Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет201/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   348
18.08.2023 dis

ШАШПА зат. жерг. Мырза, қолы ашық, береген. Өзі шашпа жігіт болушы еді, 
қолындағы барын елден аямайтын (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі). 
742. 
ШЕР сын. жерг. Ержүрек, қайратты, жүректі, батыл. Молдағали – шер жігіт 
(Қазақ тілі. аймақ. сөздігі). 


221
743. 
ШӨГЕЛ сын. Пысық, тындырымды. Бірақ газет жұмысына шөгел, қай жерде 
жүріп жазып тастайтынын білмейсің, күн сайын әзіл-оспағы аралас фельетоны 
бұрқырап шығып та жатады («Жұлдыз»). 
744. 
ШЫДАМДЫ сын. 1. Неге болса да шыдайтын, төзімді, көнбіс, сабырлы. Ол 
маңғұл өздері татардай ассыздық, сусыздыққа, ыстық-суыққа шыдамды болмаса керек 
(Абай, Тол. жин.). Ойлап тұрсам, адамның ең артығы – Ерінбейтін, еңбекшіл 
шыдамдысы (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Түзден ұстаған құсты үйрететін адам құстың 
сырына қанық, ерекше шыдамды, ерінбейтін ерік күштің иесі болу керек 
(А.Сейдімбеков, Тауға біткен жалбыз.). 2. Мықты, берік (зат). Өйткені шөл 
аудандарда көбінесе күннің ыстығына шыдамды жәнесуды аз керек ететін өсімдіктер 
өседі (С.Әбдірайымов, Шөл жайылым.). Бір гектар жерден 350-480 центнерге дейін 
өнім береді, сақтауға шыдамды(А.Алманиязов, Қазақстанның қауын, қарбызы.). Ат 
иесі қайтыс болған соң аяқ лауға шыдамды мал болар деп торыны бұл өз қолына алған 
болатын (К.Сегізбаев, Ашылмаған сыр.). Ал шынында бұлар өте шыдамды, ірі 
балапандарды ұзақ жерге көшіру онша қиынға түспейді (Ж.Төреходжаев, Қанатты 
достар.). 
745. 
ШЫРЫН-БАЛДАЙ сын. Көркем, ұнамды, жағымды. Көркемдік сипатыңнан 
табылғаңдай, Даусың да болса керек шырын-балдай. Көптен-ақ дабысыңды естісем де, 
Болған соң келе алмадым жерім шалғай (А.Байтұрсынов, Шығ.). 
746. 
ШІРКЕУЛІ сын. Ұятты, қысылған, ыңғайсызданған. Ол енді шешесінің 
шіркеулі жүзін танығандай мазалай бастады (Ж.Сатаев, Құйын). 
747. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет