Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет205/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   348
18.08.2023 dis

жұлақ еткен, алаңдаған (көз). Апыр-ай, ә? – деді ол әлденеге аяқ астынан дал боп. Бірдеме 
айта ма деген ойда бұл бұрылып еді. Қараңғыда беті көрінбеді. Бірақ қасында отырған 
бурыл бас өкілдің әр кездегідей аңғалақ көзі алаң-құлаң еткенін біліп езу тартты 
(Ә.Нұрпейісов, Күткен күн). 
70. АҢҒАЛСОҚ сын. Аңғалданған, ұрыншақ, алды-артын байыптамайтын. Еліме бейбіт 
жатқан салма шатақ, Тұрған жоқ жаудан қорқып малды матап. Аңғалсоқ батыр сынды жан 
екенсің, Айта кет кім болсаң да атыңды атап (І.Жансүгіров, Таңд.). 
71. АҢҒЫРТ сын. Алды-артын байқамайтын аңқау, аңғал. Жігіттігі несі артық? Ақынсынған 
бір тантық. Желеңдеген бір бәдік, Қатынын қайтпек ол аңғырт (Ж.Аймауытов, Шығ.). 
Аңғырт директор алдында жатқан қағазды аңғарған жоқ. Олай дайындап қояды деген ой 
қиялына кірмеуі де мүмкін. Сонан кейін, әрине, шатасады (З.Шүкіров, Қиын түйін). Жау 
десе қорқуды білмейтін осы Бұқарбай батыр баладай аңғырт, ақ көңіл болатын 
(І.Есенберлин, Қаһар). 
72. АҢҚАУ сын. 1. Бейқам, қаперсіз, болбыр, өмірге бейімі жоқ, ойсыз. Бұдан соңғы бір алуан 
адамдары – қызметкер, мұның бірі – қалжыңқой, тапқыш қу, күлдіргі, екінші – аңқау, 
ақымақ (М.Әуезов, Шығ.). Тақасу өнер емес, құр қызғаншақ, Абайла, аңқау болма, байқа, 
шырақ. Қайтып келер есікті қатты жауып, Қалай ғана кіресің бетің шыдап (О.Малқаров, 
Өтсе де.). Жігіттер, осы сөзге құлағың сал, Басыңда миың болса, мұны ұғып қал. Алды-
артын ойламаған аңқау менен Алдампаз арам достан ғибрат ал (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). 
2. Қулық, сұмдықты білмейтін, ақкөңіл. Оған таяу соның немере інісі Әміржан шал. 
«Қожанасыр» атанған аңқау, ақ пейіл, ойына келгенін жасырмайды (З.Шашкин, Өмір.). 
Үлкен бір аңқау тазалықпен жас балалар үнімен айтылған жаңағы олақ өлең жолдары 
Сармолланың жоқтауы болып шықты. Бұны шығарған, тәрізі оның 14-15 жасар ересек 
шәкірттері болу керек (М.Әуезов, Шығ.). Жұрт едік аңқау өскен қазақ болып, Далада кең 
сахара көшіп-қонып. Алдаған залымдардың тіліне еріп, Жүрмесек жарар еді мазақ болып 
(А.Байтұрсынов, Шығ.). 3. Аңғал, сенгіш, ашықауыз. Ертеңіне әлгі кепканы бас киім 
сататын дүкеннің жанында тұрып, бір момын, аңқау жігітке саттық (Ө.Тұрманжанов, 
Адам.). Аңқау аңдамайды, әңгүдік тыңдамайды (Мақал.). Қомағай, ел жегіш, тегінен пұл 
жиғыш саудагер бір мезет [ашық ауыз] аңқау етіп, оның өгіздерін Алдарға алғызады 
(М.Әуезов, Шығ.). 
73. АҢҚАУ-АҢҒАЛ сын. Аңғырт, бейқам, еш нәрсе ойламайтын. Жүрсем де аңқау-аңғал бұл 
күнгеше, Бір жәйді білдім кеше, білдім кеше (М.Әлімбаев, Көңіл күйі). Қошқар аңқау аңғал 
мінезді қорқақтау еді (Қаз. ертег.). 


229
74. АҢҚАУЛАУ сын. Аңғалдау, аңғырттау. Бәтидің күйеуі аңқаулау адам болса керек, әлгі 
құрдасының айтқанына нанып, бір кезде Бәтиді жазықсыз сабай беретін болады 
(А.Жұбанов, Замана.). Көкшетау елімен салыстырғанда, Жетісу елі аңқаулау, момындау 
сияқты (С.Мұқанов, Таңд. шығ.). Енесі байғұс момын, аңқаулау кісі еді, қонақтарының 
бірдемені жасырып айтпай бара жатқанын аңғарған жоқ (С.Балғабаев, Құм.) 
75. АПТЫҚҚЫШ сын. Асыққыш, алып-ұшпа, асығып-аптығатын. «Қайран сөзім қор болды 
Тобықтының езіне» – өзі сөйлеп тұр емес пе?! Аптыққыш ала құсты сөз еткенде, «бір-ақ 
секіріп шығам деп, бір-ақ қарғып түсем» деген ойға орала кетеді (М.Әлімбаев, Өрнекті 
сөз.). 
76. АПЫРАҚ сын. Есерсоқ, сотқар. Тиме-тиме, апырақ Сарының бүгін екпіндейтін күні. 
Шабданбек байдың қарындасын інісіне қалың малсыз алып берейін деп отыр 
(С.Сейфуллин, Таңд.). Ырасы Адақ бәске қатыспаған, Шыңдағы орамалды атыспаған. 
Апырақ албырт, әңгі батырлардан, Бұл жігіт өзін аулақ, жат ұстаған (С.Сейфуллин, 
Өлеңд.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет