СОҚТЫҚПАЛЫ сын. Соқтыққыш, ұрынғыш. Роман әзілқой, көңілді, күйедей
соқтықпалы жігіт (Б.Тілегенов, Аққайнар). Көпшілік арасында басқаға реніш туғызатын,
соқтықпалы сөз айту ұят болады («Мәдениет және тұрмыс»).
878.
СОҚЫРЛАУ сын. Көп аңғара бермейтін, сұңғыла емес. – Мұның өзі бір кісіден
басқаны көрмейтін соқырлау, – деді Зайкүл жұртты тағы да күлдіріп (Ә.Нұршайықов,
Махаббат.).
879.
СОТАНАҚ сын. Азырақ сотқарлығы бар, тентек. Махаббат емес сотанақ, Сотанақ
болса, сол – қайғы. Ұятты болсын махаббат, Ұятсыз болса, болмайды! (М.Мақатаев, Шығ.).
Нұрбапа сабақ үстінде мазасыз. Әсіресе, өзінің туған әкпесі Күлайшаның сабағында
сотанақ (Ш.Құмарова, Қазбауыр.). – Шешейау, әлгі сотанақтар кімдер екен? (А.
Хангелдин, Қараторғай). Қыдыр тұқымының сотанағы Сүгір салған ылаң жұртты қатты
қозғап, абыржытып кетті (А.Тоқпанов, Бүгін.).
880.
СОТҚАР сын. Бұзақы мінезі бар, содыр, шектен шыққан тентек. «Шын айтып, шын
жыласам, әкем тоқтар, Болса да қанша залым, қанша сотқар. Аямай, ықтиярсыз бермек
болса, Уәдем сол, не қылсаң, мені құтқар» (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Баланың сотқар,
тентек болуы өзіне лайық іс таппай іші пысқандықтан. Іші пысқан сон әр нәрсеге тиісіп,
бүлдіре береді. (М.Жұмабаев, Шығ.). Өзі нағыз жынды, сотқар қу болатын (Р.Райымқұлов,
Бұрылыс). Кебек бұрынғыдай емес, сотқар, озбыр билерге лағнат айтады (А. Тоқпанов,
Бүгін.).
881.
СОТҚАРЛАУ сын. Сотанақтау, тентектеу. Нүсіпбай дейтін сотқарлау жуан білек
бір баламен жанжалдасып қалдым (Б. Соқпақбаев, Өлгендер.). Парықсыз, сотқарлау балада
болатын әдетке басты ол (М.Иманжанов, Адам.).
882.
СӨЗГЕ [ӘҢГІМЕГЕ, ТІЛГЕ] САРАҢ Көп сөйлемейтін, аз сөзді. Бұрын да өзі аз
сөйлеп, өзгені көп тыңдайтын Иванов бүгін айрықша сөзге сараң, сырға тұйық еді
(Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер). Күлшахан да бірсыдырғы тәуір қыз, Сөзге сараң, мінезі де
ауыр қыз. Бәріміз де желінбейтін алмамыз, Бәріміз де бөлінбейтін ауылмыз
(Т.Молдағалиев, Шақырады.). Ол берілген әмірді екі етпей түгел тындыратын, сөзге сараң
жігіт еді (Т.Ахтанов, Дала.). Топта болмаса, жеке адаммен кездесуге сөзге сараң, көбінесе
өзі сөйлегеннен гөрі басқаны тыңдауға құмар болатын (Д.Әбілев, Арман.). Әкелер қан
майданға ерте кетіп, Балалық жіберген жоқ еркелетіп. Үйрендік іске обыр, тілге сараң,
Мың ойлап айтар сөзді келтелетіп (К.Салықов, Жезкиік.).
304
883.
СӨЗГЕ ҮЙІР Сөзқұмар, сөзшең, әңгімеқұмар. Жас басымен сөзге үйір қысыр, кексе,
Жоқ беделін ант етіп түсірмеске. ...Шала өлеңші, бар болғыр, шала сыншы, Шауып алғын
мені енді күшін жетсе (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).
884.
СӨЗУАРЛАУ сын. Көп сөйлегіштеу, шешенсымақтау, тілмарлау. Бәт жеңілтектеу,
сөзуарлау адам (С. Мұқанов, Есею жыл.). Боташ деген сөзуарлау, мылжың шал
(С.Жүнісов, Жапанда.).
885.
СУ ЖҮРЕК Қорқақ, батылсыз. Құбыжық бар десе, қорыққан баладай, Су жүрек боп
сорлы қазақ бұғулы (М.Дулатов, Шығ.) Бөки келеді, жалмауыз кемпір келеді, пері, жын
шайтан, албасты, обыр келеді деген сықылды сөздермен баланы қорқыту қып-қызыл зиян.
Мұндай сөздерді, ертегілерді, әңгімелерді естіп өскен бала өмір бойы су жүрек, корқақ
болады (М.Жұмабаев, Шығ.). Мына кісі мені табансыз, су жүрек деп ойлап қалмаса не
қылсын?! (Б. Тоғысбаев, Алдыңғы.).
886.
СУАЙТТАУ сын. Аздаған өтірігі бар,жалған сөйлегіштеу. Асылға тартқан ба, аздап
суайттау (Ә. Нұрпейісов, Күткен күн). Аңшылар суайттау келеді демексіз ғой (Ә.
Сәрсенбаев, Батыр.).
887.
Достарыңызбен бөлісу: |