Бас аумағындағы аурулар бастың жаралары және бас сүйектерінің сынулары жаралар



бет3/6
Дата17.06.2016
өлшемі0.76 Mb.
#141623
1   2   3   4   5   6

ҚҮЛАҚ АУРУЛАРЫ

Кұлақ гематомасы («қанды» құлақ). Салпаңқұлақ иттерде, шошкаларда жиі, жылқыда өте сирек кездеседі.

Себебі— кап тамырларынық жыртылып, соғылуы жоне соғылудан тері астына қанның жыйналуынан болады.

Клин икал ы к белгіл.ері. Құлактың ішкі және сыртқы жағынан болар-болмас ауырған жерінің температурасы көтеріліп, ауыратын, бүлкілдек ісік пайда болады. Жануардың басы салбырап, ауырған кұлағына карай кыйсаяды.

П р о гн оз ы — кауіпті болмайды.

Е м д е у — операция. Бұрын, гематоманы күлакты өнебойына тіліп, ұйыған канды алып тастап, куысын жылы сумей нехлорид натриінің изотониялык ертіндісімен жуып, теріні шеміршекке кыса, қозғалмастай етіп танып тастау керек деген кеңес беретін, бірак бұдан куыска сарысу, оның ішінде кұлакты шірітетін ірің жыйнал-майды деуге болмайды.

Қазіргі кезде, ондай жарамсыздыктарды болдырмау үшін, проф. Б. М. Оликов кулак, гематомасын операция жасап емдейтін өзгеше тәсіл ұсынды. Бұл тәсіл мынадай, «кұлактың ішкі және сырт-кы жағындағы түгін әбден кырып, жануарды бір жағына карай жығып, байлап және терісін иодтың спиртті әлсіз ертіндісімен тазартканнан кейін, кұлактың ішкі жағынан теріні гематоманың жаткан дәл ортасынан соза жартысына дейін тіледі.

Гематома қаны ағып біткеннен кейін, теріге жұккан канды марля компресімен сүртіп альш, тілген жердіц жоғары жәнетеменгі үштарын бір рет түзактап, екі жағын екі рет тұзактап тігеді. Кесіл-ген теріден 1—2 см, қашыктау алып, инені кұлактың ішкі жағынан сыртына қарай өткізу керек. Құлактыц ішкі жағынан тесілген жері сыртқы тесігіне жакын болуы керек. Тіккеннен кейін кұлакты жел-кесіне карай кайырып, катты тацып, байлап тастайды. Тіккен жіпті 7—9 күні алып тастайды. Жарасы бір рет тіккенніц езінде-ақ жазы-лып кетеді». (Проф. Б. М. Оливков. Операциялық хирургия. 1937).

Құлақ некрозы. Ересек иттердің жараланған, соғылған және күлағыныц сыртқы тесігі кабынған кезінде болады.

Клиника лык белгілері. Кұлағы ауырып, канайды, жүні іріцмен жабысып калады, кұлактың шеміршегі іріндеп, кұрт жеген сыяқты болып тұрады («Қүлак қүрты» деген ескі аты осыдан шыққан).

Прогнозы — кауыпты болмайды.

Е м д е у. Жараның айналасын тазартып, ірінлеп-шіріген же-рін өткір касыкпен кырады да, ляписпен күйдіреді. Ит ез күлағын касымау үшін. оны бинтпен таиып тастайды. Ұзакка созылып, асқынған жағдайда, күлакты кесіп тастайды.

Құлақтың сыртқы есту тесігінің қабынуы. Сырткы кулак сырт-кы есту тесігінен (бұл ортадағы дабыл жарғағы арқылы бөлініп түрады), құлақ шеміршегінен және күлақты козғалту мүшесінен (мускулдардаң) кұралады. Сырткы есту тесігінің кабынуы салпаң құлак иттерде жиі, баска жануарларда сирек кездеседі.

Кабынуына қүлак кулығының жыйылып пііруі, қүлактың кышыма ауруы, күлакка инфекция жүққан заттардыц және пара-зиттердің енуі с е б еп болады.

Клиника л ық белгілері. Құлақтың терісі канталап, ісі-ніп ауырады, кейде іріндейді, кұлактың ішкі жағындағы жүн ірің-мен желімденеді, оның иісі жаман (сасык) болады. Күлакты басып қараған кезде сарысудың сыбдыры естіледі (сырткы есту тесігіндегі қабынудың негізгі белгісі).

Ауруы жылдар бойы созылады, бүдан күлак куысындағы пер-десі бүзылып, орталык және ішкі қүлақтардың қабынуға шалды-ғуы да мүмкін.

Е м д е у. Күлакты сутегінің аскын тотығымен тазартады, содан кейін күлактың куысын макта тампондарымсн (пипцетке не шы-быкка оралған мақтамен) кептіріп, жүмсаткыш не дезинфекцияла-ғыш. дәрілерді (спирт-таннин 1 : 100, иодоформ-эфир 1 : 10) күяды. Қүлақтың куысына иод-глицерин (1,0 иод түндырмасы, 4,0 глицерин), камфора майы, 3 проценттік хром қышқылы ертін-дісінен 10 — 20 тамшы, 1 порценттік салицил қышкылы ертіндісін, 1 : 100 ментол-спирт және 2 проценттік пиоктанин ертіндісін күюға да болады.

Орталық және ішкі құлақтың қабынуы. Орталык күлақ көптеген үсак күлак сүйектерінен (балғашыктан, төстен және үзенгіден) кү-ралады. Орталық құлак евстахиев түтік аркылы жүткыншак куы-сымен жалғасады. Ішкі қүлак тесік ауызынан, жарты дөцгелек түтіктерден және күлақ иірімдерінен қүралады.

Орталык және ішкі қүлактың қабынуы үй жануарларының бә-рінде де болуы мүмкін, бірак сирек кездеседі.

Қабынудың пайда болуына — біріншіДен, дабыл жарғағының бұзылуы, екіншіден, жүткыншақтан (евстахиев) түтігі аркылы бас­ка текті заттардыц (жемнің үгінділері) енуі, сондай-ақ самай сүйек-тіц сынуы себеп болады.

Клиникалық белгілері. Ісініп қабынған кезінде күлак ауырып, саңыраулық пайда болады да, аска тәбеті шаппайды. Ірінді қабыну кезінде, сонымен катар, жануардың дене температурасы 1,5— көтеріледі, басын салбыратып, ауырған жағына карай бүрады, іріңі сыртқы есту тесігі арқылы шығады, ал жылкыда іріц евста­хиев түтігі аркылы оның ауа жыйналатын қалтасына, ауызына жэ-не мүрнына келіп қүйылады, сондықтан олар дірілдеп, қүса бастайды. Прогнозы — сақтық тілейді; мыйдьвд қабынуы да мүмкін.

Жазыла қойған күннің езінде де жануар саңырау болып қала-ды. Іріңді кабынуда дабыл жарғағын, пердені, ұштьт жұқа скаль-пелмен тесіп, сутегінің аскын тотығымен не иодоформды эфирмен жуады, ісікті кабынуды жылы компреспен емдейді.



Құлақтың тесік жарасы, тіс кистасы. Қүлактың тесік жарасы — ұзаққа созылатын ауру, өте сирек кездеседі; ол құлақ қалқаны-ның сырткы, төменгі жиегінде болады.

Бұл тесіктің теревдігі 10 см дейін болады, оныц астында төсел-ген, қатты, дәнекер ткань жатады. Тссіктсн сарысулы — сілекей. кейде іріңді су ағады.

Бұл тесік, іште жатқан ксзде әбден жетілмегендіктен, желбе-зек тесігінің жабылмай қалуынан (мойын-желбсзек тесігі), не тісті кистаның шығуынан (зонтпен шұқып Караганда «адаскан» тіске кездеседі) пайда болуы мүмкін.

Емдеу. Мойын-желбезек тесігін кецейтіп, суйектенген жиекте-рін өткір касыкпен не скальпелмен кырып алып тастайды, содан кейін тұзақтау жолымен тігеді. Тісті кистаны жарып, тісті корнцанг-пен кысып алып, тастайды. Кейде тіске баратын тесікті қашаумен кеңейтеді. Ісіктіқ қабырғасын өткір касыкпен қырады не бір күнге иод тұндырмасына малынған тампон қояды.



Құлақ ісіктері. Құлақ ісіктері жылкыда, иттерде жиі, баска жануарларда сирек кездеседі. Олардың зыянды және зыянсыз болуы да мүмкін; көбінесе жиі кездесетіндері: фиброма, папиллома, акбоз жылқыда меланосаркома. Ісіктердін бірен-саран жоне көп болуы да мүмкін, олар аяғымен отырған сыяқты болып, жалпайып шығады. Ұстап қарағанда ісіктері қатты, ауырмайтын, бүртікті келеді, кейде қанайды.

Оларды операция жасап алып тастайды, не ісіктіц аяғын шірі-ту үшін жіппен кысып, байлап тастайды. Көбінесе резинка жіппен байлаған қолайлы соғады, өйткеиі мүнда жансызданған ісіктің қал-дығын қайтадан тартып байлаудыц қажеті болмайды (жансыздан-ған ісіктерді емдеуден қарацыз).



Құлақ қуысындағы бөгде заттар және паразиттер. Құлақ қуы-сында қатқан құлық, кұм, ағаштың үгінділері, қарабидайдыц және басқа да дақылдардың масақтары болуы мүмкін. Жануар паразиттері ішінде — шыбындардыц личинкалары, биттер, кенелер болады. Бегде заттар кұлақты қатты қышытады, бұдан сырткы күлактың қабынуы да мүмкін. Жануар кұлағын қасыйды, басый шайкайды, кейде шырык айналады.

Е м д е у. Жанэт шприцімен жылы су жібереді, не бөгде зат-ты судың екпінімен жуып түсіреді, не кұлақтын сырткы қуысын кеңейтіп, пинцетпен қысып, алып тастайды.

Дымқылданған жерін құрғақ тампонмен сүртеді (міндетті түрде).

Сақтық шаралары. Ауырған жануарды әрбір қараған кезде, аурудың алғашқы белгілерінің бар-жоғын білу максагында міндетті түрде оның қүлағын да, қарау керек.


Ауа жыйналатын қалта дөнгелек тұяқты жануарларда ғана болады. Бұл — евстахиев түтігіндегі кілегей кабықтыц қап тәрізді қампиюы. Ол бастың негізгі, бірінші мойын омыртқа және жұткын-шақ қуысы аралығындағы бос жерді түгелімен алып тұрады. Ев­стахиев түтігі арқылы ауа жыйналатын қалта жүтқыншақ қуысы-мен байланысып тұрады.

Ауа жыйналатын қалтаның катары. Бүл ауру кебінесе үзакка созылатын түрде кездеседі және бүл жағдайда ауа жыйналатын қалтаға кабыну эксудаты жыйналады.

Бұл айтылған кабыну, евстахиев түтігі аркылы жүтқыншактан жемніц үгінділері енуден, жұтқыншақ куысындағы және евстахиев түтігіндегі кілегей қабыктыц кабынуы жайылып және қүлак түбін-дегі бездің абсцесі (сакау) ішіне карай жарылудан болады.

Клиникалық белгілері. Құлақ түбіндегі бездің айна-ласы іседі. Жылкыиыц танауынан аздап сарысулы ірің ағады. Ку­лак түбіндегі бездің жаткан жерін бассац, басын темен салбыра-тады және жүргізген кезде іріці көп аға бастайды. Кейде кы-йындыкпен дем алады. Жоғарғы жақтың куысындағы қабынудан айырмашылығы, бүл ауруда іріціпіц өзгеше иісі болмайтындығынан саналады.

Прогнозы. Үзакка созылып, емделмеген жағдайда кәрі жылкының ауруы қыйынға айналады.

Емдеу. Ауа жыйналатын калтадағы іріңді шығару керек. Мұ-ның екі тәсілі бар: іріңді катетермен және операция жолымен шығарады. Асау аттарға катетер енгізу қауыпты және ауа жыйна­латын қалтаның кіре берісіндегі кабыктың қабынуы катетерді енгі-зуге кедергі жасайды. Өте-мөте колайлы және кауыпсыздау келетін операция жолымен емдеу тәсілін профессор В. К. Чубарь ұсынады (1937 жылы). Онда жактағы сырткы венаға параллель етіп, одан 1 —1,5 сантиметр темен алып, үзындығы 5—7 сантиметр етіп тілу керек. Мүндай теріні, үстіңгі шандырды және жактағы сырткы вена мен көкірек-тіл астындағы мускулдыц аралығындағы, қосылғая жерді кесіп, тереңде жаткан шандырды ішкі кабатымен жабылған көкірек-тіл астындағы және иық-тіл астындағы және мускулді (жараның жоғарғы жиегін етпейтін ілмешекпен кетеріп) ашады. Содан кейін теменгі жактың артқы шетін бойлап, жоғары карай ет-пейтін тәсілмен (таза саусақпен) қүлақ жағындағы шандыр (кұлак жағындағы және теменгі жақтың астындағы безді жауып түратын) мен терецде жатқан шандырдыц ішкі кабаты (көкірек-тіл астында-ғы, иық-тіл астындағы мускулдарды және жұткыншактыц мус-кулын жауып туратын) аралығындағы жүмсак, жіктесін кабыкты ауа жыйналатын калтаға дейін тесіп, түтік жасайды (188-сурет). Сырткы, үйқы артерияның зақымдануынан сактанып (тамырдыңсо-ғуынан білуге болады) ауа жыйіалатын қалтаның кабырғасын сау-сақпен байкай отырып, троакармен теседі. Осылай тесілсе (суретте стрелкамен көрсетілген) ішіндегі іріңі жаксы ағады.

Ауа жыйналатын қалта тимпаниясы. Қалтаға кейбір газ не


масы.



/ — тіл астындаіы нерв, 2 — сырткы күре тамыр (артерии), 3— көмекой мускулдары, 4 — қүлақ тубіндегі бсі. 5 — сырткы жак вена, 6 — иық-тіластылық мускул, 7 — көкіректіл-астылық мускулы, 8 жақ асты-лық без.

ауа толғанда байқалады. Қалтаның шала жетілуінен ауаның жұт-кыншак аркылы енуі мүмкін, ал газдардың ауа жыйналатын қалта-ның өзінде пайда болуы мумкін.

Қлиникал ы,қ белгілері. Құлақ түбіндегі бездің айналасында бүлкілдеген ісік пайда болады, саусак-пен тьгқылдатып қараған кезде одан болар-болмас дыбыс естіледі; саусак,-пен басқан кезде одан танау тесіктері арқылы шуылдаған газдар шығады.

Прогнозы — сактық тілейді.

Е м д е у. Ауа жыйналатын қалта кабынуын емдегендей етіп емдейді.



Ауа жыйналатын қалта жарақат-
тары.
Ауа жыйналатын калта жарақат-
тары, қалтаныц айналасындағы орган-
дар мен тканьдардын, б'рдей жаракат-
тануынан, әсіресе, күлак түбіндегі
сілекей безінің жарақаттануынан болуы
мүмкін. Ондай жағдайлардың кездей-
СОҚ заттардан не OK тиюден болуы 188-сурет. Ауа жыйналатын кал-
Мүмкін. каны операция жасаа іесу ихе-

Клиникалық белгілер і.масы (Чубарьша). Көлденец жар-Ауа жыйналатын калтадағы кабыну-дыц белгілеріне өте үксайды, бірак сары суы танауынан өте аз шығады, ал жарадан шыккан сарысу сілекейлі болады.

Е м д е у. Ауа жыйналатын қалта-ны шприцпен солкылдақ ұзын үштыктын көмегі аркылы антисептикалык ертінділерімен жуады. Антисептикалык дәрілерді тамшылата жуған да жаксы (арнаулы аспаптардын көмегімен антисептикалык дәрілерді бірнеше сағаттай куысына тамшымен жіберу) болады. Пенициллин және 0,04 процент-тік грамицидин ертіндісін қолданудан да жаксы нәтиже күтуге болады.

де, осы аурулардың әрқайсысына сәйкес клиникалык белгілер пай­да болады.

Е м д е у. Жараны хирургия тәсілімен тазартып, октың сынык-тарын алып тастайды. Ауыздыц ішіне карай тесіп өткен жараны тігеді.



Бас сүйектерінің оқ тиіп сынуы. Клиникалык жағынан кара-ранда олар жәй сыныктарға үксайды, бірак жаралаған күралдың әсерінен пайда болған сүйектіц кейбір сынықтары, екінші рет та-ғы да жаракаттауы мүмкін. Олар жүмсақ тканьдарға еніп, косымша жаралап, тесуі мүмкін. Бұдан жаракаттанған тканьныц катты ас-кынуы мүмкін (бас сүйектерініц сынуын карацыз). Бұдан кейінгі айырмашылыктары бас сүйектері ете үсатылып сынатындығынан са-налады. Мүндай жағдайда жараларына бір жағы жабық, ауыздың, танаудың, мацдайдыц ішіне, жоғарғы жактын куысына және ауа жыйналатын калтаға карай тесіп өткен, сондай-ак бір жағынан екінші жағына етіп шыккан түрде болуы мүмкін.

Бас сүйегі жаракаттанған кезде гидродинамикалық жағдайдын (мый затыныц бас сүйекті) ашып жіберуі де мүмкін.



БАСТЫҢ ОҚ ТИГЕН ЖАРАҚАТТАРЫ

Бастың ок тиген жарақаттары жаралайтын кұралдын (оқтыц^ снаряд сынығыныц) күшіне және тиетін жеріне байланысты: ойык (жырык), шыккан жері жок —сокыр, тесіп өткен, айнала жара-ланған және ішке карай өткен т\'рде болуы мүмкін (жалпы хирур­гия тарауынан караңыз).



Бастың жұмсақ тканьдарыниң жарақаттары. Снаряд сыныкта-рынан не әлсіреген октардың тиюінен болады. Олардын бір жағы біреу болады не ауыздын ішіне карай тесіп шығады. Бет нервтері, кантамырлары, стенонов жолдары ок тигеннен жаракаттанған кез-

КЕУДЕ АЙМАҒЫ ХИРУРГИЯЛЫҚ АУРУЛАРЫ

Кеуденің зақымдануы ашық және жабық болып бөлінеді. Бұл екі жағдайда да олар ішкі мүшелер (өкпе, жүрек және тамырлар) қоса зақымдануы мүмкін. Жабық зақымданулар ауырлықтары алуан түрлі болады. Егер жұмсақ ұлпалар ғана зақымданатын болса онда мұндай зақымданулар жеңіл деп есептеледі. Кеуде ішіндегі мүшелердің қоса жарақаттанатының есептемегеннің өзінде сүйектердің, қабырғалардың, төстің, жауырындардың және тағы сол сияқты зақымдануларының өзі ауыр жарақаттанулар қатарына жатқызылады.

Ашық яғни тесілген жарақаттар барысының ауырлығы да көп жағдайларға, соның ішінде жарақатқа ұшыратқан снарядтың, оқтың, снаряд жарықшағының, екінші снарядтар-тастардың, қираған үй бөлшектерінің, айналадағы заттардың сипатына байланысты. Өкпенің шет жақтарынан гөрі ортанғы тұсының жарақаты ауыр өтеді. Ірі тамырлар мен бронх жарақаты жарақаттанушылардың жануардың өлімін тудыруы мүмкін.

Кеуде зақымдануы үш түрге бөлінеді:

1. жабық пневмоторакс,

2.ашық пневмоторакс,

3.клапанды пневмоторакс.

Плевралық қуысқа ауа немесе қан құйылады. Плевралық қуысқа құйылатын қанның мөлшеріне қарай кіші, орташа және үлкен гемоторакс деп айырылады. Үлкен гемоторакс кезінде бүкіл кеуде клеткасының үстінгі жартысынан ашық немесе күңгірт дыбыс естіледі, көкірек бір жаққа ығысады, орташа гемоторакс кезінде қанның денгейі жауырынның ортасына, ал кіші гемоторакста - жауырынның ортасынан төмен болады. Ашық пневмоторакс кезінде атмосфера ауасы жарақат тұсындағы плевра қуысына еркін кіреді, бұл ауа жұтқан кезінде кеуденің әлсіреуіне және ауа шығару кезінде оның шамалы жиырылуына алып келеді. Ашық пневмоторакстың белгісі: дем алғанда қиналып дем алу, ентігу, жөтелу, қанды қақырық тастау байқалады. Кеуде жарақаттанған кездегі шок пен қан кету өмірге қауіп туғызады.

Жабық зақымданулар: ішкі мүшелеріне зақым келтірілмей кеуде клеткасына тиген соққылар елеулі түрде жеңіл, ал ішкі мүшелеріне зақым келтіріп кеуде клеткасын қозғаған, жаншылған соққылар өте ауыр өтеді.

Кеуде клеткасы соғылған кезде жаншылады, ол өкпе паренхимасын үзіп, өмірге түрлі қауіп төндіреді. Кеуде жарақаты кезінде көбіне 6-10 қабырғаға дейін сынады. Қабырғалар сынуының белгілері зақымданған жердің қатты ауыруы, дем алу ауырсынуы, жиілеуі және қабырғаны басып байқағанда қабырға сынықтарының сықырлауы (крепитация) байқалады. Қабырғалар сынуының ең ауыр түрі - көп қабырғаның сынуы. Бұл жағдайда екі жақтағы-зақымдалған қабырғалар саны 10-12-ге дейін жетуі мүмкін. Қабырғалардың опырыла немесе қосарлана сынуы өте ауыр өтеді.

Алғашқы медициналық жәрдем көрсететін шараларға шок, қан кету және гипоксия құбылыстарының алдын алу жатады. Ашық зақымданып, кеуде қабырғаларынан қан кетіп жатқан кезде қысатын таңғыш, ашық пнемоторакс кезінде герметикалық окклюзивті таңғыш салу, ауырғанды басатын (промедол, анальгин, димедрол) және журек дәрілерін (кордиамин, корглюкон) жіберу аса маңызды. Зардап шеккен жануардың кеудесін жоғары жатқызып мал дәрігеріне көрсету.

Сынық (fractura) – сүйек бүтіндігінің бұзылуы. Пайда болуына байланысты туа біткен және жүре пайда болған сынық болып бөлінеді. Туа біткен сынықтар төл сүйегінің құрсақ ішінде патологиялық процестер немесе анасының жарақат алуы себептерінен болады. Жүре пайда болатын сынықтар себебіне қарай патологиялық және жарақаттық сынық болып ажыратылады. Жарақаттық сынық – сау сүйектің оқыстан күшті механизмі зақым алуы (соққыдан, құлап қалудан, тағы басқа), ал патологиялық сынық көбінесе жеңіл жарақаттыңасқынуы не сүйек тінінің өзінен-өзі ауырып, өзгеріске түсуі салдарынан (остеомиелит, ісік, тағы басқа) болады.

Ет пен терінің зақымдануына қарай ашық және жабық сынық болып ажыратылады. Ашық сынық кезінде сүйектің майдаланып сынуы, тері мен бұлшық еттің үлкен көлемде мыжылып, жаншылуы; сонымен қатар жұмсақ тіндердің қанталап, ашық жараға шаң-тозаң, инфекция түсіп жара іріңдейді. Мұндай сынықты емдеу ұзаққа созылады. Терісі бүлінбеген жабық сынық тез жазылады.





Итті рентгенге түсіргенде оң жақ қабырғасының сынығын байқауға болады.

Сынықтың белгілері малдың қатты аурсынуы; артқы жіне алдыңғы аяқтың қозғалтпауы; зақымданған аяқтардың қозғалысы мен пішінінің өзгеруі; қоршаған жұмсақ тіндердің қанталауы және ісінуі.

Егер жануардың қабырғасы сынса, терең тыныс алғанда не жөтелгенде ауырады. Сынықтың бітуі – өте күрделі биологиялық процесс. Сүйектің тез бітуіне жарықшақтардың бір-бірімен дұрыс бірігуі мен сүйекті бір қалыпты ұстап тұрудың маңызы зор. Сонымен қатар сынықтың бітуі қандай сүйектің сынғандығына да байланысты. Мысалы, бақай сүйектері 2,5 аптада, ал ортан жіліктің басы 6 айдан астам уақытта бітеді. Сүйек жарықшақтарының арасы алшақ болып, бір-біріне дұрыс орналаспағанда немесе олардың арасында жұмсақ тіндер жаншылып қалса, бір қалыпта ұсталып тұрмаса сынықтың бітуі баяулайды немесе мүлдем бітпей қалуы, жалған буынның пайда болуы мүмкін. Сынық дұрыс бітпесе, аяқтардың қисаюына не қысқаруына әкеліп соқтырады. Ашық сынық кезінде жараға инфекция түсіп, іріңді инфекцияның дамуы мүмкін.



Емі. Сынық кезінде кез келген қатты материалдан дереу сыныққа таңғышсалып, орап байлау керек. Таңғыш болмаса, онда сынған аяқты сау аяққа тақап байлап, ал зақымданған алдынғы аяқтыда солай байлау керек. Сынық ашық болса, жараның айналасынйодпен сүртіп, стерильденген таңғыш байлаған жөн. Аяғя сынған малды мал дәрігері сынған сүйек жарықшақтарын бір-біріне түйістіріп дұрыс қалыпқа келтіріп, гипстеп таңады, антибиотиктер беріледі. Кейде хирургиялықоперация жасалынады. Қажет болған жағдайда қан құйылады, емдік мацион тағайындау арқылы сынған органның қызметін қалыптастырады. Рационға витамин тағайындайды әсіресе кальций және фосфор витаминдерін олар сүйекті қатайтады.

Қабырғаның сынуы кезінде клиникалық белгілері.

Толық сынудың ақыры түрлі-түрлі жағдайларға соғады, мысалы:



  1. Сынған сүйектің ұштары бір жағына қарай үнемі ауысатындықтан ол мүшенің пішіні өзгереді.

  2. Организімнің қызмет әрекеті бұзылады мысалы қабырғасы сынған жануар аяғын басып тұра алмай да қалады.

  3. Сынған жерді саусақпен басып қарағанда қатты ауырсынады.

  4. Сынған сүйектің бір қалыпты қозғалысы бұзылады оны сипалап қарағанда не кейде жай қарағанның өзінде де, байқауға болады.

  5. Сүйектердің сынықтары біріне-бірі қажалғанда шықырылған және сықырлаған дыбыстар естіледі

  6. Сынған жердің айналасы ісінеді

Жартылай сынған кезде бұл айтылған белгілердің көбі болмайды. Қызмет әрекетінен кенет айрылған мүшені саусақпен басып қарағанда белгілі бір бағыттағы сынық бойымен ауырсынудың пайда болатының байқауға болады. Толық сынықты сондай-ақ шала сынықты ашу үшін рентгенге салып зерттеу керек.



Қабырғаға механикалық соққы салдарынан

сынықтын пайда болуы.


Рентгенмен қарап қабырғаның сынуын ажыратуға болады.

Қабырғаның сынуы кезінде жүргізілетін емдік шаралар.

Ең алғаш мал дәрігерлік көмек 1-2 % дық ауырсынғандықты басатын дәрі промедол. Егер тасымалдау кезінде қабырғаның сынуы байқалса кеуде қуысын қатты танып байлайды.

Осы сынған жерге мал дәрігері 10-15 мл 1-2% прокаин ерітіндісімен блакада жасау. Онымен қоса 1 мл 70℅ спирт енгіземіз инені алмай тұрып. Осындай ем жүргізгеннен кейін жөтел немесе тыныс алуының қиындығы пайда болуы мүмкін. Егер малда ауырсыну әлі байқалса 2-3 күннен кейін емді қайталау керек. Ішке аналгин және іштегі бөгде сұйықтықтарды шығаратын дәрі тағайындау керек.
Қуық жүйесінің аурулары — малдың бүйрек түйнегі қан тамырларының тез өтетін қабыну процесі және онан әрі бүкіл организмнің жіңішке қан тамырлары қабынады.

Қуық ауруларының шығуына індетті аурулар (оба, шошқа тілмесі, аусыл, сарп, септицемия, лептоспироз, бұзау қылауы, ит обасы, туберкулез және басқалар) организмнің өзінен-өзі улануы (көн қотыр, терінің жайылма қабынуы, терінің өлі еттенуі, іш өту, жатыр қабырғасының ішкі жағының қабынуы, шу түспеуі, анемия және организмдегі шіру процестері) сол сияқты өсімдік текті және минералды улармен улану, суық тию, жарақаттану және басқалар себін тигізеді. Бүйректің бүрісуі көбіне жайылмалы нефриттің, калькулезді процестің, кейбір зиянды заттардың (қышқыл шөп, қорғасын мен мыстың тұздарымен улану т.б.) ұзақ уақыт әсер етуінің салдары болып табылады.

Пиелонефрит дегеніміз — бүйрек түбегінің және оның қалың еті қабатының қабынуы. Пиелонефрит көбінесе энтерококктардан, әсіресе несептің несеп жолымен дұрыс ақпауынан пайда болады.

Цистит – қуықтың қабынуы. Ауру қуыққа жасыл ірің таяқшасының, протеяның және басқа микробтардың енуі салдарынан пайда болады.Аурудың дамуына қуықта несептің іркіліп қалуы себеп болады.


Қуық жүйесінің аурулары
Жіті нефрит (Nephrinis acuta). Бұл ауру – малдың бүйрек түйнегі қан тамырларының тез өтетін қабыну процесі және онан әрі бүкіл организмнің жіңішке қан тамырлары қабынады.

Аурудың себептері. Ауру мал организміндегі жұқпалы улунадан болған өзгерістердің салдары болып табылуы мүмкін, бүл өзгерістер жіті келген жұқпалы аурулардан, стрептококк тудыратын қабыну процестерінен, сонымен бірге асқазан жүйесінен тыс жолмен бөгде белокты организмге енгізуден пайда болады.

Белгілері. Ауру кенет білінеді. Ауру мал әлсіреп, көп қозғала бермейді, бүкірейіп тұрады. Көзге түсетін жердегі кілегей қабықтары және терісі бозарып кетеді. Жақ сүйектің аралығы, әуке тұсы, құрсағы, жыныс мүшесінің сырты ісіне бастайды. Тәбеті нашарлайды. Қарынның ішкі қабығының қабыну белгілері (гастрит) білінеді. Күйіс қайыратын малдың қан қысымы нашарлайды, алдыңғы қарындар әлсірейді, тіпті тоқ және аш ішектер қабынады. Жүректің соғуын тыңдағанда қолқаның екінші қатардағы сазы естіліп тұрады. Тамыр қатты соғады. Күре тамырлардың қысымы арта түседі. Малдың ентігетіні, өкпесінің сырылдайтыны байқалады. Несепті жиі шығарады. Несептің түсі қызғылттанып немесе күңгірттеніп тұрады, ол біршама қоюланады, аз-аздап қана шығады. Несептен белок, лейкоциттердің, әритроциттердің, эпителийдің және цилиндрлердің қоспасы табылады. Несеп тұнбасының барлық клеткалары несептің қышқыл реакциясы кезінде айқын білініп тұрады. Азоттық заттардың қанда бөгелуі арта түскен кезде малдың тәбеті нашарлайды немесе мүлде болмайды, терісі дуылдап қышиды, құсады, ентігеді, ұйқысы келе береді, дірілдейді. Мал аурудан айыға бастағанда оның жалпы күйі жақсарады, ісігі қайтады, жүрек қызметі қалыпты күйге келеді, несеп молайып, сұйыла түседі.

Аурудың барысы. Дер кезінде емделмеген мал өліп қалады, немесе ауру созылмалы күйге айналады.

Емі. Малға бірнеше апта бойына тыныштық жағдай жасалады. Күн сайын терісін сылап-сипайды. Рационға тез қорытылатын, белоктары мен натрийі мүлде аз азықтар енгізіледі. Шөп қоректілерге әртүрлі өсімдіктің жақсы пішені, тамыржемісті өсімдіктер, кебек ботқасы беріледі; ет қоректілерге — сүт өнімдері беріледі. А, Е, Д витаминдері қажет. Ісік қайтпай қойған және жүрек дұрыс қызмет етпеген жағдайда қан алынады; ірі малдан 3 литрге дейін, ұсақ малдан — 50-200 мл қан алынады. Мұнан кейін глюкозаның 25 проценттік ерітіндісі және строфант венаға енгізіледі. Ісік ұзақ уақыт бойына қайтпаса, несеп айдайтын заттарды қолдану ұсынылады: калий ацетаты (сірке суы) сиырға 25-60 г, қой- ешкіге 5- 10 г, жылқыға — 20-50 г, итке- 0,5-1 г; калий нитраты сиырға 8- 15г, ұсақ мал ман шошқаға -1-3 г, жылқыға -6-10 г, итке — 0,2- 0,5 г; дикарб — жылқыға -1,5-2 г, итке — 0,1- 0,2 г, мысыққа — 0,04 — 0,06 г; меркузал — сиырға — 3 — 8 мл, жылқыға — 3 — 10 мл, итке — 0,5 — 2 мл, түлкіге — 0,2 — 0,5 мл. Толокнянка жапырағынан, петрушкадан, қайың бүршігінен, дала қырықбуыны шөбінен әзірленген қайнатпаны беру тиімді.

Сақтандыру шаралары. Жұқпалы аурулардың және іріңді процестер қабат өтетін аурулардың алдын алу керек. Малға бүлінген әсіресе көгеріп-шіріп кеткен жемшөп беруге болмайды. Шіріген шөп уланғыш болады.


Созылмалы нефрит (Nefritis chronika).

Малдың созылмалы нефриті жіті нефриттен гөрі жиі кездеседі.

Аурудыц себептері. Бұл ауру ем қонбайтын жіті нефриттің салдары болып табылады.

Белгілері: Бүйрек дұрыс қызмет істегеннің өзінде мал азды-көпті әлсірейді. Несепті зертттегенде әр түрлі заттың жинақталғаны шамалы ғана білінеді — протейн біркелкі жиналған, несепке қызыл қан түйіршіктері араласқан, кейде гиалинді және түйіршікті көпіршік болады. Ауру асқынғанда мал самарқауланады, көп қозғала бермейді, арықтай бастайды. Терісі құрғайды, өңі өзгереді, теңбілдене түседі, жүні-сирейді, құрғап кетеді. Жақ сүйектің аралығы, әуке тұсы, құрсағы, артқы аяқтары, жыныс мүшесінің сырты ісінеді. Жүректің соғуын тыңдағанда екінші саз ырғағы естіліп тұрады. Қан қысымының ұдайы көтеріліп тұратыны байқалады. Несептен белок пен эритроциттер табылады. Ауру үдей түссе, несептің қоюлығы біршама кемиді, несеп шамадан тыс шығады, индиканның жинақталуы кемиді.

Аурудың барысы. Ауру бірнеше жылға созылуы мүмкін сөйтіп ол бүйрек клеткаларының бүрісуімен аяқталады.

Емі. Аурудың барысы жеңіл күйде өтсе, өнім алынатын малды жайылымда бағуға, жұмыс аттарын жеңіл-желпі жұмысқа пайдалануға болады. Созылмалы нефрит асқына бастаған күнде оны емдеу шараларының жіті нефритті емдеу шараларынан айырмасы жоқ. Азоттық заттардың қанда бөгеліп қалу қаупі күшейген жағдайда малдан қан ағызып алынады, ал онан кейін глюкозаның 25 проценттік ерітіндісін ішке жібереді. Ішек-қарын жолының қызметі бұзылса (алдыңғы қарындардың әлсіреуі, ас корытудың бұзылуы), емдеу жұмысы аурудың белгісіне қарай жүргізіледі.

Сақтандыру шаралары. Малдың жіті нефритін дер кезінде анықтап, оны емдеу жұмысын жүргізу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет