3. Маска кию.
4. 40-60°С ыдыстағы ыссы суға сүтті 36-37°С жылытып алу керек.
5. Балаға алжапқыш кигізу.
6. Баланы тізеде жартылай отырғызу.
7. Сүтті
теріге тамызып, сүттің температурасын қарау.
8. Сүтті кесеге құйып алу.
9. Кесені баланың төменгі еріндеріне тиіп тұратындай етіп ұстау.
10. Кесені баланың еріндеріне
тигізіп еңкейту, бала сүтті өздігінен ішу
керек.
11. Тамақтандырып болғаннан кейін алжапқышты алып, аузын
салфеткамен сүрту керек.
12. Масканы шешіп, пайдаланылған заттарды өңдеуге
арналған ыдысқа
салу керек.
13. Қалды жуып, кептіру.
Баланы тамақтандыруға арналған ыдысты
тазалау және сақтау (үй жағдайында).
Мақсаты: инфекцияның алдын алу.
Керекті кұралдар: баланы тамақтандыруға
арналған ыдыс, щетка, ершик,
эмальды ыдыс (кастрюль), ас содасы, таза су.
Алгоритм іс-әрекеті:
1. Қолды гигиеналық деңгейде өңдеу.
2. Сүт қалдықтарын төгіп тастау (тамақтандырып болған соң бірден
ыдысты сумен шаю керек, сүт қалмас үшін)
3. Қолданылған қасық және ыдысты 2 сағатқа 1% ас содасы ерітіндісіне
батырып қою керек. (10,0-ді 1 л суда)
4. Ерштың көмегімен пайдаланған ыдыстарды дұрыстап жуып, ағынды
судың астында шайыңыз.
5.
Кастрюльге таза су құйып, оған ыдыстарды салып 10-15 мин
қайнатыңыз.
6.
Суды төгіп тастап, таза ыдысты аузы жабық кастрюльде сақтайды.
7. Қажет жағдайда ыдысты таза пинцетпен алыңыз.
8. Қолды гигиеналық деңгейде өңдеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: