Байзақова әйгерім русланқызы бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын қалыптастыру әдістемесі


Оқушылардың креативті ойлауын қалыптастыру бағытындағы тәжірибелік жұмыстардың нәтижелілігі



бет15/17
Дата19.05.2022
өлшемі356.29 Kb.
#457493
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байза ова йгерім руслан ызы бастауыш сынып о ушыларыны креатив

2.3 Оқушылардың креативті ойлауын қалыптастыру бағытындағы тәжірибелік жұмыстардың нәтижелілігі

Оқушылардың креативті ойлауын қалыптастыру жолдарын зерттеудің нәтижесін талдауды Торренстің Е.Е. Туник [210] түрлендірген әдісінен бастайық. Нәтижелерді өңдеу мен түсіндіру Е.Е. Туниктің нұсқауларына сәйкес жүргізілді. Әрбір тапсырма негізгі 3 фактормен бағаланады:


1) жылдамдық;
2) икемділік;
3) сонылық.
Сонымен бірге Дружининнің мағыналық өлшемді пайдалану қажет деген ескертуі ескерілді. Зат – ынталандырудың мазмұнымен семантикалық байланыспаған және мағынасыз жауаптар ескерілмеді.
Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойларының дамуында вербалды емес компоненттің басым екендігі байқалады. Бастауыш мектептің соңында вербалды емес ойлардың даму қарқыны төмендеп, алдыға оқыту ықпалының әсерімен вербалды ойлау қарқыны артады. Сондықтан эксперименттік сыныпта вербалды креативтіліктің артуы мектепте оқшылардың креативті ойлауының қалыптасуының психология-педагогикалық жағдай жасалғандығынан деп айтуға болады.
Жалпы, алынған нәтижелердің жоғарылауы стандартты емес, ерекше идеялардың оның үстіне кез келген, тіпті ерсі көрінетіндердің өзінің қолдау табылуынан. Кез келген пікірді айту мүмкіншілігі, сонымен қатар балама шешімдерді қолдау түрлі гипотезалардың пайда болуына жағымды әсер етеді, бірақ үнемі ойлардың сындарлығына үнемі ықпал ете алмайды.
Қазіргі заман зерттеушілері жылдамдылық пен сонылық тығыз байланысты екенін айтады. Жауап көп болған сайын сонылы бола түседі, ал икемділік оған қарағанда тәуелсіз көрсеткіш.
Бақылау сыныбындағы оқушыларда қиялдың кедейлігін көрсететін қайталанған композициялар жиі кездеседі, яғни жаңа, саналы бейне жасауға қиналған оқушы бір нұсқаны аздап түрлендіріп, санын көбейтуге тырысады. Сонылықтың жоқтығы стеоритиптен бейненің жұтаңдығынан көрінеді. Сонымен қатар көптеген сыналушыларда бір жауаптың қайталануы байқалды, байланыстар үстіртін сипатта. Затты сызбалық бейнелеу жиі кездеседі.
Эксперименттік сыныптағы оқушыларында ынталандыру материалдары күрделі және оқшау байланыстар көрініс тапқан. Бұл креативтіліктің сонылық көрсеткішінің жоғары дамығанын көрсетеді. Жалпы алғанда, оқушалырдың креативті ойлауын қалыптастыру жолдары диагностикалау нәтижесінде алынған мәліметтерді талдау бақылау тобына қарағанда эксперименттік сыныпта жылдамдық, икемділік және сонылық сияқты креативті ойлауды қалыптастыру көрсеткіштерінің жоғары деңгейін танытты.
Бірақ, бұл жағдайда қосымша зерттеулер қажет. Өйткені, бақылау сыныбының оқушыларына қарағанда эксперименттік сыныптың оқушыларының бейнелі ойлауы жоғары деуге эксперимент мәліметтері жеткіліксіз. Біздің жұмысымызға бұл сауалға жауап алу негізгі мақсат емес, қосымша міндет болып табылады.
Алынған нәтижелерге сәйкес эксперименттік сыныптағы креативті ойлауды қалыптастыру бойынша көрсеткіштердің жоғары болуы интеллектуалдық даму деңгейінің жоғары болуы міндетті емес деген қорытынды жасауға болады.
Өнім әрекетін танып-білу нәтижесін талдауды суреттеуден бастайық.
«Әлем суреті» әдісі бойынша мәліметтерді талау үшін Е.С. Романова мен О.Ф. Потемкина келесі өлшемдерді ұсынды [211]:
«Ғаламдық» сурет – мектепте игерілген жалпы қабылданған нормативті білім түріндегі әлемнің когнитивті суреті – жер шарын бейнелеу;
«Пейзаждық» адамдар, жануарлар, ағаштар және т.б. бейнеленген қала немесе ауыл көрінісі;
Қоршаған орта - өзін қоршаған ортаны өзгертпей бейнелеу;
Әлемнің метафорикалық суреті – қандай да бір күрделі бейне түрінде ұсынылған, күрделі мағыналы мазмұн беретін сурет;
Абстрактілі сұлбалық сурет – құрылымының қысқалығымен ерекшеленетін сурет.
«Әлемнің ғаламдық» суреті жалпы қабылданған идеяларға бағытталғандықпен жалпы «интеллектуалдық формуламен», сұлбамен байланысты.
Метафора шығармашылық негізі болып табылатын ерекше тұрғыдан қараумен байланысты.
«Әлем суреті» суреттерін көрсетілген өлшемдер бойынша бөлу 3 кестеде бейнеленген.

