Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет225/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   348
18.08.2023 dis

БЕТІ ҚАЛЫҢ Беті шімірікпейтін, ұятсыз. Жолдастың беті қанша қалың болса да 
шыдамады. Бет-жүзі өртеніп кетті (Ә.Бөриев, Ақ бидай). – А, бетім қалың, білегім жуан, 
былқ етпеймін дейсің ғой сен. Бүркемейік, онда ашып-ақ айтайық (Ш.Хұсайынов, Таныс 
адам.).  
212. 
БИЛЕП-ТӨСТЕГІШ сын. Үкімін жүргізгіш, бағындырғыш, ырқына көндіргіш. Джон 
Грэй Қазақ ССР халық артисі Шахан Мусиннің орындауында бөгде елді билеп-төстегіш, 
менмен, сонымен бірге айлакер Янкидің құдды өзі боп шыққан («Лен. жас»). 
213. 
БОЖЫРАҚ сын. Пысық емес, бос, былжыр. – Шәлкеңе Құдай бересалған ғой! Өзі 
божырақ бірдеңе емес пе? – Басына осындай ой келгеніне Күлшебай мастанып, өзіне-өзі 
тамсанып қойған (С.Сарғасқаев, Біз төртеу.). 
214. 
БОЗӨКПЕ ауыс. Жуас, ынжық, жасық, былжыр. «Бәсе, нағашыңа тартқан бозөкпе 
боларсың,– деуші едім, дауыс көтеруге жарар түрің жоқ қой. Күмістің де енді маңайынан 
жүрмессің»,– деді ішінен аға сұлтан (I.Есенберлин. Қаһар). Ана бозөкпе ұлыңды сен 
Қызылдарға хабаршыға жібермек едің, болмай қалды, иә?! (З.Жәкенов, Таң самалы.). 
215. 
БОЙЫ БҰЛҒАҢ Былқ-сылқ еткен кербез, керім (адам). Бойы бұлғаң, Сөзі жылмаң, 
Кімді көрсем, мен сонан. Бетті бастым, Қатты састым, Тұра қаштым жалма-жан (Абай, Тол. 
жин.). Әр ауылдың өз басшысы, төбе биі, өжет жігіттері, сылқым салдары, бойы бұлғаң 
мырзалары бар (С.Омаров, Дала қызы). Ақылы аз Жаңылдың да оңып тұрған, Мінезі 
құстай ұшып-қонып тұрған. Сүйегі тым бос емес, іске тәуір, Барықсыз, дарақылау, бойы 
бұлғаң (С.Торайғыров, Таңд. шығ.). 


242
216. 
БОЛБЫР ауыс. Сылбыр, ынжық, болжыр (мінез). Мен сізге сеніп жүруші едім, 
сөйтсем, қолынан іс келмейтін болбыр командирлердің бірі екенсіз ғой (Б.Момышұлы, 
Москва.). Жүсіп бүгін өзгеріп кеткендей ме қалай, күндегі сүмірейген, болбыр Жүсіп емес, 
ширақ та келісті (З.Шашкин, Доктор.). Өзiнiң жiгiт болып қаршығаға құс iлдiретiнiн 
Абайға әрқашан бұлдаушы едi. Оны әлi өзiнiң шерiгiне де татымайтын бос, болбыр бала 
көретiн (М.Әуезов, Абай жолы).  
217. 
БОЛПАШ Дайынға үйренген, еті тірі емес, бос. Ертең-ақ мені бай қыз, мырза қыз, 
болпаш қыз деп табаламай ма? (Шағын пьесалар). Оның үстіне байдың болпаш баласы, 
сері жігіт болып, көк төбел үйіміз бар, қаладағы перуайбаймыз деп мақтанады 
(Ж.Аймауытов, Шығ. жин.).  
218. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет