«Бұқаралық мәдениет теориялары»


Негізгі әдебиеттер: [12,25]



Pdf көрінісі
бет11/21
Дата28.03.2023
өлшемі495.33 Kb.
#471276
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Бұқаралық мәдениет теориялары

Негізгі әдебиеттер: [12,25] 
Қосымша әдебиеттер: [14,18] 
 
Лекция №8 тақырыбы. Феминизм және бұқаралық 
мәдениет феномені. 
 Феминистік қозғалыс және бұқаралық мәдениетті талдау. 
Масс-медиа мәдениетінде әйелдерді ұсыну түрлері. Гендерлік 
теңсіздік пен қысым әйелді маргиналды жан ретінде әділетсіз 
репрезентациялау. Бұқаралық мәдениетті феминизмнің сынау 
көзбен талдау. Бұқаралық мәдениет тәжірибесінде әйел жанын 
маргиналдық пен тривиалдық тұрғыдан пайдалану. Бұқаралық 
мәдениет тәжірибесінде «әйелді рәміздік ретінде жою». Медиа 
әйел бейнесін әлеуметтендіру және стереотиптеу агенті ретінде. 
Ер адамен әйел адамның жарнама, кинода репрезентациялау. 
Т.Модлески зерттеулері. «Еркек» мәдениеттің биік сферасы 
ретінде. «Әйел» бұқаралық мәдениеттің сферасы ретінде. 
Элитарлық мәдениет және еркектікті жоғарлату. Бұқаралық 
мәдениет 
және 
феминдіктікті 
маргинализациялау. 
Шығармашылықты жеке тұлғаны тәрбиелеудің революция мен 
медициналық шаралар идеясына Формм «салауатты қоғам» 
құруға жеткізе алатын мәдени саясатты қарама-қарсы қояды. 
Фроммның мәдениеттану концепциясында маңызды орында
«экзистенциалдық қажеттіліктер» туралы оқулар маңызды орын 
алады. Фромм келесі қажеттіліктерді бөліп қарайды: қарым-


29 
қатынас жасау, трансцнденция, жылдамдылық, өзіндік түр және 
бағыт-бағдар алу жүйесі. Бұл қажеттіліктер адамдық тұрмысқа 
имманентті және толығымен қанағаттанбайды, алайда тек солар 
ғана адам шығармашылығына импульс береді. Форммның 
айтуынша оларды қанағаттандыру, тіпті дұрыс немесе теріс 
жолмен болса да: дұрыс жол – шығармашылық жолы, дұрыс емес 
жол – авторитарлық. Дұрыс жол жауапкершілікке шақырса, 
дұрыс емес жол – күш көрсетуге тартады. 
Шығармашылық 
«трансценденция» 
қажеттілікті 
қанағаттандырады, яғни тұрмыс шегінен шығып кету. Ол дұрыс 
жолы. Аталған қажеттілікті қанағаттандырудың дұрыс емес жолы 
– бүлдіру, күш көрсету жолы. Қажеттілікті трансценденцияда 
қанағаттандырудың екінші жолын Фромм өзінің «Адамдық 
деструктивтіктің анатомиясы» еңбегінде толық көрсетеді. «Тамыр 
тарту» - мәдениеттің, діннің таңдауы ол дені сау адамда еркін 
таңдау арқылы жүреді. Идеологияға берілген жеке тұлғада 
аталған қажеттілікті қанағаттандыру «архаикалық елтіруді 
босату» арқылы жүреді, ұлтқа «өзіндік сіңу», «халыққа кету» 
арқылы жүреді. 
Өзіндік бірегейлікке қажеттілік шығармашылықтық ізденіс 
арқылы қанағаттанады, әлемді танудың және құндылықтар 
жүйесінің өзіндік құрылуы арқылы жүреді. Санасы толықпаған 
адамдар бұл қажеттілікті санасыз түрде өзін батыр немесе 
құдаймен теңестіре отырып қанағаттандырады. 
Аталған қажеттіліктің бірінші жолы – ол Форммның 
ойынша, «жаңа адам» құрудың жолы, оның пайда болуын «жаңа 
қоғамның қызметі» деп санады. Жаңа адам мына қасиеттерге ие 
болады. Ең бірінші барлық ие болулардан тек қана бар болу үшін 
ғана бас тарту. Ол адамның өмірге мәнді өзі беретінін түсінуі, 
жаңа адам үшін өзін өз орынында сезіну , адамға қызмет 
көрсетуден алатын ләззат, көркейіп тұрған өмірді құратындардың 
барлығының қасиеттерін сезіну тән.
Жаңа адамның қасиеті ретінде жек көру сезімін азайту мен 
екіжүзділікпен өлуді болдырмау, иллюзиядан бас тарту, 
идолдарға бас июден бас тарту, сыни көзқараспен шынайы 
ойлауға бейімділікті дамытуға тартылу деп санайды Формм. 
Осындай адамның өмір сүруіндегі ең жоғарғы құндылық өзіндік 
жан-жақты даму және өзінің жақындарын дамыту, және ол үшін 


30 
тәртіптілік пен шынайылықты пайдалану болмақ. Қиялын 
дамыту, басқаларды алдамауға тырысу, өзінің өмірмен бір екенін 
сезіну – осының барлығы Форммның айтуынша жаңа адамның 
қасиеттері болмақ. Қаталдық пен бүлікшілдікті Формм «дұрыс 
дамымаудың заңды нәтижесі» деп санайды. 
Осы қасиеттердің барлығына қол жеткізудің маңыздысы 
еркіндік «ол, еркінсу түріндегі емес, өзімен өзі болу түріндегі 
еркіндік» деп санайды ғалым: өзінің ашкөз тілектері емес, нәзік 
реттелген құрылымды, екі жақты болып кету қаупінде тұрған – 
даму немесе бүліну, өмір немесе өлім». 
Мәдениеттің спецификасын Формм адам табиғатынан 
көреді және «адамдық ситуациялардың» ерекшеліктерінен көреді.
Адамның өмірдің шегін және мәңгілікті түсінуімен байланысты 
үрейді, қамқорлықты және үмітті сезіне отырып адам мәдениеттің 
жасаушысына айналады. 
Фромм экзистенциялық қарама-қарсылық пен социалдықты 
ара жігін ажыратып қарайтынын айтып өту керек. Әлеуметтік 
мәселелер қандай қиын болмаса да - кедейшілік, экологиялық 
мәселелер т.б. әлеуметтік шығармашылық шегінде шешуге 
болатын 
мәселелер. 
Мәдени 
шығармашылықтың 
себебі,
шешілмеген мәселелер болады дейді Формм.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет