Балалар аурулары пәні


Прогрессивті қызмет көрсету қауіптілік тобындағы жүкті



Pdf көрінісі
бет17/65
Дата15.03.2024
өлшемі3.24 Mb.
#495630
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   65
СТАНДАРТТАР жинағы балалар аурулары

Прогрессивті қызмет көрсету қауіптілік тобындағы жүкті 
әйелдерге жеке жоспарға сай жасалады.
 
Ерте жастағы балаларға патронаж 
Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру 
стандартын бекіту туралы 
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 
желтоқсандағы № 1027 бұйрығы.
 
Ерте жастағы балаларға патронажды профилактикалық бақылауды 
медициналық-санитариялық алғашқы көмек қызметінің (бұдан әрі – МСАК) 
педиатрия (жалпы тәжірибе) бөлімінің орта медициналық қызметкері бала 
денсаулығын сақтау мен нығайту мақсатында үйде және медициналық 
ұйымдарда жүргізеді. 
МСАК медицина қызметкері патронаж өткізген кезде отбасындағы 
баланың күтіміне (қауіпсіз және құнарлы тамақтануын қамтамасыз ету, 


баланың дамуына ықпал ететін орта жасау) назар аударып, бала ауырған 
кезде ауруларды анықтау мен олардың алдын алу шараларларының уақтылы 
жүргізуін, ата-ана әрекеттерінің дағдылары мен білімдерін қалыптастыруды 
қамтамасыз етеді. 
5 жасқа дейінгі балаларды әбебап (міндетті) патронажды бақылау жиілігі 
мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: 
№ 
р/с 
Баланың жасы 
Неше рет келді 
дәрігер/фельдшер 
мейірбике 

Перзентханадан 
шығарғаннан 
кейінгі алғашқы 3 
күн 
1 – дәрігер мен мейірбикенің үйде бірлесіп 
қарауы 

7 күн, 21 күн,

Үйде

14 күн толғанда 
1 - үйде 


1 ай мен 12 ай 
аралығы
айына 1 рет қабылдауда 
1 ай, 3 ай, 6 ай, 12 
айында 1 рет үйде 

1 жас пен 3 жас 
арлығы 
тоқсаныға (3 ай сайын) 1 
рет - қабылдауда 
18 ай, 24 ай, 36 
айында 1 рет үйде

3жас пен 5 жас 
арлығы 
жылына 1рет - 
қабылдауда 
жылына 1рет-үйде 
Медицина қызметкері патронаж кезінде ДДҰ ұсынған бала жастағы 
ауруларды ықпалдастыра қарау (бұдан әрі – БЖАЫҚ) қағидаттарына сәйкес 
5 жасқа дейінгі балалардың ауруларының негізгі ауруларының алдын алу, 
диагностика және емдеу негізінде мынадай шараларды жүзеге асырады: 
1) нәресте мен 2 айға толмаған сәби (қауіпті белгілердің, дамуында көзге 
байқалатын кемістіктердің және басқаларының ерте анықталуы) 
денсаулығының жай-күйіне дұрыс баға беру
2) нәресте мен 2 айға толмаған сәбиге күтім жасауды (балалар кереуеті, 
бағып-күтуге қажетті керек-жарақтар, киім, ойыншық) бағалау; 
3) ана денсаулығының жай-күйін (лактостаз/емшек қабынуы, босанғаннан 
кейінгі торығу, бала емізетін ананың тамақтану пирамидасын және т.б.) 
бағалау; 
4) сүттің шығу жағдайын тексеру, емізу техникасын үйрету (кеудеге «4-3-
4» жағдайында дұрыс салып, жатқызу), тек емізудің артықшылықтарына 
үйрету; 


5) «2 айға толмаған» кезеңін қосқанда, баланы күтіп-бағуға үйрету; 
6) психомоторлық және әлеуметтік дамуын (балаға ойын және қарым-
қатынас жасау арқылы жете көңіл бөлу) бағалау; 
7) БЖАЫҚ ерте жастағы балаларға күтім жасау ұсынымдарына сәйкес 
қосалқы коректендіруді енгізу; 
8) мешел ауруы мен микронутриентті жетіспеушіліктің (темір, А 
витамині, мырыш) алдын алу
9) баланың айналасындағы жағдайдың санитарлық жай-күйі және 
қауіпсіздігі: бөлмесінің гигиенасы (кереуеті, төсек-орны, ойнайтын жері), 
киімі, ойыншықтары, ыдыстары мен күтім жасауға арналған бұйымдары; 
10) ауырған жағдайда жаттығу, массаж, дренажды массаж кешеніне 
үйрету; 
11) ата-аналарды немесе баланы тікелей күтіп-бағатын өзге адамдарды 
науқас баланы күтіп-қарау, «қауіптіліктің жалпы белгілері», «науқас баланы 
тамақтандыру мәселесі», «қай уақытта тез қайтып келу керек» секілді 
ұғымдарға үйрету; 
12) отбасында балаға жарақат салу, зорлық-зомбылық көрсету және 
қомсынып қараудың алдын алу, отбасының бала денсаулығына 
жауапкершілігін қалыптастыру; 
13) ананың немесе баланы тікелей күтіп-бағатын адамдардың бұрын 
белгіленген ұсынымдарды орындауын бақылау; 
14) Қазақстан Республикасының ұлттық алдын алу екпесі күнтізбесіне 
сәйкес балаға уақытылы екпе жасалуын бақылау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет