Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


ТЫРҚЫ сын. сөйл. Сараң, қытымыр. Жомартсың десең, зулайды, Тырқысың десең,  тулайды (Б.Ыбырайымов, Ой тамшы)



Pdf көрінісі
бет340/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   348
18.08.2023 dis

ТЫРҚЫ сын. сөйл. Сараң, қытымыр. Жомартсың десең, зулайды, Тырқысың десең, 
тулайды (Б.Ыбырайымов, Ой тамшы).  
962. 
ТЫРТАҚАЙ сын. қарап. 1. Жеңілтек, шошаңдап қалған (адам). Осы ауылдың 
тыртақайы түгел келді (Ауызекі). 2. Бекер мал шашпақ, дарақы.  
963. 
ТЫРЫСҚАҚ сын. Болмашы нәрсеге ашулана қалатын, қитар, қыңыр (кісі). Абай 
мынау ыстық үйге, мынандай тырысқақ ашушаң кісінің үйінде ет асым отыруды өз басына 
жазадай санап еді (М.Әуезов, Абай жолы). Мынау да айтқанынан қайтпайтын тырысқақ 
екен (Ж.Мусин, Қанат.). Алғаш рай бермеген тырысқақ шал жүзі жылып, бәйбішесіне шай 
дайындатты (З.Иманбаев, Қыран.) 
964. 
ТІК МІНЕЗ Мінезі нашар, ожар. Айбаршаның тік мінезінен Самарқан сыпайы әдістің 
бәрін қолданып, сөзге келтіріп алды (С.Мұқанов, Таңд. шығ.). Алғашқы бетте бұл адам 
оған қалауын тауып болмас, тік мінезді, тым маттақам көрінді (М.Иманжанов, Менің 
махабб.).
965. 
ТІЛ БЕЗЕРГЕ СҮЙЕНГЕН Тілазар, бос сөзге үйір. Киеңкі биедей қылдырық та 
шылдырық. Тіл безерге сүйенген бүгінгі келіндер менің ықтиярыма көнер ме, – деді 
(Ғ.Сыланов, Домбыра.). 
966. 
ТІЛАЗАР сын. Ешкімнің тілін алмайтын, тапсырған істі орындамайтын (адам). 
Оспан: – Әй, Әйгерім, желегі басынан түспеген келін тілазар болғанын неше атаңнан көріп 
едің? – деді (М.Әуезов, Абай жолы). Тілазар істі тілімен тындырады (Мақал). Қой дедім 
ғой мен сендерге. Неғылған тілазар баласыңдар (М.Иманжанов, Алғашқы.). 
967. 
ТІРІ ӨЛІК Қолынан түк келмейтін дәрменсіз, қауқарсыз адам. Тірі өлік, екі қолымен 
жер тіреп, бой түзеді (X. Әдібаев, Таңбалы адам). Бұл қазір тірі өлік, қаруы да, қауметі де 
жоқ мүсәпір (М. Ғабдуллин, Сұрапыл.). 
968. 
ҰҚЫПСЫЗ сын. Ұқыпты емес; салақ. Мүлік қаншама құнды болғанымен, ұқыпсыз 
ұсталып, тазалығы нашар болса, көз қуантпайды («Мәдениет және тұрмыс»). Оқушылар 
оқу құралдарын, дәптерлерін ұқыпсыз ұстайтын жолдастары жайында айтты («Қазақст. 
мект.»). Тапқанын ұқыпсыз дар тонатады, Егерде жігіт болсаң зор атағы. Әркімдер оқ 
атады жүрегіңе Бұғып кеп, бұғынбай кеп оқ атады (Т.Молдағалиев, Шақырады.). 
969. 
ҰРТҚАЛ сын. жерг. Тентек, кері сөйлейтін кісі (адам). Сейсенбай құсаған ұртқал 
кісіден не жөн сөз шығар дейсің. Ұртқаладамнан аулағырақ жүру керек (Қаз. тілі аймақ 
сөздігі).  
970. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет