Балаларды қабылдау
|
Таңертең балалармен амандасып, топқа кіргізу.
«Күн нұры»
Май берейін, құрт берейін,
Күннің көзі шық,шық.
Алақай, алақай,
Күн шықты, күн шықты,
Жер үстіне нұр шықты.
Сөйлеуді дамыту
Қоршаған ортамен таныстыру
|
Балаларды топта жақсы қабылдап, амандасу.
«Бұл қай кезде болады?»
Күн жылынып, қар еріп,
Сай-салаға толады.
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Көркем әдебиет
Сөйлеуді дамыту
|
Балаларды жақсы көңіл -күймен қабылдап, бүгінгі көңіл-күйлерін сұрау.
Тыныс алу жаттығуы
Ішке тартып ауаны,
Деміңді алшы тереңнен.
Денсаулықтың жауабы
Қайталасаң менімен.
Көркем әдебиет
Музыка
|
Балаларды жақсы көңіл –күймен қабылдап, бүгінгі көңіл-күйлерін сұрау.
«Бес саусақ» жаттығуы
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел санайық, екеуміз.
Бас бармағым - папам,
Балаң үйрек - апам.
Ортан терек - ағам
Шылдыр шүмек - мен
Титтей бөбек - сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
Қоршаған ортамен таныстыру
|
Балаларды жақсы көңіл –күймен қабылдап, бүгінгі көңіл-күйлерін сұрау.
Балаларға тақпақты қайталату арқылы қимылдар жасау.
Тыныс алу жаттығуы
Демді ішке тартайық
Енді «Ү-п» деп айтайық.
Демді шығар қайтарып.
|