Балалардың жасы 2-3 жас Жоспардың құрылу кезеңі



бет27/37
Дата19.05.2023
өлшемі95.78 Kb.
#473946
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37
наурыз циклограмма

Көркем әдебиет
Мүсіндеу
«Торғай жаттығуы»
Торғай ағаш қорғайды.
Шыр-шыр еткен торғайды,
Таспен атып торғайды,
Қорғамасаң болмайды.
Ұя бұзған оңбайды.
Кіп-кішкене торғайлар,
Құс өкпелеп кетеді,
Ағаштарды қорғайды. Бақшамызға қонбайды.
Торғайды мүсіндеу.

Дене шынықтыру «Бала, бала, балапан»
Бала, бала, балапан
Қане, қайсы, алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.
Бала, бала, балапан
Қане, қайсы, алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.



Сөйлеуді дамыту
Сурет салу
«Сағат»
Сағаттың тіліндей,
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір.
Оң аяқ, сол аяқ,
Жаттығу оңай-ақ.
Сағаттың суретін саусақпен салу.

Қоршаған ортамен таныстыру
«Жаттығулар жасайық»
Тез қозғалып осылай
Жаттығулар жасайық.
Жақсылықты үйреніп,
Жамандықтан қашайық.



Мектепке дейінгі ұйымның кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет

Музыка
(музыка жетекшінің жоспары бойынша)












Дене шынықтыру
"Шеңберден шықпа" жаттығуы.
балаларды шеңберге тұрып, шеңбердің бойымен қимылдауға баулу; кеңістікті бағдарлауға, мұқияттылыққа, достыққа тәрбиелеу.



2-ші таңғы ас

2-ші таңғы ас алдында гигиеналық шараларды орындау Тамақтану кезінде алаңдамауға шақыру.
«Жуыну» тақпағын қайталату.
Беті қолымды жуамын,
Шашымды тараймын.
Бақытты боламын,
Сымбатты боламын.
Әрқашан тазамын,
Бәрiнен озамын.
Сөйлеуді дамыту












2-ші таңғы ас алдында гигиеналық шараларды орындау, үстелде дұрыс отыруын қадағалау.



Серуенге дайындық

Балалардың дербес қимыл белсенділігі үшін жағдай жасау, спорттық - ойын жабдықтары мен спорттық құрал-жабдықтады дұрыс пайдалану туралы әңгімелесу. Балаларды ретімен киіндіру (ауа-райы жағдайына байланысты), дұрыс киінуді бақылау (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).

Серуен

№ 64
Көркем сөз. Көгершін
Көк көгершін, көгершін,
Көгершін келер жем үшін.
Балалар жем себелік,
Жем жесін де семірсін.












№ 65
Еңбек: Ойын алаңының қоқыстарын жинау. Өздеріне жүктелген жұмысты жауапкершілікпен атқару.
Көркем сөз.
Жұмбақ.
Жылт-жылт еткен,
Жырадан өткен. (су)



Серуеннен оралу

Балалардың реттілікпен шешінуі.


Қимыл-қозғалыс ойыны: «Торғай мен мысық»
Мақсаты: Балалардың қимыл – қозғалыстарын арттырып, ептілікке баулу.












Қимыл-қозғалыс ойыны:
«Қояндар мен қасқыр»
Мақсаты: Балалардың қимыл-қоззғалыстарын арттырып, ептілікке баулу.



Түскі ас

Гигеналық шараларды орындау (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)
Ас алдында айтылатын тақпақ:
Ас дегенде отырып,
Тәрбиешіні тыңдаймыз.
Тамақ ішіп болған соң,
Орнымызды жинаймыз.












Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, асхана құралдарын дұрыс ұстай білу, ұқыпты тамақтану , сөйлеспеу, алғыс айту)

Күндізгі ұйқы

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау
«Үлкендерді сыйлау»
Әңгіме










Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау
«Бала, бала, балақан» Музыка

Біртіндеп ұйқыдан ояту,сауықтыру шаралары

Түскі ұйқыдан кейінгі сауықтыру шаралары (дене жаттығулары), ауа, су емшаралары, жалпақ табандылықты болдырмау үшін түйіршікті және жұмсақ жолақшалармен жүру (дене белсенділігі).

Бесін ас

Гигеналық шараларды орындау (мәдени-гигиеналық дағдылар). Балалардың назарын тағамға аудару, мәдениетті тамақтануға баулу (сөйлеуді дамыту).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет