Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет43/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   348
18.08.2023 dis

кең қолтық сияқты белгілі қалыптан басқа түк із жоқ (Ғ.Мүсірепов, Оянған 
өлке). 
Ә.Қайдар қазақ – құдайы қонағына астындағы жалғыз атын сойып 
тастайтын жомарт халық деген тәмсілді қазақтың жомарттығын бұлайша 
сипаттау – әсірелеу емес, ертедегі қазақтар салтында болған басқа туыстас түркі 
халықтарда кездеспейтін, жақсы дәстүр, жомарттықтың шыңырау шыңы екенін 
айтқан. Өзім дегенге өзегін суырып беретін, сыйлы қонағына астындағы мініп 
жүрген жалғыз атын жайратып сойып тастайтын, не тамырына сыйға тартатын; 
жылы-жұмсақ тамағын өзі жемей сақтап, қонағының алдына тосатын, 
“ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын” дейтін көңілі дарқан, 
кеңпейіл халық екенін, бұл әдеттері де қазақтың өзіне ғана тән қасиеттерін 
сипаттайтынын, жаны жомарт, өзі мәрт халық екенін көрсететінін айтады [1, 
б.89]. “Қазақ – кеңпейіл, кең қолтық халық” деген сөз де бар.
Тұтынғандарына ұқыпты, ісіне жауапты, тындырымды қасиетті көрсететін 
атаулар да қазақ тілінде біршама бар болып шықты, біз оларды ҰҚЫПТЫЛЫҚ 
аясына топтадық (27). Олар: абайлағыш, жауапкер, жауапкершілігі жоғары, 
жауапты, жеделсіз, жинақы, жып-жинақы, құнтақты, құнтты, мұқият, 
мұқиятты, тағайынды, талғағыш, талғамды, талғампаз, тастұйнақтай, 
тиянақты, тұрлаулы, тындырымды, тындырымпаз, тынымды, тыңғылықты, 
тіректі, ұқыпты, үлгілі, үнемшіл, ықтиятты. Мысалы, Істеген ісіне жеделсіз 
адам (Қаз. тілі. аймақ. сөздігі). Бұл еңбекқор, құнтақты, тыныштық сүйгіш 
халық еді (Ж.Аймауытов, Шығ.). Жоқты бар етіп, ұқсата білетін, үй іші 
тіршілігіне құнтты, алтын саусақ әйелдер болады ғой (Б.Соқпақбаев, 
Балалық.). Жаттықтырушы өз ісіне әбден берілген, ықтиятты, тәжірибелі 
болуы керек (О.Жарылғапов, Волейбол.). 


78
Ұқыптылық жинақылықпен байланысты: абайлағыш, жинақы, жып-
жинақы, құнтақты, құнтты, мұқият, мұқиятты, талғағыш, талғамды, 
талғампаз, 
тастұйнақтай, 
тиянақты, 
ұқыпты, 
үлгілі, 
үнемшіл; 
тынымдылықпен байланысты: тұрлаулы, тындырымды, тындырымпаз, 
тынымды, тыңғылықты, тіректі, ықтиятты. 
Маслова адамдардың өздері туралы не ойлайтынын көрсететін 
автостереотиптер және басқа халыққа қатысты гетеростереотиптер бар екенін 
және олардың өте маңызды екенін айтады. Мысалы, бір халықта ұқыптылықты 
білдерітен мінез, екінші бір халық үшін сараңдық болып табылуы мүмкін дейді 
[44, б. 84]. Сол сияқты мысалы, үнемшілдік дегенді сараңдық емес, ұқыптылық 
екенін қазақ халқы енді бағалап жатқанын айтуымызға болады.
Қазіргі қоғам мүшелеріне баға бергендезаманға сай атаудың басқа тілдік 
бірлігі шыққан. Ол – жауапкершілігі бар, жауапкершілігі жоғары деген атаулар. 
«Жауапкершілік – бұл адамның үй іші, әке-шеше, тума-туысқандарына қатысты 
перзенттік парызынан туындайтын қасиет. Мұның негізінде өзін әлпештеп, адам 
етіп өсіргендердің алдындағы жауапкершілігін бар санасымен терең аңғара 
алып, түсіну, бұл парызы мен қарызын қалай ақтау жолын ойластыру» [5, б. 343-
353]. Сондықтан сөзі шынайы, берген уәдесіне берік, айтқан сөзінен 
айнымайтын, өзінің борышы мен жауапкершілігін біліп жүретін адамға ел 
сенеді. Кісілігі бар деп атайды. Ал оны ресми-іскери қатынаста жауапты, 
жауапкершілігі бар, жауапкершілігі жоғары немесе жауапсыз, жауапкершілігі 
жоқ деп атайды. Бұл, бір жағынан, орыс тіліндегі ответственный деген сөздің 
аудармасы түрінде пайда болған сөз. Дегенмен қазіргі іскерлік ортада жиі 
қолданылатын мінез сипаты атауы болып, тіліміздің табиғи жолымен жасалған 
бірлігі ретінде қабылданып кетті. Жауапты деген сөздің 15 томдықта мінезге 
қатысты мағынасы көрсетілмеген, тек «міндетті, борышты; жауап беретін, 
айыпты, кінәлі; негізгі, басты, маңызды» деген ғана мағыналары бар. Ал 
жауапты, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын деген басты мағынасы бар [78, 
б. 203]. 
Жағымды мінез сипаттарының келесі топтарын қатарластыра қойсақ, олар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет