Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


ҚАЖЫРСЫЗ сын. Қайратсыз, қуатсыз; жігерсіз. – Қажырсыз еркекті қайрағанмен  не шығады (Т.Ахтанов, Дала.)



Pdf көрінісі
бет274/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   348
18.08.2023 dis

ҚАЖЫРСЫЗ сын. Қайратсыз, қуатсыз; жігерсіз. – Қажырсыз еркекті қайрағанмен 
не шығады (Т.Ахтанов, Дала.). 
529. 
ҚАЗАНБҰЗАР сын. Бұзық, бұзақы, сотқар, содыр. «Мына қазанбұзар, әпербақан жігіт 
қазынаға қалай сыйып жүрген?» – дегендей, ішімнен таңданып келем (Ж.Аймауытов, 
Шығ.). Қалжыңы теріс, сөзі – ұрыс, Айтқан сөзге көнбейді. Өз тентегін көрмейді
Қазанбұзар бір құрыс (Абай, Тол. жин.). 
530. 
ҚАЗБА сын. Қазып көп сөйлейтін, мазасыз, жайсыз; мыжыма (адам). Балаңда ел 
сабырлы мінез болса, Малыңды сол бағады аз да болса. Бала менен келінде не кінә бар. 
Үйде отырып кемпір-шал қазба болса (Шал ақын, Өлеңд.). – Қарап жүріп әлгі сүрей 
Серғазымен ұстасатының бар. Онымен не таппақсың. Сол мазасыз қазба немемен ілінісіп 
қайтесің (Б.Тілегенов, Көктем.). Қартайғанда қатының қазба дейді, Келін менен балаға 
жазба дейді. Ат болса, айғыр болса солар мініп, Шолақ байтал қақбасқа аз ба дейді 
(Алдаспан). 
531. 
ҚАЗБАЛАҒЫШ сын. Бір нәрсені қазбалай бергіш; қазымыр. «Жақсыны» қай жері 
жақсы, неліктен жақсы? «Жаманды» қай жері жаман, неліктен жаман? – деп қазбалағыш 
(Ғ.Мұстафин, Көз көрген). 
532. 
ҚАЙЫРСЫЗ сын. Қайыры жоқ, ізгі амалы жоқ, жаны ашымайтын. Қайырсыз болса 
байдан без, панасыз болса сайдан без (Мақал). Ақылы бар кісіні Айбаттайды, даттайды. 
Ауқаты бар туғанды Қайырсыз ит деп жаттайды (Абай, Тол. жин.). Көктемесе жаңбыр боп 
Қайырсыз жаздан қыс артық (Н.Наушабаев). Қайырсыз неше сараң байлар да бар
Қайықтай толқындағы қапталдаған (А.Байтұрсынұлы, Шығ.).  
533. 
ҚАЙЫРЫМСЫЗ сын. Қайырымы жоқ, мейірімсіз; қатыгез. Бай болған Шоқанайда 
Бабас атты, Қайырымсыз қарау адам тастан қатты (О.Шипин). О, тәңірі, қайырымсыз, 
анамды алдың, Ашылмастай басыма қайғы салдың (Қ.Жұмалиев). Әлдебір қайырымсыз 
қара күш көкірегіңді қарс айырып жіберіп, жүрегіңнің тамырларын бырт-бырт үзесуырып 
әкетіп бара жатқан сияқтанды (Ә.Нұршайықов, Махаббат.).  
534. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет