Талаптардың атауы
| Талап критерийлері |
Банк басшылығы:
директорлар кеңесі бекіткен банктің стратегиясы мен саясатын іске асыруға жауапты;
банк тәуекелдерін анықтауға, өлшеуге, қадағалауға және
бақылауға тартылған процестерді дамытады;
жауапкершілік, өкілеттіктер мен есеп беру саласын анық шектейтін ұйымдық құрылымын қолдайды;
берілген өкілеттіктердің тиімді түрде жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;
бөлінген өкілеттіктерді тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
ішкі бақылаудың сәйкес ережесін әзірлейді;
ішкі бақылау жүйесінің бірдейлігі мен ұтымдылығын қадағалайды.
|
Банктің Директорлар кеңесі ішкі бақылаудың бірдей және тиімді жүйесін құруға әрі оның қызмет етуіне жауапты. Директорлар кеңесі мүшелерінің банк қызметі мен оған байланысты тәуекелдер саласында қажетті білімі мен тәжірибесі бар.
Банк басшылығы, құрылымдық бөлімшелердің басшылары ішкі бақылау жүйесінің бірдей қызмет етуіне жауапты болады.
Басшылық мыналарды:
ішкі бақылау жөніндегі жұмыстарды қажетті тәжірибе мен техникалық мүмкіндіктері бар жоғары білікті қызметкерлердің орындауын
қамтамасыз ететін шаралар қабылдайды.
Директорлар кеңесі:
-
ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін банк басшылығымен мерзімді түрде талқылайды;
-
басшылық, ішкі аудит қызметі мен сыртқы аудиторлар жасаған ішкі бақылаудың бағасын уақтылы қарайды;
-
ішкі бақылау жүйесінің кемшіліктері жөнінде аудиторлар және қадағалау органдары айтқан ұсыныстар мен ескертулерді басшылықтың жедел түрде орындауын қамтамасыз ететін мерзімді іс-шаралар жүргізеді;
-
банк стратегиясы мен тәуекелдер лимиттерінің бірдейлігіне мерзімді тексеру жүргізеді.
|
Банк басшылығы ішкі бақылаудың сәйкес ережесін әзірлейді;
ішкі бақылау жүйесінің бірдейлігі мен ұтымдылығын қадағалайды.
|
Басшылық стратегия мен саясатты іске асыруды, және ішкі бақылаудың тиімді жүйесін құруды қоса отырып, директорлар кеңесінің нұсқауларын орындауға жауапты.
Банктің ішкі ережелерінде ұйымдық құрылым барлық банк шеңберіндегі өкілеттіктер саласын, есеп беруді және ақпарат алмасудың тиімді жүйесін анық көрсетіле отырып сипатталады.
Басшылық сәйкес бөлімшелердің басшыларына ішкі бақылау саласындағы нақты ережелер мен рәсімдерді әзірлеуге өкілеттіктер бөледі. Бұл ретте басшылық әзірлеменің және тиісті ережелер мен рәсімдердің орындалуына бақылай жасайды.
Банк басшылығы ішкі бақылау жөніндегі жұмыстарды қажетті тәжірибе мен техникалық мүмкіндіктері бар жоғары білікті қызметкерлердің орындауын
қамтамасыз ететін шаралар қабылдайды.
|
Банктің директорлар кеңесі мен басшылық кәсіби қызметтің этикалық нормалары мен стандарттарының қатаң сақталуына, ішкі бақылаудың маңыздылығына барлық деңгейде мән беретін және баса көрсететін корпоративтік мәдениетті құруға жауапты. Банктің барлық қызметкерлері ішкі бақылау процесінде өз рөлін түйсінеді әрі түсінеді және осы процеске толық қатысады.
|
Операция рәсімдері банктің барлық мүдделі қызметкерлері қол жеткізе алатын дәл жасалған ішкі құжаттарда сипатталды. Банк қызметкерлері өз міндеттерін тиімді орындайды және кәсіби этиканы сақтамаған немесе рәсімдерді басқаша бұзған немесе теріс пайдаланған жағдайда тиісті деңгейдегі кез келген операция проблемаларын басшылыққа жібереді.
|
Банк мақсаттарына жетуге теріс ықпал ететін маңызды тәуекелдердің тұрақты негізінде бағалау. Бағалау банктің дербес және шоғырландырылған негізде өзіне қабылдаған барлық тәуекелдерін (кредит тәуекелі, ел тәуекелі және валюталық шектеулерді шектеу тәуекелі, рынок тәуекелі, проценттік тәуекел, өтімділік тәуекелі, операция тәуекелі, құқықтық тәуекел мен іскерлік беделді түсіру тәуекелі) қамтиды.
Жаңа немесе бұрын бақылау жасалмаған тәуекелдер проблемасын тиімді шешу мақсатында ішкі бақылау жүйесіне өзгерістер енгізу.
|
Алға қойылған мақсаттарға жетуге ықпал ететін тәуекелдерді басшылықтың тұрақты түрде бағалауы.
Жаңа немесе осыған дейін бақылау жасалмаған тәуекелдерге тиімді бақылау жасау мақсатында ішкі бақылау жүйесін қайта қарау. Қаржы рыногында пайда болған жаңа қаржы құралдары мен рынок операцияларын бағалау және осы қызметке байланысты тәуекелдерді талдау.
Тәуекелді бағалау банктің алға қойылған мақсаттарға жетуіне теріс ықпал етуі мүмкін ішкі факторларды (мәселен, ұйымдық құрылымның күрделілігін, банк қызметінің сипатын, қызметкерлердің біліктілік деңгейін, ұйымдық өзгерістерді және кадрлардың тұрақтамауын) және сыртқы факторларды (экономикалық жағдайлар мен банк саласындағы жай-күйді, технологиялық жаңалықты) анықтайды және қарастырады.
|
Ішкі құжаттар мыналар:
басшылық жүзеге асыратын тексерулер;
келісімдер жүйесі мен құқықтарды бөлу;
әртүрлі бөлімшелерге тиісінше бақылау жасау;
тәуекелдерге лимиттерді сақтауды тексеру және анықталған жөнсіздіктерді жоюға кейіннен бақылау жасау;
шоттарды салыстыру мен тұс-тұстан тексеру жүйесі;
мүлікті түгендеу жататын бақылау жасаудың тиісінше құрылымын құруды көздейді.
|
Бақылауды жүзеге асыру басшылық пен клиенттермен жұмыс жүргізетін қызметкерлерді қоса отырып, банктің барлық қызметкерлеріне қолданылады.
Банк басшылығы банк қызметінің барлық аспектілерінің банктің ішкі құжаттарына сәйкестігі туралы растауды, ішкі құжаттардың мазмұны бірдей болып қала беретіндігі туралы ақпаратты тұрақты негізде алады.
|
Қызметкерлердің міндеттерін дәл бөлу және қызметкер жауапты сала мүдделерінің дауына жол беретін жағдайды болдырмау.
Мүдделердің әлуетті дауының саласын анықтау, барынша азайту, қатаң және тәуелсіз бақылау.
|
Бірнеше қызметкердің арасында мыналар:
ақшаны санкциялы төлеу және оны нақты төлеу;
оларда клиенттердің операциялары көрінетін шоттарды және банктің меншікті операциялары көрінетін шоттарды жүргізу;
“банк” портфелі мен “дилер” портфеліне қатысты операцияларды жүргізу;
маркетинг операцияларын сол клиенттермен бір мезгілде жасаған кезде олардың позициялары туралы ақпаратты клиенттерге формальды түрде беру;
заемды берген кезде кредит құжаттамасының бірдейлігін бағалау және заемды бергеннен кейінгі заемшы мониторингі;
басқа факторлармен жұмсартылмаған мүдделердің маңызды дауының туындауын болжайтын басқа салалар жөніндегі өкілеттіктерді бөлу.
Мүдделердің әлуетті дауының салалары анықталады, барынша азайтылады және тәуелсіз үшінші тұлға олардың тұрақты мониторингін жүзеге асырады.
|
Қаржылық, операциялық сипаттағы бірдей және жалпы көлемді ақпарат пен белгіленген нормативтік талаптарды сақтау туралы мәліметтердің, сонымен қатар шешім қабылдауға қатысы бар оқиғалар мен жағдайлар жайлы тыстан келіп түсетін рыноктық ақпараттың болуы.
|
Бірдей ақпараттың болуы және оны тиімді түрде тарату. Ақпараттың мынадай сапасы бар: іске қатысты, сенімді, уақтылы, қол жетерлік және ресімделген. Ақпаратта ішкі қаржылық және операциялық деректер, Қазақстан Республикасы заңнамаларының белгіленген талаптары мен нормативтік құқықтық актілерді сақтау туралы деректер, сондай-ақ шешім қабылдауға қатысы бар оқиғалар мен жағдайлар туралы сыртқы рыноктан келіп түскен мәліметтер бар. Ішкі ақпарат есеп жазбаларын сақтаудың белгіленген тәртібіне сүйенетін есептеу процесінің бір бөлігі болып табылады.
|
Банк қызметінің барлық негізгі түрлерін қамтитын сенімді ақпарат жүйелерінің болуы.
Электрондық жүйелерді қоса отырып, аталған жүйелер тәуелсіз бақылауда болып табылады. Төтенше жағдайлар кезінде ақпарат жүйесін қолдау жөніндегі сәйкес іс-шаралар әзірленді.
|
Ішкі резервтік рәсімдерді және функцияларды қалпына келтіру рәсімдерді, әзірлеу ережелері мен бағдарламаларды сатып алу, қызмет көрсету рәсімдерін (бақылауды өзгерту) және жеке/логикалық қауіпсіздігіне бақылау жасауды әзірлеу.
Бағдарламалық қамтамасыз етуге бақылау жасау дегеніміз бағдарламалық қосымшалардағы компьютерлік қадамдар және операциялар мен банк қызметінің басқа түрлерін өңдеуді бақылайтын басқа қолдан жасалатын рәсімдер. Қызмет көрсетудің сыртқы провайдері қолдайтын
банк қызметіне арналған ......... жүйелерді қалпына келтіруді қоса отырып, банктен тыс болып табылатын қайталанатын құрылғыларды пайдалана отырып күтпеген жағдайларда іс-қимыл жоспарын әзірлеу. Банк операцияларын қалпына келтіру бағдарламасының күтпеген жағдайлар туындаған жағдайларда орындалуын мерзімді түрде тестілеу.
|
Қызметкерлердің міндеттерді реттейтін саясат пен рәсімдерді сақтауын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайтын тиімді ақпарат жүйелерінің болуы, сонымен қатар сәйкес қызметкерлерге қажетті ақпаратты жеткізу.
|
Банк басшылығы ақпарат берудің (операциялық саясат пен банк қызметінің рәсімдерін, банктің нақты операциялық қызметі жөніндегі ақпаратты айқындайтын құжаттар) тиімді жүйесін жасайды.
Жоғарыдан, төменнен, көлденеңінен ақпараттың барабар ағынын қамтамасыз ететін банктің ұйымдық құрылымын құру. Төменнен жоғарыға келіп түсетін ақпарат директорлар кеңесі мен басшылықты қызмет барысында қабылданған тәуекелдер туралы және банктің ағымдағы жағдайы туралы қажетті мәліметтермен қамтамасыз етеді. Төменге жіберілген ақпарат банк мақсатының, оның стратегиясының, белгіленген тәртіптері мен рәсімдерінің орташа және төменгі буын басшылық пен қатардағы қызметкерлерге жетуін қамтамасыз етеді.
|
Тұрақты негіздегі ішкі бақылау тиімділігінің мониторингі. Банк бөлімшелері және ішкі аудит қызметі шешуші тәуекелдердің мониторингі мен оларға мерзімді бағалау жүргізеді.
|
Банк операцияларын жүзеге асыратын бөлімдерді қоса отырып, әр түрлі бөлімшелердің қызметкерлері, қаржылық бақылау және ішкі аудит ішкі бақылау тиімділігінің мониторингін жүзеге асырады. Банк басшылығы мониторингтің нақты аспектілеріне жауап беретін қызметкерлердің міндеттерін бөледі.
Мониторингке ішкі бақылаудың барлық процесіне бақылау жасауды мерзімді түрде жүргізу жатады. Банк операцияларының әртүрлі түрлері мониторингінің мерзімділігі соларға байланысты тәуекелдерге, мерзіміділігі мен банк қызметі жағдайларында болатын өзгерістер сипатына сүйене отырып айқындалады.
|
Операция жоспарында тәуелсіз және құзыретті қызметкерлер ішкі бақылау жүйесінің тиімді және жалпы көлемді ішкі аудитін жүргізеді. Ішкі аудит қызметі, ішкі бақылау жүйесі мониторингінің бір бөлігі сияқты директорлар кеңесіне есеп береді.
|
Ішкі аудит қызметі ішкі бақылау жүйесінің тұрақты мониторингінің бір бөлігі болып табылады және белгіленген ережелер мен рәсімдердің бірдейлігін тәуелсіз бағалауды, сонымен қатар оларды сақтауды қамтамасыз етеді.
Ішкі аудит қызметі банктің күнделікті жұмысына тәуелсіз және банк, оның филиалдары мен еншілес құрылымдары жүргізетін операциялардың барлық түрлеріне қол жеткізе алады.
|
Банк бөлімшелерінің қызметкерлері, ішкі аудит қызметі немесе басқа бақылау қызметтері анықтаған ішкі бақылаудың кемшіліктері сәйкес деңгейдегі басшыларға уақтылы жіберіледі және жедел түрде жойылады. Ішкі бақылаудың елеулі кемшіліктері туралы банк басшылығы мен директорлар кеңесіне хабарланады.
|
Ішкі бақылау жүйесіндегі кемшіліктер туралы және тиімсіз бақыланатын тәуекелдер туралы ақпарат анықталған бойда дереу сәйкес тұлғаға (тұлғаларға) жеткізіледі, маңызды мәселелер директорлар кеңесіне жеткізіледі. Сәйкес басшылар кемшіліктерді уақтылы жөндеуді қамтамасыз етеді. Ішкі аудит қызметі кейінгі тексерулерді жүргізеді немесе мониторингтің басқа түрлерін жүзеге асырады және барлық түзетілген кемшіліктер туралы директорлар кеңесіне дереу ақпарат береді. Банктің директорлар кеңесі ішкі бақылаудың кемшіліктерін қадағалау мен оларды жою үшін қабылданған шаралар жүйесін құрады.
Директорлар кеңесі ішкі бақылау жүйесі анықтаған барлық проблемаларды жинақтайтын есептерді мерзімді түрде алады.
|
Банктің директорлар кеңесі банкті қамтамасыз етуге және ішкі бақылаудың барабар және тиімді жүйесін, банк қызметінің тәуекелдерін өлшеу мен бағалау жүйесін, банк капиталының деңгейіне қатысты тәуекелдерді және заңдарды, нормативтік құқықтық актілер мен ішкі саясатты сақтау мониторингінің сәйкес әдістерін айқындау жүйесін басшылықтың қолдауына
жауапты болады.
|
Директорлар кеңесі бизнесті ретті жүргізуді қамтамасыз ету үшін ішкі бақылау жүйесін (белгілі мақсаттарға сілтеме жасай отырып) тұрақты түрде тексереді.
Директорлар кеңесі тәуекелдерді басқару жүйесінің болуын үнемі тексереді. Директорлар кеңесі анықтау рәсімдерінің және алдына қойған мақсаттарына жетуі кезінде банк қамтылатын тәуекелдердің барабар бақылауының болуын; қаржы ақпаратының және басқару ақпаратының тұтастығын, сенімділігі мен уақтылылығын тестілеуді; заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің, қадағалау саясаты мен ішкі жоспарлардың, әдістемелердің және рәсімдердің сақталу мониторингін қамтамасыз етеді.
|
Банк басшылығы банк қамтылатын тәуекелдерді анықтау, өлшеу, мониторинг жасау және бақылау жөніндегі рәсімдерді әзірлеуге жауапты болады. Жылына бір рет басшылық ішкі бақылау жүйесінің ауқымы мен тиімділігі туралы директорлар кеңесінің алдында есеп береді.
|
Басшылық есеп беру жауапкершілігін, өкілеттіктері мен қатынастарын бөлетін және бөлінген өкілеттіктерді тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін ұйымдық құрылымды қолдайды. Басшылық тәуекелдерді басқару рәсімдерін әзірлеуге жауапты болады. Басшылық ішкі бақылаудың сәйкес әдістемелерін белгілейді және ішкі бақылау жүйесінің бірдейлігі мен тиімділігін қадағалайды.
|
Ішкі аудит банктің ішкі бақылау жүйесінің тұрақты мониторингінің және ішкі аудит банктің белгіленген ішкі саясатының және рәсімдерінің бірдейлігі мен сақталуын тәуелсіз бағалауды қамтамасыз етеді. Ішкі аудит қызметі басшылық пен директорлар кеңесіне өз міндеттерін тиімді және пәрменді орындауына ықпал етеді.
|
Ішкі аудит қызметінің негізгі міндеттері:
ішкі бақылау жүйесінің бірдейлігі мен тиімділігін тексеру және бағалау;
тәуекелдерді басқару рәсімдері мен тәуекелдерді бағалау әдістемесінің қолданылуын және тиімділігін тексеру;
электрондық ақпарат жүйесі мен электрондық банк қызметін қоса отырып, менежмент және қаржылық ақпарат жүйелерін тексеру;
бухесеп жазбаларының және қаржылық есептердің дәлдігі мен шынайылығын тексеру;
активтерді сақтау құралдарын тексеру;
тәуекел бағасына байланысты банктің капиталын бағалау жөніндегі жүйені тексеру;
операциялардың тиімділігін тексеру;
транзакция сияқты, ішкі бақылаудың нақты рәсімдерінің қызмет етуін де тестілеу;
құқықтық және реттеуші талаптардың сақталуын,
мінез-құлық кодекстерін және әдістемелер мен рәсімдерді жүргізуді қамтамасыз ету үшін тағайындалған жүйелерді тексеру;
қаржылық есеп берудің шынайылығы мен уақтылылығын тестілеу;
арнайы тексерулерді жүзеге асыру болып табылады.
Басшылық алғашқы сатыдағы тәуекелдерге байланысты анықтауды қамтамасыз ету үшін жаңа әзірлемелер, өнімдер мен операциялық өзгерістер туралы ішкі аудит қызметін тұрақты және толық ақпаратпен қамтамасыз етеді.
|
Банк ішкі аудит қызметінің болуын көздейді. Банк оның мөлшері мен операцияларының сипатына сәйкес ішкі аудиттің бірдейлігін болжау үшін басшылық өз міндеттерін орындау кезінде барлық қажетті шараларды қабылдайды. Бұл шараларға өз мақсатына жету үшін бірдей ресурстар мен қызметкерлерді ішкі аудитке беру жатады.
|
Ішкі аудитті штаттық қызметкерлері бар ішкі аудит қызметі жүзеге асырады.
|
Банктің ішкі аудит қызметі аудитке қамтылғын қызметке және ішкі бақылаудың күнделікті рәсіміне қатыссыз. Ішкі аудиттің банк ішінде сәйкес мәртебесі бар және өз қызметін тура әрі әділ жүзеге асырады.
|
Ішкі аудит қызметі банктің барлық департаменттерінде, бөлімшелері мен қызметтерінде өз еркімен қызмет атқарады. Ішкі аудит қызметі олар алған деректер мен бағалар туралы баяндауға және осы ақпаратты банктің ішінде ашуға құқығы бар. Ішкі аудит қызметі директорлар кеңесінің тікелей бақылауымен іс-әрекет жасайды.
Ішкі аудит қызметі басшысының тікелей және өз еркі бойынша директорлар кеңесімен, директорлар кеңесі төрағасымен немесе қажет болған жағдайда – ішкі аудит қызметі туралы оның Ережесінде әрбір банк айқындаған ережелерге сәйкес сыртқы аудиторлармен өкілеттіктері бар. Бұл ақпараттандыруға Қазақстан Республикасының заңнамаларына және ішкі құжаттарына қарама-қайшы келетін шешімдерді банк басшылығының қабылдауы қатысты болуы мүмкін.
Ішкі аудит қызметі тәуелсіз тексеруге жатады. Бұл тексеруді сыртқы аудитор сияқты тәуелсіз тарап жүзеге асырады.
|
Ішкі аудит қызметі әділ әрі тура және өз функцияларын қол сұғусыз және араласусыз орындауға мүмкіндік тудыратын ережесі бар.
|
Әділдік және туралық ішкі аудит қызметінің мүдделер дауынан қашуға ұмтылатындығын көрсетеді. Ішкі аудит қызметінің қызметкерлерін мерзімді түрде алмастыру қажет. Банк ішінде жиналған аудиторға соңғы он екі ай ішінде олар жүзеге асыратын қызметтің немесе функциялардың аудитімен айналысуға болмайды. Әділдік ішкі аудит қызметінің банк операцияларымен немесе ішкі бақылау бойынша шараларды таңдаумен және жүзеге асырумен көңілі бөлінбегенін талап етеді.
Басшылық ішкі бақылау принциптерін сақтауға қатысты нақты мәселелер бойынша ішкі аудит қызметінің пікірін сұрай алады. Қайта ұйымдастыру мәселелерін, жаңа бөлімшелерді құру, оның ішінде тәуекелдерге бақылау жасау жүйесін, ақпаратты басқару немесе ақпарат технологиялары жүйесін құру немесе қайта ұйымдастыру қызметінің барынша маңызды мәселелерін қараған кезде тиімділікке жету мақсатында басшылық пікір сұрай алады. Алайда осы шараларды әзірлеу және іске асыру басшылықтың ақырғы жауапкершілігінің саласы болып қалады: консультациялық функция ішкі аудит қызметінің негізгі міндеттерін орындауға немесе жауапкершілігі мен тәуелсіздігіне кедергі келтірмейтін қосымша міндет болып табылады.
Ішкі аудит қызметінің кейінгі қорытындыларында кемшіліктер мен толық емес есептерге қатысты ұсынымдар және ішкі бақылауды алу жөніндегі ұсыныстар бар.
|
Әрбір ішкі аудитордың және ішкі аудит қызметінің кәсіби құзыреттілігі
|
Әрбір ішкі аудитордың кәсіби құзыреттілігі, сонымен қатар оны жұмылдыру және үздіксіз оқыту ішкі аудит қызметі жұмысының тиімділігін арттыру үшін қажетті шарты болып табылады.
Кәсіби құзыреттілік орындалатын роль сипаты мен аудитордың ақпарат жинау, талдау, бағалау және байланыс жасау қабілетін есепке ала отырып бағаланады.
|
Банктің кез келген қызметі мен кез келген бөлімшесін ішкі аудит қызметі тексереді.
|
Ішкі аудит қызметі бөлімдер мен еншілес кәсіпорындардың қызметін, сондай-ақ сыртқы мердігерлерді тарта отырып жасалатын қызметті қоса отырып, банк бөлімшелерін тексереді. Ішкі аудитке ішкі бақылау жүйесінің бірдейлігі мен тиімділігін тексеру мен бағалау және олардың өз міндеттерін орындау тәсілі: банктің тәуекелдері мен ішкі бақылау жүйесін талдау жатады.
Ішкі аудит қызметі:
банктің саясат пен тәуекелдерге бақылау жасауды сақтауын;
қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі (тұтастығы, дәлдігі және толықтығын қоса отырып) мен уақтылылығын;
электрондық ақпарат жүйесі жұмысының үздіксіздігі мен сенімділігін;
кадр бөлімінің қызмет етуін;
Қазақстан Республикасының заңнамалары нормаларының және банктің ұйымдық құрылымы мен басқаруына қатысты уәкілетті органның әдістемелерін, принциптерін, ережелері мен нұсқауларын қоса отырып, банк операцияларына қатысты банктің ішкі ережелерінің болуын бағалайды.
|
Ішкі аудит қызметі мерзімді түрде, бірақ жылына кемінде бір рет банк операцияларын жасау жөніндегі, оның ішінде тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелерін жақсарту мақсатында функцияларды жүзеге асыратын банк бөлімшелеріне ішкі аудиторлық тексеру жүргізеді.
|
Ішкі бақылау жөніндегі банк саясаты мыналарды:
банк қамтылған барлық тәуекелдерді;
ішкі бақылауды жүргізу ауқымын және жиілігін;
ішкі бақылауды жүргізген кезде айдаланылатын рейтинг жүйесін;
банкке ішкі бақылау жүргізу жоспарын жасауға қойылатын талаптарды айқындайды;
ішкі бақылау қызметі аудит саясаттарына сәйкес функциялары банк операцияларын жүргізуді көздейтін банктің барлық бөлімшелеріне тұрақты ішкі тексеру жүргізеді;
ішкі бақылау қызметінің қызметкерлерінде тексеру жүргізілетін банк бөлімшелерінің қызметі туралы жұмыс тәжірибесі мен қажетті білім бар;
банктің ішкі саясаты тексерілетін бөлімше қызметіне байланысты барлық қажетті, оның ішінде коммерциялық, өзге немесе құпиялылық режимі бар құжаттарға ішкі бақылау қызметінің қол жеткізу құқығын көздейді;
ішкі бақылау жөніндегі банктің ішкі бақылау саясаты басшы қызметкерлерден немесе банктің басқа бөлімшелерінен атқарымдық міндеттерді орындау тәуелсіздігі және ішкі бақылау қызметінің директорлар кеңесіне есеп беруін белгілейді;
ішкі бақылау қызметі банктің сыртқы аудиторымен бірлесіп банктің ішкі бақылау жүйесіндегі кемшіліктерді талқылау үшін бірлескен кездесулер жүргізеді;
ішкі бақылау қызметі жаңа өнімдерді немесе қызметті енгізу туралы мәселелерді талқылауға қатысады.
|
Басқарма әрбір тексеру нәтижелері бойынша ішкі бақылау қызметінің есебін талдайды және анықталған кемшіліктерді жою бойынша сәйкес шараларды қабылдау жөніндегі ұсыныстарды директорлар кеңесіне береді.
|
ішкі бақылау саясаты әрбір тексерудің нәтижелерін банктің директорлар кеңесі мен басқармасына ішкі бақылау қызметінің беруінің оңтайлы мерзімдерін көздейді;
ішкі бақылау қызметінің өкілеттіктері орындалуы бөлімшелер үшін міндетті болып табылатын жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша ұсыныстарды дайындауды көздейді, бұл ретте оларды жүзеге асырудың тәсілдері мен шарттарын банк бөлімшелері тікелей айқындайды;
ішкі бақылау қызметі банк бөлімшелерінің өткізген және жоспарлаған ішкі бақылау нәтижелері бойынша алдын ала қабылданған іс-шараларға олардың оңтайлы орындалуы үшін мониторингті жүзеге асырады.
|
Ішкі аудит банктің меншікті капиталы деңгейінің тәуекелмен арақатынасы үшін банктің және капиталға қатысты ішкі саясатты сақтау мониторингі үшін белгіленген әдіспен әзірленген тәуекелдерді басқару жүйесіне тәуелсіз тексеруді жүзеге асырады.
|
Банк меншікті капиталды бағалау рәсімдерін тексеруге жауапты тұлғаны немесе департаментті айқындайды.
|
Банкте банктегі ішкі аудит қызметінің мәртебесі мен өкілеттіктерін көздейтін ішкі аудит қызметі туралы ереже бар.
|
Ішкі аудит қызметі туралы ереже мыналарды:
ішкі аудит қызметі жұмысының мақсаты мен саласын;
ұйымдағы ішкі аудит қызметінің мәртебесін, оның өкілеттіктерін, міндеттерін және басқа қызметтермен қатынасын;
ішкі аудит қызметінің есеп беруін белгілейді.
Ішкі аудит қызметі туралыережені директорлар кеңесі бекітеді. Ішкі аудит қызметі туралы ережеде басшылық бастама құқығын береді және ішкі аудит қызметкерінің банктің кез келген қызметкеріне тікелей қол жеткізуіне, банктің кез келген қызметін немесе кез келген бөлімшесін тексеруге, сонымен қатар басқару ақпараты мен олардың өз міндеттерін орындауына қатысы болуы мүмкін барлық консультациялық және шешім қабылдайтын органдардың хаттамаларын қоса отырып, банктің кез келген жазбасына, досьесіне немесе деректеріне қол жеткізуіне рұқсат беріледі.
Ішкі аудит қызметі туралы ережеде ішкі аудит қызметі консультациялық қызмет көрсетуге немесе басқа арнайы тапсырмаларды орындауға тартылуы мүмкін жағдайлар көзделеді.
|
Ішкі аудитке аудит жоспары, қол жеткізерлік ақпаратты тексеру мен бағалау, нәтижелерді хабарлау және ұсынымдардың орындалуы мен проблемалардың шешілуін қадағалау жатады.
|
Ішкі аудитке сонымен қатар:
мақсаты – бухесеп жүйесінің және ақпараттар мен солардың негізінде жасалған қаржылық есептердің сенімділігін бағалау болатын қаржы аудиті;
мақсаты – заңдардың, шағын заң актілерінің, әдістемелер мен рәсімдердің сақталуын қамтамасыз ету үшін жасалған жүйелердің сапасы мен сәйкестігін бағалау болатын сақтау аудиті;
мақсаты – басқа жүйелер мен рәсімдердің сапасы мен сәйкестігін бағалау, ұйымдық құрылымды талдау және жүктелген міндеттерді орындау үшін
жеткіліктілікті бағалау болатын операциялық аудит;
мақсаты – банктің алға қойған мақсаты шеңберінде тәуекел мен бақылауға менеджмент көзқарасының сапасын бағалау болатын менеджмент аудиті жатады.
Ішкі аудит қызметінің басшылығы барлық тапсырылған міндеттерді орындау жоспарын дайындайды. Аудит жоспарына ішкі аудит бойынша жоспарланған жұмыстың кестесі мен мерзімділігі жатады. Аудит жоспары тәуекелдерге бақылау жасаудың әдістемелік бағасына негізделген. Тәуекелдерді басқаруды бағалауда ішкі аудитордың банктің негізгі қызметі мен оған байланысты тәуекелдерді қабылдауы құжаттандырылады.
Ішкі аудит қызметінің басшылығы тәуекелдерді бағалау әдістемесінің принциптерін жазбаша белгілейді және қызметтің жаңа бағыттарын есепке ала отырып, ішкі бақылау жүйесіндегі немесе жұмыс процесіндегі өзгерістерді көрсету үшін оларды тұрақты түрде жаңартып отырады.
Тәуекелдерді талдау кезінде қызметтің бағыттары мен банктің бөлімшелері, сондай-ақ ішкі бақылау жүйесі тексеріледі. Тәуекелдерді талдау нәтижелерінің негізінде қызметтің әрбір түріне тән тәуекелдер дәрежесін ескере отырып бірнеше жылға аудит жоспары дайындалады. Жоспарда
күтілетін әзірлемелер мен инновациялар ескеріледі, әдетте қызметтің жаңа түрлері кезінде тәуекелдің барынша жоғары дәрежесі және ақылға қонымды мерзімде аудитті қамту ниеті қызмет пен бөлімше түрлерінен маңызды.
Аудит жоспарына арнайы тексерулер, қорытынды шығару мен оқыту сияқты басқа міндеттерді орындауға арналған уақыт жатады. Бұл жоспарға штатты толықтыру мен басқа қажеттіліктерге арналған қажетті ресурстар атап көрсетілген бөлім де кіреді.
Аудит жоспарын ішкі аудит қызметі жасайды және директорлар кеңесі бекітеді.
Аудиттің әрбір міндетін орындау үшін аудиттің бағдарламасын дайындау қажет. Аудит бағдарламасында аудитті жүргізу мақсаты баяндалады. Аудиттің міндеттерді орындауының
барлық рәсімдері қорытындыдағы бағалауға акценті бар жүргізілген тексерулердің нәтижелері көрсетілген сәйкес жұмыс құжаттарымен ресімделеді. Әрбір тапсырма бойынша жазбаша аудиторлық қорытынды дайындалады. Аудиторлық қорытындыда аудиттің мақсаты мен ауқымы баяндалады. Онда сондай-ақ тұжырымдар мен ұсынымдар бар. Банк басшылығы ішкі аудит қызметінің ұсынымдарын уақтылы орындауды қамтамасыз ету керек.
Ішкі аудит қызметі оның ұсынымдарын орындауды қадағалайды және жарты жылда кемінде бір рет корпоративтік басқару механизміне байланысты банк басшылығына, директорлар кеңесіне есеп дайындайды.
|
Ішкі аудит қызметінің басшысы ішкі аудиттің принциптерін ішкі аудит қызметінің сақтауын қамтамасыз етуге жауапты болады.
|
Ішкі аудит қызметінің басшысы ішкі аудиттің сенімді стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді. Соның ішінде, ішкі аудит қызметінің басшысы аудит жоспарын, ішкі аудит қызметі жұмысының бағдарламасын, әдістемелері мен рәсімдерін әзірлеуді қамтамасыз етеді. Ішкі аудит қызметінің басшысы қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігі мен оларды оқытуды және қажетті ресурстардың болуын қамтамасыз етеді. Ішкі аудит қызметі директорлар кеңесінің алдында үнемі есеп береді және ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі және ішкі аудит қызметінің мақсатына жетуі жөнінде оған кеңес береді, оның ішінде басшылыққа және/немесе директорлар кеңесіне аудит жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат береді.
Директорлар кеңесі ішкі аудит қызметінің ұйымдастырылуын (қызметкерлерге қатысты тәрізді, басқа қатынастарда да), аудит жоспарын, істелген жұмыс туралы есептерді, ішкі аудит қызметі ұсынымдарының қысқаша мазмұны мен олардың орындалуымен болатын іс жағдайын қарастырады.
Банк ішкі аудит қызметінің анықтаған жөнсіздіктерін жою жөніндегі шараларды қабылдауға бақылау (қайтадан тексеру жүргізуді қоса отырып); ұсынымдарды орындау және анықталған жөнсіздіктерді жою жөніндегі қабылданған шаралар туралы ақпаратты ішкі аудит қызметінің жарты жылда кемінде бір рет директорлар кеңесіне, атқарушы органға беру тәртібін белгілейді.
|
Банктің директорлар кеңесі банк комплаенс-тәуекелін басқаруды қамтамасыз етуге жауап береді. Директорлар кеңесі комплаенс-тәуекелін тұрақты басқарудың тұрақты және тиімді жұмыс істеуін белгілейтін құжатты қосқандағы комплаенс басқару саясатын мақұлдады.
Директорлар кеңесі немесе директорлар кеңесінің жанындағы комитеттер бір жылдан кем емес мерзім аралығында комплаенс-тәуекелін басқарудың тиімділігіне баға береді.
|
Банктің директорлар кеңесі банк комплаенс-тәуекелін басқарудың тиісті саясатының болуына жауап береді.
Банктің директорлар кеңесі комплаенс қызметі мәселелерін тиімді шешуді банк басқармасы арқылы қамтамасыз ете отырып, жауап береді. Директорлар кеңесі осы өкілеттіктерді директорлар кеңесінің жанындағы тиісті комитетке бере алады.
|
Банк басқармасы комплаенс-тәуекелін тиімді басқаруға жауап береді.
|
Банк басқармасы комплаенс-тәуекелді басқару саясатының іске асуына және комплаенс-тәуекелді басқару саясатының сақталуын қамтамасыз етуге және директорлар кеңесіне комплаенс-тәуекелді басқарудың тиімділігі туралы есеп ұсынуға жауапты болады.
Банк басқармасы комплаенс-тәуекелді басқарудың негізгі принциптерін басқарманың және банк қызметкерлерінің сақтау қажеттігі көрсетілген комплаенс-тәуекелділікті басқару саясатын әзірлеуге жауап береді.
Басқарма комплаенс-тәуекелін басқару саясатын сақтауды қамтамасыз етеді және комплаенс-тәуекелі анықталған жағдайда түзету және тәртіптік шаралар қабылдайды.
Банк басқармасы комплаенс-қызметімен бірлесіп:
жыл сайын комплаенс-тәуекелінің пайда болуы проблемаларын бірегейлендіреді және бағалайды және оларды жою жөніндегі іс-шаралар Жоспарын бекітеді. Іс-шаралар Жоспарында комплаенс- тәуекелін басқарудың кемшіліктері, комплаенс-тәуекелін тиімді басқару үшін ішкі саясатты және рәсімдерді қайта өңдеу қажеттілігі көрсетіледі;
жыл сайын комплаенс - тәуекелін басқарудың тиімділігі туралы директорлар кеңесін хабардар етеді;
Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын сақтамау нәтижесінде іскер беделді жоғалтуға немесе шығындарға алып келуі мүмкін кез-келген операциялар туралы директорлар кеңесін дереу хабардар етеді.
|
Комплаенс қызметі банктегі комплаенс–тәуекелді басқаруда тәуелсіз болып табылады.
|
Комплаенс қызметінің комплаенс - тәуекелді басқару жөніндегі өзіне жүктелген өкілеттіктер аясында комплаенс - тәуекелді басқару бойынша жұмысты жүзеге асыруға қажетті кез-келген ақпаратты алу рұқсаты бар;
комплаенс қызметінің банк аясында ресми мәртебесі, алатын тиісті орны, өкілеттігі мен тәуелсіздігі бар және өзінің қызметін банктің директорлар кеңесімен жұмыс жоспарын әзірлеу және бекіту арқылы жүзеге асырады;
Комплаенс-бақылаушыны қызметке директорлар кеңесі тағайындайды.
Комплаенс қызметі туралы ереже сонымен бірге мыналарды көздейді:
комплаенс-бақылаушының банктің директорлар кеңесіне есептілігін;
комплаенс қатысушыларының комплаенс - тәуекелді басқару бөлігінде комплаенс-бақылаушыға есептілігін;
комплаенс-бақылаушының және комплаенс қатысушыларының міндеттері мен өкілеттілігін;
комплаенс-бақылаушының және комплаенс қатысушыларының комплаенс - тәуекелді басқару бөлігі бойынша оларға жүктелген жұмыстар бөлігіндегі тәуелсіздігі;
комплаенс қызметінің банктің басқа бөлімшелерімен және ішкі аудит қызметімен өзара қарым-қатынасы;
комплаенс - тәуекелін басқару саясатын бұзу мүмкіндігін анықтау және тексеру жүргізу құқығы және осы міндетті орындау үшін ішкі және сыртқы мамандарды қамту;
тексерулерінің нәтижелерін банк басқармасына ашық көрсету және ашу құқығы және қажет болғанда банктің директорлар кеңесіне білдіру құқығы.
Комплаенс қызметі банктің кез-келген бөлімшесімен өз жеке ұсынысы бойынша ынтымақтастық орнатуға және өз міндеттерін орындау үшін қажетті кез-келген файлдар мен есептерді алуға құқылы.
|
Комплаенс қызметінің міндеттерін тиімді орындау үшін жеткілікті ресурстары бар.
|
Комплаенс қызметі үшін қажет ресурстар жеткілікті және комплаенс-тәуекелді тиімді басқару үшін сәйкес болу керек.
Комплаенс - бақылаушы мен комплаенс қатысушыларының тиісті біліктілігі, жұмыс тәжірибесі, өз міндеттемелерін орындау үшін кәсіби және жеке қасиеті болу керек.
Комплаенс - бақылаушы мен комплаенс қатысушылары Қазақстан Республикасының заңнамаларын, банктің ішкі ережелері мен рәсімдерін білуі керек.
Комплаенс - бақылаушы мен комплаенс қатысушыларының кәсіби дағдылары банк тарапынан тұрақты және жүйелі оқытумен көтермеленіп отырады.
|
Комплаенс қызметінің функциясы мен өкілеттілігі банкте туындайтын комплаенс-тәуекелді басқаруға бағытталған.
|
Комплаенс қызметі өз мақсаттарына жету үшін мынадай функцияларды орындайды:
банк қызметінің, сондай-ақ оның қызметкерлерінің қаржы рыногындағы іс-қимылы қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына және қаржы рыногындағы кәсіби қызмет стандарттарына сәйкес келуіне бақылау жасауды жүзеге асырады;
банк қызметкерлерінің банктің ішкі құжаттарымен, банктің қаржы рыногындағы қызметі мәселелері бойынша басқару органдарының шешімдерімен белгіленген қаржы рыногындағы қызметті, қаржы рыногындағы операцияларды (мәмілелерді) жүргізу стандарттарын жүзеге асыру ережелерін сақтауына бақылау жасауды жүзеге асырады;
дербес немесе банктің басқа бөлімшелерімен және лауазым иелерімен бірлесе отырып, банк қызметкерлерінің қаржы рыногындағы банктің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу туралы заңнамаларына және қаржы рыногындағы кәсіби қызмет стандарттарына сәйкес келуін, банктің ішкі құжаттарын бұзу фактілерін зерттейді;
дербес немесе банктің басқа бөлімшелері және лауазым иелерімен бірлесе отырып, клиенттер мен контрагендердің мәмілелер (операциялар) бойынша банктің немесе жекелеген қызметкерлерінің олардың қаржы рыногындағы банк қызметі жөніндегі қызметтік міндеттерін орындау кезіндегі іс-қимылына шағымдарын тексереді;
дербес немесе банктің басқа бөлімшелерімен және лауазым иелерімен бірлесе отырып, қызметтері қаржы рыногындағы операциялармен (мәмілелермен) байланысты банктің жекелеген қызметкерлері және бөлімшелерінің жұмысында анықталған тәртіпсіздіктер және кемшіліктерді жою жөніндегі ұсынымдарды, сондай-ақ аталған бөлімшелердегі жұмысты оңтайландыру бойынша ұсынымдарды әзірлейді және басшылыққа ұсынады;
қызметкерлердің қызметтік міндеттерінің тізбесін ескере отырып, қаржы рыногындағы банк қызметін реттейтін, банктің ішкі құжаттарының талаптарымен банктің барлық қызметкерлерін таныстыру бойынша банктегі жұмыстарды ұйымдастыруды бақылайды;
нақты операциялардың (мәмілелердің) немесе олардың бөліктерінің Қазақстан Республикасының қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу туралы заңнамаларына және қаржы рыногындағы кәсіби қызмет стандарттарына сәйкес келуіне қатысты сұратулар бойынша кеңестер береді;
компленс-тәуекелдің мониторингі жүзеге асырылады. Мониторинг нәтижелері компленс-тәуекелді басқарудың ішкі рәсімдерімен сәйкес есеп түрінде ұсынылады;
туындайтын проблемаларды шешуде өзара іс-қимыл жасау қажеттілігіне, комплаенс-тәуекелдің туындауына байланысты проблемалар бойынша қызметкерлерді оқытуды жүзеге асырады;
ішкі саясат пен рәсімдерді бекіту арқылы компленс-тәуекел туралы банк қызметкерлері үшін ішкі басшылықты әзірлейді. Комплаенс қызметінің ағымдағы есеп беру тәртібі банктің ішкі құжаттарымен белгіленеді.
Комплаенс-бақылаушы банк Басқармасын хабардар етеді:
қызметкерлердің Қазақстан Республикасының қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу туралы заңнамаларын және қаржы рыногындағы кәсіби қызмет стандарттарын, банктің қаржы рыногындағы қызметін реттейтін банктің ішкі құжаттарын бұзу туралы анықталған жағдайлар жайлы;
банктің тексеруші бөлімшелерінің басшыларының жол берілген тәртіп бұзуларды жою және олардың қорытындысы туралы не осындай қабылданған шаралары туралы;
жыл сайын компленс-тәуекелді бақылау туралы банктің Директорлар кеңесіне есеп береді.
Комплаенс-бақылаушы және комплаенс қатысушылары өз функцияларын жүзеге асыру кезінде:
әрбір тексеру фактісіне толық құжаттама жасауды қамтамасыз етуді және тексеру барысында қаралған барлық мәселелерді көрсететін тексеру нәтижелері бойынша қорытындыларды, анықталған жөнсіздіктер мен қателерді, оларды жою жөніндегі ұсынымдарды ресімдеуді қамтамасыз етуді;
бақылау барысындағы атқарылған жұмыстың және жүргізілетін тексерудің барысына, сондай-ақ олардың нәтижелерінің дұрыстығына сенуге мүмкіндік беретін құжаттардың болуын қамтамасыз етуді (не құжаттың сақталынып тұрған жері туралы ақпарат);
тиісті бөлімшелерден алынған құжаттардың сақталуын және қайтарылуын қамтамасыз етуді;
алынған ақпараттың құпиялылығын сақтауды;
кемшіліктерді жою үшін шаралар қолдануға, сондай-ақ жекелеген қызметкерлердің жұмыстарына талдау жасау мақсатымен тексерулердің корытындысы бойынша банк басшылығына және банктің сәйкес бөлімшелеріне қорытынды ұсынуға.
|