Балабақша Мектеп алдық даярлық топтар


«Ойна да, ойла» бағдарламасы



бет2/4
Дата03.12.2023
өлшемі77.67 Kb.
#485278
1   2   3   4
Балабақша

«Ойна да, ойла» бағдарламасы


Ұсынылып отырған бағдарлама мектепалды даярлық сыныптарында вариативтік сағат ретінде мектепалды даярлық оқытушыларына, үйірме ретінде психолог мамандарға, бастауыш сынып мұғалімдеріне, ұзартылған күн тобына арналған. 


Бағдарлама мақсаты:
5-6 жасар баланың ойын арқылы таным қабілеттерін дамыту.


Бағдарлама міндеттері:

  1. Баланың қызығушылығын, еркінділігін, қарым-қатынасын нығайту.

  2. Талабын, ынтасын, айналадағы әлем жайында білімін қалыптастыру.

  3. Психологиялық дамуына жағдай жасау (есте сақтау, ойлау, қабылдау, зейінін тұрақтатуға дағдыландыру).

  4. Ерік, жігер сезімін дамыту.



Болжам: 
Баланың бойында өзінің іс-әрекетін саналы басқару және бақылау, бағыттап ойластырып әрекет етуге қабілетті, белгілі бір мақсатқа жетудің әр түрлі жолдарын, бағыттарын, әдіс-тәсілдерін шешуге дайын оқушы қалыптасады. 
Бағдарлама15-20 оқушыдан құрылған 5-6 жасар балаларға (мектепалды даярлық сынып оқушыларына және 1-2 сынып оқушыларына) арналған. Жоспарланған сағаттардың жалпы көлемі сабақтардан кейін аптасына 1 рет өткізілетін әр қайсысы 25 минуттық 32 сағатты құрайды.

Бағдарлама мазмұны:



  1. Тарау 8 сағаттан тұрады.

Қабылдауды дамытуға арналған жаттығулар. Бұл бөлімде балалардың фонематикалық дұрыс дыбыстауды дамытуға, геометриялық пішіндерді ажыратуға, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін білуін, заттарды салыстыра білуін, сенсорлық қабілеттерін дамытуға арналған ойын-жаттығулар қарастырылған. «Мен кіммін?», «Есімім», «Не ұнайды, не ұнамайды?», «Ине мен жіп», «Бұл қашан болады?», «Не қалай дыбыстайды?» «Пішіндерден заттарды құрастыр» жаттығулары жүргізіледі. 

  1. Тарау 7 сағаттан тұрады

Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған жаттығулар. Есте сақтау (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) дамыту жаттығулар қарастырылған. «Сиқырлы саусақтар», «Менің елім», «Сөзді есіңе сақта», «Ойыншақтар әлемі», «Сөз моншақтар», «Көкөністерді жина» ойын-жаттығулары орындалады. 



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет