27
қажеттіліктері қанағаттанбайтын болса, қай уақытта болса бүлік
шығаруға дайын «ішкі пролетариат» жинақтала береді. Тойнби
басқа да көптеген өркениеттанушылар сияқты өркениеттің
циклды даму схемасын мойындайды:туу, өсу, көркею, сыну және
ыдырау. Сонымен қатар ол өркениеттің сөнуі мүмкін, алайда ол
бұлтарғысыз екенін түсінеді.
Өркениетке саясаткерлер мен
жалқау көпшілік қанағатсыздық көрсетеді. Алайда тарих
барысында ой мен сана рөлі артып отырады. Адамдар өз
әрекеттерінің тарихқа деген салдарын түсіне бастайды. Қоғамда
дін мен ғылымның рөлі арта береді.
Өркениеттің сөнуінен құтылу мүмкіндігі пайда болады.
Осындай құтқарылудың басты құралын Тойнби негізгі әлемдік
діндер негізінде біріктіре отырып «рухтардың бірлігі» - нен
көреді. Тойнби әлемдік діндердің
құрылуын жоғары бағалайды,
оның ойынша тарихи түрде басқа түрге айналудың жоғары
деңгейі деп санайды, ол мәдениеттердің бірін - бірі қабылдауын
және адамзаттық рухани бірлігін қамтамасыз етеді. Бұл идея
Тойнбидің «әлемдік шіркеуге» өту және «әлемдік мемлекетке»
өту негізінде жатыр.
Мәдениеттің басқа бір қазіргі заманғы анықтамасын
американдық мәдениеттанушы Л. Уайт берді. Ол
оны адам
мүмкіндігімен
және
оның
қабылдау
мүмкіндігімен
байланыстырады. Уайт үшін мәдениет дегеніміз – ол идеяны,
сезімді, әрекетті, сенімді, қарым-қатынасты, өзін-өзі ұстау үлгісін,
заңдар мен институттар, көркем шығарма мен оның формасын,
еңбек құралдарын, фетиштар т.б жатқызатын символдар бірлігі.
Уайттың айтуынша олар соматикалық және экстросоматикалық
контекстте қарастырылады. Соматикалық
контексте символ
ретіндегі заттар мен құбылыстар адам ағзасымен қатысты
қарастырылады. Осы бірлікті психология пәні зерттейді.
Символ
ретіндегі
заттар
мен
құбылыстар
байланысы
экстросоматикалық контесінде Уайттың айтуынша мәдениет деп
түсіндіреді оны зерттейтін ғылымды – мәдениеттану деп
түсіндіреді. Уайттың айтуынша мәдениет – ол ұйымдасқан, етене
енген (интегрированная) жүйе, оның шағын жүйесі ретінде
технолгиялық, социалдық пен идеологиялықтары танылады.
Соңғы екі шағын жүйелердің маңыздылығын ескере отырып Уайт
технологиялық
шағын
жүйені
барлық
мәдениеттерге
28
детерменантты деп санайды, себебі ол адам өміріне қатысты.
Технологиялық жүйені функцияналдау
динамикалық болып
табылады және энергия шығынымен байланысты сондықтан
мәдениеттің алғашқиясы, Уайттың ойынша - қуатты өндіру мен
адам өмірінің қажетіне жарату. Уайт мәдениеттің даму деңгейін
адам санына қанша қуат алынып пайдаланғаннан, оны пайдалану
технологиясының тиімділігінен анықтайды. Осындай байланысты
Мәдениеттанушы мәдениет эволюциясы заңы деп санады ол
кейіннен ғалымның атымен аталды («Уайт заңы»). Өзінің
гуманитарлық білім тарихындағы
басқа кезең болып табылатын
«Мәдениет туралы ғылым» атты еңбегінде Уайт мәдениетті
мәдениеттанудағы жаңы ғылым пәні ретінде сараптап көрсетеді.
Жаңа ғылымның пәндік бағытын анықтайды, оның атауын
енгізіп, оған жүйелі әдісті қолдануға болатынын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: