Банк ресурстарын қалыптастыру және басқару: банк ресурстарын қалыптастырудың мәні
мен ерекшеліктері. Ресурстар кӛздері. Коммерциялық банктердің меншікті, тартылған және
қарыз қаражаты. Банк міндеттемелерінің жіктелуі. Қазіргі кезеңде банк ресурстарын
қалыптастыру бағыттары, капиталдандыру жолдары. Банктің меншікті капиталы-қазіргі
кезеңдегі қаржы ресурстарының бір бӛлігі ретінде. Банктің меншікті капиталының
құрылымы. Жарғылық капитал. Қосымша капитал, резервтік капитал және банктің қайта
бағалау резервтері. Банктің бӛлінбеген таза кірісі. Коммерциялық банктің меншікті
капиталының функциялары: жедел, қорғаныс-кепілдік, реттеуші, айналым, резервтік.
Халықаралық стандарттарды ескере отырып, Банктің меншікті капиталын реттеу. Банк
капиталының жеткіліктілігі. Капитал жеткіліктілігіне қойылатын заманауи талаптар.
Банктердің қызметін пруденциалдық реттеу. Базель келісімі және банктердің қызметін
пруденциалдық реттеуді ұйымдастыру қағидаттары. Пруденциалдық реттеудің қажеттілігі,
мәні және негізгі принциптері. Қазақстан Республикасындағы пруденциалдық нормативтер
жүйесі.
Банк активтерін қалыптастыру және басқару тәсілдері: олардың сапасы мен
құрылымы: банк активтерінің мәні мен құрылымы. Активтерді басқару түсінігі және
экономикалық мазмұны. Активтерді басқарудың мақсаты мен принциптері. Банктің
активтері: құрамы мен мазмұны, топтастыру және ӛтімділік дәрежесі, орналастыру саясаты.
Бірінші және екінші кезектегі активтер. Активтерді басқару тәсілдері мен әдістері.
Активтердің жай-күйін, сапасы мен тәуекелдерін бағалау.
Коммерциялық банктің депозиттік портфелі және депозиттік саясаты: депозиттік
операциялардың мәні және олардың түрлері. Жинақ және мерзімді салымдар, ақша
нарығының депозиттік шоттары. Қаражатты автоматты түрде аударатын шоттар. Жинақ
сертификаттары берілетін және берілмейтін. Депозиттердің жіктелуі. Салымдарды
сақтандыру жүйелерінің түрлері. Депозиттік сақтандыру жүйелерін жіктеу: коммерциялық
банктердің қатысуына қойылатын талаптардың сипаты бойынша, құқықтық реттеу бойынша.
Сақтандыру объектісін қамту кеңдігі бойынша, функционалдық органдарға меншік нысаны
бойынша, тӛлемдер ставкасын айқындау қағидаты бойынша, сақтандыру тӛлемдерін
қаржылық қамтамасыз етуге мемлекеттің қатысу дәрежесі бойынша. Коммерциялық банктің
депозиттік портфелі. Қазақстандағы депозиттік нарықтың дамуы: проблемалар және оларды
шешу жолдары. Салымдарды қорғау жүйесін ұйымдастырудың мәні мен қажеттілігі.
Коммерциялық банктің депозиттік саясаты. Банктің банкроттық рәсіміне рұқсат беру
бойынша депозиттік сақтандыру жүйесінің мүмкіндіктері.
Достарыңызбен бөлісу: |