Қызылша ошағында эпидемияға қарсы шаралар
Қоздырғышы – парамиксовирус.
Инфекция көзі - ауру адам.
Берілу жолы - ауа-тамшылы.
Арнайы алдын-алу: ККП вакцинасы 1, 6 жаста жасалады.
Ошақтағы шаралар:
1. Науқас баланы оқшаулау, үйде немесе ауруханада.
2. Сан-эпид қадағалау басқармасына шұғыл хабарлама беру (058/е
нысаны).
3.
Ошақта желдету, ылғалды тазалау жүргізу.
4. Қатынаста болғандарға:
- тізімін жасау, «Алдын-ала екпелер картасын» (063/е)
сараптап,
қызылшаға қарсы екпелерін толық алғандығын тексеру.
- 21 күн медициналық бақылау жүргізу(клиниалық белгілерін, күніне
2 рет термометрия).
- вакцина егілмегендерге қызылшаға қарсы вакцина егу.
- егер вакцина егуге болмаса иммуноглобулин егу
- Қызылшамен ауырғандар бақылауға алынбайды.
5. Бала-бақшада 21 күнге карантин жарияланады, қатынаста болғандар 21
күн ақылауға алынады. Бұрын
қызылшамен ауырғандар және
қызылшаға қарсы вакцина егілгендер медициналық бақылауға
алынбайды, ұжымнан аластатылмайды.
Эпидемиялық паротит ошағындағы шаралар
Қоздырғышы – парамиксовирус трбына жататын РНК вирус.
Инфекция көзі - ауру адам.
Берілу жолы - ауа-тамшылы.
Арнайы алдын-алу: ККП вакцинасы 1, 6
жаста жасалады
Ошақтағы шаралар:
1. Науқас баланы оқшаулау, үйде немесе ауруханада.
2. Сан-эпид қадағалау басқармасына шұғыл хабарлама беру (058/е
нысаны).
3.
Ошақта бөлмені желдету, ылғалды тазалау жүргізу.
4. Қатынаста болғандарға:
- тізімін жасау, «Алдын-ала екпелер картасын» (063/е) сараптап,
екпелерін толық алғандығын тексеру.
- 21 күн медициналық бақылау жүргізу(клиниалық белгілерін, күніне
2 рет термометрия).
- вакцина егілмегендерге және екпе алғаннан кейін 7 жыл асқандарға
паротитке қарсы вакцина егу.
- егер вакцина алмағандар 11 күнен 21 күнге
дейін ұжымға
қосылмайды.
- Бұрын ауырғандарға және 10 жастан асқандар бақылауға
алынбайды.
5. Бала-бақшада 21 күнге карантин жарияланады, қатынаста болғандар 21
күн ақылауға алынады. Бұрын ауырғандар медициналық бақылауға
алынбайды, ұжымнан аластатылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: