Бандар ибн Найиф әл-Утайби «аллаһТЫҢ ТҮсіргеніне сәйкес емес басқару (билік қҰРУ) ЖӘне шешім шығару»



бет11/18
Дата23.02.2016
өлшемі0.94 Mb.
#11301
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18

Бесінші тарау

Менің қорытындыларымның Абду-ль-Ләтыф ибн Абду-р-Рахман ибн Хасанның және Суләйман ибн Сахманның пікірлерімен бірдей болуы, сондай-ақ осындай пікірді ғалымдар ұстанғандығын және ол біздің салиқалы алдынғы буынның өкілдерінен де жеткізілгендігін растау


Абду-ль-Ләтыф ибн Абду-р-Рахман ибн Хасан, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Мен бәдәуилердің ру басшыларынан жеткізген айырмашылықтар, (яғни) олардың біреулері Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес шешім шығаруды рұқсат етілген деп санайтыны, ал басқалары мұны рұқсат етілген деп санамайтыны, міне осы - соларға сәйкес амал етілетін нәрселер, әрі ғалымдар да дәл осыған сүйенеді».141

Суләйман ибн Сахман, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Яғни Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес шешім шығаруды рұқсат етілген деп санаушы және тағуттың үкімдерін Аллаһтың үкімдерінен жақсырақ деп есептеуші... кім мұндай сенімдерге ие болса, сол кәпір болып табылады. Ал мұны рұқсат етілген деп санамайтын және тағуттың үкімдері жалған, ал Аллаһтың және Оның Елшісінің үкімдері ақиқат деп сенетін адамға келер болсақ, ол кәпір болып есептелмейді және Исламнан шықпайды».142

Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, осындай пікірдің Ибн Аббас пен оның пікірлестерінде143, Ахмад ибн Ханбәлда144, Әһлю-Суннаның басқа имамдарында145 болғанын және ол көптеген ізгі саләфтардан жеткізілетінін146 және тіпті ізгі саләфтардың барлығынан жеткізілетінін147 айтқан.

Ал Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, бұл пікір Ибн Аббастан және оның пікірлестерінен жеткізілетінін айтқан.148

Ибн Баз, Аллаһ оны рахым етсін, бұл пікірдің Ибн Аббастан, Мужәхидтен, біздің ізгі саләфтардың көпшілік тобынан жеткендігін айтқан.149

Алтыншы тарау

Менің қорытындыларымның Ибн Аббасқа ілесушілердің пікірімен бірдей болуы150


Ибн Аббастың екі серігінің Аллаһ Тағаланың «Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар кәпірлер» деген аяттарына түсіндірме жасап, бұл аятта кіші күпірлік (куфр асғар) меңзеліп тұрғанын айтқаны және олардың заманында оларға ешкім қайшы келмегені сенімді түрде жеткізілген.151

Тауус, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Бұл діннен шығаратын күпірлік болып табылмайды».152

Ата ибн Абу Рабах, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Бұл - күпірліксіз күпірлік, зұлымдықсыз зұлымдық және бұзақылықсыз бұзақылық».153

Жетінші тарау

Менің қорытындыларымның Ибн Аббастың пікірімен бірдей болуы


Ибн Аббас, Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын, Аллаһ Тағаланың «Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар кәпірлер» деген аятына тәпсір жасап, онда адамды діннен шығармайтын кіші күпірлік (куфр асғар) меңзеледі деген.154

Абду-р-Раззак, Аллаһ оны рахым етсін, өзінің «Тафсирінде» Ма‘мардан, ол Ибн Тауустен, ол Тауустен, ол Ибн Аббастан, Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын: «Бұл күпірліктің көрініс табуы», - дегенін жеткізген. Ибн Тауус, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Алайда бұл Аллаһқа, Оның періштелеріне, Кітаптарына және елшілеріне иман келтірмеуші сияқты емес». Бұл хабардың иснады мінсіз.

Бұл тараумен үш мәселе байланысты.

Бірінші мәселе:

Кейбіреулер Ибн Аббастың сөздерін, ол «күпірлік» сөзінде үлкен күпірлікті (куфр акбар) меңзеді деп түсіндіреді. Алайда бұл тұжырым төрт себепті дұрыс емес.



1. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы сияқты нәрселерді айтқан және сонымен бірге ғалымдар ол кіші күпірлікті (куфр асғар) меңзегеніне бірауызды келіскен. Мысалы, бір хадисте ол былай деген: «Адамдардағы екі нәрсе күпірліктің көрінісі болып табылады: шыққан тегін қаралау (балағаттау) және өлген кісіні қатты дауыстап жоқтау»155. Бұл хадисте кіші күпірлік меңзеліп тұрғандығы туралы ғалымдардың бірауызды пікірі Ибн Аббастан жеткен хабарда да кіші күпірлік (куфр асғар) меңзеліп тұрғанына дәлел болып табылады. Мұны есте сақтаңдар, бұл өте маңызды!

2. Ибн Аббастың ізіне ілесушілердің ішінен екі адам оның сөздеріне түсіндірме жасап, осы аятта кіші күпірлік (куфр асғар) айтылып тұрғанын айтқан. Олар - Тауус және Ата, Аллаһ оларды рахым етсін. Ал сахабаның мазхабы оның ілесушілерінің мазхабына қарап танылады.

3. Ибн Аббастан аталған сөздерді жеткізген Ибн Тауус оларға түсіндірме жасап, оларда кіші күпірлік (куфр асғар) меңзеліп тұрғанын айтқан. Ал жеткізуші өзі жеткізіп жатқан сөздердің мағынасын басқаларға қарағанда жақсырақ біледі.

4. Ғалымдардан ешкім Ибн Аббастан осы жағдайда үлкен күпірлік (куфр акбар) меңзеледі дегенді жеткізбеген. Олар оның сөзінен кіші күпірлік (куфр асғар) айтылып тұр деп түсінген. Ал оларға қайшы келу Ибн Аббастың сөздерінен мұсылман ғалымдары түсінбеген нәрселерді түсінуді білдіреді, сондай-ақ бұл сахабаның сөздерін бұрмалау болып табылады.

Екінші мәселе:

Ибн Тауус, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Алайда бұл Аллаһқа, Оның періштелеріне, Кітаптарына және елшілеріне иман келтірмеуші сияқты емес». Кейбіреулер бұл сөздер бәрібір күпірлікті меңзеп тұрған болуы мүмкін деп айтқан. Яғни бұл – үлкен күпірлік, бірақ Аллаһқа, Оның періштелеріне, Кітаптарына және елшілеріне деген күпірлік сияқты салмақты күпірлік емес деген.

Алайда бұл тұжырым үш себеппен қате болып табылады:

1. Күпірліктің әртүрлі дәрежелері болады, бұл белгілі. Ал Ибн Тауус Ибн Аббастың сөздеріне жасаған түсіндірмесінде баршаға және әрбір адамға ап-айқын болған нәрсені айтты деу – бос сөзден басқа еш нәрсе емес.

2. Аллаһқа, Оның періштелеріне, Кітаптарына және елшілеріне деген күпірлік – күпірліктің ең ауыр түрі және іс жүзінде күпірліктің кез келген түрі бұл күпірліктен жеңілдеу болады. Сондықтан, егер де Ибн Тауус кіші күпірлікті (куфр асғар) меңземегенде, оның сөздері мүлде мәнсіз болар еді және ешқандай құнға ие болмас еді, өйткені бұл ап-айқын факт.

3. Ибн Тауустың әкесі, яғни Тауус та, Ибн Аббастың сөздеріне жасалған түсіндірмені жеткізеді және одан да кіші күпірлік (куфр асғар) меңзеледі деген келіп шығады, сондай-ақ Ибн Тауус бұл түсіндірмені өз әкесінен естіп, кейін оны өзі айтқан болуы тіпті ықтимал.

Үшінші мәселе:

Ибн Аббастан, Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын, мына нұсқадағы хабар жеткізіледі: «Бұл - олар ойлаған күпірлік емес. Бұл - діннен шығаратын күпірлік емес. Бұл - ол күпірліктен салмағы төмендеу күпірлік». Өте көп ғалымдар хабардың бұл нұсқасын сенімді деген және кейбір ғалымдар оны дәлел ретінде келтірген әрі онымен өз пікірлерін дәйектеген. Әл-Хаким оны сахих деген және әз-Захаби онымен келіскен156. Әл-Әлбани де, Аллаһ оларды рахым етсін, бұл риуаятты сахих деген157.

Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Біздің салиқалы алдынғы буынымыздың өкілдері (салиқалы саләфтарымыз) адамда иман және екіжүзділік болады деп айтатын. Дәл солай олар адамда иман мен күпірлік болады деп те айтқан. Алайда бұл - адамды діннен шығаратын күпірлік емес, Ибн Аббас және оған ілесушілер Аллаһ Тағаланың «Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар кәпірлер!» 158 деген аяты туралы айтқандарындай. Олар мұндай адам оны діннен шығармайтын күпірлік жасап жатыр деп айтқан. Және соның ізінен осындай пікірді имам Ахмад ибн Ханбәл және басқа Сүннет имамдары да білдірген».159

Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, сондай-ақ былай деген: «Ибн Аббас және біздің басқа кейбір салиқалы саләфтарымыз Аллаһ Тағаланың «Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар кәпірлер», «...солар залымдар», «....солар бұзақылар» 160 деген Сөздері туралы бұл - күпірліксіз күпірлік, зұлымдықсыз зұлымдық, бұзақылықсыз бұзақылық екенін айтқан. Бұл жөнінде имам Ахмад, әл-Бухари және басқа ғалымдар айтып кеткен». 161

Ол сондай-ақ былай деген: «Адам, онда күпірлік болса да, мұсылман болуы мүмкін. Алайда бұл - адамды толығымен Исламнан шығаратын күпірлік емес. Бұл туралы Ибн Аббас және басқа ғалымдар айтқанындай, бұл – діннен шығаратын деңгейге дейін жетпеген күпірлік. Және бұл - біздің барлық салиқалы саләфтардың пікірі. Бұл туралы имам Ахмад және басқалар айтқан. Ибн Аббас және оған ілесушілер Аллаһ Тағаланың «Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар кәпірлер!»162 деген Сөздері туралы: «Бұл – адамды діннен шығаратын күпірлік емес. Бұл – күпірліксіз күпірлік, зұлымдықсыз зұлымдық, бұзақылықсыз бұзақылық», - деп айтқандарындай».163

Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, кіші күпірлік (куфр асғар) туралы былай деген: «Ибн Аббас және біздің салиқалы саләфтарымыздың барлығы Аллаһ Тағаланың «Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар кәпірлер!» деген Сөздерін осылайша тәпсірлеген. Ибн Аббас былай деген: “Бұл - діннен шығаратын күпірлік емес. Бұл – амалдың күпірлігі, әрі мұндай адам Аллаһқа және Қиямет күніне иман келтірмеген адам сияқты емес». Тауус осы сияқты нәрсе айтқан, ал Ата былай деген: “Бұл – күпірліксіз күпірлік, зұлымдықсыз зұлымдық, бұзақылықсыз бұзақылық”».164

Ибн Баз, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Бұл - кіші күпірлік (куфр асғар), кіші зұлымдық (зульм асғар) және кіші бұзақылық (фисқ асғар). Осылай деп Ибн Аббас және біздің салиқалы саләфтарымыздың үлкен тобы айтқан».165

Шейх Ибн Усаймин, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп айтқан: “Күпірлікте айыптауға құқығы болмай күпірлікте айыптайтындар Ибн Аббастың осы хабарына наразы болғанда: «Бұл дерек қабылданбайды және Ибн Аббастан сахих түрде жетпеген», - дейді. Біз олардан: «Егер бұл хабарды хадистерде бізден жоғары, бізден лайықтырақ және бізден білімдірек болғандар жеткізіп, оған сүйенген болса, ол қалайша сахих болмайды?! Бізге шейхуль-Ислам Ибн Таймияның, Ибн әл-Қайимның және басқалардың оған сүйенгені және оны қабылдағаны жетіп асады. Және бұл хабар сахих!” 166




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет