Несиелерді жіктеу үшін ең бастысы қарыз алушының қаржылық жағдайына баға берілуге тиіс.
Қарыз алушының қаржылық жағдайын бағалауда отандық банктер тəжірибесінде несиелік скоринг жүйесі қолданылады. Қарыз алушы заңды тұлғалардың қаржылық жағдайын бағалау тоқсан немесе жарты жыл сайын бір рет клиенттің берген қаржылық есебі негізінде жүргізіледі. Мұндағы қаржылық есепке бухгалтерлік баланс пен пайда жəне зиян есебі жатады. Осындай құжаттар негізінде несие-менеджері қарыз алушының қаржылық жағдайына несиелік скоринг көмегі мен жедел-бағалауды жүзеге асырады.
Несиелік скорингті жүргізу барысында қарыз алушының қаржылық қызметін сипаттайтын бес параметр пайдаланады. Аталған параметрлер екі топқа бөлінген:
1-топ: Қаржылық көрсеткіштердің өзгерісінің динамикасы:
- өндіріске жұмсалатын шығындардың сатудан түсетін түсімдерге қатынасына қатысты өзгерісі;
- негізгі құралдардың құндарының өзгерісі;
- меншікті капиталдың өзгерісі;
- міндеттемелердің жалпы өзгерісі.
2-топ: Қаржылық көрсеткіштер негізінде қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау.
Мұда қарыз алушының несиелік қабілетін сипаттайтын мынадай қаржы көрсеткіштері есептеледі:
- ағымдағы жəне жылдам өтімділік коэффициенттері;
- автономия коэффциенті;
- сауданың рентабельділігі;
- меншікті капиталдың рентабельділігі;
- тауарлы-материалды запастардың айналымдылығы;
- дебиторлық қарыздар айналымдылығы;
- кредиторлық қарыздар айналымдылығы.
Əрбір бағалау параметрлеріне сараптамалық немесе есептеу жолымен бекітілетін балл беріледі жəне маңыздылық салмағы белгіленеді.
Скоринг – берілген балдар мен тиісті салмағының сомасы ретінде есептелінеді жəне оның мəні нол мен бірдің арасында болады. Есептеу нəтижесінде анықталған мəнді қарыз алушының қаржылық жағдайының деңгейін анықтау үшін жəне сол санат бойынша тиісті балл беру үшін пайдаланады.
Активтер мен шарты міндеттемелерді жіктеу жəне оларды күмəндінің санаттарына жəне үмітсіздерге жатқыза отырып, оларға қарсы провизия (резервтер) құруЕрежесіне сəйкес, əрбір класс қарыз алушылардың белгілі бір қаржылық жағдайына сəйкес келеді:
Скоринг көмегімен есептелінген, қарыз алушының қаржылық жағдайының класына сəйкес аталған критерилер бойынша балл беріледі:
Скоринг көмегімен мерзімі өткен қарыздары бар несиелер бойынша қарыз алушы жеке тұлғаның қаржылық жадайын тоқсан сайын немесе жарты жылда бір рет бағалауды жүзеге асыруға болады.
Ережеге сəйкес, əрбір класс қарыз алушылардың белгілі бір қаржылық жағдайына сəкес келеді:
Қамтамасыз ету сапасының критерилері бойынша балдарды аталған Ережеге сəйкес есептейді.
Активтерді жіктеу барысында анықталатын қорытынды балл жоғарыда аталған барлық критерийлерді қосу арқылы анықталады.
Қорытынды балдың мəнінің негізінде несие бөлімінің қызметкері жіктелінетін активтер санатын бекітіп, соған сəйкес провизия мөлшерін анықтайды:
Достарыңызбен бөлісу: |