Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


Қазақ тіліндегі әйел және ер адам мінез атауларының мәдени



Pdf көрінісі
бет63/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   348
18.08.2023 dis

2.3 Қазақ тіліндегі әйел және ер адам мінез атауларының мәдени 
негіздері 
Әйелдің қоғамдағы рөлі, оның мінез-құлқы, жүріс-тұрысы және қоғамның 
әйелге деген қатынасы барлық уақытта қызығушылық тудыратын маңызды 
аспектілердің бірі. «Әйел» бейнесі әрқашанда ізгілік пен пәктіктің, адалдық пен 
арамдықтың, айлакерлік пен алдау-арбаудың, жақсылық пен зұлымдықтың, 
сонымен қатар, сұлулықтың символы. Әйел – әлем жаратылысындағы 
тіршіліктің алғашқы бастауы, өмір әкелуші, ұрпақ жалғастырушы, дәстүрлі 
құндылықтарды өндіреді, соған орай әйел – ана, әйел – әдемілік, әйел – нәзіктік, 
әйел – сұлулық, әйел – сезімталдық, әйел – сыпайылық, әйел – әдеп, әйел – 
үйлесім, әйел – жарасым деп, оның табиғи мінез-құлқы мен болмысын, әйел 
адамға қатысты концептуальдық модельдерді келтіре отырып, Г.С.Сағидолда, 
Г.А.Әбдімәулен өз еңбектерінде әйелдің қоғам өміріндегі, ұлттық мәдениеттегі 
Жағымды мінез 
атаулары -
756
Жағымсыз мінез 
атаулары -
1044
Қазақ тіліндегі жағымды және жағымсыз мінез атауларының 
сандық көрсеткіші
Жағымды мінез атаулары
Жағымсыз мінез атаулары


104
рөлі мен орнын, оны сипаттайтын тілдік деректерді лингвомәдени бағытта 
айқындап берген [93, б. 20-30]. 
Қазақ мәдениетінде әйел, қыз балаға қатысты ғана мінез сипат атаулары 
бар. Олар мысалы, әдепсіз, көргенсіз, тексіз, қылықты, жібек мінезді деген 
қатардан тұрады. Бұл атаулар ер адамға, не қарт адамға айтылмайды.
Беліме жіп буындым белбеусізден, 
Жігіттер, қатын алма көргенсізден. 
Қатынды алар болсаң көргенсізден, 
Ғазиз басың қор болар тергеусізден (Өске Торқаұлы) (1788-1857): 
«Көрмедім келін иттей көргенсізді,
Салмады дастарқанға жалғыз шекер,
Көп беріп көргендінің қызын алсаң, 
Үйіңе мейман келсе, құрмет етер. 
Аз беріп көргенсіздің қызын алсаң.
Байымен бір жатқанын міндет етер...»,
«Жібек мінез – қыз-келіншек шырыны,
Біле білсең, әйел көркі қылығы» (Ж.Баласағұн). 
«Ақ бетіне қан құйған, Орамалын дәл құйған, Ерніне бал құйған, Қылықты 
туған қызды да...» (Шал ақын). Мысалдар Ж.Сарыбекова мақаласынан алынды 
[94, б. 4-7].
Қазақ халқы әйел адамды сұлулықтың символы деп, ер адамның 
қабырғасынан жаратылған нәзік те, сырлы құбылысқа балаған. Әйел – 
отбасының берекесі, діңгегі, тыныштығы мен татулығының тұтқасы.
Халқымызда: «Аталы ел – анадан» деген ұлғатты сөз бар. Қазақ әйелі – 
бүкіл ғұмырын балаларының тәлім-тәрбиесіне арнаған әлемдегі ең ізгі әйел. Тек 
қана, отбасы ошақ қасы ғана емес, жаугершілік замандарда еріне қамқорлығы 
мен ақылдылығымен күш те беріп демеп отырған.
Өзге мәдениетте де классикалық мәдениет пен философияда әйел ұрпақ 
жалғаушысы ретінде жоғары бағаланады, алайда әйел адамды төмен бағалайтын 
кезеңдер де аз болмаған.
Дәстүрлі дала мәдениетінде қазақ әйелдері қоғам мүшесі ретіндегі әлеуетін 
өнер-білім саласында, сондай ақ қоғам қайраткері ретінде көрсетіп, өзін-өзі 
дамытып отырған. Өнер саласында атағы жалпақ жұртқа жайылған белгілі 
әншілер, ақындар, майталман күйшілер болды. Тарихта болған Болған ана, 
Домалақ ана, Дарабоз ана, Қарқабат ана, Қызай ана, Найман ана, Ұлпан аналар 
– рулы елдің бүтіндігіне қызмет еткен қайраткер тұлғалар болса, Қарқабат, 
Абақ, Қызай аналар рулы елдің ұранына айналып, сол рудың атына негіз болған 
[95, б. 313]. 
Сонымен бірге қазақ даласында әскери басқару, қол жию, майданда қан 
төгу қазақ қыздарының бойына біткен қасиет болса керек. Отаршылық дәуірде 
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа Кенесарының қарындасы 
Сәмеке ханның жары Бопай өзінің 6 ұлын ертіп Кенесары жасағына қосылып
жауға шапқан [95, б. 313]. Бертін келе Әлия мен Мәншүк апаларымыз да Ұлы 


105
отан соғысында отан үшін жанын салып майданда ерлікпен қаза тапқан. Қазақ 
әйелі – ұлттың ұйытқысы мен ұрпақтың анасы.
Қазақ халқы әйелдің жас ерекшелігіне, некелік туыстығына, отбасындағы 
және қоғамдағы орнынына қарай әлеуметтік сатылай өсуіне байланысты 
мынадай ғұрыптық атау берген. 
Кесте 3 – Қазақ тіліндегі әйел адамға қатысты атаулар. 
Әйел адам 
қыз, қарындас, сіңілі, бойжеткен, балдыз, бөле, 
келін, жеңге, абысын, ажын, қалыңдық, күндес, 
жиен, қатын, кәріқыз, жар, жұбайы, ана, бәйбіше, 
ене, тоқал, күндес, әже, нағашы әже, апа, ақ 
жаулықты ана, бөле, шеше, қайын сіңілі, қайын әпке, 
келіншек, құдағи, кемпір. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет