2 Оқу-тәрбие үдерісіндегі креативті ойлау мәселесі мен оны қалыптастыру мүмкіндіктері
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын қалыптастырудың тәжірибелік жұмыстары
Экспериментті жүргізетін сынып ретінде Қаладағы І.Қабылов атындағы №12 орта мектептің 4 сынып оқушылары алынды.
Осы мектептің мұғалімдері мен ата-аналары да экспериментке қатысты. 4 сыныптардың негізгі зерттелуші топ ретінде алынып отырылғаны тегін емес. Біріншіден, осы жаста бастауыш мектептегі оқыту мерзімі баланың креативті ойлауын қалыптастыруда айқын сензитивті мерзімімен сәйкес келеді. Екіншіден, бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын қалыптастыруының педагогика-психологиялық шарттары зерттелді.
Бірінші кезеңде зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, психологиялық, әдістемелік еңбектерге талдау жасалынып, теориялық негізі анықталды.
Екінші кезеңде бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі сабағында креативті ойлауын қалыптастыру жолдары мен өлшемдері анықталды. Оқу-тәрбие үрдісінде креативті ойлауды қалыптастырудың тиімді жолдары анықталып, әдістемелік нұсқаулар берілді.
Үшінші кезеңде бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын қалыптастыру жөніндегі материалдар мазмұны эксперименттен өткізіліп, әдістемелік нұсқаудың тиімділігі тәжірибеде тексеріліп, нәтижелері магистрлік диссертация жұмысының мазмұнына енгізілді және қорытынды жасалып, ұсыныстар берілді.
Дидактикалық құралдар, шығармашылық тапсырмаларды, проблемалық, зерттеу сұрақтарында, ерекше сөздік әсерде (нұсқау, мадақтау, әзіл, қолдау, диалог және т.б.) көрінетін оқушының креативті ойлауын, шығармашылық әлеуетін дамытатын арнаулы әдістер мен тәсілдер жүйесі енгізілді. Сонымен қатар, қазақ тілі сабағында оқушының креативті ойлауын қалыптастыруға арналған зерттеу жұмыстарының алдында және соңында оқу үлгерімі мен білім сапасының мониторингісі өткізілді.
Зерттеу жұмысының басында эксперименттік сыныптағы оқу үлгерімі 100%, білім сапасы 51% көрсетсе, бақылау сыныбындағы оқу үлгерімі 100%, білім сапасы 60% болды. Зерттеу жұмысының соңындағы эксперименттік сынып пен бақылау сыныбында оқу үлгерімі 100%-ды құраса, білім сапасы эксперименттік сыныпта 66%, бақылау сыныбында 65%-ды құрады. Эксперименттік сыныптағы білім сапасы 15 пайызға, бақылау сыныбындағы білім сапасы 5 пайызға артты. Сөйтіп, қазақ тілі сабағында оқушылардың креативті ойлауын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалардың оқу үлгерімі мен білім сапасына жағымды ықпал ететіні көрінді.
Сурет 1 Зерттеу жұмысының басындағы оқу үлгерімі мен білім сапасы
Сурет 2 Зерттеу жұмысының соңындағы оқу үлгерімі мен білім сапасы
Психологиялық қауіпсіздік, бала бостандығын қамтамасыз ету негіз болатын жағымды психологиялық ахуал жақсы эмоциялық өзіндік сезім мен шығармашылық мотивацияның белсенділігінен көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |