Қазіргі заманның үш ұлы ғалымдарына және олардың пікірлестеріне қарсы қойылатын айыптаулар
Бұл ғалымдардың пікіріне ортақ болғандарға қарсы қойылатын мұндай айыптауларға екі түрлі жауап беруге болады: жалпы және егжей-тегжейлі.
Егер жалпы жауап туралы айтар болсақ, онда бұл, біріншіден, қойылатын айыптауларға берілетін жауап.
1. Кез келген адам айып тағуы мүмкін, алайда айыптауларға тиісті дәлелдер келтірілмейінше, олар орынсыз болып қала береді және ешқандай салмаққа ие болмайды.
2. Айыпталудан Аллаһ Тағаланың пайғамбарлары мен елшілері де (олардың барлығына Аллаһтың сәлемі болсын), сондай-ақ олардың ізінен ілесушілер де аман қалған жоқ. Оларды ренжітті, ілімдерін бұрмалауға тырысып, өздерін қаралады, алайда бұл олардың шақыруына (дағуатына) ешбір зиян тигізбеді және олардың өздері үшін де кемшілікке айналмады, сондай-ақ олардың мәртебесі бұдан төмендемеді де.
3. Егер адам Аллаһтың жолында азап шексе, осыда ешбір айыпталатын және ұятты нәрсе жоқ, керісінше, бұл – артықшылық және дәрежелердің артуы.
Имам әш-Шатыби, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Мен екі жолдың торабына келіп тірелдім. Сүннетке ілесіп, сонымен бірге адамдар үйренген нәрселерге қарсы жүруім керек еді, ал бұл мені міндетті түрде адамдар ойдан шығарған, әсіресе, олардың жақтаушылары өздерінің орындап жатқанын Сүннет деп айтатын дәстүрлерге қарсы шығуға батылы барғандар жеткен нәрсеге жеткізер еді... Әрине, бұл іс оңай емес, бірақ ол үшін берілетін сый да едәуір мол және қымбат... Немесе мен оларға ілесуім қажет еді және сонымен бірге Сүннетке және біздің салиқалы алдынғы ұрпағымыздың өкілдеріне (саләфтарға) қайшы келіп, адасушылықтарды таратуым керек еді (Аллаһ мені мұндайдан сақтасын!) Онда мен дәстүрлерге қарсы шығушы емес, оларды қабылдаушы болып саналар едім... Сөйтіп мен Сүннетке ілесу үшін қаза болу құтылу болып табылатынын және егер мен басқа жолмен кетсем, адамдар маған Аллаһтың алдында еш нәрсемен көмектесе алмайтынын саналы түрде ұғындым».167
Екіншіден, қарсыластар бұл пікірдің жақтаушыларының сөздеріне телитін салдарларға жауап.
1. Адамның сөздері мен амалдары онда белгілі бір сенімдердің бар екендігіне тек осындай өзара байланыстың бар екендігі туралы сенімді түрде мәлім болса ғана нұсқау бола алады. Адамның сенімдері оның сөздерінен келіп шығатын нәрселермен бірдей болмауы мүмкін және едәуір жиі жағдайда олар бірдей болмайды да. Кейбір жағдайларда адам бір нәрсе айтуы, бірақ сол мезетте өзінің айтып жатқанына тікелей қарама-қайшы болған сенімге ие болуы мүмкін.
2. Егер адам өзінде оның сөздерінен шығатын белгілігі бір сенімдердің бар екендігін мойындамаса, оған осы сенімдерді телу өтірік болады.
3. Адамның айтқан сөздерінен байқалатынға сәйкес оның сенімі жөнінде тұжырым жасау бізге бұл адамда тиісті сенімдердің бар екендігі туралы бұлтартпас дәлел бере алмайды, бұл тек күдік қана. Ал адамның өзі және айқын түрде өзінде осындай сенімдердің жоқ екендігін айтып, бұл күдіктерді мойындамайтын жағдай туралы не айтуға болады?
Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Сөздер мен амалдардың салдары міндетті түрде (соларға тиісті) сенімдердің бар болуына нұсқамайды, тек егер осындай себепті-салдарлы байланыстың бар екені сенімді түрде белгілі болмаса. Егер адамның сөздерінен ол Аллаһтың сипаттарынының мәнін теріске шығаратыны байқалса, бұл оның олар шындығында да мәнсіз деп сенетініне нұсқамайды, ол оларды мойындауы және өзінің сөздері Аллаһтың сипаттарын мәнінен айырып жатқанын білмеуі мүмкін».168
Ол, Аллаһ оны рахым етсін, сондай-ақ былай деген: «Егер адамның сөздері онда белгілі сенімдердің болуын тұспалдаса және оған осы түсіндірілсе, ал содан соң ол өз сөздерінің астында осындай сенімдердің бар екенін растаса, онда оның сөздері шынында да тиісті сенімдердің болуына нұсқайды. Ал егер оған оның сөздері белгілі сенімдердің болуына нұсқайтыны туралы түсіндірілсе, ал ол өз жағдайында осындай байланыстың болуын жоққа шығарса, онда оның сөздерін онда осындай сенімдердің бар болуына нұсқау ретінде қабылдауға болмайды, тіпті егер осындай сөздер әдетте соларға тиісті сенімдердің салдары болып табылса да... Егер адамның өзі бұл байланысты тәрк етсе, біз ешбір жағдайда оның сөздері онда тиісті сенімдердің бар болуын дәлелдейді деп айта алмаймыз».169
Ал бұл мәселедегі дұрыс пікір мынандай: «Егер біреу: «Адамда белгілі бір сенімдердің болуына нұсқайтын сөздер мен амалдар онда шынында да осындай сенімдер бар екендігіне дәлел бола алады ма?», - деп сұрап жатса, «Бұл олай емес», - деп жауап беру дұрыс болады, адам өз амалдары мен тиісті сенімдердің байланыстылығы туралы білген және оны өз жағдайында мойындаған жағдайдан басқа. Ал егер бұл осылай болмаса, біз оған оның сөздері немесе амалдары нұсқайтын сенімдердің бар болуын тели алмаймыз, өйткені бұл оған өтірік жапсыру болады».170
Біреу бұған: «Қалайша сендер, сөздердің салдары адамда тиісті сенімдердің бар болуына дәлел бола алмайды деп айтасыңдар? Өздерің де осындай салдарларды қарсыластарыңа қарсы дәйек ретінде пайдаланасыңдар ғой?», - деп қарсылық білдіруі мүмкін.
Бұл қарсылыққа жауап былай болмақ: мұндай қарсылықты ұсынушы екі нәрседе шатасты. Біріншіден, мен адамдарға олардың сөздері мен олар тұспалдайтын сенімдердің арасындағы байланыс туралы хабарламайынша және олар өздерінің сөздерінің астарында осындай сенімдердің бар екендігін растамайынша, оларға сөздері тұспалдайтын сенімдерді телімеймін.
Екіншіден, қарсыласқа оның сөздерінен не шығып келетінін түсіндіру қажет.
Сондықтан Ибн Таймийяның өзі де қарсыластарына берген жауаптарында сөздердің салдарларын едәуір жиі пайдаланған. Қарсыластың айтқан сөзінің негізсіздігіне нұсқау оның ой-пікір құруының жүйесіздігін немесе қисынсыздығын және олардың әлсіздігін көрсетеді, әрі күмәнсіз пайда келтіреді. Оның сөздерінен не шығатытынын білген соң ол ойлануы және бұрынғы көзқарасынан бас тартуы да әбден ықтимал.
Ал егер қарсыластарға егжей-тегжейлі жауап туралы айтар болсақ, онда ол мынандай.
1-айыптау: Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаруды (билік құруды) және шешім шығаруды рұқсат етілген деп жариялау.
Қарсыластар біздің пікірлестерімізден Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқарушыны (билік құрушыны) және шешім шығарушыны ол кәпір болып табылмайтын жағдайларда кәпір деп санауды талап етеді, ал олар бұған келіспесе, оларға: «Олар Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаруды (билік құруды) және шешім шығаруды рұқсат етеді!», - деп тап береді. Бұл өтірік және жала.
1. Кім Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаруды (билік құруды) және шешім шығаруды рұқсат етілген деп жарияласа, сол кәпір болып табылады, тіпті егер өзі Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес шешім шығармаса да. Сонда осы айыптаушылар Ибн Базды, әл-Әлбаниді және Ибн Усәйминді, Аллаһ оларды рахым етсін, кәпірлер деп есептейді ме?!
2. Бұл үш ғалым: «Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаруды (билік құруды) және шешім шығаруды рұқсат етіледі деп есептейтін адам кәпір болып табылады», - деп айтқан. Сондықтан да олар туралы: «Олар Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаруды (билік құруды) және шешім шығаруды рұқсат етілген деп жариялайды!», - деп айыптауға негіз жоқ, өйткені олардың өздері осыған қарама-қайшы нәрсені айтқан.
3. Бұл айыптауды ұсынған адам екі мәселені бір мәселеге біріктіріп, шатасты.
1 — Күпірлікте айыптау (такфир) — міне осы - біздің пікірлестеріміздің олардың қарсыластарымен пікірлері әртүрлі болған таластың өзегі.
2 — Күнәда айыптау (та’сим — تأثيم). Іс жүзінде Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқарушы (билік құрушы) және шешім шығарушы кәпір болып табылатындығына (немесе табылмайтындығына) қарамастан, ол үлкен күнә жасайтындығына барша бірауызды келісімде болса да, қарсыластарымыз келіспеушіліктің өзегі осы деп есептейді. Яғни мәселе «Мұндай адам күнәхар болып табылады ма?» дегенде емес, өйткені бұл солай екендігін барша мойындайды, мәселе – ол кәпір болып табылады ма – сонда...
2-айыптау: Такфирдің «есіктерін жабу»
Қарсыластар біздің пікірлестерімізден Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес шешім шығарушыны ол кәпір болып табылмайтын жағдайларда кәпір деп санауды талап етеді, ал олар бұдан бас тартса, оларға «Олар такфирдің «есіктерін жауып тастап жатыр» және күпірліктің бар болуын мойындаудан бас тартып жатыр!» деген айыптаулармен тап береді. Бұл – жала, әрі бұған екі дәлел бар.
1. Біздің пікірлестеріміз сан рет «пәлен жағдайда адам кәпір болады» дейтін пәтуалар шығарған, ал кейбіреулері тіпті нақты адамның күпірлігін растайтын пәтуалар шығарған болатын. Ал қалайша енді оларды такфирдің «есіктерін жабады» және күпірліктің бар болуын мойындаудан бас тартады деп айыптауға болады?!
2. Бұл айыптауды ұсынушы екі мәселені бір мәселеге араластырып, шатасты.
1 — Такфир саласын тежеу және оны шариғаттың дәлелдерімен шектеу.
2 — Күпірліктің бар екенін жоққа шығару. Мұндай пікірді ғалымдардан ешкім ұстанбаған.
3-айыптау: Жихадтан бас тарту және оның міндетті екенін жоққа шығару.
Қарсыластар біздің пікірлестерімізден Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес шешім шығарушыны ол кәпір болып табылмайтын жағдайларда кәпір деп санауды талап етеді, ал олар бұдан бас тартса, оларға «Олар жихадтан бас тартып жатыр және оны жоққа шығарып жатыр!» деген айыптаулармен тап береді.
Бұл – жала, әрі бұған екі дәлел бар.
1. Мұны айтушы өзінің тұжырымын екі бұрыс жорамалдарға негіздейді.
1 — «Күпірлікке түскеннің, яғни күпірлік болып табылатын әрекетті жасаушының әрбірі кәпір болып табылады», - деп жорамалдау. Іс жүзінде күпірлікке түскеннің, яғни күпірлік болып табылатын амалды жасағанның әрбірі кәпір бола бермейді. Біз бұл жөнінде жоғарыда айтып өткенбіз.
2 — «Әмірдің күпірлігі өздігінше оған қарсы шығу (көтерілу) үшін жеткілікті негіз болып табылады», - деп жорамалдау.
-
Бұл айыптауды ұсынушы екі мәселені бір мәселеге араластырып, шатасты.
1 — Жихадты Шариғаттың шеңберімен шектеу.
2 —Жихад сияқты ғибадат түрінің Шариғатпен заңдастырылғанын жоққа шығару. Мұндай пікірді Әһлю-Суннадан ешкім ұстанбаған.
4-айыптау: Муржия
Қарсыластар біздің пікірлестерімізден Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес шешім шығарушыны ол кәпір болып табылмайтын жағдайларда кәпір деп санауды талап етеді, ал олар бұдан бас тартса, оларға «Олар - муржилер!», - деп айып тағып, тап береді. Бұл – жала, әрі оған үш дәлел бар.
1. Қарсыластар, соған қарағанда, оларға кім қайшы келетінін түсінбейтін сияқты. Ал олар Әһлю-Суннаның біздің заманымыздағы ең ірі ғалымдары — Ибн Баз, әл-Әлбани және Ибн Усәймин, Аллаһ оларға рахым етсін. Олардың кім болғанын білетін адам міндетті түрде олар үшін Аллаһқа дұға етеді, оларға Аллаһтың рахымын тілейді және олар мұсылман үметіне қалдырған біліммен пайдалануға асығады.
Егер Абду-ль-Азиз ибн Баз туралы айтар болсақ, Аллаһ оны рахым етсін, оның Ислам және мұсылмандар үшін қаншалықты көп істегенін және Әһлю-Сунна сенімдерінің таралуы үшін қанша көп күш сарп еткенін еске алыңыздаршы!
Мухаммад Насыруддин әл-Әлбаниге келер болсақ, Аллаһ оны рахым етсін, ол арқылы Аллаһ қанша адамдарды ақиқатқа алып келегенін және оның тырысулары арқылы Сүннетті қорғағанын еске алыңыздар! Оның есімі ең атақты хадис жинақтарымен171 байланысты екені бізге жетіп асады және хадистер мен мухаддистер тілге алынғанда шейх әл-Әлбанидің аты да аталады!
Мухаммад ибн Усәймин туралы сөз ететін болсақ, Аллаһ оны рахым етсін, ол - Аллаһ оның білімін және өмірін игілікті етіп, оның білімі арқылы мұсылман үмметіне пайда берген ұлы ғалым, фақих, зерттеуші.
Бұл үш ғалым, шындығында, пәтуа шығарған өз заманының ғалымдарының көшбасында. Әһлю-Сунна олардың пәтуалары қабылданатынына және олармен санасатынына және олар діннің өз заманындағы ең абыройлы имамдары екендігіне бірауызды келіскен. Аллаһ оларды рахым етсін, оларға разы болсын және Ислам мен мұсылдардан оларға игілікпен қайырсын!
Мені әлі күнге дейін бұл ұлы және ардақты ғалымдар кімдер болғанын түсіндіру қажет болған адамдар таң қалдырады, оларды муржияда айыптайтындарды айтпағанның өзінде!
Жаным Қолында болғанмен ант етемін, ислам білімдерін ізденуші бауырларымызға осы ғалымдарды ақтау үшін бір кездері бір нәрселер жазуыма тура келеді деп ешқашан ойламаппын!
2. Мұндай айыптауларды ұсынушы Әһлю-Сунна мен муржия арасындағы күпірлікте айыптау (такфир) мәселесіндегі айырмашылықтарды білмейді, ал олардың арасындағы айырмашылық – аспан мен жердей. Әһлю-Сунна жақтаушыларының сенімдері шынайы, ал діни жаңалықтардың жақтаушыларының, мысалы, муржилердің, (кейбір) сенімдері дұрыс та болуы мүмкін (егер олар Әһлю-Суннаның сенімдерімен бірдей болса), бұрыс та болуы мүмкін (егер олар Әһлю-Суннаның сенімдерімен бірдей болмаса).
Маңызды ескерту: «Адасқан топтардың кейбір сенімдерінің Әһлю-Суннаның сенімдерімен бірдей болуын Әһлю-Сунна үшін кемшілік болып табылады», - деп айтатындар қателеседі. Көптеген адасқан топтардың сенімдері – олардың діни бидғаттарына жатпайтын нәрселерде – Әһлю-Суннаның сенімдерімен бірдей келетіні, айқын-ақ нәрсе. Мен бұған қоса: Сенімдері Әһлю-Суннаның сенімдерімен ешбір нәрседе бірдей болмайтын адасқан топты табудың өзі қиын деп айтар едім.
Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, рафиди-шиғалар туралы былай деген: «Оларға кейбір адамдар айып ретінде тағатын нәрселердің барлығы іс жүзінде өтірік болып табыла бермейді. Өздерінің кейбір сөздерінде олар Әһлю-Суннаның кейбір өкілдеріне қайшы келеді де, бірақ өзгелеріне қайшы келмейді, ал іс жүзінде ақиқат олар келіскендердің жағында... Алайда олардың пікірі Әһлю-Суннаның барлығына қайшы келетін кезде олардікі дұрыс болатын бірде-бір мәселе жоқ».172
-
Іс жүзінде Әһлю-Сунна жақтаушылары мен муржилердің арасындағы такфир мәселесіндегі айырмашылық - муржилер сенімдерді, мысалы, истихләлді, олар күпірлікте айыптайтау үшін негіз ететін барлық амалдармен шартты ететінінде, ал Әһлю-Сунна мұндай шартты тек кейбір осындай амалдарға ғана қатысты ұсынады.
Егер біреу: «Неліктен Әһлю-Сунна мұндай шартты бұл әрекеттердің тек кейбіреуіне ғана қатысты ұсынады да, бірақ оны қалғандарына қатысты ұсынбайды?», - деген сұрақ қойса, бұған жауап былай болады: олар шариғи дәлелдерді басшылаққа алады. Егер аталған іс-әрекет үлкен күпірлік (куфр акбар) болып талады және адамды діннен шығарады дегенге дәлелдер бар болса, онда Әһлю-Суннаның жақтаушылары мұндай іс-әрекетті жасаушыны кәпір деп есептейді және онда белгілі сенімдердің болуын шарт етіп қоймайды. Ал егер сөз оған қатысты ол іс-әрекет үлкен күпірлік (куфр акбар) болып табылатындығына және адамды діннен шығаратындығына дәлел жоқ болған күнә туралы болып тұрған болса, онда Әһлю-Суннаның жақтаушылары мұндай іс-әрекетті жасаушы адамды кәпір деп санамайды, сонымен бірге онда белгілі сенімдердің, мысалы, Аллаһ харам еткен нәрселердің халәл екендігіне сенімнің (истихләл), немесе Шариғаттың үкімдерін жоққа шығарудың (жухд) болуын шарт етіп қояды.
Мысал ретінде зинақорлықты келтіруге болады. Біздің қолымызда осы күнәны жасау адамды кәпір етеді деген шариғи дәлелдер жоқ. Сондықтан Әһлю-Суннаның бұл жағдайдағы ережесі: зинақор, тек егер ол Аллаһ Тағала тыйым салған бұл амалды рұқсат етілген деп санамаса (истихләл), кәпір болып табылмайды.
3. Бұл айыптауды ұсынушы муржилердің пікірін білмейді және муржияға түсуден сақтанудың жолын да білмейді. Ғалымдар муржилерден алыстаудың бес тәсілін тізбектеп айтады.
Бірінші мәселе:
Кім: «Иман – бұл сөздер, амалдар және сенімдер», - деп айтса, сол муржилерге қайшы келеді.
Әл-Барбахари, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: “Кім: «Иман – сөздер мен амалдар, (ол) көбейеді және азаяды», - десе, сол муржиядан толық шыққан болады!”173
Үш атақты имамдардың бұл мәселеге қатысты айтқандарын келтіреміз.
Ибн Баз, Аллаһ оны рахым етсін, «Әл-‘ақида әт-тахауийяда» келтірілген «Иман – бұл сөзбен растау және жүрекпен сену» деген сөздерге пікір жазып, былай деген: «Бұл анықтама сын айтуға лайық, өйткені ол толық емес. Ал Әһлю-Сунна ұстанатын дұрыс пікір: иман – бұл сөздер, амалдар және сенімдер, ол Аллаһқа мойынсұну арқылы көбейеді және Оған деген мойынсұнбаушылықтан азаяды... Ал амалдарды иманның анықтамасынан шығарып тастау – бұл муржилердің пікірі».174
«Әл-‘ақида әт-тахауийядағы» «Иман – тілмен растау және жүректегі иман» деген тура сол анықтамаға түсіндірме жасап, Әл-Әлбани, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Бұл – біздің салиқалы алдынғы буынымыздың өкілдерінің (салиқалы саләфтарымыздың) және мұсылман үмметінің басқа да өкілдерінің мазхабына қайшы келетін ханафилер мен матурудилердің мазхабы».175
Ибн Усәймин, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Иман, Әһлю-Суннаның пікірі бойынша, бұл – жүрекпен растау, тілмен айту және дене мүшелерімен тиісті амалдарды орындау».176
Екінші мәселе:
Кім: «Иман көбейеді және азаяды», - деп айтса, муржилерге қайшы келеді.
Исма’иль ибн Са’ид былай деп баяндайтын: “Мен имам Ахмадтан «иман көбейеді және азаяды» деп айтушылар туралы сұрағанымда, ол: «Мұндай адам муржилерге қатыссыз!» - деді”. 177
Әл-Барбахари, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: “Кім: «Иман – сөздер мен амалдар, (ол) көбейеді және азаяды», - десе, сол муржиядан толық шыққан болады!”178
Үш атақты имамдардың бұл мәселеге қатысты айтқандарын келтіреміз.
«Әл-‘ақида әт-тахауийяда» «Иман бір және оның негізі баршада бірдей» деп айтылған сөздерге пікір білдіріп, Ибн Баз, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Бұл тұжырымға сын айтуға болады. Бұған қоса, ол жалған. Адамдардағы иман бірдей емес. Керісінше, айырмашылықтар өте үлкен. Әһли-Суннаның жақтаушыларының муржилердің пікіріне қайшы келетін пікірі осындай».179
Әл-Әлбани, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Егер де ханафилер «амалдар иманға кіреді» дегенді өздерінің теріске шығаруында ғалымдардың толық көпшілігіне қайшы келмегенінде, олармен «иман көбейеді және азаяды» дегенде келісер еді. Өйткені бұған дәлелдер Құранда, Сүннетте және біздің салиқалы саләфтарымыздың сөздерінде жетіп асады».180
Ибн Усәймин, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Құран мен Сүннетте: «Иман көбейеді және азаяды», - деп айтылған. Мысалы, Аллаһ Тағала былай деген: “Сондай-ақ олардың сандарын қарсы келушілерге анық бір сынау қылдық. Өздеріне Кітап берілгендер сенсін, әрі иман келтіргендердің сенімдері арта түссін деп” («әл-Мудәссир» сүресі, 31-аят)».181
Үшінші мәселе:
Кім: «Иман туралы айтқанда ескертпе (истисна) жасау182 рұқсат етілген», - деп айтса, муржилерге қайшы келген болады.
Абду-р-Рахман ибн Махди, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Иман туралы айтқанда ескертпе (истисна) жасаудан бас тарту муржияның негізінде жатады».183
Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Егер біздің салиқалы саләфтардың – хадистерге ілесушілердің (әһлюль-хадис) мазхабы, мысалы, Ибн Мас’удтың және оның ізбасарларының, Суфьян әс-Сауридің, Ибн Уйяйнаның және Куфа ғалымдарының көпшілігінің... сондай-ақ Ахмад ибн Ханбәлдің және Әһлю-Суннаның басқа имамдарының мазхабы туралы айтар болсақ, онда олар иман туралы айтқан кезде ескертпе (истисна) жасауды қолданған, бұл жөнінде көптеген сенімді риуаятшылар тарапынан жеткізілетіндей (мутауатир — متواتر)».184
Ол сондай-ақ былай деген: «Иман туралы айтқанда ескертпе (истисна) жасауға муржилер, жәхмилер және соларға ұқсас сектанттар тыйым салады».185
-
Иман туралы айтқанда жасалатын ескертпе (истисна) дегенде «Аллаһ қаласа» («инша-Ллаһ») деген сөздер түсініледі. Мысалы, егер адам: «Мен мүмінмін, инша-Ллаһ», - деп айтса. Әһлю-Сунна бұл ескертпе сөздерді кейбір жағдайларда, мысалы, адам өзін кіршіксіз етіп көрсеткісі келмеген кезде, сондай-ақ Аллаһ Тағала оның амалдарын қабыл етеді деген шектен тыс артық сенімділікті байқатпау үшін айтуды рұқсат етеді. Алайда олар мұны адам бұл сөздерді өз дінінде күмәнданып айтқан кездерде тыйым салады. Ал муржилерге келер болсақ, олар мұндай ескертпе жасауды ешбір жағдайда рұқсат етпейді.
Үш атақты имамдардың осы мәселеге байланысты айтқандарын келтіреміз.
Ибн Баз, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Егер ғибадат туралы айтатын болсақ, онда адам: «Инша-Ллаһ, мен намазды орындадым, - немесе: - Инша-Ллаһ, мен ораза ұстадым», - деп айтуына болады, өйткені ол өзінің құлшылығының толыққанды болғанын және Аллаһ оны қабылдағанын білмейді. Мүміндер ескертпе жасауды (истиснаны) өзінің оразасы немесе иманы туралы айтқанда қолданатын, өйткені олар өздерінің амалдары толыққанды болған-болмағанын білмейтін. Сондықтан да олардың біреуі: «Инша-Лллаһ, мен ораза ұстадым, - немесе: - Мен мүмінмін, инша-Ллаһ», - деп айтатын».186
Әл-Әлбани, Аллаһ оны рахым етсін, ханафилерге сөгіс білдіріп, былай деген: «Олар өздерінің соқыр ілесушіліктерінде (фанатизмінде): «Егер адам өз иманы туралы айтқанын ескертпе жасаумен (истиснамен) қабаттастырса, ол кәпір болып табылады», - деп айтуға дейін барды».187
Ибн Усәймин, Аллаһ оны рахым етсін, ескертпе жасау (истиснә) туралы былай деген: «Егер адам: «Мен мүмінмін, инша-Ллаһ», - деп айтқан болса, онда ол осы арқылы Аллаһтың игілігін алғысы келсе немесе ол иман оған Аллаһтың қалауымен келді дегенді тұспалдаған болса, онда бұл дұрыс және күмәнсіз рұқсат етілген іс-әрекет».188
Төртінші мәселе:
Кім: «Сөздер және амалдар арқылы кәпірге айналу мүмкін», - деп айса, муржилерге қайшы келген болады.
Муржилердің сенімдеріне сәйкес, амалдар иманға кірмейді және иманға әсер етпейді, яғни оны көбейтпейді де, азайтпайды да және, олардың сенімдеріне сәйкес, адам тек сенімдері арқылы ғана кәпір болады.
Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөгетін адамды тек ол өзінің осы әрекетін рұқсат етілген деп санаса ғана кәпір деп санауға болады дейтіндер туралы былай деген: «Олар: «Иман – бұл Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алып келген нәрселерді мойындау», - дейді де, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хақтығына деген иман оны балағаттаумен үйлеседі деп есептейді. Бұл – муржилердің және солардың пікірлестерінің пікірі. Олар: «Иман – бұл тек сенімдер мен сөздер», - деп есептейді».189
Үш атақты имамдардың осы мәселеге байланысты айтқандарын келтіреміз.
«Әл-‘ақида әт-тахауийяда» айтылған «Адамды діннен оның олар арқылы дінге кірген нәрселерді жоққа шығаруы ғана шығарады» деген сөздерге қатысты Ибн Баз, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Бұл тежеуді теріске шығаруға болады... Исламнан аталған жоққа шығарусыз да шығып кетуге болады, «Діннен шығушыға қатысты Шариғат үкімі» деген ой-толғауларда ғалымдар тарапынан түсіндірілген көптеген басқа себептер бар. Бұл себептерге Исламды немесе Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөгу де жатады».190
Әл-Әлбани, Аллаһ оны рахым етсін, Ибн әл-Қаййимнің, Аллаһ оны рахым етсін, сөздерін растап, былай деген: «Оның сөздерінен, Аллаһ оны рахым етсін, күпірліктің екі түрі болады деген келіп шығады: іс-әрекеттің күпірлігі және жоққа шығару мен сенімнің күпірлігі. Күпірлік иманның қарама-қайшысы болып табылатынға191 және иманның қарама-қайшысы болып табылмайтынға бөлінеді. Пұтқа сәжде жасау, Құранды қорлау, пайғамбарды өлтіру және балағаттау иманның қарама-қайшысы болып табылады».192
Ибн Усәймин, Аллаһ оны рахым етсін, адамды күпірлікте айыптауға мүмкіндік беретін шарттарды тізбектеп айтып, былай деген: «Құран немесе Сүннет осы сөз немесе әрекет адамды кәпірге айналдырады дегенге нұсқау қажет».193
Бесінші мәселе:
Кім: «Әмірге бағыну міндетті, тіпті ол өзінің билік құруында зұлымдыққа жол берсе де», - деп айтса, муржилерге қайшы келеді.
Абдуллаһ ибн Тахир, Аллаһ оны рахым етсін, муржилер туралы былай деген: «Олар әмірге бағынуды міндетті деп санамайды».194
Суфьян ибн Уйяйна, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Муржилердің сөздері қылыш алып шығуға алып келеді».195
Суфьян әс-Саури, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Олар қыбла иелеріне қарсы қылыш көтеруге болады деп есептейді».196
Үш атақты имамдардың осы мәселеге байланысты айтқан сөздерін келтіреміз.
Ибн Баз, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Мұсылмандар Шариғат мақұлдайтын нәрседе билік иелеріне бағынуға міндетті, бірақ Аллаһқа мойынсұнбаушылық болып табылатын нәрседе емес. Егер (билік иелері) оларға Аллаһқа мойынсұнбаушылық болып табылатын нәрсені орындауды бұйырса, олар бағынбауы керек. Алайда оларға осы себепті қарсы шығуға (көтерілуге) рұқсат етілмейді».197
Әл-Әлбани, Аллаһ оны рахым етсін, «Әл-‘ақида әт-тахауийяда» аталып кеткен: «Біз оларға бағынуды Аллаһ Тағалаға бағынудың бір бөлігі және міндеттілік деп санаймыз» деген сөздерге түсіндірме беріп, былай деген: «Мұсылман әмірлері туралы сөз болып жатқаны айқын-ақ, өйткені Аллаһ Тағала былай деген: «Әй, иман келтіргендер! Аллаһқа мойынсұныңдар, Елшіге мойынсұныңдар және араларыңдағы билік иелеріне де» («әл-Мәидә» сүресі, 59-аят)».198
Ибн Усәймин, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Әмірлер өз бұзақылықтарында не нәрселерге барса да, бұл бізге оларға қарсы шығу құқығын бермейді. Тіпті олар шарап ішсе де, зина жасаса да және адамдарға жәбір жасаса да, оларға қарсы шығуға рұқсат етілмейді».199
-
Әһлю-Сунна ғалымдары түсіндіріп берген және теріске шығарған муржияның негіздері осындай. Өкінішке орай, көптеген ислам білімін ізденушілер олармен таныс емес және өздерінің қарсыластарын муржияда айыптай бастады, тіпті егер олардың сенімдері муржилердің сенімдерімен еш нәрседе бірдей болмаса да. Және біз салиқалы саләфтарымыздан жеткізілетін хабарлар (белгілі бір) адамның муржияға қатыссыз екендігіне нұсқайтынын, ал біраздан соң муржияда табанды түрде айыптайтын біреу келетінін көреміз. Сендерден Аллаһ үшін сұраймын, уа, әділеттілер және әуеске ілеспейтіндер, айтыңдаршы, муржияның негіздерін кім жақсырақ білді: салиқалы саләфтарымыз ба, немесе мына қазіргі заман білімгерлері ме?! Әлде бұл білімгерлердің салиқалы саләфтары біздің салиқалы саләфтарымыздан өзге еді ме?!
-
Бірақ бұдан да жаманы - ислам білімін ізденушілердің кейбірі өз ижтихадтарын қандай да бір мәселеде негіз ретінде қабылдап, өзінің осы пікірін Сүннеттін бір негізі деп санайтыны! Олар өздерінің осы пікірін - Әһлю-Суннаны муржилерден ажыратып көрсететін критерийдің дәл өзі деп сенеді. Ал өздерінің осы пікіріне қайшы келетіндерді муржилер деп атайды! Мысал ретінде «Намазды жалқаулықпен қалдырған адам кәпір болып табылады ма?» деген мәселені келтіруге болады. Тіпті егер сен «Бұл – адамды діннен шығаратын үлкен күпірлік (куфр акбар)» деген пікірге ортақ болсаң да, бұл мәселе ертедегі ғалымдар үшін келіспеушілік туғызған зат болған және болып қалуда да, әрі оны талқылау шариғи дәлелдердің негізінде жүргізіліп тұрғанға дейін, оның муржияға ешбір қатысы болмайды.200
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ
ҚАРСЫЛАСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ ДӘЛЕЛДЕРІНЕ ЖАУАП
Достарыңызбен бөлісу: |