«Банк ісі» Пәнінің оқу әдістемелік кешені



бет48/91
Дата07.10.2023
өлшемі5.04 Mb.
#480087
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   91
«Áàíê ³ñ³» Ï?í³í³? î?ó ?ä³ñòåìåë³ê êåøåí³ 2

Бақылау сұрақтары:

1. Банк активтерінің құрамы мен құрылымын ашып қарастыру?


2. Standard & Poor’s агенттігі туралы материалдар жинақтау
3. Активтер сапасын анықтау
4. Активтерді басқару әдістері мен тәсілдері
5. Банк активтеріне нелер жатады?
6. Банк активтері неше топқа бөлінеді?
7. Жоғары өтімді актвтерге нелер жатады?
8. Жіктелетін активтерге нелер жатады?
ДӘРІС 6. НЕСИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ ЖӘНЕ НЕСИЕЛІК ҮДЕРІС


Дәрістің мақсаты: білім алушыларға несиелеу жүйесінің элементтері және несиелік үдерісі туралы мағлұмат беру.
Негізгі терминдер: активтер, провизия, ревизия, несие, қаржылық көрсеткіштер,, несиелік саясат

6.1 Банктік несиелерді жіктеу.


6.2 Коммерциялық банктің несиелік саясаты.


6.1 Банктік несиелерді жіктеу.

Əрбір несиелік операциялар бойынша несиелік қоржынды жіктеу несиелік тəуекелдерге провизия есептеу мақсатында жүзеге асады.


Банктердің несиелік операциялары бойынша мүмкін болар зияндардың орнын жабу үшін провизия (резерв) құру қажеттігі банк қызметіндегі несиелік тəуекелдің болуымен негізделеді. Несиелік тəуекелдерге байланысты провизия құру банк активтерінің сапасының нашарлауын немесе несиелік операциялардың тəуекелдігінің жоғарылығын ескере отырып жүзеге асырылады. Банк үшін провизияның құрылуы, оның қаржылық қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Банк негізгі қарыздың толық сомасына байланысты шығындардың орнын жабу мақсатында ұлттық жəне шетел валютасындағы барлық несиелік операциялар түрлері бойынша резервтеу коэффициентіне сəйкес провизия құра алады. Аталған резерв есебінен кейіннен қайтарылмаған несиелер бойынша зияндар шегеріледі.
Несиелік тəуекел деңгейіне қарай, яғни қарыз алушының келісімшартта бекітілген мерзімде несие берушіге төлемеген негізгі қарызы мен пайызының сомасына қарай несиелер жіктеледі. Несиелік тəуекелдің шамасына қарай барлық несиелер мынадай сыныптарға бөлінеді:
1) Стандартты;
2) Күмəнді:
- 1-санатты күмəнді – төлемдерді уақтылы жəне толық төлеген жағдайларда;
- 2-санатты күмəнді - төлемдерді кешіктіріп немесе жартылай төлеген жағдайларда;
- 3-санатты күмəнді - төлемдерді уақтылы жəне толық төлемеген жағдайларда;
- 4-санатты күмəнді - төлемдерді кешіктіріп несеме жартылай төлеген жағдайларда;
- 5 –санатты күмəнді
3) Үмітсіз.
Қарыз алушылардың төлем қабілетсіздігінен туындайтын қарыздың қайтарылмауынан шегетін зияндарды болдырмау мақсатында банктерде несиелік тəуекелді бағалау тəжірибесі жүзеге асады.
Барлық несиелер жəне несиеге теңестірілетін клиенттердің қарыздары бойынша несиелік тəуекел бағаланады жəне оны тиісті шоттар бойынша жіктеледі:



Несиелерді жіктеу барысында барлық несиелік операциялар бойынша қарыз алушының жалпы қарызы ретінде қарыз алушыға келетін жиынтық тəуекел анықталады.
Жалпы активтерді, соның ішінде несиелерді жіктеу жəне несиелік тəуекелді бағалау мынадай критерилерді ескере отырып жүзеге асады:
1) Қарыз алушының қаржылық жағдайы;
2) Банк алдындағы жіктелінген активтер жəне шартты міндеттемелер бойынша мерзімі өткен қарыздарының болуы;
3) Қамтамасыз ету сапасы;
4) Несиенің мерзімін ұзартылуы;
5) Өзгеде мерзімі өткен міндеттемелердің болуы;
6) Несиелердің көзделеген мақсатқа жұмсалынбаған бөлігі, %-бен;
7) Өзге несие берушілер алдында шегерілген қарыздарының болуы;
8) Қарыз алушыда Ұлттық банктің бекіткен тізіміне енген рейтингтік агенттіктердің рейтингінің болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет