303
тұратын (Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер). Қыр соңынан қалмайтын
содыр-сотқар Мырзалы
мен Көшек сойылдарын сүйретіп жүр (Б.Тәжібаев, Қара торғай).
873.
СОЙҚАНДЫ сын.
Сойқаны мол, бүлік салғыш, лаңды. Сойқанды содырлардың
сойылы
қанды көбігін шығарып, діңкесін құртқан Тобықтың көк биесі әбден зорықты
(3.Жәкенов, Таң самалы). Қаңқайып,
қала тағы қалды қаңырап, Жалт беріп шыға келді
тағдыр аунап, Шашылды нәлет соққан сойқанды топ, Жолшыбай бір-бірінің жанын жаулап
(Ғ.Қайырбеков, Большевик.).
874.
СОЙҚАНШЫЛ сын.
Бүлік салуға әуес, лаңшыл. Ақтар уақытша басып алған
аудандарды сойқаншыл алашорда отрядтарының жан түршігерлік айуандығы суреттеледі
(Д.Еркінбеков, Шығ.).
875.
СОҚТЫҚҚЫШ сын.
Әр нәрсеге соқтығатын, жанжалқой. Соқтыққыш жуандар,
содырлы сайқалдар кімге көкірек керсін (М.Әуезов, Абай). – Әй, бет-аузын күрт тескен
жапырақтай боп, ілбиіп өлейін деп жүріп, өзің соқтыққыш біреу екенсің ғой, – депті Әміре
жекіріп (С.Мұқанов, Есею жыл.).
876.
СОҚТЫҚПА сын.
Әр нәрсеге тиіскіш, ұрыншақ. Бұл училище дегеніңде де ауылдың
сүзеген бұқаларына ұқсаған соқтықпа жігіттер көп болады екен (X.Рахимов, Сеңгір.). Пән
жүйесімен
оқытқанда, пәндер жеке-жеке өз жолымен жүретін, бірінің арбасына бірі
соқтықпайтын, ең ұстатқанда аз-маз жарыса үзеңгі қағыса оқылатын (Ж.Аймауытов,
Шығ.).
877.
Достарыңызбен бөлісу: