Тарау 5 сағаттан тұрады
Зейінін тұрақтатуға арналған жаттығулар. Зейінді шоғырландыру дағдысын қалыптастыруға, зейіннің көлемін ұлғайту дағдысын дамытуға арналған жаттығулар қарастырылған. «Айна», «Балалар сендердің көңіл-күйлерің қандай?», «Шапалақ», «Қанша дыбыс естідіңдер», «Дайын бол!», «Зейінді бол!» ойындары жүргізіледі.
Тарау 7 сағаттан тұрады
Ойлауды дамытуға арналған жаттығулар. Көрнекі-әрекеттік ойлауды, көрнекі-бейнелілік ойлауды, сөздік-логикалық ойлауды дамытуға арналған жаттығулар қарастырылған. «Логикалық есеп», «Көңілді сөз», «Ойлан, да аяқта», «Қарама-қарсы сөзі ата», «Болған жағдайды бағалау», «Әріпті тез жалғастыр» жаттығулары жүргізіледі.
Тарау 5 сағаттан тұрады
Қиялды дамытуға арналған жаттығулар. Сөздік қиялды, көру қиялды, іс-әрекеттік қиялды дамытуға арналған жаттығулар қарастырылған. «Қиял жалғасы», «Жаңа ертегі», «Теңіз жағасындағы түс», «Сиқырлы дөңгелектер», «Мен сөйлеймін», «Тіл – адамдармен қарым–қатынас жасаудың бір құрамы» тапсырмалары орындалады.
«Ойна да, ойла» бағдарламаның күнтізбелік тақырыптық
ЖОСПАРЫ
Достарыңызбен бөлісу: |