Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет208/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   348
18.08.2023 dis

АУЗЫН БУҒАН ӨГІЗ [ӨГІЗДЕЙ] Үндемейтін, бір ауыз сөз айтпайтын, жуас, 
жігерсіз. Оңаша үйде түн бойы екеуден екеу отырғанда бір ауыз сөз айта алмаған мені 
«жасық, аузын буған өгіз...» – деп қалды-ау! (Ғ.Мұстафин, Көз көрген). Аузын буған 
өгіздей томсарып отырғандардың тілі ұзарып, бұрын етек астында, жең ішінде 
жасырынғаны енді әшкерлене бастады (Е.Оразақов, Дәрігер.). 
111. 
АУЗЫНАН СӨЗІ [ҚОЙНЫНАН БӨЗІ] ТҮСКЕН Жасық, бозөкпе, ынжық (адам). 
«Аузынан сөзі, қойнынан бөзі түсіп» дегендей, қарадан-қарап тұрып-ақ, қысылып-
қипақтап, біліп тұрғандарын жөндеп айтып бере алмады (Ө.Қанахин, Жас дәурен). 
Аузынан сөзі түсіп, былжырап жүргеніне қарамай, ол даауылнай болып жүр ғой 
(Б.Майлин, Шығ.). «Алматы – әсем астанам» деген хабарды жүргізуші бір журналистің де 
«аузынан сөзі, қойнынан бөзі түсіп» тұрғаны өкінтіп кетіп еді («Қаз. әдеб.»). Келген басшы 
алғаш көргеннен-ақ көсіліп сөйлеп, төгіліп тұрмаса, аузынан сөзі, қойнынан бөзі түскен 
біреу екен, басшы боп не оңдырар дейтін пікірден де ауыл адамдары құр алақан емес-ті 
(Ә.Қалмырзаев, Ар). 
112. 
АУМАҚАЙ сын. жерг. Қиыншылыққа қарсы тұра алмайтын ынжық, жігерсіз. Ер 
азаматтың аумақай болғанынан сақтасын («Еңбек туы») 
113. 
АУМАЛЫ ауыс. Ауыспалы, орнықсыз, құбылмалы; тұрақсыз. Жылы суға қолын 
малып, от басында отыратын мезгілі ғой әкенің. Үлкен-кішіні әуреге түсірген аумалы 
дүние-ай (О.Сәрсенбаев, Сағым). Ұсталар патшаға келіп жетті, Әділ болған аумалы болмай 
өтті (Ғашықтық дастан.). Заман ғой сыры қилы, күні аумалы, Татулық сағым кейде бұлаң-
дады (Қ.Бекхожин, Әппақ-наме). 
114. 
АУМАЛЫ-ТОЛҚЫМАЛЫ сын. Ауыспалы, бірде олай, бірде бұлай. Мен аумалы-
толқымалы кезеңде нысанаңа тап болып тұрмын (Ш.Хұсайынов, Таныс адам.). 
Шәрипаның аумалы-толқымалы мінезінен қайтып қалған Қасболат көңілі қайта лап етті 
(Т.Ахтанов, Боран). Жас адамның аумалы-толқымалы мінезге үйір сәті де аз емес, Анар да 
бұдан мүлде арылып кетпегені аян (А.Байтанаев, Қансонар). 
115. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет