Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет280/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   348
18.08.2023 dis

ҚАСҚЫР БЕТТІК Қаталдық, қатыгездік. Еламан, саған келіп отырмын, – деп, бұл 
арада да өзінің кісіден жүзі қайтпайтын қасқыр беттігіне бағып, ойындағы сөзін ірікпей, 
тура бастады (Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер). 
564. 
ҚАСТАНДЫ сын. Қаскүнем, арам, зиянкес. Ұлы күн жарқ еткендей аспанымнан, Ән 
төкті ақ ниетті асқарымнан.– Салынған аққан термен үйімізді Сақтастың – деді Конев, – 
қастанды дан (Қ.Көпішев, Кезеңдер). 
565. 
ҚАТЫБАС сын. Қатыгез, мейірімсіз, тасжүрек. Қатыбас өмірден мен пайда 
алмадым, Жаныммен жазған жырым – жайған малым. Қылышың емес пе едім қынаптағы, 
Жоғалттың неге мені пайғамбарым (М.Мақатаев, Дариға). Болған соң өзі әмірші – атты 
қайтсын, «Ер жігіт айтар сөзін батыл айтсын», Деп тұрған жүрек жегіш жолбарыстар 
Табиғат, сонша неге қатыбассың (Ғ.Қайырбеков, Сарыарқа.). Қайтып жаның ашымас? 
Неткен заман қатыбас? Еткен еңбек, төккен тер Қалай түкке татымас (Жамбыл, Шығ.). 
566. 
ҚАТЫГЕЗ сын. 1. Қатыбас, қатал, тасжүрек. Бастан аңыз Баспанаңыз Ауыл – 
Мөлтек Астанамыз! Қызықтарға Қызып барма. Қағыстырма Бұзықтарға! Атым өзге, Затым 
өзге. Қарсы қойма Қатыгезге! Біз күйрек пе? Қыз күйрек пе? Жолықтырма Безбүйрекке! 
Мазақтар ма? Азаптар ма?! Кезіктірме Кәззаптарға! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі.). Қолымда 


276
жіпке тізген кірәнжілік, Беруге жүгіріп ем соны ұмтылып, Қатыгез милиционер қолым 
қақты, Сөйткенше кете барды вагон жылжып (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ). Екеуін еркіменен 
қоспайтұғын, Қатыгез хан қаһары өзіне аян. Шарасын қалай етсек табамыз деп, Ойласты 
Салиха мен батыр Сәмен (Ә.Найманбаев, Шығ.). 2. Аяусыз, ауыр, қиындыққа толы (өмір, 
тағдыр). Қатыгез зілдей тағдыр қара тастан, Алдында жерге құлап барады аспан. Төменде 
сылқ-сылқ күліп дария жатыр Жап-жаңа қыз бақытын ала қашқан (Ғ.Қайырбеков, Құрдас). 
Тағдырыңды қатыгез де, сараң десен сүйгенмен ол сүймесе шараң не? Махаббат ол – қос 
жүректің әні ғой Өзінесай дауыс керек әр әнге (М.Шаханов, Ғасыр.). Кеттіңдер біздің 
үйден ұзатылып, Қатыгез қимастықты қыз аты қып. Сан түндер сағынышым көз ілдірмей, 
Жүгіріп сыртқа шықтым жүз атылып (Т.Айбергенов, Мен. ғашық.). 3. Безбүйрек, жаны 
ашымайтын. Біз болсақ, баланы балабақшалар, мектептер тәрбиелейді деген ұғым 
қалыптастырдық. Анасының мейірімімен өспеген бала қатыгез болады (Айқын) 
567. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет