Басқармасының Қаулысы



Дата25.02.2016
өлшемі409.55 Kb.
#24936
ҚРӘМ №4602 05.04.2007 ж. тіркелді
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН ЖӘНЕ

ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ АГЕНТТІГІ

БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ





Алматы қаласы

2007 жылғы 23 ақпан

№ 49


Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы
өзгерістер мен толықтырулар:

1.ҚҚА № 209 16.07.2007ж.

2.ҚҚА № 144 02.10.2008ж.

3.ҚҚА № 22 27.02.2009ж.

4.ҚҚА № 91 29.04.2009ж.

5.ҚҚА № 241 30.11.2009ж.

6.ҚҚА № 38 29.03.2010ж.

7.ҚҚА № 50 29.03.2010ж.

8.ҚҚА № 161 29.10.2010ж.
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық кесімдердің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы 2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

4. Банктерді қадағалау департаменті (Раева Р.Е.):

1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күн мерзімінде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға А. Дунаев


Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына

1 қосымша




Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу

ережесі

Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» (бұдан әрі – Заң) 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес банктердегі кредит тәуекелін басқару жүйесін жетілдіру мақсатында әзірленді және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын және банктік заем операциларын жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың, екінші деңгейдегі банктер, оның ішінде ислам банктері оның ішінде ислам банктері мен «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – банк) кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу тәртібін белгілейді.



1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Ережелердің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) агент-банк – банк синдикатының мүшелері өзінің мүддесін көздеуді тапсыратын, сондай-ақ синдицилденген заемға қатысты оның барлық қолданыс мерзімі ішінде кредиттік басқару жөніндегі қызмет көрсетуді тапсыратын банк;

1-1) банктердің синдикаты – бірлескен кредиттік операцияларды жүргізу мен банк синдикатына кіретіндердің заңдық және қаржылық дербестігін сақтап, заемшының төлем қабілетсіздігі жағдайында әр қатысушы үшін ықтимал шығындарды төмендету мақсатымен біріктірілген екі және одан астам банктер;



1-2) заемшы – заем (кредит) шартына қол қоятын, заем (кредит) алған және алынған қаражатты қайтару мен алынған заемды (кредитті), оның ішінде сыйақы мен кредит бойынша басқа төлемдерді толық төлеу бойынша өзіне міндеттемелерді қабылдайтын жеке немесе заңды тұлға;

1-3) инвестициялық заем (кредит) - бұл мынадай талаптарға сәйкес келетін заем (кредит):

заем мерзімі бес және одан астам жылдар;

заем шартының талаптарымен мерзімнен бұрын толық өтеуге тыйым салу белгіленген. Заемның ішінара өтелуі заемшының бизнес - жоспарында белгіленген мерзімде және тәртіпте жүзеге асырылуы мүмкін;

материалдық өндірісті, өндірістік және көлік инфрақұрылымын құруға, кеңейтуге және жетілдіруге бағытталған кешенді іс-шараларды іске асыруды қарастыратын заңды тұлғаға оның бизнес - жоспарына сәйкес беріледі;

1-4) ислам банкі – уәкілетті органның лицензиясы негізінде, осы Заңның 4-1-тарауында көзделген банк қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк;

2) кредит (заем ) – банктiң заем, лизинг, факторинг, форфейтинг операцияларын, осы Заңның 52-5-бабының 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген операцияларын ислам банктерінің жүзеге асыруы сондай-ақ вексельдердiң есебiн жүргiзудi есебiн жүргiзудi (банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын және банктік заемдық операцияларын жүргізуге лицензиясы бар ұйымдар үшін, кредитті банктік заемдық операцияларын жүзеге асыру деп түсіну керек) жүзеге асыру;

3) кредит беру туралы шарт - банктің заем, лизинг, факторинг, форфейтинг, есебін жүргізу операцияларын жүзеге асыру шеңберінде кредит беру шарты, сондай-ақ ислам банкінің:

банктік заем операцияларын: мерзімділік, қайтарымдылық шарттарымен және процент түрінде сыйақы төлеусіз ақшалай нысандағы кредиттер беруді;

коммерциялық кредитті беріп, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыруды;

заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысу жолымен және (немесе) серіктестік талаптарымен өндіріс және сауда қызметін қаржыландыруды;

лизинг (жалға алу) талаптарымен инвестициялық қызметті жүзеге асыру шеңберінде жасаған шарты;

4) кредит бойынша сыйақы – берiлген кредиттiң негiзгi кредит сомасына қатысына қарай банкке тиесiлi ақшаның жылдық мөлшерiнен есептеп шығарылған, процентпен көрсетiлiп белгiленген не ислам банкінің коммерциялық кредитті беруі кезіндегі тауардың үстеме бағасы түріндегі ақысы;

5) кредиттік желі – банктiң қарыз алушыға кредит алу уақытын өзi белгiлеуге мүмкiндiк беретiн талаптар негiзiнде, бiрақ кредиттеудiң мұндай формасы үшiн банктiң iшкi кредиттiк саясатымен және шартпен белгiленген сома және уақыт шегiнде заемшыны кредиттеу мiндеттемесi;

6) кредитті өтеу – кредиттiң және сол бойынша сыйақы мөлшерлемесі (ислам банкінің коммерциялық кредитті беруі кезіндегі үстеме бағаның мөлшері) сомасының қайтарылуы;

7) кредит сомасы - банктің кредитке берген ақша сомасы;

8) кредиттік скоринг – заемшыны жеке тұлғаның кредит алу қабілетін сапалық және сандық сипатқа негізделген математикалық немесе статистикалық моделдің көмегімен, не оның ішінде заемшының тұрақты және жеткілікті кірісін, жұмыс орнының және қызметін, ағымдағы кәсібі бойынша жұмыс ұзақтығын, кепіл түріндегі қолайлы жылжымайтын мүлікті, оның ішінде басқа банктер алдындағы несиелік берешекті, банктердің кредиттері бойынша кредит беру жөніндегі төлем тәртібін, кредиттік тарихты қосқандағы бағалау жүйесі;

9) кредиттiң шарттары - кредит беру шарттары, бұған сыйақының мөлшерi, қарыз алушының мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету туралы шарттар, кредиттi өтеу мерзiмi, сондай-ақ осыларға сәйкес әрбiр жеке кредит бойынша тәуекелдi төмендетуге бағытталған айрықша шарттар жатады;

9-1) синдицилденген заем – банктер синдикатының қатысушылары болып табылатын екі және одан астам банктермен бірігіп қалыптастырылған және заемшыға (байланысты заемшылар тобына) бір заем шарты негізінде (қажеттілігіне қарай және басқа құжаттарды қоса беріп) берілген заем;

10) тұтынушы кредиті - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес жеке тұлғаларға тауарларды, жұмысты және қызмет көрсетуді сатып алуға берілген кредит;



10-1) тең заемшы – заемшымен бірге заем (кредит) шартына қол қоятын және заем (кредит) шарты бойынша алынған қаражатты қайтару және алынған заемды (кредитті), оның ішінде сыйақы мен кредит бойынша басқа төлемдерді толық төлеу бойынша міндеттемелерді орындауға ортақ жауапты ретінде тұратын жеке немесе заңды тұлға;

11) уәкілетті орган - қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

2-1. Ислам банкі кредит беруді ислам банкінің ішкі кредиттік саясаты туралы ережеге және ислам банкінің операцияларды жүргізуінің жалпы талаптары туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Ислам банкі кредиттеу жөніндегі құжаттаманы осы Заңда көзделген банк қызметін өздерінің жүзеге асыру ерекшеліктерін ескере отырып, осы Ережелерге сәйкес жүргізеді.

2. Банк кредит берудi өзiнiң iшкi кредиттiк саясаты тура ережелерге және заем операцияларын өткiзудiң жалпы ережелеріне сәйкес жүзеге асырады.

Банктiң талап ету құқығы болған немесе құқығы бар әрбiр кредит бойынша құжаттаманың есебi кредиттiң түрiне, заемшының санатына, талап ету құқын иелену әдiсiне қарамай осы Ережелерге сәйкес жүргiзiледi.

3. Кредит беру туралы шарт қажет болған жағдайда басқа тiлдердегi аудармасы қоса берiлiп, мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады, ал шетелдік тұлғалармен шарт жасасқан жағдайда мемлекеттік және тараптарға қолайлы тілдерде жасалады, шрифтінің мөлшері 12-ден кем емес, оған мыналар кіреді:

1) кредиттің мақсаты, заемшы берген тиісті бизнес-жоспарға немесе заемның технико-экономикалық негіздемесіне және/немесе заемшының өтінішіне сәйкес;

2) берiлетiн кредиттің жалпы сомасы;

3) кредиттiң валютасы;

4) кредитті өтеудің және сыйақының тәртібі, кезеңділігі;

4-1) кредит бойынша берешекті өтеу кезектілігі, уақтылы өтемегені үшін тұрақсыздық айыбын есептеу тәртібі мен мөлшері және сыйақы төлеу;

5) кредитті өтеу тәсілі (қолма-қол ақшамен, қолма-қол ақшасыз) және әдісі (аннуитеттік, негізгі борышты теңдей үлеспен өтеу арқылы не тараптардың келісімі бойынша тәсілмен);

6) қамтамасыз ету (түрi, сомасы), қамтамасыз етусіз берілген кредиттерді қоспағанда;

6-1) заемшының кредитті беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған не тиісінше тәсілмен орындамаған жағдайдағы банк қабылдайтын шаралар;

7) сыйақы ставкасының түрі: тіркелген немесе құбылмалы, оны есептеу тәртібі (жылына, жылдық) және шартты жасау күніне сыйақы мөлшері, кредитті беру туралы шартты жасау күніне уәкілетті органмен белгіленген тәртіпке сәйкес сенімді жылдық тиімді салыстырмалы есептеудегі сыйақы ставкасының мөлшері;

7-1) ислам банкінің коммерциялық кредитті беруі кезіндегі үстеме бағаның түрі: тіркелген немесе тауарды сатып алу бағасынан алынатын проценттік көріністе;

8) заемшы - заңды тұлғаның банкке ұсынатын есебінің түрлері мен мерзімдері;

9) міндеттемелерді бұзғаны үшін тараптардың жауапкершілігі;

10) заемшының (тең заемшының) ол туралы мәліметтерді кредиттік бюроларға беруге және кредиттік бюролардың ол туралы банкке кредиттік есеп беруге келісімінің болуы, сондай-ақ тараптардың өз міндеттемелерін орындауына байланысты ақпараттың болуы туралы нұсқау.

Кредит беру, кепіл, талап ету құқықтарын беру немесе кредит бойынша борышты аудару туралы шарттардың түпнұсқаларына, оларға қосымша келісімдерге және банк банктің уәкілетті органы бекіткен шарттың үлгілік нысанын қолданусыз не банктің уәкілетті органы бекітусіз осындай үлгілік нысанды өзгертумен кредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындаумен байланысты жасасатын шарттардың түпнұсқаларына (бұдан әрі – шарттардың түпнұсқалары) банктің заң қызметі басшысының (банктің филиалында – банк филиалының заңгерінің) қолы қойылады және тараптардың қолы қойылады және заемшы - заңды тұлғаның, сондай-ақ банктің мөрімен расталады.



Жеке тұлғалар үшін осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 4-1), 5), 6), 6-1), 7), 9) тармақшаларында көрсетілген талаптар мынадай тәртіппен: осы тармақтың 1), 2), 3), 7), 5), 4), 4-1) тармақшалары көрсетілген ретімен кредит беру туралы шарттың алғашқы екі бетінде (немесе егер шарт парақты екі бағанға бөле отырып, бір уақытта екі тілде ресімделетін болса, алғашқы төрт бетте), осы тармақтың 6), 6-1), 9) тармақшалары тікелей олардан кейін көрсетіледі.

Заңды тұлғалар үшін осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 4-1), 5), 6), 6-1), 7), 9) тармақшаларында көрсетілген талаптар мынадай тәртіппен: осы тармақтың 2), 3), 4), 4-1), 5), 7), 9) тармақшалары көрсетілген ретімен кредит беру туралы шарттың алғашқы екі бетінде (немесе егер шарт парақты екі бағанға бөле отырып, бір уақытта екі тілде ресімделетін болса, алғашқы төрт бетте), осы тармақтың 1), 6), 6-1), 9) тармақшалары тікелей олардан кейін көрсетіледі.



Кредит беру туралы шартқа міндетті түрде қоса берілетін және кредит беру туралы шарттың тараптары қол қоятын кредитті өтеу кестесінде кредит беру туралы шарттың нөмірі мен жасалған күні, кредит сомасы мен валютасы, өтеу күндері және негізгі борышты өтеу, сыйақы сомалары және олардың жиынтық мәні көрсетілген кезекті төлемдердің мөлшерлері, келесі өтеу күніндегі негізгі борыш қалдықтары, сондай-ақ төленуі тиіс кредит пен сыйақының жиынтық сомалары және олардың жиынтық мәні, кредитті өтеу кестесі жасалған күн көрсетіледі.

Сыйақы ставкасы өзгермелі банктік заем шарты бойынша кредитті өтеу кестесі кредиттің берілу күніне жасалады және одан кейін кезекті төлемдердің мөлшерлері түзетіледі және кредит беру туралы шартта белгіленген тәртіпте заемшыға (тең заемшыға) мәлімет үшін жеткізіледі.

Жеке тұлға - заемшыға (тең заемшыға) кредит беру туралы шартты жасасқанға дейін кредитті өтеу әдісін таңдау үшін танысуға әр түрлі әдістермен есептелген алдын ала кредитті өтеу кестелерінің жобалары беріледі.

Егер заемшы (тең заемшы) жеке тұлға болған жағдайда кредит беру күніне жасалған кредитті өтеу кестесінде сондай-ақ заемшының (тең заемшының) таңдаған әдісі туралы белгісі бар банк ұсынған өтеу әдістерінің тізбесі болады.

Кредиттің кредитті өтеу кестесін өзгертуге алып келетін талаптары өзгерген кезде жаңа талаптар ескерілген жаңа кесте жасалады.

Осы тармақтың бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктерінің талаптары төлем карточкасы бойынша кредиттік желі аясында берілген кредитті, овердрафт кредитін қоспағанда, кредит беру туралы шартқа, сондай-ақ оның аясында кредит беру туралы шартты (шарттарды) жасасу қажет болатын кредитті алу үшін кредиттік желіні ашу туралы келісімдерге қолданылады.

Егер негізгі борышты немесе сыйақыны өтеу күні демалыс не мереке күніне түсетін болса, онда заемшы сыйақыны немесе негізгі борышты төлеуді одан кейінгі жұмыс күні жүргізеді.

3-1. Синдицилденген заем беру туралы шартта әр қатысушы синдикат-банктің заемда қатысу сомасы мен үлесі міндетті түрде болады, оның ішінде заемшының төлем қаблетсіздігі жағдайында синдикаттың әр қатысушысы үшін ықтимал шығындардың үлесін бөліп.

3-2. Ислам банкінің кредит беру туралы шарты осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген талаптардан бөлек, осы Заңның 52-8, 52-9, 52-10-баптарында көрсетілген талаптарды да құрайды.

4 –ТАРМАҚ АЛАНЫП ТАСТАЛСЫН.
2 -тарау. Берілген кредит бойынша құжаттама жүргізу тәртібі
5. Берiлген әрбiр кредит бойынша банкте кредит досьесі арналуға тиiс, ол кредит беру туралы шартына қол қойылған немесе оны бекiткен күнi ашылып, осы Ережелерде көзделген жағдайларды қоспағанда, қолданылуы тоқтатылған сәтте ғана жабылады.

6. Банк мынадай талаптар:

Қазақстан Республикасының аумағындағы банктің үй-жайында орналасқан, шарттардың түпнұсқаларын, кепіл берушінің кепілге салынған мүлікке меншік құқығын (шаруашылық жүргізу, оперативті басқару құқығын) растайтын құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқаларын және банк қабылдаған қамтамасыз ету жөніндегі басқа да құжаттардың түпнұсқаларын сақтауға арналған банктің қоймаларына қойылатын;

шарттардың түпнұсқаларын, кепіл берушінің кепілге салынған мүлікке меншік құқығын (шаруашылық жүргізу, оперативті басқару құқығын) растайтын құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқаларын және банктің қоймасына сақтауға берілген банк қабылдаған қамтамасыз ету жөніндегі басқа да құжаттардың түпнұсқаларын сақтау мен есепке алу жөніндегі;

банктің басшы қызметкерлерінің санынан шарттардың, кепіл берушінің кепілге салынған мүлікке меншік құқығын (шаруашылық жүргізу, оперативті басқару құқығын) растайтын құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқаларын және банктің қоймасына сақтауға берілген банк қабылдаған қамтамасыз ету жөніндегі басқа да құжаттардың түпнұсқаларын сақтау мен есепке алу үшін жауапты тұлғалардың тізбесін бекіту жөніндегі талаптар бар, бірақ олармен шектелмейтін ішкі ережелерді әзірлейді және бекітеді.

Құжаттамасын сақтау талаптары осы Ереженің 29-тармағында көзделген синдикатталған займдарды беру жөніндегі шарттарды қоспағанда, шарттардың түпнұсқалары Қазақстан Республикасынан тыс сақталуы мүмкін емес.

Кредиттік досьелерді жүргізу, сондай-ақ ондағы құжаттардың толықтығын осы Ережеге және банктің ішкі саясатына сәйкес қамтамасыз етуді банктің тиісті бөлімшесінің жауапты қызметкері жүзеге асырады.

Осы тармақта белгіленген талаптарды сақтауға жалпы бақылауды банктің басшы қызметкері жүзеге асырады.

7. Кредит досьесі жеке тарау бойынша қалыптасады. Әрбір кредит досьесінде кредит досьеде тұрған құжаттардың жеке тізбесі болуға тиіс. Кредит досьедегі құжаттар, ол жабылғаннан кейін нөмірленіп тігілуге тиіс.

8. Кредиттер бойынша кредиттік досьеде (оның ішінде бланктік), осы Ережелердің 9 тармағында көрсетілген кредиттер мен банкаралық кредиттерді қоспағанда мынадай негізгі құжаттары болуға тиіс (төмендегілермен шектелмейді):

1) кредиттi пайдалану мақсаты мен ықтимал кепіл затының сипаты, заемшының банк алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін ұсынылатын басқа қамтамасыз етуі көрсетiлген, заемшының қол қойған және кіріс құжаттамасының тіркелуін жүзеге асыратын банктің бөлімшесінде тіркелген өтiнiші;

2) заемшы заңды тұлғаның уәкілетті органының – заңды тұлғаның кредит алуға шешімі;

3) кепіл беруші уәкілетті органының - заңды тұлғаның заемшы міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуге кепіл затын беруге шешімі;

4) құрылтай құжаттарының немесе заемшының жарғылық капиталындағы жай акцияларының (қатысу үлестерінің) соңғы меншік иегерлеріне дейінгі заемшының жарғылық капиталындағы жай акцияларының (қатысу үлестерінің) он және одан астам пайызын иеленетін барлық үлес иегерлері туралы ақпаратты ашатын, заемшының жай акцияларының бес және одан астам пайызын иеленетін акцияларды ұстаушылар тізілімінің нотариатта куәландырылған көшірмелері (банкте көрсетілген құжаттар бар болған кезде – осындай құжаттардың көшірмелері);

5) заңды тұлғаның қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар нотариатта куәландырылған карточка, сондай-ақ банк талаптарына сәйкес расталған заемшы атынан кредиттік және кепіл құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі (банкте аталған құжаттар бар болғанда – осындай құжаттардың көшірмелері);

6) тұпнұсқасы банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптар мен тәртіпте банктің қоймасында сақталуға жататын, мәміле жасалғанын растайтын өзге құжаттың берілген кредиттік лимитімен, төлем карточкалары бойынша кредит беру туралы шарттың көшірмесі;

7) заемшының - заңды тұлғаның бизнес-жоспарының немесе кредит беруді техникалық-экономикалық негiздеудің түпнұсқасы;

8) заемшы - заңды тұлғаның салық декларациясының көшiрмесi қоса берiлген соңғы тоқсан мен соңғы есептi жылдағы қаржылық есебiнің көшірмесі және/немесе банктiң заемшы - заңды тұлғаның соңғы есепті жалдағы қаржылық есептілікке қаржы жағдайына талдау жасауға мүмкіндік беретін веб-сайтта орналасқан ақпарат;

9) қызмет көрсететін банктің айдың басында және аяғында ақшаның кіріс және шығыс қалдықтары көрсетілген айналымдары туралы, тиісінше Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын заемшының – заңды тұлғаның банктік шоты бойынша соңғы он екі айға анықтама;

10) заемшының бизнес-жоспарында белгіленген мақсаттар мен міндеттердің іске асыру мүмкіндігі туралы баға берілген банктің қорытындысы;

11) банктің уәкілетті органының арнайы есепке алу журналында тіркелген (нөмірі және шешімді қабылдау күні бойынша) кредит беруді (төлем карточкалары бойынша кредиттік лимитті белгілеу) мақұлдау жөніндегі банктің уәкілетті органының шешімінен үзінді көшірме немесе тігілген, мөр басылған, әр парағы нөмірленген электронды түрде қайталанған көшірмесі;

12) кредиттi және бірегей кредиттерді пайдалану мақсатын растайтын құжаттар, айналымдық капиталға берілген кредиттерді қоспағанда;

13) жеке кәсіпкерлер үшін мемлекеттік тіркеуден өткені (қайта тіркелгені) туралы фактіні растайтын тіркеуші органы берген, белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі;

14) заңды тұлғаның – резидент еместің мәртебесін куәландыратын заемшының мемлекетінің (заемшы Қазақстан Республикасының резиденті емес болған жағдайда) уәкілетті органы берген құжаттың көшірмесі;

15) шетел валютасында берілген кредиттер бойынша – қаржылық есептің және/немесе заемшының келіп түсетін түсімдердің валютасын және валюталық тәуекелді хеджирлеу құралдарын анықтауға мүмкіндік беретін басқа есептілігінің болуы;

16) заемшының (тең заемшының) - жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасымен салыстырып тексерілген, ол туралы белгісі бар көшірмесі;

17) заемшының (тең заемшының) - жеке тұлғаның еңбекақысын және (немесе) өзге де кірістерін көрсететін және растайтын құжаттар. Білім беруді кредиттеу жүйесінің аясында берілген кредиттер бойынша аталған құжаттың болуы талап етілмейді;

18) АЛЫНЫП ТАСТАЛСЫН;

19) заемшының (тең заемшының) кредиттік скорингін және кредит қабілеттілігін анықтайтын құжат;

20) кредиттік бюродан алынған заемшы (тең заемшы) бойынша кредиттік есеп;

21) жинақтаушы зейнетақы қорының заемшы (тең заемшы) - жеке тұлғаның жеке зейнетақы шотынан соңғы алты айға үзінді көшірмесі. Білім беруді кредиттеу жүйесінің аясында берілген кредиттер бойынша, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылғанын растайтын құжаттар болған кезде Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған жеке тұлғалардың кредиттері бойынша аталған құжаттың болуы талап етілмейді;

22) салық қызметінің органдары берген, банктің уәкілетті органының кредиттеуге берілген өтінімді қарау күніне дейін заемшы - заңды тұлғаның салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқтығын растайтын заемшы - заңды тұлғаның салықтық берешегінің, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқтығы туралы анықтама және (немесе) салыстырып тексеру актісі;

23) кредиттік тарих субъектісінің ол туралы ақпаратты кредиттік бюроға ұсынуға келісімінің көшірмесі (оның түпнұсқасы банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптар мен тәртіпте банктің қоймасында сақталуы тиіс);

24) кредиттік тарих субъектісінің кредиттік есепті алушыға кредиттік есепті беруге келісімінің көшірмесі (оның түпнұсқасы банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптар мен тәртіпте банктің қоймасында сақталуы тиіс).

Борышкердің бизнес-жоспары немесе кредиттің техникалық-экономикалық негіздеуі, немесе заемшының кредит қабілеттілігіне баға беруге мүмкіндік беретін басқа құжаттар, төмендегілермен шектелмей мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:

кредитті пайдалану мақсатын көрсетуімен қызметінің сипаты;

заемшының өткізу рыноктары және маркетингтік стратегиясы;

тәуекелдерді бағалау және оларды басқару;

жылдар бойынша жан-жақты қаржы жоспары (жылдар бойынша бизнес-жоспарын іске асырудағы қаржы көрсеткіштері және бизнес-жоспарды қаржыландыру көлемі мен инвестициялық кредитті өтеу) және шығыстар сметасы.

Уәкілетті органымен бекітілген активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резерв) құру тәртібіне сәйкес бірыңғай кредиттер портфеліне енгізілген заңды тұлғаларға берілген кредиттер бойынша досьеде осы тармақтың 1), 4) – 6), 11), 13), 14), 18), 20), 22, 23), 24) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың, уәкілетті органмен бекітілген активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резерв) құру тәртібіне сәйкес бірыңғай кредиттер портфеліне енгізілген жеке тұлғаларға берілген кредиттер бойынша – осы тармақтың 1), 6), 11), 16), 18), 20), 21, 23), 24) тармақшасында көрсетілген құжаттардың болуы міндетті. Аудит міндетті жүргізілетін заемшыға берілген кредиті бойынша кредит досьесіне аудиторлық есеп қоса беріледі.

Бірыңғай кредиттер портфеліне бұрынырақ енгізіліп, кейіннен Агенттік Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген) көзделген банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының әдістемесі бойынша уәкілетті органның талаптарына сәйкес бір заемшыға тәуекелді бағалау күніне есептелген, банктің меншікті капиталы шамасының 0,02 пайызынан аспайтын лимитінен асып кетуіне байланысты шығарылған кредиттер бойынша мақсатты қолданылуын растау талап етілмейді.

9. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген кредиттер бойынша кредит досьесінде мынадай құжаттар болуға тиіс:

1) кредиттi пайдалану мақсаты мен ықтимал кепіл затының сипаты, заемшының банк алдындағы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін ұсынылатын өзге де қамтамасыз етуі көрсетiлген, заемшы қол қойған және кіріс құжаттамасының тіркелуін жүзеге асыратын банктің бөлімшесінде тіркелген өтiнiші;

2) заемшының кұрылтай құжаттарының (заңды тұлға үшiн) нотариатта куәландырылған көшiрмелерi немесе жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасымен салыстырылып тексерілген ол туралы белгісі бар құжаттың көшірмесі (жеке тұлға үшiн), немесе мемлекеттік тіркеудің (қайта тіркеудің) (дербес кәсіпкерлер үшін) жасалған фактісін растайтын тиісті уәкілетті орган белгілеген нысанда берген құжаттың көшірмесі; Банкте аталған құжаттар болған жағдайда – осы құжаттардың көшірмелері;

3) заңды тұлғаның қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар нотариалды куәландырылған карточка, сондай-ақ банк талаптарына сәйкес расталған заемшы атынан кредиттік және кепіл құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі. Банкте аталған құжаттар болған жағдайда – осындай құжаттардың көшірмелері;

4) тұпнұсқасы банктің қоймасында банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптар мен тәртіпте сақталуға жататын кредитті беру туралы шарттың көшірмесі;;



5) соңғы есепті жылдағы заемшы заңды тұлғаның қаржылық есеп беруінің көшірмесі және/немесе заемшы заңды тұлғаның қаржылық жай-күйі туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін WEB-cайттағы ақпарат;

6) - тармақша алынып тасталсын;

7) кредиттік бюродан алынған заемшы (тең заемшы) туралы кредиттік есеп;

8) - тармақша алынып тасталсын.

10. Егер берілген кредит жылжымайтын мүлік түріндегі кепілмен қамтамасыз етілсе кредиттік досьеде осы Ереженің 8, 9-тармағында көрсетілген негізгі құжаттаманың тізбесіне қосымша мынандай құжаттар болуы тиіс:

1) тұпнұсқасы банктің қоймасында банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптар мен тәртіпте сақталуға жататын мемлекеттік тіркелуі белгісімен жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы шарттың көшірмесі;

2) тәуелсіз бағалаушының кредитті беру сәтінде жылжымайтын мүлікті бағалау туралы (оның нарықтық құнын анықтайтын және дәлелдейтін) есебі, сондай-ақ банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкес жасалған банктің кепілді қамтамасыз ету жөніндегі қорытындысы;

3) жылжымайтын мүлікке құқықты растайтын, мемлекеттік тіркеу белгісі бар құжаттардың көшірмелері (жылжымайтын мүлікке құқықты растайтын құжаттардың түпнұсқалары банк қоймасында сақталуы тиіс);

4) неке туралы куәлігінің көшірмесі және заемшының – жеке тұлғаның ерінің (зайыбының) жылжымайтын мүлікті кепілге беруге және оны соттан тыс іске асыруға (Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда) келісімін растайтын құжат;

5) қорғаншы және қамқоршы органдарының жылжымайтын мүлікті кепілге беруге және оны иелігінен алуға рұқсат беруін (келісуін) растайтын құжат (егер жылжымайтын мүліктің иесі кәмелетке толмаған тұлғалар және сотта іс-әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеттілігі шектеулі) болып танылған тұлғалар болса);

6) барлық кәмелетке толған меншік иелерінің мүлікті кепілге беруге және оны соттан тыс іске асыруға келісімін растайтын нотариатта куәландырылған құжат.

11. Осы Ереженің 8, 9-тармағында көрсетілген негізгі құжаттаманың тізбесінен басқа, жылжитын мүлікті кепілге қою нысанындағы заемшының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету талабын ұсынған кредиттер бойынша кредиттік досьеде мыналар болуы тиіс:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оның тиісті уәкілетті органда тіркелгені туралы белгісі бар кепілдік туралы шарттың көшірмесі (оның түпнұсқасы банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптар мен тәртіпте банктің қоймасында сақталуы тиіс);

2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда жылжымалы мүлікке құқығын растайтын құжаттардың олардың мемлекеттік тіркеу туралы белгісі бар көшірмелері;

3) тәуелсіз бағалаушының кредитті беру сәтінде оның нарықтық құнын анықтайтын және дәлелдейтін кепілге берілген жылжымайтын мүлікті (ақшаны және бағалы қағаздарды қоспағанда) бағалау туралы есебі, сондай-ақ банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкес жасалған банктің кепілді қамтамасыз ету жөніндегі қорытындысы;

4) неке туралы куәлігінің көшірмесі және заемшының – жеке тұлғаның ерінің (зайыбының) жылжымайтын мүлікті кепілге беруге және оны соттан тыс іске асыруға (Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда) келісімін растайтын құжат;

5) қорғаншы және қамқоршы органдарының жылжымайтын мүлікті кепілге беруге және оны соттан тыс жүзеге асыруға рұқсат беруін (келісуін) растайтын құжат (егер жылжымайтын мүліктің иесі кәмелетке толмаған тұлғалар және сотта іс-әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеттілігі шектеулі) болып танылған тұлғалар болса);



12. Кепілдік туралы шартқа сәйкес заемшының меншігіне өткеннен кейін кепілдіктің мәні болып отырған жылжитын мүлікті сатып алуға берілген кредиттер бойынша кредиттік досьеде осы мүліктің сатып алу бағасын растайтын құжаттар болуы тиіс.

13. Егер кредит құрылыс саласында, оның ішінде жылжымайтын мүлікті қайта жаңарту немесе басқа құрылыстық жетілдірулер үшін заемшының-заңды тұлғаның?? қолдануы үшін берілсе, кредиттік досьеге жоспарланған жұмыстар бойынша жобалы-сметалық құжаттама және (немесе) жобалы-сметалық құжаттама негізінде жасалған, сметалық құнды көрсетіп, жоспарланған жұмыстардың негізгі параметрлері бар құжаттар және банк дайындаған тексерулер туралы есептер немесе кредит берілген жұмыстардың көлемі орындалғанын растайтын заемшының-заңды тұлғаның?? объектілерін қабылдау-өткізу актісі, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге берілген тиісті рұқсат қоса беріледі.

13-1. Егер кредит жылжымайтын мүлікті жетілдірулер (жөндеу) саласында заемшының - жеке тұлғаның қолдануы үшін берілсе, кредиттік досьеге банк дайындаған тексерулер туралы есептер немесе кредит берілген жұмыстардың орындалу көлемін растайтын жылжымайтын мүлікті жетілдірулер (жөндеу) жүзеге асырылғанға дейін және жүзеге асырылғаннан кейін банктің объектілерді қарауының банк дайындаған актісі қоса беріледі. Егер кредит құрылыс және жылжымайтын мүлікті қайта жаңарту саласында заемшының - жеке тұлғаның қолдануы үшін берілсе, кредиттік досьеге жоспарланған  жұмыстар бойынша жобалы-сметалық құжаттама және (немесе) жобалы-сметалық құжаттама негізінде жасалған, сметалық құнды көрсете отырып жоспарланған жұмыстардың негізгі параметрлері бар құжаттар және банк дайындаған тексерулер туралы есептер немесе кредит берілген жұмыстардың орындалу көлемін растайтын заемшының объектілерін қабылдау-өткізу актісі және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге берілген тиісті рұқсат қоса беріледі.

14. Міндеттемелерінің орындалуы кепілдік немесе кепілдеме бойынша қамтамасыз етілген кредит бойынша, оның ішінде кредит жөніндегі негізгі құжаттаманың тізбесіне қосымша ретінде банк кепілдігіне немесе банк кепілдемесіне, кредиттік досьеге мынадай қосымша құжаттар қосылады:

1) жіберілетін хабарламаның шынайылығы мен түпнұсқалығын растауды қамтамасыз ететін байланыс арнасы бойынша алынған және халықаралық банк практикасында қолданылатын электронды құжат түрінде берілген кепілдік, кепілдеме шарттары немесе кепілдік, кепілдеме шарттарының көшірмелері (олардың түпнұсқалары банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптар мен тәртіпте банктің қоймасында сақталуы тиіс);

2) заңды тұлғаның кепілдік иесінің немесе кепілдеме иесінің уәкілетті органының кредитор банкке заемшының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін кепілдік немесе кепілдеме беру туралы шешімі;

3) кепілдік иесі атынан кепілдік шартына қол қоюға немесе кепілдеме иесі атынан кепілдеме шартына қол қоюға тұлға өкілеттігін растайтын тиісті дәрежеде қол қойылған құжаттар;

4) заңды тұлғаның кепілдік иесінің немесе кепілдеме иесінің қаржылық жай-күйін талдауға мүмкіндік беретін WEB-cайтта орналасқан ақпарат және/немесе заңды тұлғаның кепілдік иесінің немесе кепілдеме иесінің салық декларациясының көшірмесімен қоса берілген заңды тұлғаның кепілдік иесінің немесе кепілдеме иесінің қаржылық есеп беруінің көшірмесі;

5) кепілгердің немесе кепілдік берушінің - жеке тұлғаның еңбекақысын және /немесе басқа кірістерін көрсететін құжаттар;

6) жинақтаушы зейнетақы қорының кепілгердің немесе кепіл берушінің - жеке тұлғаның жеке зейнетақы шотынан соңғы алты айға үзінді көшірмесі (мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылғанын растайтын құжаттар болған кезде Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған жеке тұлға кепілгер немесе кепіл беруші болып табылатын жағдайда аталған құжаттың болуы талап етілмейді);

7) кредиттік бюродан алынған кепілгердің немесе кепілдік беруші туралы кредиттік есеп.

14-1. Ислам банкінің сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыруға берген коммерциялық кредиттері бойынша кредиттік досьеге Ереженің осы тарауда көрсетілген құжаттардан басқа, мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:



сатып алушының офертасы – тауарды сатып алушының коммерциялық кредит туралы шартты жасау жөніндегі ұсынысы;

ислам банкінің тауарды сатушымен жасаған сатып алу-сату шарты;

ислам банкінің коммерциялық кредит туралы шартты жасауына акцепт;

коммерциялық кредит туралы шарттың осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға (осы Заңның 52-8-бабының 9-тармағында көзделген жағдайда) сәйкес келуі туралы исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің қорытындысы.

14-2. Ислам банкінің заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысу жолымен және (немесе) серіктестік талаптарымен өндіріс және сауда қызметін қаржыландыруға берілген кредиттері бойынша кредиттік досьеге Ереженің осы тарауда көрсетілген құжаттардан басқа, мынадай құжаттар болуы тиіс:

серіктестік туралы шартты жасау мүмкіндігі туралы исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің қорытындысы;

нотариат куәландырған құрылтай құжаттардың және заңды тұлғаны құруға бағытталған серіктестік шартына негізделе құрылған заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өткені туралы куәліктің көшірмелері.
3-тарау. Кредит бойынша талап ету құқығын иелену жөніндегі құжаттаманы жүргізу тәртібі
15. Егер банк кредит жөніндегі талаптарды иеленген болса, ақшалай талап етуге (факторинг) не ипотекалық куәлік құқығын беру фактісін тіркеуді басқаға бере отырып, қаржыландыру шартына қол қою сәтінен бастап банк бастапқы кредитордың кредиттік досьесін беру сәтіндегі бар барлық құжаттардың түпнұсқасын қосқандағы осы Ереженің талаптарына сәйкес ресімделетін кредиттік досьені ашады. Досьеге бастапқы кредитордың келісімі қоса берілуі тиіс.

16. Кредит бойынша талап ету құқығын басқаға берген банктің кредиттік досьесінде осы Ереженің 15-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа мыналар болуы тиіс:

1) кредитті өтеу жөніндегі уақтылылығы және толықтығы туралы талаптар құқығын басқаға берген банктің жан-жақты есебі;

2) кредиттік қызмет көрсету талаптары туралы ережені (кредитті өтеу жөнінде төлемдер алу), сондай-ақ кредитті өтеу жөніндегі төлемдер туралы мәліметтерді және жазбаша құжаттарды өзара айырбастауды не ипотекалық куәлікті қосқандағы кредит бойынша (факторинг) ақшалай талаптарды басқаға беру бойынша қаржыландыру шарты;

3) кепіл, кепілдік, заемшының осы кредит бойынша міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету жөніндегі бастапқы кредитордың өзге талаптарын басқаға беру туралы шарттар.

Банк ипотекалық куәлікпен индоссамент негізінде кредит бойынша талап ету құқығын иеленген жағдайда, банк осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген талаптарға қатысты ол бойынша құқығын иеленген жағдайда осының алдындағы кредитормен жасалған жеке келісімді тиісті кредиттік досьеге қосады.

4-тарау. Банк басқаға берген талаптар бойынша құжаттама
17. Банк кредит бойынша талаптарын басқаға берген жағдайда осы кредитке байланысты міндеттемелер бойынша ақшалай талап етуді басқаға беру (факторинг) бойынша барлық жасалған қаржыландыру шарттарын кредиттік досьеге қосады.

18. Банк кредит бойынша талаптарын басқаға берген жағдайда кредитті сенімгерлік басқару шарты бойынша кредитті жасау жөніндегі қызмет көрсетуді жалғастырады, осы банк кредит беру жөніндегі шарттың көшірмесін және кредитті одан әрі жасауға қызмет көрсету үшін қажетті басқа да құжаттарды досьеде қалдырады.

18-1. «Стрессті активтер қоры» акционерлік қоғамы екінші деңгейдегі банктердің күмәнді және үмітсіз талаптарын сатып алу мақсатында құратын арнайы қаржы компаниясымен (бұдан әрі – АҚК) жасалатын секьюритилендіру мәмілелері бойынша секьюритилендірілген кредиттер жөніндегі кредиттік досьеде осы Ереженің 8, 10, 11 және 13-тармақтарында көрсетілген негізгі құжаттама тізбесіне қосымша мынадай құжаттар болуы тиіс:

1) банктің және АҚК-нің арасында жасалған секьюритилендірілген кредиттер бойынша талап ету құқығын беру шартының көшірмесі (оның түпнұсқасы банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптар мен тәртіпте банктің қоймасында сақталуы тиіс);

2) банктің және АҚК-нің арасында жасалған секьюритилендіру мәмілелері бойынша секьюритилендірілген кредиттердің портфелін сенімгерлік басқару шартының көшірмесі (оның түпнұсқасы банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптар мен тәртіпте банктің қоймасында сақталуы тиіс).


5-тарау. Заемшыларды ауыстыру жөніндегі құжаттама
19. Заемшыларды ауыстыру бастапқы заемшының өз борышын басқа тұлғаға – жаңа заемшыға ауыстыру жөніндегі шарт арқылы, сондай-ақ кредит беру жөніндегі шартқа тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы ресімделеді.

20. Заемшылары ауысқан кредит бойынша кредиттік досьеде осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген негізгі құжаттаманың тізбесінде толықтыру ретінде мынадай құжаттар болуы тиіс:

1) банктің борышты аударым жасауға келісім беру туралы заемшының және болжалданып отырған жаңа заемшының борышты басқа тұлғаға аударым жасаудың негіздемесі бар өтініші;

2) борышты аудару жөніндегі банктің жазбаша келісімі, сондай-ақ осының алдындағы және жаңа заемшылар арасында жасалған жазбаша келісім;

3) заемшыны ауыстыруды мақұлдау туралы банктің уәкілетті органының шешімі;



4) осының алдындағы және жаңа заемшы қол қойған кредит беру жөніндегі шартқа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар.

21. Банк борышты аударым жасауға келісу туралы шешімді қабылдау үшін жаңа заемшының міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етуге қатысты талаптарға байланысты кредиттік досьеге осы Ереженің 10-14-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес жаңа заемшының атына ресімделген тиісті қосымша құжаттар қосылады.

6-тарау. Банкке берілген кепілдіктер кепілдемелер мен аккредитивтер бойынша құжаттар
22. Банк (банк операцияларының түрлерін жүзеге асыратын, банктік заем операцияларын жүргізуге лицензиясы бар ұйымдарды қоспағанда) кепілдіктерді немесе кепілдемелерді борышкердің міндеттемелерді орындамау жауапкершілігі туралы кредиторға жазбаша хабарлама жібере отырып, жазбаша нысандағы кепілдік немесе кепілдеме шарты түрінде ұсынады.

23. Кепілдіктер мен кепілдемелер бойынша банк осы Ереженің 8-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 8), 9), 11), 14), 16), 18) 20), 22), 23), 24) тармақшаларында, 9-тармағының 2), 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса беріп, досьені қалыптастырады, ол кепілдік немесе кепілдеме берілген тұлға борышын өтегенге дейін жүргізіледі.

23-1. Банктің бухгалтерлік есебіндегі тиісті шоттарында ақша түрінде көрсетілген 100 пайыздық қамтамасыз етуі бар кепілдіктер, кепілдемелер мен аккредитивтер бойынша банк кепілдік, кепілдеме немесе аккредитив берілген тұлға борышын өтегенге дейін жүргізілетін, осы Ереженің 8-тармағының 1), 3), 6), 11), 14), 16) тармақшаларында және 9-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды (банкте аталған құжаттар болған жағдайда – осы құжаттардың көшірмелерін) қоса беріп, досьені қалыптастырады.

24. Кепілдік иесі немесе кепілдеме иесі болып табылатын банктің (банк операцияларының түрлерін жүзеге асыратын, банктік заем операцияларын жүргізуге лицензиясы бар ұйымдарды қоспағанда) алдындағы борышкердің міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету жағдайында кредиттік досьеде өтелген кепілдіктерді қоспағанда, осындай кепілдіктер мен кепілдемелер бойынша осы Ереженің 10-14-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес ресімделген құжаттар болуы тиіс.

Аккредитивтік қамтамасыз етуге жасалған шарттарға сәйкес немесе кредиттік желі аясында шығарылған, жабылмаған аккредитивтер бойынша банк осы Ереженің 8-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 8), 9), 11), 14), 18), 20), 22), 23), 24) тармақшаларында көрсетілген құжаттар досьеде міндетті түрде бар болуымен, кредиттік досьеге ұқсас құжаттамамен досьені қалыптастырады.
7-тарау. Кредиттік мониторинг бойынша құжаттама
25. Банк әрбір заемшы бойынша кредиттік досьеге мынадай құжаттарды қосады:

1) банк пен заемшы арасындағы жазысқан хаттар;

2) соңғы есептік жыл бойынша қаржылық есептілігіне салық декларациясының көшірмесін және (немесе) заңды тұлға-заемшының қаржылық жағдайы туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін веб-сайттарда орналастырылған ақпаратты қоса беріп, заемшының (тең заемшының), кепілгердің немесе кепілдеме берушінің соңғы тоқсан және соңғы есептік жыл бойынша қаржылық есептілігінің көшірмесі;

3) уәкілетті орган белгілеген активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизияларды (резервтерді) құру тәртібіне сәйкес заемшының (тең заемшының), кепілдік иесінің (кепілдеме иесінің) қаржылық жай-күйін анықтау жөніндегі банктің ішкі әдістемесіне сай ұсынылатын заемшының (тең заемшының) қаржылық жай-күйін айқындауға мүмкіндік беретін қажетті құжаттар мен өзге ақпарат;

4) уәкілетті орган белгілеген активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизияларды (резервтерді) құру тәртібіне сәйкес банктің басқару органы бекіткен осы әдістемемен белгіленген, бірақ тоқсанына бір реттен сирек емес мерзімде ұсынылатын тиісті коэффициенттер жиынтығы негізіндегі негізгі көрсеткіштер есебі бойынша, заемшының, кепілдік иесінің (кепілдеме иесінің) қаржылық жай-күйіне баға берген банк қорытындысы.

Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңында белгіленген тәртіпте бухгалтерлiк есепті жүргізудің және қаржылық есептiлiкті жасаудың оңайлатылған нысанын қолданатын заемшы - шағын кәсіпкерлік субъектілері бойынша банк оның қаржылық жай-күйіне кемінде жылына бір рет айналымдық капиталға берілген кредиттерді қоспағанда, берілген кредиттердің мақсатты қолданылуын қоса тексеретін мониторинг жүргізеді.

Кәсіпкерлік қызметпен байланысы жоқ заемшының (тең заемшының) - жеке тұлғаның қаржылық жай-күйінің мониторингі қызмет ету орны өзгерген кезде, сондай-ақ 30 күннен астам мерзімі өткен борыштары пайда болған сайын жүзеге асырылады.

Жүргізілген мониторинг нәтижелері кредиттік досьеге қоса тіркеледі;

5) кредитті қайтару жөніндегі төлемдердің тұрақтылығы мен толықтығын көрсететін құжаттар;

6) растаушы құжаттарды, оның ішінде тәуелсіз дерек көздерінен алынған, банктің ішкі саясатында көзделген мерзім мен тәртіп бойынша, бірақ кредит берілген кезден бастап әрбір келесі алты айда бір реттен кем емес құжаттарды қоса отырып, кепілдіктің рыноктық құнын анықтау жөніндегі мониторингтік есеп. Кредиттік досьеде кепілдік негізі болып табылатын құрылыстар мен ғимараттарға, аяқталмаған құрылыс объектілеріне қатысты фото немесе бейне суреттерді қосқандағы оларды қарау құжаттарының болуы қажет;

6-1) 35 000 (отыз бес мың) айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асатын нарықтық құны бар жылжымайтын мүлік бойынша тәуелсіз бағалаушының жыл сайынғы есебі, сондай-ақ банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкес жасалған банктің кепілді қамтамасыз ету жөніндегі қорытындысы;



7) банктің жауапты қызметкері және заемшы қол қойған заем ақшасын мақсатты қолданудың мониторингтік есебі, онда мыналар көзделеді:

заемшы тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) алғанын және клиенттерге овердрафт түрінде берілген заемдарды және жеке тұлғаларға берілген бірегей кредиттер үшін белгіленген сомада және талаптармен берілген, ұсынылған кредиттік лимиттермен төлем карточкаларын қоспағанда, кредитті беру туралы шартта көзделген басқа мақсаттарға жеткенін растайтын тиісті құжаттармен (шарттармен, қабылдау актілерімен, шот фактурамен, тауар құжаттамасымен және басқалармен) заем ақшасын, сондай-ақ бірыңғай кредиттер портфеліне бұрынырақ енгізіліп, кейіннен банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының әдістемесі бойынша уәкілетті органның талаптарына сәйкес бір заемшыға тәуекелді бағалау күніне есептелген, банктің меншікті капиталы шамасының 0,02 пайызынан аспайтын лимитінен асып кетуіне байланысты шығарылған кредиттерін қолдануға талдау;



алынған кредитті заемшының борышын кері қаржыландыруға бағыттаған жағдайда, басқа банктерден алынған кредиттерді мақсатты қолдануды растайтын құжаттарға талдау. Осы талдауда кері қаржыландыратын кредитті қолданудың тиімділігі, кредиттің қайтымдығына болжам, кері қаржыландырудың мақсаттылығы көрсетіледі;

7-1) құрылтай құжаттарына немесе заемшының жарғылық капиталындағы жай акцияларының (қатысу үлестерінің) соңғы меншік иегерлеріне дейінгі заемшының жарғылық капиталындағы жай акцияларының (қатысу үлестерінің) бес және одан астам пайызын иеленетін барлық үлес иегерлері туралы ақпаратты ашатын, заемшының жай акцияларының он және одан астам пайызын иеленетін, тоқсанына 1 (бір) реттен кем емес кезеңділікпен тігілетін акцияларды ұстаушылар тізіліміне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың нотариатта куәландырылған көшірмелері. Заемшының құрылтай құжаттарында немесе заемшының жай акцияларының он және одан астам пайызын иеленетін акцияларды ұстаушылар тізілімінде өзгерістер мен толықтырулар болмаған жағдайда, кредиттік досьеде міндетті түрде заемшының осындай өзгерістер мен толықтырулардың жоқ екендігі туралы хаты болуы тиіс;

8) кепілдікке алынған мүлікті сатқан сәтке дейін тоқсан күннен аспайтын мерзімде жасалған кепілдікке алынған мүлікті бағалау жөніндегі (оның рыноктық құнын анықтайтын және дәлелдеп беретін) есеп.

Банк жеке досьесінде бағалау критерийлерін ашу арқылы ай сайынғы негізде уәкілетті орган белгілеген активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизияларды (резервтерді) құру тәртібіне сәйкес уәкілетті органның активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизияларды (резервтерді) құру тәртібіне сәйкес банктің тиісті бөлімшесінің заемның жіктелім санатын анықтау туралы дайындаған қорытындысын сақтауды қамтамасыз етеді.

Егер кепілдік иесі немесе кепілдеме иесі Standard & Poor's агенттігінің “А”-дан төмен емес рейтингі немесе басқа халықаралық рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымы болып табылатын болса, салық декларациясының көшірмесін ұсыну талап етілмейді.

25-1. Ислам банкі исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің қорытындысын кредит досьесіне қоса тіркейді.

26. Ақшалай талаптарды басқаға беру (факторинг) бойынша қаржыландыру шартының талаптарына сәйкес кредиттік қызмет көрсетіп отырған банктің кредитті қайтару жөніндегі төлемдерінің реттілігі мен толықтығын көрсететін құжаттаманы жүргізуі міндетті.

27. Банктің әлі жауапкершілігі басталмаған кепілдіктері бойынша осы Ереженің 25-тармағында (осы тармақтың 5), 6), 7), 8) тармақшаларын қоспағанда) көрсетілген құжаттама жүргізіледі.

Осы Ереженің 25-тармағында белгіленген талаптар борышкердің міндеттемесін орындамағаны үшін жауапкершілік алған банктің кепілдіктері немесе кепілдемелері бойынша құжаттама жүргізу тәртібіне толық көлемде таратылады.

Жабылмаған аккредитивтер бойынша осы Ереженің 25-тармағының 1)-4), 6), 8) тармақшаларында көрсетілген мониторинг бойынша құжаттама жүргізіледі.

27-1) Банктің бухгалтерлік есебіндегі тиісті шоттарында ақша түрінде көрсетілген, ол бойынша жауапкершілігі әлі басталмаған 100 пайыздық қамтамасыз етуі бар кепілдіктер, кепілдемелер мен аккредитивтер бойынша осы Ереженің 25-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттама жүргізіледі.

28. Уәкілетті органның активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизияларды (резервтерді) құру тәртібімен белгіленген нормативтік құқықтық кесіміне сәйкес бірыңғай кредиттер портфеліне біріктірілген кредиттер мониторингі тиісті белгілері бойынша топталған бірыңғай кредиттер портфелінің әрбір түрі бойынша жүзеге асырылады. Банк тоқсанына бір реттен кем емес ретпен досьеге, мынадай есептері бар бірыңғай кредиттер портфелінің әрбір түрі бойынша портфельге талдау жасалғандығы туралы ақпаратты шектеусіз енгізеді:

1) осы портфель түрі бойынша есептелген провизиялар мөлшерінің өлшемін анықтау жөніндегі банктің уәкілетті органының негізді және дәлелді шешімі;

2) кредитті қайтару жөніндегі төлемдердің тұрақтылығын және толықтығын көрсететін портфель бойынша есептер;

3) заемшылырдың өз міндеттемелерін орындамаған және тиісінше орындамаған жағдайындағы банк қабылдаған шараларды куәландыратын есептер, құжаттар;

4) уәкілетті органның активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизияларды (резервтерді) құру тәртібімен белгіленген нормативтік құқықтық кесіміне сәйкес бірыңғай кредиттердің жіктеу санаты туралы мәліметтер;

5) портфельдің осы түріне енгізілген заемшылар тізімі;

6) банктің ішкі кредиттік саясатымен белгіленген басқа да құжаттар, есептер.

28-1. Банктің және АҚК-нің арасында жасалған сенімгерлік басқару шартының негізінде секьюритилендіру мәмілелері бойынша секьюритилендірілген кредиттердің портфеліне біріктірілген кредиттердің мақсатты пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыратын банк тоқсанына кем дегенде бір рет шектеусіз мынадай мәліметтер:

1) кредитті қайтару бойынша төлемдердің тұрақты және толық болуын көрсететін мониторинг есептері;

2) портфельге жүргізілген талдау және оның нәтижелері туралы ақпарат, оның ішінде жер учаскесін дамыту және (немесе) құрылыстың аяқталуы ескеріліп есептелген жылжымайтын мүлік объектісінің құрылысы жоспарын уақтылы іске асыру жөніндегі есеп;

3) банктің заемшылардың өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда қабылдаған шаралары жөнінде куәландыратын есептер, құжаттар;

4) секьюритилендірілген кредиттер бойынша кредиттік тәуекелдің мөлшері туралы банктің қорытындылары, сондай-ақ провизияларды (резервтерді) есептеу туралы ақпарат;

5) секьюритилендірілген кредиттер бойынша заемшылардың тізімі;

6) секьюритилендірілген кредиттер бойынша қаражаттың мақсатты пайдаланылуы туралы тоқсан сайынғы есеп;

7) банктің ішкі кредиттік саясатында белгіленген басқа құжаттар, есептер кіретін, жүргізілген талдау туралы ақпаратты құжаттамалық тұрғыда ресімдейді және кредиттік досьеге кіргізеді.
8-тарау. Банктер синдикаты синдицилденген заемдарды бергендегі құжаттама
29. Банктер синдикаты синдикатталған займдарды беру кезінде осы Ереженің 8, 10, 11, 12, 13, 14-тармақтарында көзделген кредиттеу жөніндегі құжаттама түпнұсқада агент-банкте және синдикатталған займдарға қатысушы банктерде сақталуы тиіс.

Кепіл берушінің кепілге салынған мүлікке меншік құқығын (шаруашылық жүргізу, оперативті басқару құқығын) растайтын құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқалары және қабылданған қамтамасыз ету жөніндегі басқа да құжаттардың түпнұсқалары қамтамасыз ету қабылданған синдикатталған займдарға қатысушы банкте, синдикатталған займдарға қатысушы басқа банктерде – нотариатта куәландырылған көшірмелер түрінде сақталады.



30 – ТАРМАҚ АЛАНЫП ТАСТАЛСЫН.

31. Кредиттік мониторинг және осы Ереженің 25-тармағында көзделген кредиттік мониторинг бойынша құжаттаманы қалыптастыру синдицилденген заемның барлық қатысушы-банктерімен жүргізіледі.


Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына

2 қосымша




Күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелерін бекіту туралы» 1999 жылғы 16 тамыздағы № 276 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 904 тіркелген).

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелерін бекіту туралы» 1999 жылғы 16 тамыздағы № 276 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелеріне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 15 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1424 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқару және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2001 жыл, № 19, 389-құжат).

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережесі туралы» 1999 жылғы 16 тамыздағы № 276 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2002 жылғы 1 тамыздағы №279 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1965 тіркелген).

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 904 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші


деңгейдегі банктерді кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелерін бекіту туралы» 1999 жылғы 16 тамыздағы № 276 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2003 жылғы 21 сәуірдегі №130 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2344 тіркелген).

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 904 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелерін бекіту туралы» 1999 жылғы 16 тамыздағы № 276 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2003 жылғы 4 тамыздағы №287 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2476 тіркелген).



6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 904 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелерін бекіту туралы» 1999 жылғы 16 тамыздағы № 276 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2004 жылғы 21 тамыздағы №248 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3065 тіркелген).

7. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 904 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің кредит беру жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» 1999 жылғы 16 тамыздағы № 276 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 жылғы 25 қыркүйектегі № 269 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3193 тіркелген, 2005 жылғы 9 қыркүйекте «Юридическая газета» газетінде жарияланған № 165-166 (899-900)).

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет