Балл қою кестесі


Қолдану, жоғары деңгей дағдылар (5 балл)



бет2/3
Дата16.06.2024
өлшемі15.53 Kb.
#502618
1   2   3
Қаз тарих балл қою кест

Қолдану, жоғары деңгей дағдылар (5 балл)
5 балл: сұраққа анық және құрылымды түрде жауап береді. Сұрақтың мақсатына сәйкес жауапты нақты ұсынады. Сұрақтың өзектілігін (тақырыбымен және идеясымен байланыста) толық негіздеп жан-жақты түсіндіреді. Сұрақ бойынша тапсырманы жүйелі және толық орындайды. Сұраққа сәйкес әртүрлі ақпараттар мен дереккөздерді жинақтап, ауызша түсіндіру үшін тиімді бірнеше әдістерді қолданып, жауапты мазмұнды және жүйелі түрде ұсынады. Жауаптың рефлексиясында жан-жақты, нақты, терең бағалау жүргізеді.
4 балл: сұраққа жауап беру кезінде логикалық бірізділікті сақтайды. Сұрақтың мақсатына сәйкес жауапты дұрыс ұсынады. Сұрақтың өзектілігін (тақырыбымен және идеясымен байланыста) дұрыс негіздеп жан-жақты түсіндіреді. Сұрақ бойынша тапсырманы тиімді түрде дұрыс орындайды. Сұраққа сәйкес әртүрлі ақпараттар мен дереккөздерді жинақтап, ауызша түсіндіру үшін бірнеше әдістерді қолданып, жауапты мазмұнды және жүйелі ұсынады. Жауаптың рефлексиясында нұсқаулыққа сәйкес бағалау жүргізеді.
3 балл: сұраққа жауап беру кезінде логикалық бірізділік жоқ. Сұрақтың мақсатына сәйкес жауапты дұрыс ұсынады. Сұрақтың өзектілігін (тақырыбымен және идеясымен байланыста) жалпылама түсіндіруге тырысады. Сұраққа сәйкес әр түрлі ақпараттар мен дереккөздерді жинақтап, ауызша түсіндіру үшін бірнеше әдістерді қолданса да, жауаптың мазмұнын жүйесіз түрде ұсынады. Жауаптың рефлексиясында нұсқаулыққа сәйкес бағалау жүргізуде қиналады.
1-2 балл: сұраққа жауап беру кезінде логикалық бірізділік жоқ. Жауапты сұрақтың мақсатына сәйкес дұрыс бағыттауға тырысады. Сұрақтың өзектілігін (тақырыбымен және идеясымен байланыста) жалпылама 1 сөйлеммен сипаттайды. Сұраққа сәйкес емес ақпараттарды жинақтап, ауызша түсіндіру үшін біраз әдістерді қолдануға тырысады. Жауаптың рефлексиясында шектеулі түрде ақпарат береді.

3

15

Білу және түсіну (5 балл)
5 балл: тақырыпқа сәйкес маңызды терминдер қатарын жүйелі және тиімді түрде қолданып, терең білімін көрсетеді. Тақырыпқа байланысты барлық аспектілерді терең біліп түсіндіреді.
4 балл: тақырыпқа сәйкес маңызды терминдер қатарын контексте тиімді қолданып, жақсы білімін көрсетеді.
Тақырыпқа байланысты барлық аспектілерді нақты біліп түсіндіреді.
3 балл: тақырыпқа сәйкес маңызды терминдер қатарын контексте дұрыс қолданып, базалық білімін көрсетеді. Тақырыпқа байланысты барлық аспектілерді бірқатар біліп түсіндіреді.
1-2 балл: тақырыпқа сәйкес шектеулі терминдер қатарын контексте дұрыс қолданбай, білімін көрсете алмайды. Тақырыпқа байланысты барлық аспектілерді аздап біліп түсіндіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет