сақтайды. Қимыл-қозғалысы да 
өте баяу (ҚҰЭ). Флегматик бала оқуда, ойында, еңбекте тиянақты, басқалармен көп 
араласпайды (ҚҰЭ). Н.В.Гогольдің «Өлі жандарындағы» Собакеевич – флегматик 
темпераментінің айқын өкілі болып табылады (К.Жарықбаев, Психология). 


218
707. 
ХАКІМ [ар.] зат. 1. көне. Даулы мәселені шешетін тәуелсіз төреші. Іс 
қозғалғанға дейін діни қазының (кади) алдына бармай тұрып, хакімге барып жүгіну 
керек (Ислам энц.). Хакім атқарушы өкіметтің хұқына ие емес, оның мәртебесі 
(статусы) айқындалмаған, хакімді ешкім тағайындамайды, оған өзінің өмірден түйгені 
көп, беделді адамдар ұсынылады (Ислам энц.). 2. Басқарушы, әкім. Бекетай – «Молда 
момын» хакім болып Көп тұрды Қазалының қаласында. Жібектей «Молда момын» 
болды майда, Асылған қайратынан көрді пайда (Базар жырау, Шығ.). Хакімдер жаңа 
өспірім жастан болды, Басына ұрылардың бостан болды (Кердері Әбубәкір, Қазағым). 
Енді бұл іске жоғарғы хакім кіріспек (Ә.Бөкейханов, Шығ.). Тауыса алман дүние кебін 
айтып санап, хакім аз іс ететін ғаділ қарап (А.Байтұрсынов, Шығ.). 3. Оқымысты, 
данышпан, философ. Осындай сөз танымайтын елге сөз айтқанша өзіңді танитұғын 
шошқаны жақсы деп бір хакім айтқан екен (Абай, Шығ.). 
708. 
ХАЛИС [ар.] сын. Шын, нағыз, таза, адал. Бұлар өз ижтиһадің бірлән, ниет 
халис бірлән ізденсең ғана берілетін нәрселер, болмаса жоқ (Абай, Тол. жин.). Бұл істер 
ғылым симиа екен х а л и с (Абу-л-Харис). 
709. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет