274
548.
ҚАРАБАУЫР сын. Т
ас бауыр, безбүйрек, қайырымсыз, қатыгез (адам). Күркелінің
бауыры күнде дауыл, Көтеш қалды жұртында жалғыз ауыл, Ауырып жатқан көңілімді бір
сұрамай, Шын Сексеннің баласы қарабауыр (Алдаспан). //
Тас бауыр, безбүйрек,
қайырымсыз, қатыгез адам. – Беделсіз би, қайырымсыз қарабауырлар өңшең. Сендерге
сенем деп, бөксе басты болармын ба? Сүгір – бай, мен – кедеймін (М.Әуезов, Таңд. шығ.).
Берді бастаған өзге бригадалар да, Аяжандар да тегіс жиылған еді. «Әттең,
қандай
қарабауыр екен?», «Әттең, осы дұшпанды қолға берсе-ау», – десті (М.Әуезов, Шығ.).
549.
ҚАРАБЕТ сын.
Ел алдында барлық сенімнен айырылған, елдің қарғысына қалған
арсыз, ұятсыз, жексұрын. Қасірет уын ішіп жүрген Алуа енді күйеуін, адал бата қосқан
қойнындағы жазықсыз жарын, кетпенмен басқа шауып өлтірген қанішер, қарабет, бұзық
қатын атанып, ертеңінде атыраптағы бар елге әшкере болды (М.Әуезов, Өскен өркен).
Бәрінің тартып алды мал мен мүлкін, Тұтқындады ерлерді – елдің көркін. Сұр жылан
Сұлтан отыр қанын тартып, Қарабет, қара жүрек азған шіркін! (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).
Лықсып
келіп тығылды, Тулаған ойлар көмейге. "...Жүрт білсе егер мұнымды, Қарабет
Ақжан демей ме?!" (М.Мақатаев, Шығ.). //
Ел алдында барлық сенімнен айырылған, елдің
қарғысына қалған арсыз, ұятсыз, жексұрын адам. Түлкі болып сіңсеңіз де тау-тасқа
Қыран болып төбеңізден самғаймын. Осыменен әңгімемді бітірем.
Тек бітірер алдында,
Қансыз әрі миятсыз,
Шым етпейтін ұятсыз, Мына қарабетіңізге түкірем! Тфу!
(М.Шаханов, Ғасыр.).
550.
Достарыңызбен бөлісу: