Балаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған "Балапан" бағдарламасын бекiту туралы



Дата05.07.2016
өлшемі334.65 Kb.
#179464
Балаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған "Балапан" бағдарламасын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 Қаулысы

   


Атауы

Балаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы

Әзiрлеу үшiн негiздеме

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкiндiктерi» атты Қазақстан халқына Жолдауы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары

Негiзгi әзiрлеушi

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi

Негiзгi орындаушылар

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi генттiгi

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi



Бағдарламаның мақсаты

Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту ұйымдарының сапалы қызмет көрсетуiнде халықтың қажеттiлiгiн қанағаттандыру

Бағдарламаның мiндеттерi

2015 жылға дейiн мектепке дейiнгi жастағы балалардың 70 %-ын мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету;
2015 жылға дейiн 5-6 жастағы балаларды бiлiм беру ұйымдарында мектепалды даярлықпен толық қамтуды қамтамасыз ету;
республикадағы демографиялық жағдайды және халықтың бiлiм алуға деген қажеттiлiгiн ескерiп,мектепке дейiнгi ұйымдардың вариативтi желiсiн арттыру;
мектепке дейiнгi ұйымдарға деген тапшылық проблемасын шешу үшiн қажеттi қаржы-экономикалық жағдай жасау;
мектепке дейiнгi ұйымдарды бiлiктi кадрлармен толық қамтамасыз етудi және олардың бiлiктiлiгiн тұрақты түрде арттыруды жүзеге асыру

Бағдарламаның iске асырылу мерзiмi және кезеңдерi

2010 - 2014 жылдар

I кезең - 2010 ж.

II кезең - 2011 ж.

III кезең - 2012 ж.

IV кезең - 2013 ж.

V кезең - 2014 ж.



Нысаналы индикаторлар

- мектепке дейiнгi бiлiм жүйесiне қосымша ашылған

орындардың саны - 300 628 орын;

- мектепке дейiнгi жастағы балаларды мектепке дейiнгi бiлiммен қамту - 70 %;

- топтардың толықтырылуының орташа көрсеткiшi

- 25 бала;

- 5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлықпен қамту - 100%;

- бiрiншi және жоғары бiлiктi санаттағы педагог қызметкерлер үлесi - 25 %.


Қаржыландырудың көлемi мен көздерi   

2011 - 2014 жылдары Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру көлемi 216 283,5 млн. теңгенi құрады, оның iшiнде: республикалық бюджет есебiнен 213 040,0 млн. теңге; жергiлiктi бюджеттер есебiне 3 243,5 млн.теңге

              2. Кiрiспе

      Балаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөнiндегi «Балапан» бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкiндiктерi» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарын iске асыру мақсатында әзiрленген.
      Тәуелсiздiкке қол жеткiзгенге дейiн Қазақстанда Орталық Азиядағы ең үздiк мектепке дейiнгi бiлiм жүйесi болды, ол 7 жасқа дейiнгi балалардың шамамен 70 %-ын қамтыды.
      1991 жылы 8743 балабақша болды, олардың жартысынан астамы (4868) «оңтайландыру» кезеңiнде жекешелендiрiлген, бiр бөлiгi бос қалған, қираған. Жалпы, 2000 жылға дейiн республикадағы балабақшалар саны 1144-ке дейiн азайды.
      Республиканың тәуелсiздiк жылдарында мектепке дейiнгi бiлiм жүйесi қайта жандана бастады: балабақшалар саны өсуде, мектепке дейiнгi жастағы балаларға арналған ұйымдардың жаңа түрлерi құрылуда.
      2007 жылдан бастап 2009 жылдар кезеңiнде 142,1 мың орындық 2557 мектепке дейiнгi ұйым ашылды, оның iшiнде 75 орындық 612 балабақша.
      Бүгiнгi күнi республикада 4972 мектепке дейiнгi ұйым бар, олардың 2003-i балабақша. Балаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамту 373 160 адамды немесе мектепке дейiнгi балалар санының 38,7 %-ын құрайды.
      Сонымен катар мектепке дейiнгi ұйымдардан орын алу кезегiнде 260 мыңнан астам бала тұр, оның iшiнде 3 жастан 6 жасқа дейiнгi 147 084 мың бала.
      Елдегi демографиялық процестер - республикадағы мектепке дейiнгi ұйымдардан орын алу кезегiнiң өсуiн айқындайтын бiрден бiр фактор; 2008 жылдан бастап балабақшалардан орын күтушiлер саны 20,8 мың балаға өстi.
      Қазақстанда соңғы 20 жылда бала тууды талдау барысы: 1990 - 1999 жылдарда туудың төмендегенiн, ал 2000-2010 жылдары бала туу орташа есеппен 13 мың адамды көрсеттi, ол кейiннен мектепке дейiнгi ұйымдардан орын алу кезегi жылына 5-7 %-ға өскенiмен негiзделедi.
      Бағдарламасы елдегi мектепке дейiнгi ұйымдарға деген тапшылық деңгейiн төмендету жөнiндегi түбегейлi шараларды қабылдауды, мектепке дейiнгi бiлiм беру қызметiнiң сапасын арттыруды қамтамасыз етедi.

3. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту жүйесiнiң
ағымдағы жай-күйiн талдау

      Қазiргi Қазақстандағы қоғамдық-саяси және әлеуметтiк-экономикалық жағдай баланың интеллектуалды, жеке және табиғи дамуын қамтамасыз ету жүйесiн тұрақты дамытуға мүмкiндiк бередi.


      Азаматтар мен отбасыларын әлеуметтiк қолдауды реттейтiн заңнамалық база жетiлдiрiлуде. Мектепке дейiнгi балалық шақтың толық дамуын қамтамасыз ететiн нормалар қабылданды.
      Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын арттыру мақсатында 2008 жылы Мемлекеттiк мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарты әзiрлендi және бекiтiлдi.
      Мемлекеттiк мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартының танымдық саласын iске асыру мақсатында бiлiм беру процесiнде сараптаудан өткен және балалардың оқуына рұқсат етiлген 300-ден астам әдебиеттер пайдаланылады.
      Сөйлеу, ойлау қабiлеттерi, еркi жағынан және мiнез-құлқы бұзылған және дамуында басқа да ерекшелiктерi бар мектеп жасына дейiнгi балаларды топтық және жеке психологиялық-педагогикалық алып жүру бағдарламалары әзiрлендi және сынақтан өткiзiлдi.
      Балабақшаға бармайтын балалар үшiн үй жағдайларында мектеп жасына дейiнгi балалардың дамуын қамтамасыз етуге бағытталған «Язык детской игры» атты бiлiм беру курсы әзiрлендi. Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгi ережесi, үй тәрбиесiне қолдау көрсету мақсатында Ата-аналарға арналған консультациялық пункттердi ұйымдастырудың үлгi ережесi, Отбасылық бала-бақшаның, «Мектеп - балабақша» кешендерiнiң, мектеп жасына дейiнгi балаларға арналған түзету және инклюзивтi бiлiм беру кабинеттерiнiң қызметiн ұйымдастырудың үлгi ережелерi жасалды және Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрiнiң 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 27 бұйрығымен бекiтiлдi.
      Мектепке дейiнгi бiлiм беру жүйесiн дамытудың қазiргi жағдайларында көбiнесе педагог кадрларды даярлау және қайта даярлау мәселесi қаншалықты тиiмдi жүзеге асырылып жатқанына негiзделген.
      Республиканың мектепке дейiнгi ұйымдарында қазiргi уақытта 29,8 мың адам жұмыс iстейдi, оның iшiнде жас педагог қызметкерлер - 8,3 (27,9 %).
      Балабақшалардың педагог қызметкерлерiнiң бiлiм беру деңгейi соңғы жылдары күшейту үрдiсiне ие: 54,4 %-ының жоғары бiлiмi бар, 3,6 % - аяқталмаған жоғары, 40,7 % - арнайы орта, 1,3 % - жалпы орта.
      Педагог қызметкерлердiң орташа жасы - 35-40 жас.
      25 жоғары оқу орнында және 31 техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орнында (бұдан әрi - ТжКБ) «Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша кадрлар даярлау жүзеге асырылады.
      «Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша ТжКБ бiтiрушiлерiнiң саны өсуде. Мәселен, 2006 жылы 349, 2007 жылы - 528, 2008 жылы - 705, 2009 жылы - 750 маман даярланды. 2010-2014 ж.ж. ТжКБ оқу орындарының күтiлетiн бiтiрушiлер саны 5884 адам.
      2008-2009 жылы жоо бiтiрушiлерi 742-нi құрады. 2009-2010 жылы 717 адам бiтiредi деп күтiлуде.
      Мектепке дейiнгi ұйымдардың барлық бiтiрушiлерi заңнамаға сәйкес медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етiлген. Мектепке дейiнгi ұйымдарда 8-9 және одан да көп топтарға арналған медбикенiң 1,5 ставкасы және диеталық бикенiң 0,5 ставкасы көзделген. Баланың табиғи және психикалық денсаулығын сақтау және нығайту жөнiндегi мiндеттердi орындайтын және физиотерапия кабинеттерi бар ұйымдарда дәрiгер лауазымының бiр штаттық бiрлiгi көзделген.
      2010-2014 жылдары медициналық колледждердегi медбикелердiң күтiлетiн бiтiрушiлер саны 720 адам, бұл 2010-2014 жылдары мектеп жасына дейiнгi оқушыларға медициналық қызмет көрсетулерге арналған кадрларға деген қажеттiлiктi қанағаттандырады.
      Бұдан басқа, шағын орталықтардағы, қысқа мерзiмде болатын топтардағы мектеп жасына дейiнгi балаларға медициналық қызмет көрсету алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудiң (MACK) аумақтық ұйымдарында жүзеге асырылатын болады.
      Қазақстан балаларының мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқыту құқығы мынадай мектепке дейiнгi ұйымдардың әртүрлi үлгiлерiмен және түрлерiмен қамтамасыз етiледi:
      балабақшалар;
      ерекше бiлiм беру қажеттiлiктерi бар балаларға арналған арнаулы ұйымдар;
      мектепке дейiнгi оқу-тәрбие орталықтары;
      дамыту орталықтары;
      қысқа уақытта келу (кешкi, демалыс, мерекелiк) және басқалар.
      Балаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамтуды арттыру үрдiсi байқалуда: соңғы 4 жылда аталған көрсеткiш 27,6 %-дан 38,7 %-ға өстi.
      Мемлекет мектепке дейiнгi бiлiм беру саласындағы жеке меншiк жеткiзушiлердiң қызметiн қолдау шараларын қабылдауда. Қызылорда, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында жеке меншiк мектепке дейiнгi ұйымдарда мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру практикасы бар.
      Жергiлiктi атқарушы органдардың деректерi бойынша 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елiмiздегi 6770 елдi мекеннiң 4691-iнде, немесе 69 %-ында, мектепке дейiнгi ұйымдары жоқ. Аталған факт бiлiм беру ұйымдарын ашу үшiн балалардың жоқтығымен немесе жеткiлiксiздiгiмен түсiндiрiледi.
      2006 жылдан бастап мектепке дейiнгi ұйымдардың бiр түрi ретiнде шағын орталықтар құрыла бастады, бүгiн де 2969 шағын орталықта 75 872 бала тәрбиеленуде.
      Мектепке дейiнгi ұйымдардың тапшылығын азайту жөнiнде 2009 жылдың аяғында қабылданған шаралар балалардың қамту көрсеткiшiн 37-ден 38,7 %-ға дейiн арттыруға мүмкiндiк бердi: республикада қосымша 17 155 орынға арналған 404 мектепке дейiнгi ұйым, оның iшiнде 7834 орынға мектептер жанынан 318 шағын орталықтар, қосымша iске қосылды.
      271 мыңнан астам бес-алты жастағы балалар мектеп алды дайындықпен қамтылды. 6430 жалпы бiлiм беретiн мектептiң базасында 10754 мектепалды сынып ұйымдастырылды, онда 168,7 мың бала оқуда. 1271 балабақшада 102,6 мың балаға арналған 3480 мектепалды топ ұйымдастырылды.
      Мемлекеттiк тiлдегi мектепке дейiнгi ұйымдарды құру қамтамасыз етiлуде, ал ұлттық топтардың шоғырланған жерлерiнде - олардың ана тiлдерiнде.
      940 (46,9%) мектепке дейiнгi ұйымда бiлiм процесi қазақ тiлiнде жүзеге асырылады, 260-ында (13%) - орыс тiлiнде, 801-iнде (40%) - қазақ және орыс тiлдерiнде, 2-iнде (0,1%) - өзбек тiлiнде.
      Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгiлiк ережелерiне сәйкес балабақшаға 3 жастан бастап қабылданады.
      Әлемдiк тәжiрибе мектепке оқуға дайындау үшiн аса қолайлы жас баланы дамытудың 3 жастан 6 жасқа дейiнгi жастағы кезеңi болып табылатынын көрсеттi. Францияда мектепке дейiнгi бiлiм мiндеттi болып табылмайды, бiрақ 3 жастан 6 жасқа дейiнгi барлық балалар балабақшаға барады. Осындай ұқсас жағдай Германияда, Канадада, Венгрияда, Англияда бар. Данияда мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту құрылымы қазақстандыққа ұқсас: бөбекжай бiр жарым жастан 3 жасқа дейiн, балабақшалар - 3 жастан бастап 6-7 жасқа дейiнгiлер.
      Барлық тәрбиеленушiлер санынан алғанда Қазақстанның 89,7% мектепке дейiнгi ұйымында - 3-6 жастағы балалар, 2-ден 3 жасқа дейiнгiлер - 10,3%.
      Республиканың 9 облысының балабақшасында бөбекжай топтары жұмыс жасайды. Онда 2 жасқа дейiнгi балалар тәрбиеленедi. 2007-2009 жылдары бөбекжай жасындағы балалардың саны 1305-тен 942-ге азайды.
      Сонымен қатар, елде мектепке дейiнгi ұйымдардың жетiспеушiлiк проблемасы бар. Ұйымдастырылған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға қажеттiлiк 1 жастан 6 жасқа дейiнгi 260 мыңнан астам бала бар барлық өңiрлерде байқалады. 2007 жылдан бастап балабақшаларға кезек 40 %-ға (185-тен 260 мың адам) өстi, әсiресе қалаларда толық: әрбiр 100 орынға орташа алғанда республика бойынша 111 адамнан келедi.
      Мектепке дейiнгi ұйымға орын алу кезегiнде 3 жастан 6 жасқа дейiнгi балалар саны кезектегi балалардың жалпы санының 147 084-тiн немесе 56,4%-ын құрайды.
      Бағдарламаның басты басымдығы 3-6 жасқа дейiнгi балаларды ұйымдастырылған тәрбиемен және оқумен қамту, оқу қызметiне балаларды сапалы дайындау үшiн жағдайлар жасау болып табылады.
      Бағдарламаны iске асыру барысында мақсатқа қол жеткiзуге кедергi жасайтын демографиялық процестерге байланысты қауiп-қатерлер туындауы мүмкiн.
      Демографиялық процестердiң оң динамикасы болған жағдайда мектепке дейiнгi ұйымдарға деген қажеттiлiгi туындайтын немесе өсетiн елдi мекендердiң саны көбейедi.
      Қауiп-қатерлер деңгейiн азайту үшiн балаларды қамту және мектепке дейiнгi ұйымдар ашуды қаржыландыру үшiн жыл сайынғы нақтылау кезiнде Бағдарламада көрсетiлген мектепке дейiнгi ұйымдарға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру және мемлекеттiк-жекеменшiк серiктестiк тетiгiн жандандыру ажет.

4. Бағдарламаның мақсаттары, мiндеттерi, нысаналы индикаторлары
және оны iске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi

4.1. Бағдарламаның мақсаты:

      Тұрғын халықтың мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту ұйымдарының сапалы қызметтерiне деген қажеттiлiгiн қанағаттандыру.



4.2. Бағдарламаның мiндеттерi

      Бағдарламаның мақсатына қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет:


      - 2015 жылға дейiн мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен мектеп жасына дейiнгi балалардың жалпы санынан 70 %-ын қамтамасыз ету;
      - 2015 жылға дейiн 5-6 жастағы балаларды бiлiм беру ұйымдарындағы мектепалды даярлықпен толық қамтамасыз ету;
      - республикадағы демографиялық жағдайды және тұрғын халықтың бiлiм алуға қажеттiлiгiн ескере отырып мектепке дейiнгi ұйымдардың вариативтi желiсiн ұлғайту;
      - мектепке дейiнгi ұйымдардың тапшылығы проблемасын шешу үшiн қажеттi қаржылық-экономикалық жағдай жасау;
      - мектепке дейiнгi ұйымдарды бiлiктi кадрлармен толық қамтамасыз етудi және үнемi олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыру.

4.3. Нысаналы индикаторлар

      Бағдарламаның мiндеттерiне қол жеткiзу мынадай индикаторлар бойынша көрсеткiштерi бар аралық нәтижелердi салыстыру және өлшеу арқылы анықталатын болады:


      мектепке дейiнгi бiлiм беру жүйесiнде қосымша ашылатын орындардың саны;
      мектеп жасына дейiнгi балаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамту;
      топтардың толықтырылуының орташа көрсеткiшi;
      5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлықпен қамту;
      жоғары және бiрiншi санатты бiлiктiлiгi бар педагог қызметкерлер үлесi.

4.4. Бағдарламаны iске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi

      2010 жылы мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарына 89 723 орын енгiзiледi, оның iшiнде:


      34 104 орын шағын орталықтарға;
      55 619 орын заңнамада белгiленген тәртiппен қалпына келтiрiлген, коммуналдық меншiкке берiлген және бұрын сатып алынған жекешелендiрiлген балабақшаларға.
      2011-2014 жылдары 210 905 орын енгiзiледi, оның iшiнде: 2011 ж. - 84 657; 2012 ж. - 58 441; 2013 ж. - 38 447; 2014 ж. - 29 360.
      2015 жылға карай ұйымдастырылған мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен 1 жастан 6 (7) жасқа дейiнгi балалардың жалпы санынан 70 %-ы қамтылатын болады, оның iшiнде: 2010 жылы - 48 %, 2011 ж. - 55,6 %, 2012 ж. - 60,8 %, 2013 ж. - 65 %, 2014 ж. - 70 %.
      Мектепке дейiнгi ұйымдардағы топтардың орташа толықтырылуының көрсеткiшi 2010 ж. - 29 адамға; 2011 жылы - 28 адамға; 2012 жылы - 27 адамға;
      2013 жылы - 26 адамға; 2014 жылы - 25 адамға төмендейтiн болады.
      2015 жылға қарай мектепалды даярлықпен 5-6 жастағы барлық бала қамтамасыз етiледi, оның iшiнде: 2010 ж. - 88 %, 2011 ж. - 92 %, 2012 ж. - 95 %, 2013 ж. - 97 %, 2014 ж. - 100 %.
      Мектепке дейiнгi ұйымдардың жоғары және бiрiншi санатты педагог қызметкерлерiнiң үлесi педагог қызметкерлердiң жалпы санынан:
      2010 ж. - 23 %-ға, 2011 ж. - 24 %-ға, 2012 ж. - 24,5 %-ға, 2013 ж. - 24,8 %-ға, 2014 ж. - 25 %-ға дейiн өседi.
      Жоғары оқу орындарында және кәсiптiк және техникалық бiлiм беру ұйымдарында 2015 жылға дейiн мектепке дейiнгi бiлiм берудiң 18 мыңнан астам педагог қызметкерлерi даярланады, қайта даярлау курстарынан өтедi және жұмысқа орналастырылады.
      Ата-аналар үшiн консультациялық пункттердiң желiсi дамитын болады, бала күтушiлер даярлау бағдарламасы әзiрленедi және үй тәрбиесi практикасына енгiзiлетiн болады.
      Әрбiр елдi мекенде, кемiнде, бiр мектепке дейiнгi ұйым болады немесе мектепке дейiнгi тәрбиенiң басқа да нысандарын жүзеге асыру үшiн жағдайлар жасалады.

5. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi

      Бағдарламаны iске асыру мынадай кезеңдерде жүзеге асырылады және тиiсiнше мынадай мiндеттер шешiледi:


      1-кезең - 2010 жыл - балаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамтуды 48 %-ға қол жеткiзу;
      2-кезең - 2011 жыл - балаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен 55,6 % қамту;
      3-кезең - 2012 жыл - балаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен 60,8 % қамту;
      4-кезең - 2013 жыл - балаларды мектепке дейiнгi тэрбиемен және оқытумен 65 % қамту;
      5-кезең - 2014 жыл - балаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен 70 % қамту.
      Мектеп жасына дейiнгi балаларды ұйымдастырылған тәрбиемен және оқытумен:
      1) республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаты және жеке инвестицияларды тарту есебiнен тең құқықтық жағдайларда мектепке дейiнгi балалар ұйымдарын салу;
      2) шағын орталықтар ашу, заңнамада белгiленген тәртiппен бұрын жекешелендiрiлген балабақшаларды қайтару және сатып алу, меншiк нысанына қарамастан мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарында қосымша мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысты орналастыру арқылы жекеменшiк балабақшалар ашуды ынталандыру;
      3) шағын комплектiлi мектепке дейiнгi ұйымдар ашу үшiн салынып жатқан тұрғын үй кешендерiнiң төменгi қабаттарындағы тұрғын үйге жатпайтын орын-жайларды пайдалану;
      4) Жол картасы шеңберiнде мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдары үшiн педагог кадрларды қайта даярлау;
      5) 5-6 жастағы барлық балалардың мектепалды даярлықтан өтуiне мүмкiндiк беру арқылы қамтамасыз ету қажет.
      Бағдарламаны iске асырудың барлық кезеңiнде жергiлiктi атқарушы органдар мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк шеңберiнде мектепке дейiнгi ұйымдарды құрады және ашады.
      Сондай-ақ, әкiмдiктер орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың ведомстволық бағынысты мекемелерi алып қойған бұрынғы балабақшалардың ғимаратында мектепке дейiнгi ұйымдарды ашу үшiн оларды босату жөнiнде қажеттi шаралар қабылдауы қажет.
      Мектепке дейiнгi ұйымдар тапшылығы проблемаларын шешудiң тиiмдi жолының бiрi - меншiк нысанына қарамастан мектепке дейiнгi ұйымдарға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру.
      Республикалық бюджет қаражатынан жеке меншiк мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарына мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қаржыландырылатын болады. Балаларды ата-аналар төлемiнiң есебiнен тамақтандыру шығыстарының орнын толтыру қағидаты сақталатын болады.
      Мектепке дейiнгi бiлiм берудiң мемлекеттiк ұйымдары нормативтiк-құқықтық актiлермен бекiтiлген мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң нормалары мен ережелерiн сақтау кезiнде оларға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру үшiн мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту жөнiндегi қызметтi жеткiзушiлердiң тiзбесiне қосылады.
      Жергiлiктi атқарушы органдармен жекеменшiк мектепке дейiнгi ұйымдарда мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылады, Комиссияның қызметi туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) бекiтiледi.
      Жеке меншiк мектепке дейiнгi ұйымдардың тiзiмiн Комиссия Ережеге сәйкес конкурстық негiзде қалыптастырады. Конкурсқа қатысу үшiн мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына үмiткер жеке меншiк мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту ұйымдары қажеттi құжаттарды ұсынады, олардың тiзбесi Ережемен айқындалады.
      Жеке меншiк мектепке дейiнгi ұйымдардың тарапынан мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша орындар санынан ұсыныстары асып кеткен жағдайда қызмет көрсетудiң өнiм берушiлерiн Ережеде айқындалған қосымша өлшемдер бойынша конкурстық негiзде Комиссия айқындайды.
      Комиссия 3 жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру үшiн мектепке дейiнгi ұйымдардың тiзбесi бойынша ұсыныстар шығарады.
      Комиссия мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру үшiн барынша мүмкiн болатын орындар санын көрсете отырып жергiлiктi атқарушы органға хаттама ұсынады.
      Мемлекеттi бiлiм беру тапсырысы бойынша балалар контингентiн жинақтау қалалардың (аудандардың) бiлiм бөлiмдерi объективтiлiк пен айқындылықты сақтай отырып кезектiлiк тiзiмiне сәйкес жүзеге асырады.
      Жергiлiктi атқарушы орган мен мектепке дейiнгi ұйымның арасындағы қарым-қатынас шартпен ресiмделедi.
      Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын жеке меншiк мектепке дейiнгi ұйымдарда орналастыруға арналған конкурсты өткiзу тәртiбi уәкiлеттi органның қосымша ұсынымдарымен айқындалады.
      Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы жан басына шаққандағы қаржыландыру әдiсiмен қаржыландырылады.
      Бiр балаға есептелiнген мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының көлемi және мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша қызметтердi алатын балалар үшiн ата-аналар төлемiнiң ең жоғарғы мөлшерi облыс әкiмiнiң жыл сайынғы шешiмiмен белгiленедi.
      Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы жан басына қаржыландырылған кезде тапсырыс берушi мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға арналған қызметтердiң құнын баланың нақты болған уақытына төлейдi. Осы ретте ай iшiнде дәлелдi себептермен (баланың ауруы, баланың медициналық, санаториялық-курорттық және өзге де ұйымдарда емделуi және сауықтырылуы, ата-аналарының бiреуiне еңбек демалысының берiлуi және баланың жаз уақытында 2 айға дейiнгi мерзiмде сауықтырылуы) болмаған балалар есепке алынады.
      Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы республикалық бюджеттен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттер арқылы қаржыландырылған жағдайда Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен келiсiм жасайды.
      Келiсiмдерде объектiлер мен орындарды енгiзу кестесi олардың саны мен қаржыландыру кестесi арқылы көрсетiледi. Ақша аудару төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Бюджет қаражаттарын мақсатты және тиiмдi пайдалану жөнiндегi әкiмдiктiң есептiлiгi бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсiне белгiленген нысанда және белгiленген мерзiмдерде ұсынылады.
      Жалпы, Бағдарламада көрсетiлген iс-шараларды iске асыру қосымша 297 288 баланы 2003 балабақшаға және 75 872 баланы 2969 шағын орталыққа, 300 628 баланы мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға тартуға мүмкiндiк бередi.

Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысты орналастыру есебiнен
енгiзiлетiн орын саны және 2010-2014 жылдардағы мектепке
дейiнгi ұйымдар құрылысы

Облыс және қала атаулары

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

барлығы

барлығы

мемлекеттiк тапсырыс бойынша енгiзiлетiн орын саны

құрылыс есебiнен енгiзiлетiн орын саны

мемлекеттiк тапсырыс бойынша енгiзiлетiн орын саны

құрылыс есебiнен енгiзiлетiн орын саны

мемлекеттiк тапсырыс бойынша енгiзiлетiн орын саны

құрылыс есебiнен енгiзiлетiн орын саны

мемлекеттiк тапсырыс бойынша енгiзiлетiн орын саны

құрылыс есебiнен енгiзiлетiн орын саны

мемлекеттiк тапсырыс бойынша енгiзiлетiн орын саны

құрылыс есебiнен енгiзiлетiн орын саны

мемлекеттiк тапсырыс бойынша енгiзiлетiн орын саны

құрылыс есебiнен енгiзiлетiн орын саны

орын саны

Ақмола

3785

0

3550

460

1580




2180




1710




12805

460

13265

Ақтөбе

3779

0

3175

320

2320




2695




2100




14069

320

14389

Алматы

12340

0

9900

640

11115




2270




1250




36875

640

37515

Атырау

5425

0

2615

560

4050




1070




1300




14460

560

15020

Шығыс Қазақстан

5865

0

3710

420

2355




3115




2310




17355

420

17775

Жамбыл

6355

0

3115

1880

2365

840

2010




2085




15930

2720

18650

Батыс Қазақстан

3064

0

1905

600

3885




3542




2240




14636

600

15236

Қарағанды

4303

0

8095

640

3145




0




0




15543

640

16183

Қостанай

837

0

2875

0

2070




1715




1530




9027

0

9027

Қызылорда

2415

0

281

1440

2100

320

0




0




4795

1760

6555

Маңғыстау

5981

0

2705

280

3205




2870




2370




17131

280

17411

Павлодар

8156

0

2750

560

520




120




110




11656

560

12216

Солтүстiк Қазақстан

5968

0

2722

880

280




0




0




8970

880

9850

Оңтүстiк Қазақстан

9035

0

10260

65660

7071




7600

2160

7315

960

41281

9680

50961

Алматы қ.

4140




1750

640

1180

2400

2220




840

1560

10130

4600

14730

Астана қ.

8275

0

9370

0

5400

2240

3200

1680

0

1680

26245

5600

31845

Барлығы

89723

0

68777

15880

52641

5800

34607

3840

25160

4200

270908

29720

300628

     2015 жылға қарай мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен 673 788 бала қамтамасыз етiледi.

6. Қажеттi ресурстар

      Бағдарламаны iске асыру үшiн бюджет қаражаты пайдаланылады, сондай-ақ мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк тетiгi пайдаланылатын болады.


      2010-2014 жылдары бағдарламаны iске асыруға байланысты қаржылық шығындар:

Жылдар

Мемлекеттiк бюджет (млн.т.)

Республикалық бюджет (млн. т.)

Жергiлiктi бюджет (млн.т.)

Барлығы

216 283,5

213 040,0

3243,5

2010

21 523,0

19 678,0

1 845,0

2011*

58 346,7

57 558,7

788,0

2012*

41 234,7

41 095,2

139,5

2013*

44 835,6

44 588,6

247,0

2014*

50 343,5

50 119,5

224,0

      * аталған бағдарламаны қаржыландырудың жыл сайынғы көлемi республикалық бюджеттiң мүмкiн болатын кiрiс бөлiгiне қарай тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттi қалыптастыру кезiнде анықталатын болады.

      Көрсетiлген қаражат шеңберiнде республикалық бюджет есебiнен 135 792,2 млн. теңге сомасына мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыруға қосымша 270 908 орын берiлетiн болады.


      Берiлетiн қосымша орындар үшiн республикалық бюджет қаражаты есебiнен 1 009,1 млн.теңге сомасына мектепке дейiнгi ұйымдардың 6 945 педагог қызметкерлерiн қайта даярлауды жүзеге асыру қажет.
      Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарындағы орын тапшылығын жою мақсатында балабақшалар салынуы қажет.
      Өңiрлер бойынша деректердi талдай келе, қосымша берiлетiн орындарды есепке ала отырып, орындардың барынша тапшылығы Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстiк Қазақстан облыстарында, Алматы және Астана қалаларында сақталатындығын атап өткен жөн.
      Аталған өңiрлерде жалпы сомасы 40,7 млрд. теңгеге 18 360 орынға арналған барлығы 82 балабақша салу ұсынылады:
      республикалық бюджет қаражатынан 39,3 млн. теңге
      жергiлiктi бюджеттен бiрлесiп қаржыландыру 1,4 млрд. теңге мөлшерiнде.
      Құрылысты қаржыландырудың жыл сайынғы көлемi 2010 жылдың лимитiнен аспайды.
      2011-2014 жылдары Бағдарламаны қаржыландырудың көлемi жыл сайын тиiстi қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бекiту кезiнде нақтыланатын болады.

7. «Балапан» бағдарламасын iске асыру жоспары

р/с


Iс-шаралар атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Есептiлiк нысаны

Орындалу мерзiмi

Күтiлетiн шығыстар (млн. теңге)

Қаржыландыру көздерi

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкiмдiктерi мен ҚР БҒМ арасындағы қосымша мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысты орналастыру туралы келiсiмдер жасасу

Келiсiмдер

БҒМ, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкiмдерi

Үкiметке БҒМ-нiң ақпараты

2010 ж. шiлде, 2011 ж. қаңтар

Талап етiлмейдi




2

Жергiлiктi атқарушы органдар мен мектепке дейiнгi ұйымдардың арасындағы мемлекеттiк бiлiм беру тапсырыстың орындалуы туралы шарттар жасасу

Шарттар, БҒМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкiмдерi, БҒМ

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкiмдерi, БҒМ

2010 ж. шiлде, 2011 ж. қаңтар

Талап етiлмейдi




3

Мемлекеттiк тапсырысты орналастыру есебiнен мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарында қосымша орындарды iске қосуды қамтамасыз ету, оның iшiнде:

БҒМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкiмдерi, БҒМ

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкiмдерi, БҒМ

Жыл сайын, 5 шiлде мен 5 қаңтар







2010 жылы - 89 723;

2010 ж.

8 549,5

РБ

2011 жылы - 68 777;

2011 ж.

12 133,6

РБ

2012 жылы - 52641;

2012 ж.

9 286,9

РБ

 
 


2013 жылы-  34 607;

2013 ж.

6 105,4

РБ

 
 


2014 жылы - 25 160.

2014 ж.

4 438,7

РБ

4
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Мектепке дейiнгi бiлiм беру объектiлерiн салу, оның iшiнде:

БҒМ-ге ақпарат

БҒМ, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкiмдерi

Үкiметке БҒМ-нiң ақпараты










2010 жылы 10 940 орындық 39
объектiнiң құрылысы басталады;

2010 ж.

10 661,6

РБ

1 845, 0

ЖБ

2011 - 2014 жылы - 29 300 орындық 121 объект, оның iшiнде:
2011 ж. - 15 460 орындық 56 объект

2011 ж.

36 535,4

РБ

788,0

ЖБ

2012 ж. - 5 800 орындық 32 объект

2012 ж.

10 923,0

РБ

139,5

ЖБ

2013 ж. - 3 840 орындық 14 объект

2013 ж.

8 513,2

РБ

247,0

ЖБ

2014 ж. - 4 200 орындық 19 объект

2014 ж.

9 605, 3

РБ

224,0

ЖБ

5

Бұрын жекешелендiрiлген объектiлердi құнын өтеу немесе ерiктi және тегiн табыстау жолымен жеке меншiктен мемлекеттiк меншiкке заңнамада белгiленген тәртiппен қайтару

БҒМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкiмдерi, БҒМ

Жылдың қорытындысы бойынша Үкiметке БҒМ-нiң ақпараты

2010-2014ж.ж.




ЖБ

6

Мектептер жанынан шағын-орталықтар ашу

БҒМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкiмдерi, БҒМ

Жылдың қорытындысы бойынша Үкiметке БҒМ-нiң ақпараты

2010-2014 ж.ж.




ЖБ

7

Тұрғын үйлердiң 1 қабаттарында мектепке дейiнгi ұйымдарды ашу

БҒМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкiмдерi, БҒМ

Жылдың қорытындысы бойынша Үкiметке БҒМ-нiң ақпараты

2010-2014 ж.ж.




ЖБ

8

Жеке меншiк мектепке дейiнгi ұйымдар желiсiн дамытудағы мемлекеттiк-жекеменшiк серiктестiгiн iске асыру

БҒМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкiмдерi, БҒМ

Жылдың қорытындысы бойынша Үкiметке БҒМ-нiң ақпараты

2010-2014 ж.ж.




ЖБ

9

Жалға берiлген коммуналдық меншiктегi жеке тұрған ғимараттарды босату, МҰ ашу үшiн баска да ғимараттар мен үй-жайларды табыстау

БҒМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкiмдерi, БҒМ

Жылдың қорытындысы бойынша Үкiметке БҒМ-нiң ақпараты

2010-2014 ж.ж.




ЖБ

10

Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдары үшiн педагог қызметкерлердi қайта даярлауды қамтамасыз ету, оның iшiнде:

БҒМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкiмдерi, БҒМ

Үкiметке БҒМ-нiң ақпараты










2010 жылы - 3 213;

2010 ж.

466,8

РБ

2011 жылы - 2 341;

2011 ж.

340,1

РБ

2012 жылы-1 391

2012 ж.

202,1

РБ

11

Астана және Алматы қалаларының мектепке дейiнгi ұйымдарында кезектiлiктiң мониторингi

БҒМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкiмдерi, ҚР БҒМ

Үкiметке БҒМ-нiң ақпараты

Жыл сайын 25 маусым, 25 желтоқсан

Талап етiлмейдi




12

Мектепке дейiнгi ұйымдарда мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысты орналастыру жөнiндегi iс-шараларды жергiлiктi БАҚ-та ақпараттық алып жүру

БҒМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкiмдерi




Тоқсан сайын тоқсанның соңғы айының 25-күнiне







13

Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметкерлерiнiң анықтамалығын әзiрлеу және басып шығару

анықтама

ҚР БҒМ, «Мектепке дейiнгi балалық шақ» РО




2010 ж.

Талап етiлмейдi




14

Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарының әдiстемелiк бiрлестiктерi жанынан ата-аналарға арналған консультациялық пункттерiн құру

Консультациялық пункттердiң тiзбесi

облыстардың Астана, Алматы қалаларының әкiмдiктерi

БҒМ-не ақпарат

Жыл сайын, 25 маусымға, 25 желтоқсанға




ЖБ

15

Гувернер-бала күтушiнi даярлау бағдарламасын әзiрлеу және бекiту

БҒМ-нiң бұйрығы

ҚР БҒМ, «Мектепке дейiнгi балалық шақ» РО

Жылдың қорытындысы бойынша Үкiметке БҒМ-нiң ақпараты

2011 ж.

Талап етiлмейдi




      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

БҒМ          - Бiлiм және ғылым министрлiгi


Қаржыминi    - Қаржы министрлiгi
ЭДСМ         - Экономикалық даму және сауда министрлiгi
Еңбекминi    - Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi
ОАО          - орталық атқарушы органдар
РБ           - республикалық бюджет
ЖБ           - жергiлiктi бюджет
БАҚ          - бұқаралық ақпарат құралдары
РО           - республикалық орталық

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет