Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет243/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   348
18.08.2023 dis

ЕСЕКТЕН ДЕ ЖУАС Момын, көнбіс. Есектен де жуас боп, Қолынан түсті таяғы 
(І.Жансүгіров, Шығ.). 


253
327. 
ЕСЕПДАН сын. 1. Есепқор, есепшіл, ұсақ. Ол есепдан кісі болатын, – деді қария оған 
шамданбай. – Қымыз түгіл, шалаптың сауабы да оралады (Т.Әлімқұлов, Күрең өзен.). 
Есепдан кісінің әр нәрсеге сақтықпен қарайтын әдеті емес пе (Алғы шепте). 
328. 
ЕСЕПДАР сын. Есепқор, есепшіл, санасуға бейім. Әйелдердің еркектермен 
салыстырғанда есепдар болатыны белгілі («Қаз. әдеб.»). 
329. 
ЕСЕПҚОЙ сын. Есепшіл, санасып қалған, ұсақ (адам). «Мырза» деген жай сөз, оның 
қайырымы сатулы, есепқой адам (Ғ.Мұстафин, Дауыл.). Шара жоқ тауым шағылса
Шамамды білмей, шақтамай. Қиындық көріп тосылсам, Есепқой достан сақтағай 
(Ө.Жайлауов, Шопан.). Күмісбегің құм санаған есепқой (Д.Досжанов, Кісі ақысы). 
330. 
ЕСЕПҚОР сын. 1. Есепшіл, пайдакүнем. Кіріс-шығыс, пайда-шығынның бірін 
елемейтіндей көретін Игілік бұл далада теңдесі жоқ есепқор еді (Ғ.Мүсірепов, Оянған 
өлке). Есепқор әке қызының туған күнінің тойын мектеп бітіру тойымен әдейі ұштастырған 
(Ә.Нәбиев, Ауыр апта).  
331. 
ЕСЕРСОҚ сын. Нақұрыс, әумесер, есірік, ұрда-жық. – Сіздің генерал-губернаторыңыз 
тек қана есерсоқ емес, орыс патшалығының барлық есуастық зұлматының айнасы 
(С.Бегалин, Шоқан асу.). Айтанның өзі де кәдуілгі адамға ұқсамайды, жын буған түзік те, 
ақылы бүтін есерсоқ та емес (М.Мағауин, Көк кептер). Сол кезде справник тағы келді
Малайды қағыстырып көп тексерді. Шатпақтап малай жөн сөз айтпаған соң, Есерсоқ 
жынды ғой деп қоя берді (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Есерсоқтың ақылы түстен кейін кіреді 
(Мақал-мәтел).
332. 
ЕССІЗ сын. Жарымес, есерсоқ, жынды. Мұндағылар ұзақ жылдар өмір өткізіп
ғылымды пайдасыз ұзақ бахастар бірлән күнін өткізіп, мағашат дүниеде надан бір ессіз 
адам болып шығады да, харекетке лайықты жоқ болған соң, адам аулауға, адам алдауға 
салынады (Абай, Тол. жин.). Біз даланың ессіз есерлеріміз ғой (Ғ.Мүсірепов, Таңд. шығ.). 
Көкшағыр ес сіз адамдай, бажырая қарады (Д.Әбілев, Арман.). // Ақылы кем, ақымақ адам. 
Мен үшін жүдеп, мынадай ессіздердің алдында қор болмаңыз (С.Жүнісов, Ақан сері). 
Айтқаның ақылдыға әсер етер, Көгалға көктемдегі дым секілді. Ессізге есіл сөзің еш 
болады, Кереңге көзбен еткен ым секілді (Т.Ізтілеуов, Назым).
333. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет