Сабақтың тақырыбы: Аа әріпі мен дыбысы.
Сабақтың мақсаты:
оқушыларға жаңа дыбысты таныту, таңбалы жазуды меңгерту;
Сөйлеуін, ойлауын, байқампаздығын, іс - әрекетін дамыту;
Білімділікке, әдептілікке, дыбыстық, буындық, талдау жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Әліппе, суреттер, кеспе әріптер, дидактикалық материалдар.
Оқытудың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ – жауап, ізденушілік, санау бойынша оқыту.
Оқыту түрі: Ұжымдық саяхат.
Оқыт технологиясы: Дамыта оқыту.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, математика, сурет.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Жаңа сабақ. Сергіту сәті. Әліппемен
жұмыс. Дыбыстық талдау. Дидактикалық ойындар, бекіту. Қорытынды.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Балалар, бүгін біздің сыныпқа қонақтар келіп отыр. Бәріміз орнымыздан тұрып құрмет көрсетейік. Қазір қандай сабақ, балалар?
- Әліппе.
Сергіту сәті.
Балалар, ұйқымызды ашып алайық. Бәріміз орнымыздан тұрады.1, 2, 3, 4
Жақсы. Отырамыз.
- Балалар, қазақ тілінде неше әріп бар? ( 42 әріп )
- Неше дыбыс бар? ( 40 дыбыс, екеуі белгі. )
- Балалар, дыбыс дегеніміз не? Дыбысты танимыз, айтамыз. Әріпті ше? Жазамыз,оқимыз. Дұрыс.
- Бүгін біз сабағымызды орманға саяхат жасаудан бастаймыз. Қане, бәріміз көзімізді жұмамыз. өздеріңді орманда жүрміз деп есептеңдер. Ал, енді ашыңдар. Не көрдіңдер? Ағаштар, құстар мен аңдар. Ағаштардың аттарын атаңдаршы? Қайың, шырша, емен, терек т.б. Ал, құстардыңатын атаңдаршы? Аққу, торғай, сауысқан т.б. Балалар, орман қандай жерді атаймыз. Орман деп ағаштар көп жерді айтамыз
Енді саяхатымызды жалғастырамыз. Енді баққа барамыз. Ал бақта не көрдіңдер? ( Ағаштар ) Қандай ағаштар? ( Алма ағашы, алмұрт ағашы, алхоры т.б. ) Олай болса, осы айтқан сөздеріңнің бәрі қандай әріппен басталады? ( Аа )
- Балалар! Біз бүгін дыбыстармен танысудан бастиаймыз. Аа әрпі мен дыбысымен танысамыз. Қане, бәріміз айтып көрейікші. А – А – А – А. Қалай айтылып тұр. Созылып, қандай дыбыс екен. Дауысты.
- Жақсы.
- Балалар, дыбыстар нешеге бөлінеді? ( Екіге )
Сонымен Аа дыбысы дауысты екен. Қандай түспен бояу керек? ( Қызыл түспен ) Қане, енді бәріміз қызыл түсті көрсетейікші? ( Көрсетеді).
- Балалар, міне мынау Аа әріпінің баспа түрі. Аа әріптің жазба түрі. А бас әрпі, а кіші әріпі.
« Тез ойла, сөз ойла » деген ойын ойнаймыз. А әріпі бар сөздерді кім көп айтады. Ол үшін 3 топқа бөлінеміз.
І қала ІІ жеміс ІІІ көкеніс
Астана Алма Картоп
Алматы Алмұрт Асқабақ
Ақтау Ананас Қызанақ
Атырау Апельсин Орамжапырақ
Қарағанда Банан Жуа
Павлодар Анар Баклажан
Қауын
Қарбыз
Көп сөз айтқан топты мадақтау. Ойынымызды жалғастырамыз.
« Кім жылдам? », « Жеміс жеу» ( Жемістер безендірілген балалар шығады. 1. Алма, 2. Қауын, 3. Банан, 4. Алмұрт, 5. Апельсин ).
Сонымен Аа әріпі сөздің соңында, басында, ортасында кездеседі екен.
Кітаппен жұмыс. Суретпен жұмыс істеу.
Дыбыстық талдау – Ал – ма. Алма туралы кім өлең біледі? Ал тағы өлең білетіндерің бар ма?
- Жақсы, керемет өлең біледі екенсіңдер! Қане, айтыңдаршы? Сыныпта кімнің аты А әріпімен басталады? ( Айнұр, Ақмарал, Айдана, Аружан, Ерлан.)
- Жақсы.
Достарыңызбен бөлісу: |