Кесте 3
«Әлем суреті» суреттерін өлшемдер бойынша бөлу (%)



Өлшемдер

Эксперименттік сынып

Бақылау сыныбы

Әлемнің ғаламдық суреті

16,65

66,7

Әлемнің пейзаждық суреті

23,31

6,67

Қоршаған орта суреті

9,99

20,01

Әлемнің метафорикалық суреті

46,62

6,67

Әлемнің абстрактілі суреті

3,33

0

Экспериментті сыныптағы оқушыларда әлемді метафора түрінде салған суреттер жиі кездеседі (46,6%), бақылау сыныбындағы оқушылар әлемнің ғаламдық суретін көбірек салады (66,7%).


Сөйтіп, «Әлем суреті» суреттерін талау экспериментті сыныптың оқушыларының креативтілік көрсеткіштері бақылау сыныптарының оқушыларына қарағанда жоғары екенін көрсетеді.
Өнім әрекетін зерттеудің келесі қадамы «Қуаныш, реніш, қорқыныш» суреттерін талдау болды. Салынған суреттерді біз төмендегідей нұсқаларға бөлдік:
- сұлбалы сурет – сызба түрінде құрылымының қысқаша сипатта болуы;
- кескіндемелік сурет – нақты заттар мен формаларсыз, тек түстерді қолдану;
- әлемнің метафорикалық суреті – күрделі мағыналы мазмұнды беретін, қандай да бір күрделі бейне түрінде ұсынылған сурет.
Жалпы, балалар жұмысын талдау кезінде біз эксперименттік сыныптың оқушыларының суреттері сонылы, экспериментті, оларда көңіл-күй, түйсік атмосферасын жеткізуге ұмтылыс байқалады.
Оқушылардың креативті ойлауын қалыптастыру ерекшеліктері жайлы қосымша мәлімет алу мақсатында «Аңшылық» тақырыбына әңгімесі қолданылды. Алынған шығармашылық өнімінің жиынтығы креативтіліктің 3 сапалық деңгейіне бөлінді. Сапалық деңгейлерін саралау өлшемі ретінде түпкі ойдың, композициялық шешімнің, сөздік бейнелеудің сонылығы (елестетуді жүзеге асыру үшін бейнелі-мәнерлік құралдарды пайдалану); бейнеге «кіру» қабілеттілігі бейнеленген жұмыстарға эмоционалдық-бағалық қарым-қатынастың пайда болуының сатысы ескерілді. 4 кестеде эксперименттік сынып пен бақылау сыныбы оқушыларының «Аңшылық» әңгімесін креативті ойлауды қалыптастыру деңгейлері бойынша бөлу көрсетілген.

Кесте 4
«Аңшылық» әңгімесін креативті ойлауды қалыптастыру деңгейлері бойынша бөлу (%)



Деңгейлер

Эксперименттік сынып

Бақылау сыныбы

Бірінші

16,65

53,36

Екінші

53,28

40,02

Үшінші

23,97

6,67

4 кестеден көрінгендей, эксперименттік сыныптағы жұмыстардың 30,0% креативті ойлауды қалыптастырудың үшінші (жоғары) деңгейіне жатады. Оларда түпкі ойдың, сюжеттің, құрылымдық шешімнің, сөздік бейнелеудің сонылығы; икемділік пен жылдамдық мазмұнының әртүрлілігі көрінеді: заттық ортаны, ежелгі адам өмірі толық сипатталған. Бейнеге «кірудің» (ежелгі адамның ойы, сезімдері) айқын көрінген мүмкіншілігі креативтіліктің маңызды жағы болатын заттар мен құбылыстарға жаңа көзқарасты қалыптастыру қабілеттілігін көрсетеді.


Мысал үшін бірнеше жұмыстардан үзінді келтірейік: «Таң жаңа себезгілеп атып келе жатқанда үй-ішіндегілерді оятып алмайын деп, ептеп басып, сыртқа шықтым. Күрең атымды ерттеп алып, таңғы салқынмен, тауға қарай беттеп келемін. Қолымда отырған бүркітімде бірдеңені сезгендей қанатын қомдап қояды». «Кеше құрып кеткен қақпанға түлкі түсіпті. Аппақ қардың үстінде алыстан алқызыл түсімен гүлді елестетеді».
«Қысқы табиғат» шығармасын біз табиғаттың тұтас суретін пейзаждық элементтердің көптігімен көрсету деңгейін, бейнеленген суретке эмоционалды-бағалық қарым-қатынас дәрежесі, түпкі ой, құрылымдық шешім, сөздік бейнелеудің сонылығы ұстанымы бойынша талдадық. Пейзаждық объективті мазмұнын нақты-сезімдік, эмоционалдық-бояма бейнелер арқылы көрсетіп, эстетикалық пікірін айта білу қабілеттілігі бағаланды.
Жоғарыда айтылғандай, креативті ойлау қалыптасқан эстетикалық сезіммен тығыз байланысты. Берілген жұмыста талдаудың өлшемі ретінде пейзажды эстетикалық қабылдау, оқушыларда осы сапаның қалыптасуы пайдаланылды. Негіз ретінде Н. Ильинскаяның әдеби пейзажды эстетикалық қабылдаудың 3 деңгейі алынды: ақпараттық, эстетика алдылық және эстетикалық [212].
Жалпы, шығармалар креативті ойлауды қалыптастырудың 3 сапалы деңгейіне бөлінді.

Кесте 5
Креативті ойлауды қалыптастырудың сапалық деңгейі



Бағалау деңгейлері

Деңгейлік өлшемдер

1 деңгей (төменгі)



Бір сарынды, эмоционалдық боямасыз жұмыстар жатады. Оларда нұсқауға қарамастан әңгімелеу үшінші жақтан жүргізіліп, қалыпты, кеңінен таныс мәліметтер айтылады. Пейзажды қабылдауда эстетикалық мәнінен тыс танымдық қабатты «шығаруға» бағытталғандық басым. Авторлық қарым-қатынас формальды түрде. Эстетикалық бағасы үстірт, эмоционалды бояуы өшкін.

2 деңгей
(орташа)

Әңгімелеу бірінші жақтан жүргізіледі. Мазмұны толық құрылады. Қоршаған ортаның заттың безендірілуі пайда болып, кейіпкердің көңіл-күйі анықталады. Бірақ, жалпы эмоционалдық-мағыналық сипаттау жоқ. оқушылар объективті мазмұнды толығырақ, қайта жаңғыртады, пейзаждық ерекше элементтері мен бөлшектерін белгілейді. Жалпы қабылдаудың эмоционалдық-мазмұндық байлығы жеңілдетілгенмен, оның көңіл-күйі анықталады.

3 деңгей (жоғары)

Түпкі ой мен композициялық шешімнің сонылығы айқын көрінеді, заттық орта, сюжет айқын байқалады. Мазмұны сезімдерге бай пікірлер дәлелденген. Ой мен өмір ерекшелігін толық баяндауға ұмтылыс байқалады. Жұмыс авторларының бейнеге «кіру» қабілеттілігі көрінеді, ынталандыру материалы оларда күрделі және оқшау байланыстарды тудырады. Объективті мазмұнында оқушылардың эмоционалды, барабар бейнелермен көрсетілген жұмыстар жатады. Түпкі ой, құрылымдық шешім, сөзбен бейнелеу (елестетуді жүзеге асыру үшін бейнелі-мәнерлі құрал) сонылығы қатысқан. Авторлық ұстаным анық байқалады. Эстетикалық пікір дәлелденген, пейзаждық көркемдік ерекшеліктерді толық бағалауға ұмтылыс байқалады.

Эксперименттік және бақылау сыныптарында «Қысқы табиғат» шығармасын креативті ойлауды қалыптастыру деңгейлері бойынша бөлу 6 кестеде көрсетілген.


Кесте 6


«Қысқы табиғат» шығармасын креативті ойлауды қалыптастыру деңгейлері бойынша бөлу (%)

Деңгейлер

Эксперименттік сынып

Бақылау сыныбы

Бірінші

0

53,36

Екінші

53,36

33,35

Үшінші

46,69

13,34

Кестеде көрінгендей, эксперименттік сыныптағы оқушылар жұмыстарының көбі (46,7%) креативті ойлауды қалыптастырудың үшінші (жоғары) деңгейіне жатады. Оларда түпкі ой, сюжет, құрылымдық шешім, сөздік бейнелендіру сонылығы; жылдамдық пен икемділік (табиғаттың тұтастығы пейзаж элементтерінің түрлілігімен берілген). Оқушылар объективті мазмұнды барабар нақты-сезімдік, эмоционалдық-бояма бейнелерде көрсеткен; авторлық ұстаным анық көрінеді; эстетикалық пікірлер дәлелденген.


Жұмыстардан үзінді келтірейік: «Ару-қыс жыл мезгілі тағына отырған кезде дала мен таулар, жазық пен ормандар қар жамылады. Жауған қар кемпірқосақтың түстеріндей құбылып, ақырын билеп жатқандай. Ақ қырау басқан ағаштар жалаңаш сияқты көрінбейді».
«Бұлттарға секіріп мініп, ақ көрпе астында демалып жатқан табиғатты көріп, тамашалағың келеді. Бәрі сондай әдемі шығар!».
Керісінше, бақылау тобындағы жұмыстардың көбі (53,4%) креативті ойлауды қалыптастырудың бірінші (төмен) деңгейіне жатады. Эстетикалық мәнінен тыс танымдық қабатты «шығаруға» ұстанымы басым және жалпы қабылданған елестетулер жиі кездеседі. Авторлық қатынас формальды түрде, эстетикалық бағалау үстіртін, біртекті, эмоционалды әрсіз. Мысалы: «Қыста барлық ағаштар қар жамылған. Қыста өте суық. Барлық балалар сырғанақ тебуге барады. Қыс суық. Ағаштар жалаңаш. Олар қар жамылған».
Эксперименттік сынып пен бақылау сынып оқушыларының өнім әрекетін талдаудың қорытындысын шығара отырып, төмендегідей қорытынды жасауға болады:
- эксперименттік сынып оқушыларының шығармалары мен суреттеріне креативті ойлау тұрғысынан сапалық талдау жасау, оларда заттарды ерекше қырынан көру жиі кездесетінін, салыстыруға келмейтін элементтер кіріктірілгенін көрсетті. Қиялдағы бейненің сапалық деңгейі жоғары болған сайын, ол сонылы екенін көрсетеді. Бейне сонылы болған сайын ол дара, қайталанбас, ерекше болады. Эксперименттік сыныптың оқушыларында қайталанатын бейнелер бақылау тобының оқушыларымен салыстырғанда аз кездеседі;
- бақылау сыныбының оқушыларында кеңінен танымал, тұрақты, типтік құрылымдар басым. Бұл сонылықтың деңгейінің төмендігінің көрсеткіші. Жалпы қабылданған идеяларға бағытталғандық байқалады, ортақ интеллектуалдық сұлба қолданылғанын көруге болады. Сезімдік тәжірибенің жетіспеушілігі бақылау тобындағы оқушыларда елестету өрісінде қатып қалған, тұрақты қайталануларды қалыптастыруға жағымды әсер тудыратын болу керек;
- экспериментті сыныптағы оқушылардың маңызды ерекшелігі сюжеттің болуы. Сонымен қатар, тұтас суретке біріктірілген бөлшектердің көптігін атап өтуге болады. Керісінше, бақылау сыныбындағы оқушылардың жұмыстарынан жалпы сюжетпен байланыспайтын бірнеше заттар, белгілердің бейнесі келтірілген суреттер мен шығармаларды жиі кездестіруге болады. Бұл тұтас сурет емес, жеке заттар немесе бөлшектер болуы мүмкін;
- эксперименттік сыныптағы шығармашылық өнім экспрессивті. Оларда түйсік, әсерді тікелей білдіру атмосферасын көрсетуге ұмтылғандық байқалады. Бақылау тобындағы оқушылардың жұмыстарында негізінен ұғымдық-логикалық деңгейде сипатталғандық басым. Бұл нәтиже заттар мен құбылыстардың байыбына баруға мүмкіндік береді;
- экспериментті сыныптағы оқушылардың креативті ойлауының тағы бір сапалы сипаттамасы жасалатын құрылымының динамикасы болып табылады, яғни, оқушылар объектілердің қимылын, дамуын көрсетуге ұмтылады. Динамизм, «кинестезиялық қосымша» (кинестезиялар – қозғалмалы объектілер көрініс тапқан жауаптар) дәстүрлі түрде шығармашылық қиялдың жоғары деңгейін, оның қозғалмалылығын қарастырады. Керісінше, бақылау сыныбындағы оқушылардың жұмыстары бірдейлігімен сипатталады.
Төмендегідей қорытындылауға болады: эксперименттік сыныптағы оқушылардың креативті ойлауын қалыптастыру жалпы өзіндік ерекшелігімен, жалпы сандық өнімділігінің жоғарылығымен, түрлі стандартты емес элементтердің көптігімен сипатталады. Бұл икемділік пен сонылықтың жоғары деңгейін көрсетеді. Бақылау сыныбындағы оқушылардың жұмыстарында қайталанған, бірыңғай креативті ойлаудың 3 сапалы деңгейіне сәйкес сарапталып, нәтижесі 3 және 4 суреттерде көрсетілген.
Сурет 3 Зерттеу басындағы оқушылардың креативті ойлауының қалыптасу деңгейі

Сурет 4 Зерттеу соңындағы оқушылардың креативті ойлауының қалыптасу деңгейі
Зерттеу басында эксперименттік сыныптағы оқушылардың креативті ойлауының қалыптасу деңгейлері бірінші деңгейде 50%, екінші деңгейде 28%, үшінші деңгейде 22% құраса, бақылау сыныбында сәйкесінше 43%, 32%, 25% болды. Зерттеу соңында эксперименттік сыныптағы оқушылардың креативті ойлауының қалыптасу деңгейлері бірінші деңгейде 29%, екінші деңгейде 42%, үшінші деңгейде 29% құраса, бақылау сыныбында сәйкесінше 32%, 39%, 29% болды. Демек, жүргізілген жұмыстар оқушылардың креативті ойлауын қалыптастыру үшін тиімді екенін көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет