Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет204/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   348
18.08.2023 dis

тиянақсыз. Тез берілгіш, айнығыш, әсерленгіш Бектай кетерінде көп нәрсені ұққандай 
болып үйден айқын міндет алып шықты (М.Иманжанов, Алғашқы.). Айнығыш жан-дүние 
құлы, Біз бе-ек, сәулем, тайғанақ. Біз емес пе дүние шыңы, Қайда ойының, қайда бақ? 
(А.Жұмағалиев, Өшп. жалын). 
26. АЙНЫМАЛЫ сын. Опасыз, тұрлаусыз. Менде жоқ айнымалы ала мінез, Өмірлік бір күн 
үшін сертті бұзар (Ө.Тұрманжанов, Таңд.). Содан болар, мен туралы бағасы айнымалы, 
құмнан аққан өзендей. Жоқ, бұл топқа өкпе артудан аулақпын, Жалынымды, бәлкім, әлсіз 
лаулаттым (М.Шаханов, Ғасырлар.). 
27. АЙНЫМПАЗ сын. Айнығыш, өзгермелі, айнымалы. Бірақ кейде… Көргенде айнымпазды, 
Шоқ басқандай шошынып күйер денем (К.Салықов, Нұрлы күн.). 
28. АЙТАҚШЫЛ ауыс. Біреуді біреуге айдап салу, арандатуға құмар. Ол сумақайлығы, 
ауыл-үйді бір-біріне айдап салар айтақшыл, өсек-аяңы жоқ әйел («Қаз.әдеб.»). 
29. АЙЫПШЫЛ сын. Біреуге айып, кінә таққыш, айыптағыш, кінәмшыл. Оның жолдасытым 
айыпшыл екен. Әркімді бір мінеп, кінәлап-ақ жүргені («Лен. жас»). 
30. АҚИКӨЗ сын. Бұзық, тентек, басбұзар. Ақикөз ағайындары адамнан айбынбасы да тым 
құрыса Құдайдан қорқып жүрсін (Қ.Жұмаділов, Тағдыр). Жазушының көркем сөзі «жоқ» 
деп жерге қараған, «бар» деп аспандаған ақикөз мінездер көшірмесі емес, өмірдің өзіндей 
қарапайым жабы көңіл де, асқақ қиял да, жасыл бояуы да, жарқылдақ шарпысуы да қатар 


225
алмасқан, сегіз таспа қамшының өріміндей арпалыстар тоғысы. Тағдыр талайының 
жанартау секілді ауық-ауық дүр сілкінісі.(«Сыр бойы»). 
31. АҚКӨЗ сын. Дәлдір, надан, есер. Ақкөзсің, ақылы жоқ, бұзық дінді, Құдай деп табынасың 
от пен күнді. Ортаға өзі қаңғып келгеннен соң, Нендей іс етуші еді, сендей жынды! 
(Т.Ізтілеуов, Рүстем.). Соғыстан кейінгі жылдары отырыңқырап барып, жұрт аузына 
іліккен ақкөз тентек осы Жұбанға тұрмысқа шықты (Ә.Сараев, Бозқырау). 
32. АЛА ЖЫЛАН, АШ БАҚА Ел арасына іріткі, бүлік салушы, пәлеқұмар. Естілер де ісіне 
қуанбай жүр, «Ел азды» деп надандар мұңаймай жүр, Ала жылан аш бақа, күпілдектер Кісі 
екен деп, үлкеннен ұялмай жүр (Абай, Тол. жин.). 
33. АЛА ТАЙ Ел арасын бүлдіруші, ылаң, іріткі салушы, араздық тудырушы. «Неменеге 
«сабыр», ойбай!» – деп көтеріліп кетті әйел. Екі елді бүлдірген «ала тай» емес пе? 
(С.Мұқанов, Мөлдір махабб.). 
34. АЛАБҮЛІК зат. Бүлдіруші, сойқан салушы, ойрандаушы. Арасына өрт болдың, Алабүлік 
дерт болдың, қырғыз, қазақ халқының (Жамбыл, Шығ.) Онсыз да алабүлік ұсақ 
хандықтардың арасына от түсті (Ә.Кекілбаев, Шығ.). 
35. АЛАҒҰС сын. сөйл. Әумесер, делқұлы. Жақажан өзі әуелден-ақ алағұс еді, қой болмас! – 
десіп жұрт тарап кетіпті (С.Талжанов, Адам тур.) 
36. АЛАҚАРҒА ауыс. бейн. Ашықауыз, босбелбеу, сылбыр, аңқау (адам туралы). Қашаннан 
белгілі аңқау алақарға, несіпке бұйырмаған шара бар ма? – Шығатын шығасыға болып 
себеп, Ағашты Түлкі залым аралар ма! (А.Байтұрсынов, Шығ.). Ел ішіндегі Құдайға 
қараған есті-басты едәуір кісілер кенеттен туған бұл дауды өршітті, ағайыншылықпен 
бітіруге күш салған болса да алақарғадан жем айырғысы келетін, қасқыр ауыз, түлкі 
құйрық тәйілқай пасық, пысықтар қоламта шақты неғұрлым үрлейтүскен (Ж.Ахмади, 
Жүрек қартайса.). 
37. АЛАҚОЛ сын. Біреуге олай, біреуге бұлай қарайтын, әділетсіз. Бақтығұл «қашан шақыру 
келеді» деп, ажал сағатын күткендей, жүрегі күпті болып, алақол, арамза билердің әмірін, 
кәрін күтті (М.Әуезов, Қараш.). Улап бітті-аусананы ол Әз табиғат шебердің Өзі-дағы 
алақол десе қайтып сенермін?! (Қ.Жұмағалиев, Айнамкөз.). 
38. АЛАҚҰЙЫН ауыс. Айнымалы, құбылмалы мінез. Ең кәрлісі – төсінде қақпақтай үлкен 
жезі бар, жанында кең қоржын тәрізді бос былғары сөмкесі салбыраған алақұйын атшабар 
Далбай (М.Әуезов, Шығ.). Анасының алақұйын мінезіне әбден сыралғы болған ұлы ұлпа 
қарды омбылап жүгіре жөнелді (О.Бөкеев, Біздің жақта.). Көклан (Қобыландыға): Тарт, 
алақұйын аңғал жас, Асылға асыл бермес. Қара қылыш қолыңда Қаһарыма тең келмес 
(М.Әуезов, Шығ.). 
39. АЛАҚҰС сын. жағымсыз. Парықсыз, ойсыз, жетесіз. Үй іші не болып жатқанымен ісі 
жоқ, қашан көрсең де, жайраңдап мас болып, арсалаңдап жүргені. Жұрт оны «алақұс» 
дейді, «бәдік» дейді (Ж.Аймауытов, Шығ.). 
40. АЛАҚЫЗБА сын. Тым қызба. Жастықтың жігерінесемірем бе, Шығушы ем сөз көтермей, 
Едіреңдеп. Аурудан алып-ұшпа, Алақызба Алды ғой ақырында өмір емдеп (Қ.Мырзалиев, 
Мәңгі майдан). 
41. АЛАНИЕТ сын. Ниеті бұзық, теріс пиғылды. Мұндай аланиет өзімшілдік адам баласын 
аздырып бір-бірімен жауластырғаннан басқа еш нәрсеге де жеткіз бейді (С.Сейфуллин, 
Шығ.). 
42. АЛАҢ-БҰЛАҢ ауыс. Аңғал, аңқылдақ, алаңғасар. Еңкеңдеп ет аңдыған шалдар да көп, 
Телміріп бір тойғанын ар қылмаған. Ақ көңіл, алаң-бұлаң адамдар көп, Есептеп азын көпке 
аң-қылдаған (А.Байтұрсынов, Шығ.). Шымырбай – Шегебайдай емес, алаң-бұлаң, шаруаға 
орашолақтау болғанымен, өзінікі дегенде үзіп түсетін, жұртқа есесін жібермейтін адам 
(Б.Тілегенов, Көктем.). 
43. АЛАРМАН ауыс. Алғыш, алуды ғана ойлайтын, тойымсыз адам. Қартайдық, қайғы 
ойладық, ұлғайды арман. Шошимын кейінгі жас балалардан. Терін сатпай, телміріп, көзін 
сатып, Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман (Абай, Тол. жин.). Білгенге, денсаулық – 


226
дәмді дәулет, Мал-дүние, бақ-дәреже – жалған сәулет. Өмірге тойдым деген ешбір жан 
жоқ, Кеңшілік – аларманы берсем әулет (О.Шораяқов, Шайыр). 
44. АЛАСОТ сын. Алауыз, дүрдараз. Көрсе екен жандар рақат жалаң аяқ білінбей табанына 
жердің сызы. «Бірлікте, біттік дүние» десек-тағы, Аласот халық көңілінде бар жел-құзы 
(О.Шораяқов, Шайыр). 
45. АЛАУЫЗ сын. Ауызбірлігі, ынтымақ-берекесі жоқ, араз. Қазір Жағатай ұлысы 
меншектес, Қытай мен Ұйғырстанның ортасындағы таулы жердегі ұлысында тұрады. 
Және осы жер арқылы Жағатай ұрпағымен алауыз (І.Есенберлин, Шығ.). Ер-азамат 
арызшыл, ағайын алауыз… Осы бір тұс – қиян-кескіталас пен кек қызуының өршіген кезі 
боп тұр ғой, Рабиға (Ш.Хұсайынов, Таныс адам.). Өзара діңкілдескен алауыз ел 
ауыздағысынан жырылып, алдындағысынан айрыла беріпті («Қаз. әдеб.»). Алауыз болды. 
Араздасты, дүрдараз болды. Жерімізді жау алып, елімізді қырды ғой, Қанатымыз 
қайрылып, топшасынан сынды ғой. Ата қазақ бір-бірін арашалай алмай-ақ, Алауыз боп 
өзді-өзі құдай бізді ұрды ғой (М.Мақатаев, Шығ.). 
46. АЛАЯҚ 1. Қу, сұм, залым, зымиян. Ескі дақпырт бойынша, атқамінер алаяқтар тарапынан 
болысты қолпаштау, оған жағымпаздану әлі де сезіледі (А.Хангелдин, Қараторғай). 
Болады мал аласы сырт жағында, Жүреді күшіген құс жұрт жағында. Қулар мен алаяқтың 
сыры мәлім, Аласы көрінбейді, ұрт жағында (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). 2. Пысық, айлакер, 
жылпос. Жиренше елінен озған алаяқ шешен атанса да, өзі кедей екен, – деді 
(Ы.Алтынсарин, Таңд.). – Қандай Сырдан сыңар аяқ өткен алаяқтар еді. Қап! Тым 
құрымаса, қайда тұратынын да біліп алмаған екенсің (С.Жүнісов, Өшп. іздер). 
47. АЛБЫТ сын. жерг. 1. Аңғырт, есер, кеудемсоқ. Ұзақты ұғындырдым бір қатарлы
Саурықтың мал баққан бай Түнғатары. Кенжесі албыт, асау Қожаберген, Жолбарыс, қан 
шеңгелдің бір қаталы (І.Жансүгіров, Шығ.). 2. Албырт, пысық. Жалындаған албыттың 
Астам сөзін аңдама, Халық иесі Қамбар-ай! (М.Әуезов, Әңгім.). 
48. АЛДАҒЫШ сын. Алдампаз, өтірікші, суайт. Рақат мені тастап қоймадың тыныш, 
Асықжар, ағайын, дос – бәрі алдағыш (Абай, Тол.жин.). Тұла бойды улатты, Бәрі алдағыш 
сұм жалған. Басыңа тиді байқадың, Бәрінен басты шайқадың, Тағы бар ма айтарың? (Абай, 
Тол. жин.). Ақжүніс алдағыш, арсыз, жағымсыз тип (М.Қаратаев, Туған әдеб.). Патшаның 
заңын қуаттап, Жол ашып елді суаттап, Балдайалдап уатпақ, Би дегенің би емес, Ел 
алдағыш мекері (Дулат Бабатайұлы, Замана.). 
49. АЛДАМПАЗ сын. Өтірікші, суайт, алдағыш. Орыс халқының даңқты мысал жазушысы 
Крылов өз дәуіріндегі парақоршылық, қара жүрек, ел жегіштік, алдампаз қулыққа қарсы 
тәрбиелеп, содан бездіруге тырысты (Қ.Жұмалиев, Әдеб. теор.). Түс деген түлкі тәрізді 
алдампаз деп, сенбеуші едім. Мына көрген түсім кәдімгідей шын, өңім екен деймін 
(С.Бақбергенов, Қарға там.). Алдампаздар ала қашты күлкімді, Жарым түнде бөлді менің 
ұйқымды. Жұдырықтардан ту сыртымнан түйілген Жотам менің дірілдейді бір түрлі 
(Т.Молдағалиев, Шақырады көктем). 
50. АЛДАМШЫ зат. Алдампаз, алдағыш, суайт. Арыстан зорлықтың, асқақ күштің иесі; 
түлкі пәле басы және жауырыны жерге тимес, аяр алдамшы өзінен өзгенің бәріне іші қас, 
сырты дос болып көрінеді (М.Әуезов, Әр жыл.). Мен саған енді өз пайдасы үшін, сенің биік 
мансабың үшін өзі келіп ұрынған алдамшы, жәдігөй әйел болып көрінермін (Ш.Мұртаза, 
Жұлдыз.). Алдамшы мені түлкі етпе, Күлкі етпе мені тағдырға (Т.Айбергенов, Мен саған.). 
51. АЛДАНҒЫШ сын. Сенгіш, тез сенетін, иланғыш, нанғыш, ашықауыз. Молданың бір 
қызығы – дүние жинауға салақ, есебін білмейтін алданғыш адам (С.Мұқанов, 
Өмірмектебі). Көз алданғыш. Ойраны шыққан ойды көз алдайды (Ш.Мұртаза, Жұлдыз.). 
Бұл да қартқа жұмбақ. Бірақ бала көңілі сәби, алданғыш, не болса соған ойын бөле қояр 
әдеті (А.Байтанаев, Қайнар.). 
52. АЛДАУШЫ зат. Өтірікші, суайт, айлакер, айламен отырғызып кетуші. Сол Шығайбай 
заманында бір Алдар Көсе деген алдаушы адам бар екен (С.Сейфуллин, Шығ.). Бұлай 
болған соң халық ауруларын өзінің білген, есіткен даруларымен емдейді, бұ күнде қазақ 
халқын көбіне емдеуші – бақсылар, һәр түрлі хожа, молламын деген алдаушылар 


227
(Х.Досмұхамедұлы, Шығ.). Әр ашықауыздың өз алдаушысы бар (Мақал-мәтел). Наубайшы 
берген пұлын ала берді, Аңдамай алдаушының ісін біліп (Базар жырау, Шығ.). 
53. АЛДАУЫШ зат. сөйл. Алдаушы. Бұ дүниәде ондай дәрілердің жоқтығын білмей, табамын 
деп, олай шауып, бұлай шауып көпшығында қалып, бақсы байғұста кінә жоқ, кінә айтқан 
дәрісін таба алмаған өзімізде деп, сорлы қазақ көп беріп, әлгі алдауышты ризалап 
жөнелтеді (Х.Досмұхамедұлы, Шығ.). Алдауыш бақсылардың емдеуі ғылымның ешбір 
заңына келмейді (С.Мұқанов, Шығ.). Біздің Сәуле бірмінезді, Сайқал емес алдауыш. 
Серттен қайтпас тура сөзді, Жылан емес арбауыш (С.Сейфуллин, Шығ.). Алдауыш, ел 
бүлдіргіш құрыса сұмдар, Қараңғы ел арамзадан тыным табар (С.Торайғыров, 
Мағынасыз.). 
54. АЛДЫ АУЫР Зәрлі, сұсты, мінезі ауыр. Кеңдікке өзі шақырып, шылбырыңды өзі 
босатпаса Ғабеңнің алды ауыр кісі еді (Қ.Ысқақов, Күреңсе). 
55. АЛКЕУДЕ сын. жерг. Өзімшіл, менмен, өркеуде, тәкаппар. Ол әлдекім сияқты алкеуде, 
іші тар адыраң да, аузынан сөзі түсіп балбыраған ынжық та емес (З.Жәкенов, Таң самалы). 
Кетсем кейде қу томарға сүрініп, Күн бермейді алкеуделер кіжініп, Сүрінгенді сүйеместен 
бұл сұмдар, Көк желкеме көп жұмсады жұдырық (Қ.Сүлейменов). 
56. АЛПАУЫЗ сын. сөйл. Жалмақай, ашкөз. Барған жерінен ең болмаса, бір сабақ жіп 
жапсырып кетпесе басы ауыратын алпауыз қатын сияқты құр қол қайтпайтын 
(Ә.Кекілбаев, Үркер). 
57. АЛПЫС АЛТЫ АЙЛАЛЫ Өте қу, айла-амал, айла-әрекеті көп. Кір басқан құлаш 
айдары Аждаһадан кем емес, Аузын ашқан айбары. Алты жүз кірген соғысқа, Алпыс алты 
айлалы (Дулат Бабатайұлы, Замана.). 
58. АЛПЫС ЕКІ [АЛТЫ] АЙЛАЛЫ Алуан түрлі қулығы бар, сан түрлі әдісі бар, өте 
айлалы. Арт жағынан жауырыны бүлкілдейді, Қыран бүктеп астына дәл басқанда. Құсы да, 
иесі де қоразданар, Алпыс екі айлалы түлкі алғанда (Абай, Тол. жин.). Алты жүз кірген 
соғысқа, Алпыс алты айлалы Алты қаруасынған Айласының айғағы (Дулат Бабатайұлы, 
Замана.). 
59. АЛТЫ БАҚАН АЛАУЫЗ Ауызбірлігі жоқ, ынтымақсыз, дүрдараз. Сабырсыз, арсыз, 
еріншек, Көрсе қызар жалмауыз. Сорлы қазақ сол үшін Алты бақан алауыз (Абай, 
Тол.жин.). Біз барған жылдарда бүкіл Батыс Қытайдың іші сияқты, Қызай руының іші де 
қырық пышақ, алты бақан алауыз екен (Ж.Жұмаханов, Қаракөз.). Қап тауының тасын 
қопарғандай қаһарлы ханға мұнысы несі, «ит құтырса, иесін қабады» дегеннің кері келді-
ау деп ойлады алты бақан алауыз билердің қайсы бірі (Н.Әбуталиев, Қайран Нарын). 
60. АЛЫМПАЗ сын. Тойымсыз, нысапсыз, жемқор. Кәрі құда ең сұрамсақ, әсіресе алымпаз 
тойымы жоқ, жеміт құда (М.Әуезов, Әр жыл.). Бұл ортаның тойымсыз, ынсапсыздығын, 
ардан кешкен алымпаз аярлығын, қомағай топтастарын Абай өткір сынмен ашады 
(М.Әуезов, Әр жыл.). 
61. АЛЫПҚАШПА ауыс. Қызба, желіккіш. Ол маған дөрекілеу, көңілі келсе көлдей, көңілі 
келмесе шөлдей, алыпқашпа, ұрма адам боп көрінетін (С.Бақбергенов, Қарға там.). Мұқал 
мұндайда желпінгіш, алыпқашпа, желғабыз жігіт екен (З.Қабдолов, Өмір ұшқ.).  
62. АЛЫПҰШПА сын. 1. Қызба, жел мінезді. Кәріліктен кәдімгідей қорқатұғын шығарсың: 
Құлын жас боп көрінуге құмарсың, Алыпұшпа қызбалықтан қорқатұғын шығарсың: 
Сабырлы боп көрінуге құмарсың (Қ.Мырзалиев, Көш). Жастайынан алыпұшпа 
жеңілтектіктен ауылы алыс Ерекең соңғы күндері ешкіммен тіс жарып сөйлескен жоқ 
(Қ.Салғарин, Жаныңда жүр.). 
63. АМАЛҚОЙ сын. Тәсілқой, әдісқой, амал тапқыш; айлакер. Ол – әккі, талай шырғалаңнан 
құтылған амалқой адам (Ауызекі). 
64. АМАЛШЫЛ сын. Айлакер, тәсілқой, әдісшіл, амалын, ретін тапқыш. Күшті болса жау 
шіркін, Күштінің емін күш табар. Амалшыл болса жау шіркін, Оған да жетер бізде амал 
(Айманкүл, Ана сыры). 


228
65. АНТБҰЗҒЫШ сын. Сертін, уәдесін орындамайтын, сөзінде тұрмайтын. Сараңдық 
жолына түскен Қарабай да, мінез өзімшілдігіне түскен Қодар да рақымсыз, қаражүрек, 
антбұзғыш (М.Әуезов, Әр жыл.). 
66. АНТҚОР сын. Уәдесінде тұра алмайтын, екісөзді. Мынау азған заманда Қарасы антқор, 
ханы арам. Батыры көксер басы аман, Бәйбіше тантық, бай арам (Үш ғасыр.). Бұрттың 
антқор Манасы Асқа келер деп ойлап, Келген екен Қоңырбай, Ас үстінде басам деп 
(Манас). 
67. АНТСОҚҚАН сын. Оңбаған, Құдай атқан, сөзінде тұрмайтын. Бәрінен ұлы қайғы жанға 
батқан, Сардарды тас түрмеге жау қаматқан, Алдады арсыз, тексіз сұм азғындар 
Антсоққан, Құдай қарғап, құран атқан (Ғ.Қайырбеков, Большевик.). 
68. АҢҒАЛ сын. Істің алды-артын аңғармайтын, аңғырт, аңқау. Қамшылап күрең атты 
жамбасына Түлкіден бұрын шықты Хан басына. Жел шығып, боран болып кеткен екен, Аң 
қуған аңғал батыр аңдасын ба (Шәкәрім, Шығ.). Мұндай мейiрімді, аңғал, ақкөңіл 
қауқылдап тұрған бала мінез адамның жұрттан сый-құрмет күтуі де қиын (Ш.Айтматов, 
Қош бол.). Аңғал досым-ай, Не дейін саған, не дейін. Көрінеді ішің, Ашылса болды 
көмейің, Жақсы да сені демейін, Жаманда сені демейін, Қасымда жүрші, әрқашан сені 
көрейін (М.Мақатаев, Өмір-өзен). 
69. АҢҒАЛАҚ сын. 1. Алды-артын аңғармайтын, ұрыншақ, ұшқалақ. Қулыққа жоқ. Кейде 
жас бала сияқты аңғалақсыз! – деді Бану күліп (М.Иманжанов, Менің махабб.). 2. Алақ-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет