Байзақова әйгерім русланқызы бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын қалыптастыру әдістемесі


Психологиялық ахуалды талдау - оқушылардың креативті ойлауын қалыптастырудың шарты



бет14/17
Дата19.05.2022
өлшемі356.29 Kb.
#457493
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байза ова йгерім руслан ызы бастауыш сынып о ушыларыны креатив

2.2 Психологиялық ахуалды талдау - оқушылардың креативті ойлауын қалыптастырудың шарты

Мектеп психологының жыл сайын эмоционалдық өрісін зерттеудің нәтижелері 2-ші бөлімнің тармақтарында атап көрсетілгендей оқушылардың оқу үдерісіндегі функционалдық жағдайын қарастыру СБК-сезім, белсенділік, көңіл-күй әдісінің эксперсс-нұсқасының көмегімен жүзеге асырылды (В. Доскин, А. Николаев [206, 37 б]) 1 жыл ішіндегі 3а (бақылау сыныбындағы) және 3в (эксперименттік сынып) сынып оқушыларының функционалдық жағдайының өзгерісін қарастырудың нәтижесі 1 кестесінде көрсетілген.


Манна-Уитни өлшемін алынған көрсеткіштерге 4а және 4в сынып оқушыларының арасындағы маңызды статистикалық айырмашылық табылмады деп айтуға болады. Осы сыналушыларда сабақтағы статистикалық белсенділік, көңіл-күй, сонымен бірге интегралдық коэффициентте маңызды айырмашылық көрінеді. Бақылау сыныбындағы өзгерістер оқуға, мектепке деген қызығушылықтың төмендеуінен болып отыр (мәліметтер мектеп психологының жүргізген зерттеулерінен алынды).
Кесте 1
Екі сыныптағы сезім, белсенділік, көңіл-күй көрсеткіштерінің орташа шамаларының өзгерістерін салыстыру



Көрсеткіштер

Эксперименттік сынып



Бақылау сыныбы

Сезім

Белсенді-лік

Көңіл-күй

Коэффи-циент

Сезім

Белсенді-лік

Көңіл-күй

Коэффи-циент

2 сынып

14,5

14,6

14,6

14,6

12,3

9,7

13,3

11,8

3 сынып

13,3

15

14,3

14,2

7,7

6,8

6,7

7,1

- СБК интегралды коэффициенті


СБК интегралды коэффициентінің арасындағы орташа мәннің айырмашылығы эксперименталдық сыныпта аз, ал бақылау сыныбында біршама төмендеген.
Оқушылардың мотивациялық өрісінің ерекшеліктерін зерттеу барысында эксперименттік және бақылау сыныптарының арасындағы айырмашылық пайыз түрінде 5 кестесінде көрсетілген.

Кесте 2
Эксперименттік және бақылау сыныптарының сауалнама сұрақтарына жауап беруі (%)





Сұрақтар мен жауаптар нұсқалары

Эксперименттік сынып

Бақылау сыныбы

Сенің мектепке барғың келе ме?
Иә

66,6


40,02


Сондай барғым келмейді

23,31

13,34

Жоқ

9,99

46,69

Сен неге мектепте оқисың?
Оқу қызықты

29,37


6,67


Көп білгім келеді

43,29

6,67

Ата-анам мәжбүр етеді

3,33

13,34

Жұмысқа орналасу оңай болады

9,99

20,01

Қазір барлығы оқиды

9,99

20,01

Мұғалім ұнайды

3,33

33,35

Сен қалай оқисың?
Бар күшіммен

46,62

13,34

Мүмкіншілікке қарай

36,63

6,67

Қажеттілікке байланысты

13,32

33,35

Ата-анам мәжбүр етеді

0

13,34

Оқығым келмейді

3,33

33,35

2 кестеден эксперименттік сыныптың 66,6% сыналушысы мектепке барғысы келіп, ал 10,0%-ы мектепке барғысы келмейтіні көрініп тұр. Бақылау сыныбында мектепке барғысы келмейтіндер 46,7% артық.


Эксперименттік сыныпта оқушылар мектепке барып, сабақ оқығысы келеді, оқуды тұлғаның маңызды әрекет түрі деп есептейді.
Олар оқудың себебін қызығушылық (30,0%), көп білуге құштарлықпен (43,3%) түсіндіреді, яғни ішкі, процессуалдық мотивация басым.
Бақылау сыныбындағы оқушылар мұғалім ұнайды (33,4%), жұмысқа орналасу оңай болды (20,0%), бәрі оқып жатыр (20,0%) деп түсіндіреді. Эксперименттік сыныпқа қарағанда, олар «ата-анам мәжбүр етеді» деген жауап береді. Бақылау сыныбындағы балалар оларда сыртқы мотивацияның басым екенін көрсетті.
Оқушылардың оқу пәндеріне қарым-қатынасы жетекші оқуға қызығушылықпен анықталады. Барлық балалар дерлік әйтеуір бір пәннің мазмұнына қызығушылық танытады. Бақылау тобындағы балалар негізгі пәндерді, яғни ана тілі, қазақ тілі, математика, дүниетану пәндерін атаса, эксперименттік сыныбындағы оқушылардың жауаптары әртүрлі: олар көркем-эстетикалық цикл мен практикалық пәндерді ұнатады.
Мектепте білім беруді, ұйымдастыруды тәрбиелеу жұмыстарын және оқушы демалысын қалай ұйымдастыруға болады деген сауалға эксперименттік сыныптың мұғалімдері көптеген сонылы ұсыныстар айтса (сонылы жауаптарға барлық жауаптар ішінен тек 1 рет қана кездескен жауап жатады), бақылау тобындағы жауаптарда бірін-бірі қайталағандары жиі кездеседі. Бақылау тобындағы мұғалімдер білім беруді ұйымдастыруда бар-жоғы екі ұсыныс айтты: сыныптардағы оқушы санын азайту (25%) және оқушы икемділігі бойынша сыныптар құру (37%) – олар білім берудің тек сырт жағын ғана жанап өтті. Керісінше, экспериментті сыныптың мұғалімдері (75%) сонылы, ерекше ұсыныстар айтты, олар білім берудің әр қырын көрсетеді («үйде жүргендей сезім тудыру», «мектеп пен мұғалім проблемасына емес, күн тәртібі бала ағзасының ерекшелігіне сәйкес сабақ кестесі», «оқушыға дара тұлға ретінде қарау», «орташа баланың» деңгейіне қатысты емес, өзіне байланысты бағалау т.б.). Осы сыныптың мұғалімдері ұйымдастыру кезінде оқытушы мен әкімшіліктің өзара қарым-қатынасының әріптестік сипатта болғаны маңызды деп есептейді (68%). Жалпы алғанда олар екінші сыныпқа қарағанда өз пікірлерін батыл айтып, дәлелдей алады.
«Қалыптасқан үлгілерге қарсы тұру» және басқалардың пікіріне шыдамдылықпен қарай білу шығармашылық қабілеттіліктің маңызды қасиеті екені белгілі.
Жалпы алғанда сауалнама нәтижелері эксперименттік сыныптағы мұғалімдердің бақылау тобына қарағанда оқытудың тиімді әдістерін іздеуге мүмкіншілік беретін шығармашылық атмосфера қалыптасқанын көрсетеді.
Расында да, эксперименттік сыныптың мұғалімдері басты мақсат оқушылардың теориялық білімі деп ойламайды. Педагогтердің пікірінше, дайын теориялық білім таптаурын әдістерді қолдануға үйретеді. Жоғарыда аталғандай шығармашылық процесте білім беру деңгейі мен білім рөлін зерттей отырып, зерттеушілер бұл көрсеткіштердің байланыстарының маңызы әртүрлі деген қорытындыға келеді. Е. Туниктің зерттеулерінен алынған нәтижелер креативтілік пен мектептегі табыстың арасындағы жағымды байланыстың әлсіз екенін көрсетеді [207].
Креативті ойлауды қалыптастыруды мақсат еткен мектептер мемлекеттік стандарт белгілеген білім деңгейін қамтамасыз ете алмайды деген қарсы пікір айтады. Яғни бір жағынан бастауыш сынып оқушыларының креативтіліктерін дамыту принциптеріне, екінші жағынан мектептегі білім берудің мерзімі мен аралық аттестация мақсаттарына сәйкес келетін оқу жоспарларын жасау қажет.
Жалпы алғанда, сауалнама бақылау сыныбындағы ата-аналардың мектеппен байланыстары әлсіз екенін көп сұрақтарға «жауап беруге қиналамын» деген жауаптарынан көруге болады. Керісінше, эксперименттік сыныптың ата-аналары мектеппен тығыз байланыста болып, жұмысты жақсарту жөнінде өз ұсыныстарын айтады. Мектепте де, үйде де «креативті ортада» болу ынтымақтастық жағдайында креативті ойлауды қалыптастыруға жағымды ықпал ететіні сөзсіз. Сонымен, біздің зерттеулеріміздің нәтижелері эксперименттік сыныпта оқушылардың креативті ойлауын қалыптастыруға ықпал ететін психологиялық ахуал қалыптасады. Оның көрінісі ретінде баланы шығармашылық шешімге бағыттау, бастамаларға қатысты кедергілерді болдырмау, мектепте және үйде түрлі шығармашылық өнімдерді жасауын қолдау, өз тұлғасының шығармашылық жақтарын құндылығын түсінуді және қоршаған ортаның барлық қасиеттеріне зейін қоя қарауға тәрбиелеуді айтуға болады (Р. Штейнер, Е. Торренс). Психологиялық қауіпсіздік (балаға тұлға ретінде құрметпен қарау), өз әрекетін өзі бағалау білуге бағыт беру; «бұл жаман» дегеннен гөрі «маған бұл ұнамайды» ұстанымын жүзеге асыру, психологиялық еркіндіктің (сезімдерін, жағымды, жағымсыз қобалжуларын көрсете білу) де алатын орны аз емес. Эмпатиялық түсіну және қабылдау, сенім атмосферасы, сүйіспеншілік және аяқ астылық (К. Роджерс, Е.Л. Яковлева); сын мен сыртқы бағалаудың болмауы, эмоционалдық релаксация (А. Маслоу, С.О. Раевский) сенімді қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал етеді. Ал мақсаттарды шешу кезіндегі үзіліс, демалыс, оқушы кейпіндегі еркіндік және өзіне деген сенімділік деңгейін реттеу (С.О. Раевский титықтаудан бас тарта білуге мүмкіншілік береді (М. Воллах, Н. Коган (В.Н. Дружинин бойынша [208])).
Креативті ойлау жаңа идеяларды құрумен байланысты болғандықтан, оның дамуы үшін адам өз ойына еркіндік беріп үйренуі қажет. Креативті ойлауды қалыптастыруды мақсат еткен мектептерде дәстүрлі емес, ерекше жауаптар мақұлданады. Оқушылар әрбір пікір құнды екенін, оны айту қажеттілігін сезіну үшін пікір алысуға, идеялармен алмасуға, қызу талқылау, шығармашылық пікірсайыс өткізетіндей жағдай туғызу керек.
Мұғалім басқалардың берген бағасынан қорықпау керектігін айтады. Оқушыларда өздерінің қабілеттеріне деген жағымды бағдар пайда болады. Оқушы кез келген ойды ешқандай қорқынышсыз айтуға болатынына үйрене бастайды. Жалпы білім беретін мектептерде қалыптасып қалған қағидалар бұзыла бастайды, яғни бұрын балалар қате жауап бергенде сын мен жзалаудан, төмен баға мен өзіндік бағадан қорқатын. Оқушылар кез келген жағдайда өз сезімдерін, қобалжулары мен ойларын алаңсыз айта алады.
Жалпы креативті ойлауды қалыптастыруға ықпал ететін психологиялық ахуал жасауға ұмтылған креативті ойлауды қалыптастыруды мақсат еткен мектептер ұстанымы ізгілендіру тұрғысынан қарау психологиясына жақындығы, мұғалім:
- оқушыларға оң көзқараспен қарайды, оларды табиғи қалпымен қабылдайды;
- оқушыға эмпатия көрсетеді;
- білім беруде психологиялық ахуал жасап, оқушы бостандығын қамтамасыз етеді.
Оқушылардың креативті ойлауын қалыптастыруға бағытталған педагогика зерттеушілердің шығармашылық әлеуетті дамытуға кедергі жасайтын конформизм; ішкі және сыртқы цензура, жауапты тез табуға ұмтылысы, сын тұрғысынан ойлау білмеуі, ортаның талаптарының өзгерісіне бейімделе алмауы (Г. Линдсей, К. Томпсон [209]); сонымен қатар қалыптасып қалған қағидалар, өзіндік бағасының төмендігі, бағалар тек қана табыс күткендіктен оқушының қате жауап беруге қорқуы; сұрақ қойдырмау және бастамаларды шектеу деген қорытындылармен келісуге тура келеді.
Сөйтіп, эксперименттік сыныптағы психологиялық ахуал педагогикалық процестің барлық қатысушылары үшін жағымды екені көрсетілді. Психология-педагогикалық жағдайды тұтастық тұрғысынан қарау аясында жүзеге асыру бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауының тиімді дамқалыптасуына ықпал етеді. Эмпирикалық зерттеулерде оқушылардың креативті ойлауының қалыптасу динамикасы вербалды жылдамдық, вербалды икемділік, вербалды сонылық, бейнелі жылдамдық сияқты көрсеткіштер бойынша анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет