12
автор оған тән деп санайтын еуропалық мәдени феноменнің
ерекшелігі ретіндегі мәңгілік символы тән. Нақты осы қоршаған
ортаны кеңейтуге деген тартылыс еуропалықтарды Кресттік
шабуылдарға шығу авантюрасына мәжбүр етті, жер шарын
айналып шығуға мәжбүр етті және саяхатты еуропалықтардың
өмір сүру үлгісіне айналдырып жіберді. Мәңгілікке тартылу
еуропалықтарды аспанға бой түзеген готикалық мұнаралар салуға
тартты, параход пен автомобиль жасауға,
микроскоп пен
телескоп жасауға тартты. Мәңгілік символы Шпенглердің
ойынша христиандықта жатыр: христиандық Құдай мәңгілік оған
мәңгілік ұлылық пен мәңгі ұлағаттық тән. Мәңгілік идеясы
ғылымды Жаңа уақыттың философиясына енгізіп жібереді.
Картезиандық
физика,
ньтондық
механика,
еуропалық
математика көп қатарлы және Жаңа уақыттың ірі философиялық
жүйелері осы идеяларды дәлелдейді.
Шпенгілердегі мәдениет халықтың «ұжымдық жанын»
өзіндік түрде көрсетуге талпыныстан шығады. Қандай да бір
ландшафт фонында дүниеге келген «мәдениет жаны» өзінің
«алғашқы символын» таңдайды, ол арқылы одан арғы барлық
ағзасы мен тәні түзіледі. Сөйтіп ол өзін сәулет, көркем, тілдік,
саяси, философиялық формалардан көрсетуге талпынады.
Еуропалықтардың жанын Шпенглер «фаустық жан» деп
атады
танылып болмаған, үнемі қозғалысқа негізделген ол
«Фаустта» және Гетеде символикалық түрде көрсетілген.
Шпенглерше айтатын болсақ барлық еуропа мәдениетінің
бағыттары – сәулет, мүсін, живопись, әдебиет, театр, музыка –
«фаусттық жанмен» сипатталады, және уақытпен байланысқан
кеңестік шексіздікпен сипатталады, ол қандай да болмасын
мәдениет үшін шексіз болмақ емес,
және де батыстық мәдениет
үшін бұл кезең ХХ ғасырда келді.
«Мәдени» жандарды Шпенгелер үлгі бойынша жабық
түзілген және Лейбницаға сай деп түсіндіреді. Әр түрлі жандар әр
түрді мәдениеттер жасады, олардың әр қайсысы өзінің көркею
кезеңінен кейін солып өркениетке айналады. Шпенглердің
ойынша Өркениет – ол сөнген мәдениет.
Әрбір мәдениетті ғалым оның бұрынғы өткен «жанынан»
«алғашқы символынан» қайта қалпына келтіргісі келеді.
Антикалық грек жаны үшін мұндай алғашқы символ бірегей
13
таңғажайып тән болса, еуропалық «фаустовтық» жан үшін Құдай
образы мен әлеуметтің әрекет ететін негізі ретіндегі жеке тұлға
символ болды. Және «фаустық жанның» еуропалық мәдениетке
не айтқаны символ болды
Бай байланыс құралы, сөздің,
дыбыстың, түстердің,
живопистік алғышарттардың, философиялық жүйенің, аңыздар
мен готикалық мұнаралардың кеңістігінен теория
мен
функцияның формулаларынан ... қандай да бір теориялық және
әдеби жалғандықтан алшақ жатқан египеттік жанмен солған
тұрмыс ең бір ашық түсті символмен,
таста салынған болатын.
Батыстық мәдениеттің қалтықсыз және бұлтарғысыз
құлдыруының жақын екенін Шпенглер оның ХХ ғасырда өзі
пайда болған өркениеттің сипатынан көреді: бұл өркениетті
философия
ешкімге қажет болмай қалды, өнер өз қалпынан
өзгеріп көпшілік тамашалайтын затқа айналды, ғылым саясат пен
техниканың қызметшісіне айналды, адамдардың тек билік пен
ақшаның қасында шоғырланып қалды. Осының барлығы
Шпенглерге Римдік империяның өз тоқырауының алдында
тұрғандығын еске түсірді: үлкен қалалар, үлкен ғимаратта, құрту
соғыстары, державалар мен империализмді еске түсірді.
Еуроорталықтыққа
қарсы
бола
тұра
Шпенглер
еуропалықтардың бір артықшылығын мойындайды: мәдениет бір
ғана көзқарас бойынша оның интеллегенттігі мен философын
қанағаттандыра алмайды Ол бір ретте олардың өзіндік
ерекшеліктерін мойындай
отырып барлық мәдениеттерді
қамтығысы келеді. Осы көзқарасты тарихи ғылымда Шпенглер
«коперникандық революция» деп атады. Тарих Күн жерді
айналмауы керек сияқты Еуропаның айналасында айналсоқтай
бермеуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: