«Балалар психологиясы» пәнінің дәріс материалдары


-дәріс. Баланың мектеп психологиялық дайындаудың диагностикасы



бет54/59
Дата28.09.2023
өлшемі192.71 Kb.
#479010
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Дәріс балалар психологиясы (2) (2)

15-дәріс. Баланың мектеп психологиялық дайындаудың диагностикасы.
Дәріс жоспары:

  1. Мектепке оқуға психологиялық дайындығының мәні

  2. Балада оқу мотивациясының қалыптасуы

  3. Мектепке оқуға психологиялық дайындығын диагностикалаудың мақсаты мен бағдарламаларына қойылатын таоаптар

  4. Мектепке психологиялық дайындықты диагностикалауды ұйымдастыру

  5. Баланы мектепке даярлауда ата-аналармен және ұстаздармен жүргізілетін жұмыстар

  6. Баланың психикалық дамуының картасы

1.Мектепке оқуға психологиялық дайындықтың мәні. «Мектепке психологиялық дайындық» деп балалардың құрдастары ұжымында мектептік оқу бағдарламаларын меңгеру үшін психикалық дамудың қажетті және жеткілікті деңгейі түсіндіріледі.
Дамудың қажеті мен жеткілікті деңгейі, оқу бағдарламасы баланың «таяудағы даму аймағына» жететіндей болуы керек. Ал «дамудың таяудағы аймағы» баланың ересектермен бірге отырып, қол жеткізетін жетістіктерімен айқындалады. Егер баланың психикалық дамуының өзекті деңгейі мектептегі оқу бағдарламасын меңгеру үшін қойылатын талаптан төмен болса, онда бала мектепте оқуға психикалық дайын емес деп есептеледі.
Кеңес және ресей психологиясында мектепке психологялық дайындық мәселесін теориялық жетілдіру Л.С.Выготскийдің еңбектерінде негізделеді (Божович Л.И. 1968, Эльконин Д.Б. Салмина Н.Г. 1988, Кравцова Е.Е, 1991 т.б.)
«Оқушының ішкі позициясы» мектепке дейінгі және кіші мектеп жасының аралығында пайда бола отырып, баланың оқу үдерісіне іс-әрекет субъектісі ретінде қатысуына мүмкіндік тудырады. Бұл тілектер мен мақсаттардың саналы қалыптассуы мен оларды орындаудан немесе оқушының ішкі іс-әрекетінен көрінеді.
Баланың мектепке дайындық мәселесін талдай отырып Д.Б.Эльконин оқу әрекетінің қажетті алғы шарттарын бөліп көрсетті. Ол және оның ізбасарлары төмендегі өлшемдерді атайды:

  • Баланың өз әрекетін белгілі бір ережеге саналы бағындыра алуы;

  • Берілген талаптар жүйесіне бағыттала алуы;

  • Сөйлеп жатқан адамды зейінмен тыңдай алуы;

Талап етілген тапсырманы үлгіні көзбен қабылдау бойынша дербес орындай алуы. Бұл – еріктіліктің дамуының шамасы.
Мектепке психологиялық дайындықтың зияттылық сферасын зерттеуде баланың меңгерген білімдерінің жинақтық санына емес, зияттылық үдерістерінің даму деңгейіне баса көңіл бөледі: «бала қоршаған шындықтағы құбылыстардың мәнді жағын бөле білуі, оларды салыстыра, ұқсастығы мен айырмашылығын көре білуі керек» (Божович Л.И.,1968). Жақсы оқу үшін бала өзінің танымының пәнін бөле білуі керек.
Мектепке психологиялық дайындықты анықтауда баланың қарым-қатынас жүйесіне ерекше көңіл бөледі. Қарым-қатынастың негізгі үш сферасы бөлініп көрсетіледі:
-ересектермен ерікті қарым-қатынас
-құрдастармен ерікті қарым-қатынас
-өзінің өзіне қарым-қатынасы
Ортақ іспен шұғылданатын сыныпқа келген соң, бала өзі сияқты өзге балалар мен өзара қарым-қатынасқа түсе алуы керек. Ол балалар қоғамына еніп, олармен бірігіп әрекет ете алуы және олармен келісімге келе алуы, қорғана білуі де керек. Баланың белгілі бір әлеуметтік ортадан алған мінез-құлық нормалары мен ережелері туралы білімдері мен оған нақты бір қатынасы болуы керек.

  1. Дәстүрлі түрде мектептік жетілдірудің үш аспектісін бөліп көрсетеді:

-зияттылық
-эмоциялық
-әлеуметтік
Зияттылық жетілу деп фоннан фигураны ажыратуды білдіретін бөліп (дифференциациялық) қабылдауды, зейінді шоғырландыруды, аналитикалық ойлауды (құбылыстар арасындағы негізгі байланыстарды түсіну қабілеті), логикалық есте сақтау мүмкіндігін, үлгіні қайта жасай білуді, сондай-ақ қолдың нәзік қимылдарды мен сенсорлық координацияның дамуын айтады. Мұндай зияттылық жетілу бас миы құрылымы қызметінің пісіп жетілуін бейнелейді десе де болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет