Байзақова әйгерім русланқызы бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын қалыптастыру әдістемесі


Ғылымдағы «Шығармашылық», «Дарындылық», «Креативтілік», «Креативті ойлау» түсініктерінің мазмұндық сипаттамасы



бет7/17
Дата19.05.2022
өлшемі356.29 Kb.
#457493
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байза ова йгерім руслан ызы бастауыш сынып о ушыларыны креатив

Ғылымдағы «Шығармашылық», «Дарындылық», «Креативтілік», «Креативті ойлау» түсініктерінің мазмұндық сипаттамасы

Шығармашылықты тұлғаны жемісті дамыту мүмкін болатын психологиялық-педагогикалық жағдайды іздестіру креативтіліктің мәнін, механизмдерін және критерийлерін теориялық қарастырудың бірден-бір өзекті қолданбалы аспектісі болды.


Ерте ортағасырлық кезеңдерде психологиялық-педагогикалық идеялар көптеген Орта Азия ойшылдарының пікірлерінде, арнайы ұлттық ерекшеліктер ретінде өз көріністерін тапты. Жеке тұлға дамуы туралы толық негіздерді жеке тұлғаның осы немесе басқа этномәдени ортада қалыптасуының бірқатар мәселелерінің психологиялық-философиялық аспектілерін қозғаған, 170-тен аса трактат жазған Шығыстың ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидың еңбектерінен табамыз. Ол, қабілеттің дамуы үшін жағымды негіз болуы мүмкін жан күшінің, нышандар, ойлау және қиялдаудың өзара байланыстық және өзара бағыныштылық сипатына дұрыс басшылық жасау керек екенін байқаған. Осының негізінде ойшыл қабілеттің көп рет қайталану нәтижесінде бекітіледі деген идеяны дәлелдеді. әл-Фарабидың пікірі бойынша, іс-әрекет жеке тұлғаның кейбір қасиеттерін дамыту үшін нақты алғышарттар тудырады [101, с. 55]. Оның пікіріне XI-XII ғасырда кең таралған жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуы мәселелерін көп қозғаған Ж. Баласағұнның дидактикалық бағытталуы бар «Құдатғу білік» кітабында адамдардың өзара қарым-қатынасының дара ерекшеліктері пайда болатын қатынас өнері сипатталады [102].
Қ.А. Яссауи өз еңбектерінде өз-өзіне (өзіндік таным) қатынас мәселесіне және өзін-өзі тыңдау шеберлігінің негізінде тоқыраулық жағдайды жеңу жататынына баса назар аударады. Оның нұсқаулығында әлеуметпен байланысты тұлғаны қалыптастыру туралы терең психологиялық толғаулар берілген . Сонымен ерте ортағасырдағы түрік ойшылдарының еңбектерінде әрбір табиғи детерминант адам қай қоғамда өмір сүрсе сол қоғамның ұлттық құрылым менталитетін ұстанушы болып табылатыны туралы идеяны ұстанады [103].
Креативтілікті зерттеуге ең алғаш ден қойған Уильям Даффа (ХVIII ғ.) болды, оның идеялары шығармашылықты мәселені шешу стилін бөлу болды [104, с. 24-28].
Бұған оқытуды өзбетінділік, өзіндік даму негізінде игеретін курсанттың шығармашылығы ретінде түсінетін И.Г. Песталоцци назар аударды [105, C. 148].
Тәрбиенің тұлғаның біртұтас дамуына, оның шығармашылық қуатының ашылуына жағдай тудыруға ықпалын К.Д. Ушинский де айтты [106, с. 63-64].
К.Н. Вентцель өз еңбектерінде К.Д. Ушинскийдің тұлғаның басқа тұлғаға ықпалы туралы, тәрбиені ықпал емес, күш ретінде түсіндіру, өзін-өзі анықтау бойынша айтқан ойларын дамытты. Осыған байланысты тәрбиелік-білімділік үрдіс неліктен К.Н. Вентцель үшін әуел бастан адамзатқа берілген «еркін өзіндік саналы шығармашылықты тұлға» идеясы түсінікті болды. Бұдан шыға отырып, ол педагогтың міндетін тәрбиеленуші тұлғаның барлық мүмкіндіктерін (еріктік, эмоциональдық, интеллекттік) мүмкін болатын шегіне дейін ашылуға мүмкіндіктер тудырудан көреді [107].
Адам белсенділігінің мәнін алғаш рет қарастырған П.П. Блонскийдің де еңбектері қатты қызықтырады. П.П. Блонский Кеңес педагогтарының ішінде алғаш рет болашақ маманның шығармашылық қабілетін дамытуды студенттік кезден бастау керектігіне назар аударды [108].
Педагогтың шығармашылық қуатын қалыптастыру мен дамыту мәселелері А.С. Макаренконың еңбектерінде үлкен орын алды. Педагогикалық шеберлік мәнін кәсіби педагогикалық іс-әрекетті, өзін-өзі ұйымдастырудың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін тұлғаның кешенді қасиеттері ретінде қарастыра келе, А.С. Макаренко оны педагог еңбегіндегі шығармашылық бастау ретінде қарастырады [109].
Қоғамның дамуымен, философиялық және психологиялық ғылымдардың дамуымен адам шығармашылығына деген көзқарастар да дамыды және өзгерді. Қазақстанда тұлғаның қалыптасуын, қабілеттердің дамуын Ш. Уәлиханов [110], Ы. Алтынсарин [111], А. Құнанбаев [112], Ж. Аймауытов [113], А. Байтұрсынов [114], Т.Т. Тәжібаев [115], М.М. Мұқанов [116], Қ.Б. Жарықбаев [117], О.С. Сангилбаевтар қарастырды [118].
Т.Т. Тәжібаев өзінің «XIX ғасырдың екінші жартысындағы ағартушылық пен педагогикалық ой-пікірлердің дамуы» атты монографиясында қазақтардың ұлттық сипатында импровизаторлық қабілеттер, көпшілдік және тапқырлық, жақсы ес және ақылдың сынилығы, қоршаған ортаның ықпалы бойынша сол халықтың ғасырлар бойы қалыптасу үрдісінде жасалды деп тоқталады [119, с. 164]. Т.Т. Тәжібаевтың тұлға қалыптасуы туралы ой-пікірлерін басқаша аспект тұрғысынан атақты ғалым М.М. Мұқанов жалғастырды. Өзінің көптеген жұмыстарында ол ұлттық ойлау мен интеллектіні терең зерттеді. М.М. Мұқанов халықтың ойлау іс-әрекетінің тарихи дамуы хронологиялық уақыттың еншісі емес, өйткені тарихи дәуір этникалық қауымнан субъектінің ішкі әлемі арқылы толығатын қажеттіліктерді тудырады деп есептейді [120, с. 179].
Ескерте кетуіміз керек, қазіргі уақытта педагогтар мен психологтар арасында оқушылардың креативті ойлауын дамыту мәселесіне қатты қызығушылық байқалады. Бұл креативті, бәсекеге қабілетті мамандарға деген «әлеуметтік қажеттіліктердің жетілуімен» түсіндіріледі. Бұнда шығармашылықтың креативті табиғатына, біртұтас креативті және ақыл-ой қабілеттері диагностикасының критерийлеріне қатысты теориялық тұғырды қарастыру; креативті әлеуеттің дамуына мүмкіндік туғызатын жағдайлары бар креативтіліктің қайнар көзін іздеу жүргізіледі.
Ал Ресейлік ғалым зерттеушілер С.Л. Рубинштейн және басқалар «қажеттілік» моделі арқылы қойылған «іскер – адам» моделін жасауды негіздеді. С.Л. Рубинштейн сана іс-әрекет құрылымын қайталамайды, ол жаңа әлеуметтік ықпалға – индивид іс-әрекеті арқылы ашылатынын көрсетті. Анықталған байланыс жалпы жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуы жолдарын теориялық іздеу жолын білдіреді. Сол үшін, оларды ересек адамның жетілуі мен дамуын зерттеудің алғышарттары ретінде қалыптастыра отырып С.Л. Рубинштейн алғаш рет даму мәселесін балалық мәселесінің шегінен шыға отырып қарастырды [121, с. 416].
Сана мен іс-әрекеттің жаңа толғамынан шыға отырып, тұлға және оның қабілеттерінің әртүрлі іс-әрекет, оның ішінде шығармашылық іс-әрекетте дамуы мәселесін шешу мүмкіндіктері пайда болды.
Бұндай көзқарас Б.М. Тепловтың да еңбектерінде байқалады. Б.М. Теплов креативті тұлғаның дамуын адамның көп қырлы іс-әрекетімен байланыстыра отырып, өзінің мазмұны бойынша кей уақыттарда ғылыми креативтіліктің де күрделі болатынын ескертеді. Креативті ойлаудың ерекшеліктерін талдай келе, ол оның мазмұнын ақыл-ойдың жүйелілік, өзінділік, ептілік, сынилық, логикалық, болжамшылдық, жылдамдық қасиеттері арқылы анықтады [122, с. 147]. Психологиялық-педагогикалық ғылымдар үшін бұның үлкен мәні болды, өйткені оларды қалыптастыру мен дамыту жолдарын анықтау мүмкіндіктері қарастырылды, ал ақыл-ой қасиеттерін психологиялық ықпал ету нысаны жасауды және өлшеуді шынайы түрде көрсетті.
Я.А. Пономарев шығармашылық табиғатының (диалектикалық философия тұрғысынан) – материя атрибуты ретінде әмбебаптығын ашады. Шығармашылықтың аталған ережесінің дәлелділігі даму, қозғалыс, өзара әрекет, дамуға әкелуші, дамушы өзара әрекеттің қайнар көзі ретінде қарастырылады. Қай уақытта әлемнің ғылыми бейнесінің ортасына барлық универсуммен өзара байланысты homo, жасаушы тұлғасы қойылса, сол кезде бұл көзқарас қоғамның даму тұжырымдамасына – оның ізгіленуіне жауап береді. Я.А. Пономарев аталған өзара байланысты өзінің жүйелік-құрылымдық көзқарасымен бекітеді [123, с. 255].
Егер креативтілік мәселесін субъект – нәрсе қатынасы арқылы қарастырсақ, бұл жерде өнімділікті ойлау үрдісін зерттеуге кеңірек мән беру керек. Бұл көзқараста шығармашылық, креативтілік ғылымда, өнерде жаңа шынайы құндылық тудырушы homo, жасаушы іс-әрекетімен жанастырылған.
ХХ ғасырдың 70-ші жылдарында Калифорнияда пайда болған гуманистік бағыт шығармашылық психологиясының креативті саласын зерттеуге жаңа екпін берді. Бұл «дарынды және талантты балаларды оқыту мен дамыту шығармашылықты дамушы адамның шынайы моделін құрайтын» шығармашылық дарындылықтың психологиядағы жаңа шектерін белгілеген зерттеушілер Дж. Гилфордтың [126, с. 318], К. Тейлордың [127, р. 51-82], Е. Торренстің [128, р. 124] еңбектері.
Зерттеудің басқа бағыттары ойлау мәселелеріне тұлғалық бағыт тұрғысынан дамыды. Классикалық үлгісі, ақыл-ойдың даралық ерекшеліктерін сипаттаған Б.В. Зейгарниктің [129], А.Р. Лурияның [130], Ю.А. Самаринның [131] еңбектері болып табылады.
С.Л. Рубинштейн, ойлауды ары қарай зерттеудің жолдары мен қағидаларын жасай отырып, «олардың жалпы құрылымын атап кетеді:
а) зерттеу үрдісін одан ары тереңдету (зерттеулер, операциялар, мотивтер);
б) тұлғалық аспект енгізу» [132, с. 128-154].
Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын және шығармашылық қабілетін дамыту зерттеуге өте күрделі, бірақ оған мүмкін болатын бағыттардың барлығын қарастыру, қазіргі уақытта өте өзекті болып қалып отыр. Ал, Б.Г. Ананьев [133], Л.С. Выготский [134] бұл мәселенің күрделілігін креативті қабілеттің пайда болуын, табиғи ретінде анықтайтын көптеген әртүрлі факторлармен байланыстырады. Негізінен бұл факторларды үлкен жалпы үш топқа біріктіруге болады.
Бірінші топ креативті тұлғаны қалыптастыруды анықтайтын, табиғи нышандар және дара ерекшеліктерді қосады.
Екінші топ креативті қабілеттің дамуы мен көрінуіне әлеуметтік ортаның ықпал етуінің барлық түрін кіргізеді.
Үшінші топ бұл – креативті ойлаудың дамуы (шығармашылық көріну) іс-әрекеттің нышаны мен құрылымына байланысты болады. Аталған факторларды зерттеу мен талдау, олардың өзара байланысы бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауы мақсатқа бағытталып дамыту әдістерінің мүмкіндіктерін ашады. Креативті ойлаудың даму шарттары мен табиғатын зерттеудің көрсетілген үш аспектісі бойынша жазылған психологтар мен педагогтардың еңбектеріндегі теориялық көзқарастар мен эмпирикалық мәліметтерді қарастыру үлкен қызығушылық тудырады.
Дарындылықтың 100 ден аса анықтамасы бар, олардың көбісі бір-бірімен ұқсас, сондықтан заманауи жұмыстарда қолданылатын және аталған семантикалық бірлікті ғылыми тұрғыдан түсінудің негізгі тұжырымдамаларын көрсететін кейбіреулеріне ғана тоқталамыз:
1.«Дарындылық – іс-әрекетті жемісті орындауды қамтамасыз ететін сапалы өзіндік бейнедегі қабілеттер. Нақты құрылымды көрсететін қабілеттердің біріккен әрекеті кейбір қабілеттердің жеткіліксіздігін басқалардың басым дамуы есебінен орнын толықтыруға мүмкіндік береді» [140, с. 226].
2. В.Н. Дружинин дарындылықты – «адамның өмір сүру барысындағы бір немесе бірнеше іс-әрекеттің жоғары нәтижесіне жету мүмкіндігін анықтайтын, психиканың жүйелі, дамушы сапасы» деп көрсете отырып «дарындылық» пен «қабілетті» ерекшелендіреді [141]. Сонымен, дарындылық – жай ғана іс-әрекетті жемісті орындау ғана емес, «жоғары нәтижені» болжайтын психиканың сапалы «жоғары» қалыптасуы. Іс-әрекетті жемісті орындау өнімділікке дейінгі деңгейде де мүмкін, дарындылық шығармашылық өнімді де болжайды. В.Н. Дружининнің анықтамасы дарындылықты «психиканың сапасы» ретінде нақты сипаттай алмайды. Бұл жерде дарындылық өнім – іс-әрекетте жоғары нәтижеге жету бойынша диагностикаланады.
3. Дарындылық – адамның кең мүмкіндіктерін, деңгейін және іс-әрекетінің өзіндік бейнесін жасайтын, жалпы қабілеттер сәті немесе жалпы қабілеттер ретінде қарастырылады [142, с. 216].
4. Дарындылық қабілеттердің табиғи алғышарттарының өзіндік бейнесі мен көріну дәрежесін сипаттайтын нышандар, табиғи ақпараттарының жинағы ретінде. Абсолюттік табиғи нышандардағы дарындылық мәліметтерді алу С. Спирменнің еңбектерінде берілген. Жалпы интеллектіні тіркеу тұжырымдамасын жасаған С. Спирмен, балалардың арнайы өлшеудің нақты жолдарымен, өздерінің дарындылықтарын кейбір деңгейлерден жоғары дамыту қалпына келу мүмкіндігіне жол бермеді. Ол «Егер он бір жастағы баланың ықтималдық деңгейі (тіркелген интеллекттік) шынайы ұқыпты бағаланса, ол даму үрдісінде кейін әйтеуір бір уақытта жоғары деңгейге көтеріледі деген оқытушылар мен ата-аналардың үміті алдамшы болуы мүмкін» деп жазды [143, р. 67].
5. Дарындылық оқуға танымдық қабілеттілік және мүмкіндіктің біртұтас дара сипаты ретінде ақыл-ой немесе интеллекттік қуат. Бұл идея А.З. Зак [144], В. Штерн [145] және т.б. еңбектерінде ерекше көрсетілген.
Сондықтан, дарындылықтың кең таралған анықтамасын талдау кейбір көзқарастар дарындылық пен қабілеттілік түсінігінен басым механикалық дәстүрді бейнелейтінін көруге болады. Басқа анықтамаларда дарындылыққа психика қасиеті ретінде қарап, мәселеге кең бағыт көрсетілген.
Қоршаған ортаның эмоциялық қолдауы бостандық пен сенімділік «Мен»-ді нығайтады, сол арқылы өз қабілеттерін қолдануға деген батылдық пайда болады. Сол уақытта интеллектік қолдау ақпарат пен ойды «қамқорлыққа» алып талаптарға қоршау жасайды, қоршаған ортасынан балаға мотивация келеді. Дарындылық жоғарыдағы факторлар арқылы дами алады.
Бала ата-ана мен педагогтар еркіндік беріп, өзіне керекті деген білімді дамыту арқылы ғана дарынды бола алатынын сезеді.
Көптеген ғалым зерттеушілер сезіну мәселесінің дамуын ең алдымен оқытумен сипатталады деген тұжырым жасайды (К. Дункер, З.И. Калмыкова, Л. Секей және т.б.). Баланың өзіндік зерттеу жұмысына көңіл аудару қиынырақ бола отырып, оқыту қабілетілікті, басқа да шығармашылық сапаларды дамытады. Жоғарыдағы пікір көбірек теориялық және эксперимент тұрғыда да дәлелденген, олар атақтылар санына жатқанмен, психологиялық тәжірибеде алынған жалпы санына жатпайды. Дарындылықты жас ерекшелік дамудың когнитивті-креативті қуаты ретінде қарастыра отырып, О.А. Жумадиллаева оның негізгі үш компонентін – нәрселік орта, өткен тәжірибе және ішкі бағыттың болуын көрсетеді. Ғалым дәл осы үшінші компонентті субъектінің нәрселік орта мен өткен тәжірибеге тәуелсіз әрекетін, болған жағдайларды басқаруға қабілеттілік, оны тұтас қарастыруды, бұл жағдайды өзіне бағындыру және бейімдеуді сипаттайтын күрделілік ретінде қарастырады [146, с. 23].
Ескерте кетуіміз керек, дарындылық – іс-әрекеттің жемісті орындалуын ғана емес, «тек және жоғары нәтижені» болжайтын сапалы өте «жоғары» психикалық қабілет. Іс-әрекетті өнімділікті деңгейде жемісті орындауға да болады, бірақ дарындылық шығармашылық өнімді болжайды.
Э.Ю. Шин дарынды балалармен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзіндік білім алу дағдысын қалыптастыруға, сондай-ақ өзіндік жетілуге тұлғаның ішкі қажеттіліктерін дамытуға баса назар аудару керектігін айтады [153, с. 78-89].
Дарындылық пен креативтілікті дамыту мәселелеріне арналған ғылыми-тәжірибелік жұмыстарға жалпы талдау жасау олардың бірқатар ерекшеліктерін бөлуге мүмкіндік береді.
Дарындылық пен креативтіліктің пайда болуы сияқты, оларды қалыптастыру және дамыту үшін, зерттеушілер аталған қасиеттерді анықтау және олардың дамуы үшін жағдай туғызу мәселелеріне назар тоқтатады.
Креативтілікке келсек, бұл түсінік мәнінің анықтамасына – дарындылықтың бірден-бір анықтаушы компоненті болып табылатын индивид психикасының бұндай сапасына көзқарастар сан түрлі. Бір іс-әрекет түрінен «жоғары нәтижеге» жету іс-әрекетке, дарындылықты (интеллекттік, мотивация және т.б.) құрайтын басқа факторлар жиынтығымен өзгеше, жаңа, шығармашылық тұғырды болжады және «ерекше жетістік үшін ішкі жағдай» тудырады.
Шығармашылық – тура мағынада – бұл жаңа нәрсені шығару. Бұл түсінікті осындай мағынада барлық табиғи үрдістер мен табиғи емес нәрселерге қолданады, бұл табиғи жағдайда пайда болатын шығармашылық әлеуеттің қуатын беретін барлық жаңа нәрселерді жасауда жүзеге асады. Шығармашылық ұғымы жеке адамның үздік жасайтын іс-әрекетіне байланысты қолданылады. Ал жалпы мағынада шығармашылық қандай да бір жасалатын психикалық әрекетті білдіретін шартты термин. Біздің жадымыздағы мәліметтерді еске түсіру, қайта жаңғырту немесе жинақтау барысында пайда болатын, көрінетін теориялық, көркемдік және тәжірибелік іс-әрекеттің жаңа формасын көрсетеді (ғылыми шығармашылық, поэзиялық шығармашылық, музыкалық шығармашылық, көркемөнер шығармашылығы).
Т.П. Джонс бойынша, креативті орындаушылардың нақты әлеуметтік өзара әрекет жағдайында аяқ астынан орындайтын күтпеген өнімді актілері ретінде көрінеді; бұл жерде орындаушы өзінің жеке білімдері мен мүмкіндіктеріне арқа сүйейді [155].
Креативтілікті сипаттайтын болжамдық интеллекттік қабілеттері бөлінетін бірқатар ғылыми зерттеулер бар. Оларды да талдар болсақ, Р. Стернберг шығармашылық үрдіс үш арнайы интеллекттік қабілеттер болғанда мүмкін болатынын көрсетеді:
- мәселені жаңа түрде көруге және ойлаудың әдеттегідей тәсілінен қашуға синтетикалық қабілеттер;
- идеяны ары қарай жалғастыруға бола ма, соны бағалауға мүмкіндік беретін талдаушылық қабілет;
- идеяның құнды екендігіне басқаларды сендіруге қажетті тәжірибелік-контекстік қабілет [159, р. 607-627].
Қазіргі уақытта креативтілікті сипаттау үшін 1969 жылы А. Штерн ұсынған бүгінде көптеген зерттеушілер қолданып жүрген тұғырлар қолданылады. Соңғы жылдары өте күшті қызығушылық өскен креативтілікті зерттеу төрт негізгі аспектіде қарастырады:
1. Креативті үрдіс.
2. Креативті өнім.
3. Креативті тұлға.
4. Креативті орта (шығармашылық өнімге талапты қалыптастыратын орта, құрылым, әлеуметтік контекст). Бұл тұғырлар бірге жиі қолданылады [161, с. 128].
Бірнеше жыл бұрын Ф. Баррон бұл саладағы зерттеулерге қорытынды жасай келе креативті туралы бізге белгілі төмендегідей толықтыруларды жасады:
1) Креативтілік – бұл жаңа тұғырлар мен жаңа өнімдердің қажеттілігіне бейімді бағытталатын қабілет. Аталған қабілет тұрмыстағы жаңаны, тіпті сол үрдіс саналы және санасыз сипатта болса да сезінуге мүмкіндік береді;
2) Жаңа шығармашылық өнімді жасау көбінесе жасаушының тұлғасына және оның ішкі мотивациясының күшіне байланысты болады;
3) Креативті үрдістің, өнімнің және тұлғаның айрықша қасиеті олардың міндеттерінің шынайылығы, қалыптылығы, валидтілігі, адекваттығы және тағы бір қасиеті жарамдылық – эстетикалық, экологиялық, сол сәтке дұрыс және шынайы тиімді форма деп аталатын қасиеттер болып табылады;
4) Креативті өнімдер табиғаты бойынша өте әртүрлі: математика мәселесіндегі жаңа шешімдер, химиялық үрдістерді ашу, өлең, сурет немесе поэма құру, әлеуметтік мәселелердің соны шешімі және т.б. [162, р. 148].
Бүгінгі күні креативтілік табиғатын анықтайтын көптеген тұғырлар бар. Сондықтан барлық зерттеушілерді қанағаттандыратын бірегей толықтырылған анықтама беру мүмкін емес.
Креативтіліктің кейбір анықтамалары өнім терминдерінде, іс-әрекет нәтижесінде; ал басқалары – үрдіс терминдерінде, сыртқы ортаға қажетті тұлғалық қасиеттерде жасалынды. Бір авторлар «креативтілік» терминін қабілеттің сирек кездесетін арнайы түрлеріне қолдануды ескертсе, сол уақытта басқалары бұл термин барлық денсаулығы мықты индивидтердің нақты дәрежеде игеруі тиіс жалпы креативті қабілеттер деп есептейді.
Креативтілік жалпы қабылданғандардан басқаша стандарттан тыс тұғырларды болжайтын комформдылыққа, бұйығылыққа қарама-қарсы ретінде жиі қарастырады.
Осыған байланысты, креативтілікті дамыту саласындағы зерттеулерді теориялық талдау төмендегідей сәттерді бөліп көрсетуге мүмкіндік берді:
- креативтілік – бұл жаңа тұғырлар және жаңа өнімдерге қажеттіліктерге дұрыс бағытталуға қабілеттілік. Аталған қабілет тұрмыстағы жаңаны, тіпті сол үрдіс саналы және санасыз сипатта болса да сезінуге мүмкіндік береді;
- жаңа шығармашылық өнімді жасау көбінесе жасаушының тұлғасына және оның ішкі мотивациясының күшіне байланысты болады;
- креативті үрдістің, өнімнің және тұлғаның айрықша қасиеті олардың міндеттерінің шынайылығы, қалыптылығы, валидтілігі, адекватттығы және тағы бір қасиеті жарамдылық – эстетикалық, экологиялық, сол сәтке дұрыс және шынайы тиімді форма деп аталатын қасиеттер болып табылады;
- креативті өнімдер табиғаты бойынша өте әртүрлі: математика мәселесіндегі жаңа шешімдер, химиялық үрдістерді ашу, өлең, сурет немесе поэма құру, әлеуметтік мәселелердің соны шешімі және т.б.
Есте ұстауымыз керек нәрсе, ғалымдар тіпті креативтіліктің бар екеніне немесе ол ғылыми құрылғы болып табыла ма деген сұраққа да бір келісімге келе алмады? Креативті үрдіс өзбетінділік пе немесе креативтілік – бұл басқа психикалық үрдістердің көлемі ме? Креативті ойлау үрдісіне жалпы талаптарды айтып кетейік:
1. Ұқсастықты қалыптастыру және тұжырымдық кедергілерді қосу көмегімен сыртқы ақпараттар мен ішкі түсініктердің құрылымын өзгерту.
2. Мәселені үнемі қайта құрылымдау.
3. Жаңаны жасау үшін еске түсірулер мен бейнелерді, бар білімдерді қолдану және ескі білімдер мен дағдыларды жаңа негізде қолдану.
4. Ойлаудың вербалсыз моделін қолдану.
5. Креативті ойлау үрдісі үш жолмен пайда болатын: креативті үрдістің әрбір қадамында дәстүрлік пен жаңаның арасындағы жанжал; идеяның өзінде, болжанған өнім немесе әртүрлі шешім жолдары; ол белгісіздік кеңістігі мен даралықтың ішінде немесе қоғамда тұтастай ұйымдастыру және тиімділіктің жоғары деңгейіне өтуге ұмтылу арасында туындауы мүмкін ішкі күштенулерді талап етеді. Мүмкін күштенудің осы барлық үш түрі де креативті ойлау үрдісінің әртүрлі кезеңдерінде туындайды.
Арнайы ортаға қатысты, бұл жерде креативтілік «жалпыдан» арнайыға айналатын Х. Гарднер ұсынған топтастыруды қолдануға болады. Бірақ та бұл топтастырулар интеллектінің жеті түрін сипаттайды, ол «алдымен дарындылық түрлеріне қатысты болады». Х. Гарднер екі базалық стандартқа: мәселені құрылымдау және шығармашылықты шешу немесе шешілетін мәселеге жаңаша тұғыр; кең қолдану және қоғамның жоғары бағасына сай нақты дағды ретіндегі бір-біріне қатысты жеті тәуелсіз интеллекттік құзіреттілікті бөліп көрсетті [164, с. 298-324].
Олай болса, дәстүрлі психология және педагогикада креативті тұлғалық категория ретінде қарастырылды, ал таластар негізінен оны түсіндіру: соның ішінде креативті дивергенттік ойлау ретінде (Дж. Гилфоррд, О.К. Тихомиров), немесе интеллекттік белсенділік ретінде (Д.Б. Богоявленская, Л.Б. Ермолаева-Томина), немесе тұлғаның интеграциялық қасиеті ретінде (Я.А. Пономарев және т.б.), осы себептерге байланысты жүрді. Ғалымдардың әрбір көзқарастары жеткілікті дәрежеде дәлелденген және зор құрметке лайық. Бірақ та жоғары мектептің кәсіби педагогикасында (креативті андрогогикада) оның сапалы көрсеткіштері мен пайда болуының негізгі деңгейлерін анықтау жеткіліксіз. Егер креативті сипатталғандардың біреуінің көзқарасы бойынша түсіндірілсе, онда оның мәселелері жұтайды және біржақты қарастырылады, бұл тұтастай креативтілік барысында шығармашылық оқыту мен тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыру мен басқару ретінде ерекше және білім беру мәселелерінде тек қана нәтижені алуды ғана қоспайтын жоғары мектеп педагогикасына ерекше қатысты. Сол үшін бүгінде креативті оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде тұлғалық категория ретінде креативтілікті дамытуды зерттеу өте қажет.
Барлық айтылғандардан қорытынды күтіледі; ХХ ғ. аяғы-ХХI ғ басында зертеушілердің шығармашылық мәселесіне назар аударуға қызығушылықтары: «шығармашылық бұқаралық сипатта бола ма және бұл қалай көрінеді?» деген сұрақпен байланысты болды.
Бұдан басқа шығармашылық іс-әрекет, үрдіс немесе өнім түрі ретінде зерттеледі, ғылымда басты назар шығармашылық қабілетке және оның интеллектпен қатынасына бөлінеді.
Бұндай зерттеулер интеллект және шығармашылықтың әртүрлі негізі бар және ортаға бейімделуде әртүрлі қызмет атқаратынын көрсетеді. Оңтайлы вариант олардың байланысы болып табылады. Тұлғалық білім алу ретінде дәл осы байланыс креативтіліктің негізінде жатыр.
Көптеген тұжырымдамалар және теорияларға шолу жасау креативті ойлауды зерттеуде қалыптасқан дәстүрді бөліп көрсетуге мүмкіндік берді.
Бірінші дәстүр, бұл тұғыр креативті өнімді іс-әрекетті талдау арқылы зерттейді. Бұл дәстүр бастауын В. Вундттан келе жатқан мәдени-тарихи психологиядан алады. Сосын оны Л.С. Выготский дамытты [165, с. 17-43].
Екінші дәстүр креативтілік туралы когнитивтік түсініктерді дамытады және оның маңызды атрибуттары ретінде шынайылықты, пайдалылықты және қазіргі уақыттағы қолдану мүмкіндіктерін қарастырады.
Үшінші дәстүр креативті тұлғаны немесе тұлғаның креативтілігін қамтиды. Осыдан кейін Дж. Гилфорд креативті және креативті емес тұлғалардың арасындағы айырмашылықтарды анықтады [166, с. 86-104], зерттеудің бұл сызығын көптеген психологтар құптады.
Олай болса, креативті ойлауды қарастырудың әртүрлі шарттары бар. Көптеген анықтамаларды біз төмендегідей бейнеде топтастыруға тырыстық.
Біріншіден, креативті ойлау тұлғаның сипаттамасы немесе қасиеті ретінде қарастырылады.
Екіншіден, креативті ойлау интеллекттік ерекшеліктерін немесе ойлау деңгейін анықтайды.
Жоғарыда келтірілген тұжырымдамалық жұмыстардың мәнділігіне қарамастан, біз мынадай бағыт ұстанамыз.
Адамды сипаттайтын онда не бар сонымен ғана емес, ол кім болғысы келеді идеясынан шыға отырып, оны өзекті және әлеуеттік даму саласындағы мақсат ретінде шынайы қалыптасатын және ескертілетін жетілдірулер сипаттайды. Сонымен бірге креативті ойлау субъектінің ішкі белсенділігін, оның өмірлік жоспарларын, өзіндік даму және өзіндік жүзеге асыру қабілеттерін қосумен түсіндіріледі.
Олай болса креативті ойлауды дамыту мәселесі бойынша біздегі бар мәліметтерді шолу бірнеше қорытынды жасауға мүмкіндік берді.
Біріншіден, креативті ойлау – бұл ерекше идеяларды тудыруға, ойлаудың дәстүрлік сызбасынан ауытқуға, мәселелік жағдайларды тез шешуге қабілеттілік; креативтілік шығармашылыққа қабілеттің дамуы үшін қажетті ойлаушылық және тұлғалық қасиеттердің бірқатар жиынтығын қамтиды.
Екіншіден, креативті ойлауды дамыту үшін қарым-қатынастың қарапайым дағдыларын игеруді болжайтын әлеуметтенудің нақты (тиімді) деңгейі қажет.
Үшіншіден, креативті ойлаудың даму үрдісі ең аз дегенде екі кезең арқылы жүреді:
1. Адамның тіршілік етуінің нақты саласына қарым-қатынас бойынша мамандандырылмаған жалпы шығармашылық қабілет ретінде «бастапқы» креативті ойлау.
2. «Мамандандырылған» креативті ойлауды анықтау және дамыту: оны толықтыру және ауыстыру ретінде адамдық іс-әрекетінің нақты саласымен байланысты шығармашылыққа ұмтылу.
Төртіншіден, креативті ойлау интеллектіге қарағанда орта факторларымен анықталады. өте ақылды болып туылмайды. Барлығы біздің әрқайсымызға әртүрлі дәрежеде берілген әлеуетті жүзеге асыру үшін қоршаған орта қандай мүмкіндіктер береді, соған байланысты болады.
Осыған байланысты креативті ойлауды өзіндік әлеуетті қосу және жүзеге асыру амалдарының, мотивтерінің қайнар көздерін таңдау және беріктік деңгейі, қалыптан тыс жағдайларды түсіну және ойластыру деңгейіне байланысты оны өз бейнесінде жүзеге асырудағы кез-келген іс-әрекетті қамтамасыз ететін интеграциялық жан-жақты құбылыс деп анықтауға болады. Сондай-ақ тұлғаның креативті ойлауы – бұл кәсіби іс-әрекетте және тұлға мінез-құлқын және оның дамуының негізін құрайтын басқа салаларда өнімді қайта құрылуды қамтамасыз ететін тәжірибелік-бағытталушылық, кәсіби-мәнді категория. Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын біз кәсіби ортада тұлғалық әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қозғалмалы интеграциялық психикалық үрдіс деп қарастырдық.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет