Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет278/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   348
18.08.2023 dis

ҚАРАЖҮЗДІ сын. Ел сенімінен айрылған, елдің қарғысына қалған, зұлым, арсыз. 
Құдаңмен тәңірі алдында беттестірсе, Сол жерде қаражүзді болмайсыз ба? (Қозы Көрпеш.).  
551. 
ҚАРАЖҮРЕК сын. 1. Мейрімсіз, қайрымсыз, жауыз, қатыгез. Бір күн ұйықтап қалсаң 
қаражүрек Нұртаза үстіңе мұздай су құйып, шошытып оятады (С.Жүнісов, Ақан сері). 
Қанды балақ жендеттер, Қаражүрек, көн беттер Жеріме келіп қол салды, Соғысқа қанды 
жол салды (Т.Жароков, Шығ. жин.). 2. Зұлым, арсыз, қараниет. Халықтың тұрған кезде 
атпай таңы, Қас дұшпан қаражүрек елдің жауы. Жанына жақпағанды жайратыпты, Құдияр 
– қанға жерік Қоқан ханы (О.Шипин, Дастан.). Кейбіреу оспадарсыз өр көкірек, Биікке 
шығамын деп бос секіред. Баз адам қаражүрек, қара ниет, Қайдағы шаргейдікті көңілі 
сүйед. Басының бадырайған мінін білмей, Біреудің кемшілдігін қайдан білед (К.Әзірбаев, 
Таңд. шығ.). Бәрінің тартып алды мал мен мүлкін, Тұтқындады ерлерді – елдің көркін. Сұр 
жылан Сұлтан отыр қанын тартып, Қара бет, қаражүрек азған шіркін! (К.Әзірбаев, Таңд. 
шығ.). (Д.Әбілев, Арман).  
552. 
ҚАРАНИЕТ сын. Арам ойлы, залым, сұм. Жанақ жырында қараниет Қарабай мен 
мысық тілеулі Қодар Қозының қолынан сазайын табады (М.Әуезов, Әр жыл.). Кейбіреу 
оспадарсыз өр көкірек, Биікке шығамын деп бос секіред. Баз адам қара жүрек, қараниет, 
Қайдағы шаргейдікті көңілі сүйед. Басының бадырайған мінін білмей, Біреудің 
кемшілдігін қайдан білед (К.Әзірбаев, Таңд. Шығ.). Саф алтынды бос тастан ақтап алып, 
Бөсіп кетпей, көкімей, мақтаналық. Жақсы деуге жақсыны құлқы қимас, Қараниет індеттен 
сақтаналық (К.Салықов, Жезкиік.). Қараниет дұшпанның көңілін басқан, Лапылдаған 
тозақтың алдын қосқан (Қ.Сатыбалдин, Әлия),  
553. 
ҚАРАПЕЙІЛ сын. Қараниет, арам. Делдие түскен танауында, «шіркін-ай, 
құдайтағаланың кәрімен атың сүрінсе, допша домалап ат үстінен құласаң» деген қарапейіл 
жаман ойдың нышаны бар (С.Жүнісов, Ақан сері). Тау мүлгіген, тас ұйықтаған Шақ еді бір 
тынығар. Қарапейіл жаны арам Жүретін тек ұрылар (Ө.Тұрманжанов, Таңд. өлеңд.). 
554. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет