Басқармасының Қаулысы алматы қаласы 2005 жылғы 30 қыркүйек №359



бет1/15
Дата26.02.2016
өлшемі1.31 Mb.
#26669
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

ҚРӘМ № 3925 09.11.2005ж.тіркелді


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ АГЕНТТІГІ

БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

Алматы қаласы 2005 жылғы 30 қыркүйек № 359



Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі Нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының “Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы” 2005 жылғы 26 наурыздағы № 116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
өзгерістер мен толық:

1.ҚҚА № 234 27.10.2006ж.

2.ҚҚА № 235 29.12.2008ж.

3.ҚҚА № 64 27.03.2009ж.

4.ҚҚА № 229 02.11.2009ж.

5.ҚҚА № 263 29.12.2009ж.


Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі қоса беріліп отырған Нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының “Екінші деңгейдегі банктерде ішкі аудитті (бақылауды) ұйымдастыру ережесін бекіту туралы” 1998 жылғы 5 маусымдағы № 112 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 571 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана», № 33 басылымдарында 1998 жылғы 11- 17 тамызда жарияланған);

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының “Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы” 2003 жылғы 6 желтоқсандағы № 434 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2653 тіркелген, “Казахстанская правда” № 27 (27337) газетінде 2004 жылғы 10 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі БасқармасыныңҚаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы” 2005 жылғы 26 наурыздағы № 116 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3571 тіркелген, “Қаржы хабаршысы” № 5 (17) журналында 2005 жылы жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын.

4. Осы қаулы, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Нұсқаулықтың 5-тармағы мен 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Нұсқаулықтың 6-тармағынан басқа, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі,

5. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):

1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, екінші деңгейдегі банктерге және “Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

6. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

Төраға Б. Жәмішев





Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі №359 қаулысымен бекітілген





Екiншi деңгейдегi банктерде тәуекелдердi басқару және

iшкi бақылау жүйелерiнiң болуына қойылатын талаптар

туралы нұсқаулық

1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Заңына сәйкес әзiрлендi және екiншi деңгейдегi банктердiң сақтауы үшiн тәуекелдердi басқару жүйелерiнiң болуына қойылатын мiндеттi талаптарды белгiлейдi.



1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Нұсқаулықтың мақсаты тәуекелдердi басқару және iшкi бақылаудың теңбе-тең жүйесiн банктерде қалыптастыруға қойылатын талаптарды және банктер тәуекелдерiн олар жүргiзетiн операциялардың түрiн және көлемiн ескере отырып, тиiмдi айқындауды, бағалауды және шектеудi қамтамасыз ететiн, банктерде тәуекелдердi бақылау әдiстерiн қолдануды қарастыратын iшкi бақылауды айқындау болып табылады.

2-ТАРМАҚ АЛЫНЫП ТАСТАЛСЫН.

3. Екінші деңгейдегі банктер:



жыл сайын есепті жылдан кейін келетін жылғы 1 шілдеден кешіктірмей қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) өздері осы Нұсқаулықтың талаптарын орындауын бағалау жөніндегі есепті ұсынады;

тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейін келетін айдың 30 күнінен кешіктірмей уәкілетті органға:

осы Нұсқаулықтың 10-қосымшасына сәйкес кредиттік тәуекелінің мониторингі, кредиттік тәуекелін бағалау, кредиттік тәуекелін бақылау матрицаларын;

осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасына сәйкес өтімділік тәуекелінің мониторингі, өтімділік тәуекелін бағалау, өтімділік тәуекелін бақылау матрицаларын ұсынады.

3-1. Сценарийлер, стресс-тестілеудің қорытындылары, сондай-ақ кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайдағы іс-әрекеттер жоспары уәкілетті органға есепті айдан кейін келетін айдын 30 күнінен кешіктірмей ұсынылады.

4. Тәуекелдердi басқару және iшкi бақылау жүйелерiнiң болуына қойылатын талаптар тізбесі осы Нұсқаулықтың 1-6-қосымшаларында айқындалған.

5.Талаптардың негізгі критерийлері осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасында айқындалған.

6. Банктердің орындауы үшін міндетті болатын талаптардың қосымша критерийлері осы Нұсқаулықтың 8-қосымшасында айқындалған.

6-1. Осы Нұсқаулықта белгіленген талаптар критерийлерін орындау жөніндегі есеп уәкілетті органға осы Нұсқаулықтың 9-қосымшасына сәйкес нысанында ұсынылады. Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келуінің бағасы осы Нұсқаулықтың 9-қосымшасына сәйкес анықталады.

7. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) бэк-офис - негiзгi функциясы фронт-офистен алынған бастапқы құжаттар негiзiнде қосалқы есепте жасалған операцияларды тiркеу болып табылатын банктiң бөлiмшесi;

2) бэк-тестинг - көрсетiлген операцияларды жасаудан болған ағымдағы (нақты) нәтижелермен банк операциялары бойынша тарихи деректердi пайдалану және есептелген нәтижелердi салыстыру арқылы тәуекелдердi өлшеу рәсiмдерiнiң тиiмдiлiгiн тексеру әдiстерi;

3) валюта тәуекелi - банк өз қызметiн жүзеге асырған кезде шетел валюталары бағамдарының өзгеруiне байланысты болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi. Шығыстардың (шығындардың) қаупi құндық көрiнiсте валюталар бойынша банктердiң позицияларын қайта бағалаудан пайда болады;

4) гэп - сыйақы ставкаларының өзгерiсiне ұшыраған немесе белгiлi бiр мерзiм iшiнде өтеуге жататын банктiң активтерi мен мiндеттемелерiнiң көлемiн салыстыру негiзiнде банктiң процент тәуекелiн және өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелiн өлшеу әдiстерi;

4-1) гэп – қолма-қол ақша/қолда бар ақша бойынша позиция – банктің қолма-қол ақшасының келіп түсуі мен есептен шығарылуының арасындағы алшақтық шегі;

4-2) комплаенс-бақылаушы - комплаенс қызметінің жұмысын үйлестіру жөніндегі жауапкершілік және комплаенс қатысушыларының комплаенс-тәуекелін басқару саясатын іске асыруға бақылауды жүзеге асыру айрықша құзыретіне кіретін банк қызметкері;

4-3) комплаенс-тәуекел – банктің Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық кесімдерін, сондай-ақ банктің ішкі ережелерін және рәсімдерін қадағалау негізінде пайда болған шығыстар (шығындар) тәуекелі;

5) кредит тәуекелi – банктік заем, лизинг, факторинг, форфейтинг, ломбард операцияларын, банктiк кепiлдiк беру операциялары мен басқа да операцияларды жүргiзу кезiнде өзiне алынған ақша мiндеттемелерiн орындау бойынша шарттың (келiсiм-шарттың) бастапқы талаптарын клиенттердiң бұзуы салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;

6) операция тәуекелi – қызметкерлердің тарапынан жіберілген ішкі процестерді жүзеге асыру барысындағы кемшіліктердің немесе қателердің нәтижесінде шығындардың туындау тәуекелі, ақпарат жүйесі мен технологиясының қызмет етуі, сонымен қатар сыртқы оқиғалар салдары. Операция тәуекеліне мынадай тәуекелдер жатады:

жауапкершілікті бөлуді, есеп берушілік құрылымы мен басқаруды қоса отырып, банктің белгісіз, бірдей емес ұйымдық құрылымымен байланысты тәуекелдер;

ақпарат технологиясы саласындағы бірдей емес стратегия, саясат және/немесе стандарттар, бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудағы кемшіліктер тудыратын тәуекелдер;

бірдей емес ақпаратқа не оны сәйкес пайдаланбауға байланысты тәуекелдер;

қызметкердің сәйкес басқармауына және/немесе банктің біліксіз штатына байланысты тәуекелдер;

бизнес-процестің тең емес құрылуына не ішкі ережелердің сақталуын нашар бақылауға байланысты тәуекелдер;

банк операциясына сыртқы ықпал етудің күтпеген немесе бақыланбайтын факторлары тудырған тәуекелдер;

заңнаманың өзгеруіне байланысты тәуеке не банк қызметін жүргізуді реттейтін ішкі құжаттарда/ережелерде кемшіліктердің немесе қателердің болуына байланысты тәуекел;

клиент базасының қысқаруына, клиенттердің және контрагенттердің сенімсіздігіне немесе банкті қолайсыз қабылдауына, алааяқтыққа апарып соқтыратын банк басшылығының және қызметкерлерінің дұрыс емес іс-қимылдарына байланысты тәуекелдер.

7) құқықтық тәуекел - банктiң Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын бұзуы не банк тәжiрибесiнiң оның iшкi құжаттарына сәйкес келмеуi, ал Қазақстан Республикасы резидент еместерiне қатысты басқа мемлекеттер заңдарының талаптарын бұзуы салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;

8) проценттiк тәуекел - сыйақы ставкаларының қолайсыз өзгеруi салдарынан туындаған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi, оның iшiнде:

банктiң орналастырған активтерi мен тартылған мiндеттемелерiн (белгiленген сыйақы ставкалары кезiнде) қайтару және өтеу мерзiмдерiнiң сәйкес келмеуiнен шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;

банк активтерi бойынша, бiр жағынан, және мiндеттемелерi бойынша екiншi жағынан ставкалардың әр түрiн (өзгермелi не белгiленген) банктiң қолдануы салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;

өзге тең жағдайларда ұқсас баға сипаты бар құралдардың бiрқатары бойынша алынатын және төленетiн сыйақыны есептеу және түзетудiң түрлi әдiстерiн қолдануға байланысты негiзгi тәуекел;

9) бедел тәуекелi - қоғамдық жағымсыз пiкiрдiң немесе банкке сенiмнiң төмендеуi салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;

10) өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелi - банктiң өз мiндеттемелерiн орындамауы не уақтылы орындамауына байланысты тәуекел. Өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелiн басқару кезiнде банктiң ағымдағы өтiмдiлiгi бақылауға алынады, сондай-ақ сыйақы алуға (төлеуге) байланысты орналастырылған және тартылған ақшалардың, кiрiстер мен шығыстардың мерзiмдерi салыстырылады;

11) банк қызметінің тәуекелі – банктің өз операцияларын жүзеге асыруынан шығатын залалдан туындайтын тәуекел;

12) рыноктық тәуекел – рыноктық параметрлердің (валюта бағамы, сыйақы мөлшерлемесі, қаржы құралдарының құны) тиімсіз өзгеруіне байналысты шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;

13) тәуекелдердi басқару жүйесi - бұл процеске төрт негiзгi элемент кiредi: тәуекелдi бағалау, тәуекелдi өлшеу, тәуекелдi бақылау және тәуекел мониторингi;

14) ішкі бақылау жүйесі – Қазақстан Республикасының заңнамаларын және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін, банк саясатын, ішкі ережелер мен рәсімдерді сақтауға, шығын тәуекелдері мен банк беделінің төмендеуіне ықпал ететін қаржылық және басқарушылық есеп берудің сенімді жүйесінің пайдалылығы мен оны қолдаудың ұзақ мерзімді мақсаттарын банктің іске асыруын қамтамасыз ететін ішкі бақылау рәсімдерінің және саясатының жиынтығы;

15) ішкі аудит қызметі – банкте ішкі аудитті ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз ететін банктің қызметін жетілдіру мақсатында объективті бағалау мен консультациялық қызметті жүзеге асыратын банк бөлімшесі. Банктегі ішкі аудит тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау процестерінің тиімділігі жөніндегі ұсынымдарды беру жолымен белгілі бір мақсаттарға қол жеткізуіне ықпал етеді;

15-1) комплаенс қызметі – Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық кесімдерінің, сондай-ақ банктің ішкі ережелерін және рәсімдерінің (комплаенс - тәуекелді басқару) талаптарына сәйкестігіне ішкі бақылау жасау кіретін айрықша құзыреті бар комплаенс-бақылаушы және комплаенс қатысушыларынан тұратын банктің ішкі қызметі;

15-2) жиынтық лимит – операция жүргізу кезіндегі шығындарға барынша жоғары жол берілген мөлшері;

16) елдiң (трансферт) тәуекелi - шетел мемлекетiнiң немесе шетел мемлекетi резидентiнiң банк алдындағы қаржы тәуекелдерiне қатыссыз себептер жөнiнде мiндеттемелер бойынша төлем қабiлетсiздiгi немесе жауап беру ниетiнiң болмауы салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;

17) стресс-тестинг - банк қызметiне әсер етуi мүмкiн ерекше, бiрақ ықтимал оқиғалардың банктiң қаржы ережелерiне қарымды ықпалын өлшеу әдiстерi;

17-1) cауда операциялары – банктің өз мүддесі үшін және өз есебінен сатып алған/сатқан бағалы қағаздары бойынша операциялары;

17-2) комплаенс қатысушылары – комплаенс - тәуекелді басқару айрықша құзыретіне кіретін банктің бөлімшесі және/немесе қызметкерлері;

18) фронт-офис - негiзгi функциясы банк клиенттерiмен мәмiле жасау болып табылатын банктiң бөлiмшесi;

19) баға тәуекелi - қаржы құралдарының рыноктық құнына әсер ететiн қаржы рыноктарының жағдайы өзгерген жағдайда пайда болатын қаржы құралдары портфельдерi құнының өзгеруi салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;
2-тарау. Тәуекелдердi басқару жүйелерiнiң

болуына қойылатын талаптар

8. Банктiң тәуекелдi басқару жүйесiнiң болуы корпоративтiк басқаруға осы Нұсқаулық талаптарының сәйкес келуiн, банктік заем операцияларын жүргiзу тәжiрибесiнiң, қаржы құралдарымен операциялар жүргiзу тәжiрибесiнiң, активтер мен мiндеттемелердi басқару тәжiрибесiнiң болуын, ақпарат жүйелерiнiң және басқару ақпараты жүйелерiнiң қалыптасуын қарастырады.

9. Тәуекелдердi басқару жүйесiн ұйымдастыру осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетiлген талаптарға банктiң сәйкес келуiмен қамтамасыз етiледi.

10. Банктiк заем операцияларын жүргiзуi банкке сыйақы төлемiмен немен сыйақы төлемiнсiз қайтару жағдайында, оның iшiнде борыштық бағалы қағаздар және басқа қаржы құралдарын сатып алу, кепiлдiк беру, аккредитив ашу, вексельдi есепке алу және кредит тәуекелiне байланысты өзге де операцияларды жүргiзу арқылы берiлген банктiк заем берудi және қаржыландырудың басқа түрлерiн қарастырады.

Тәуекелдердi басқару жүйесi шеңберiнде банктік заем операцияларын жүргiзу тәжiрибесiнiң болуы, оның ішінде жеке тұлғаларға берілген ипотекалық тұрғын үй заемдарын және жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген немесе жылжымайтын мүлік құрылысы мақсатында берілген ипотекалық заемдарды беру осы Нұсқаулықтың 3-4-қосымшаларында көрсетілген талаптарға банктiң сәйкес келуiн қамтамасыз етедi.

10-1. Өтімділік тәуекелін басқару банктерде жеке, сондай-ақ шоғырландырылған негізде өтімділік тәуекелдерін жеткілікті шамада ескеретін бірдей құрылымның, оның ішінде кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайда төтенше жағдайлардағы өтімділіктің жетіспеушілігі проблемасын шешудің айқын стратегиялары бар жоспарының болуын, сондай-ақ өтімділіктің бірдей деңгейін қолдауды көздейді.

Тәуекелдерді басқару жүйелерінің аясында өтімділік тәуекелін басқару практикасының болуы банктің осы Нұсқаулыққа 4-1-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкестігімен қамтамасыз етіледі.

11. Қаржы құралдарымен операциялар жүргiзу баға тәуекелiне ұшыраған ықтимал сыйақы төлемдерi бойынша бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдарын сатып алу/сату қарастырылады.

Активтер және мiндеттемелердi басқару банктiң активтерi мен мiндеттемелерiн оның стратегиялық мақсаттарымен, оның iшiнде олармен тәуекелдерге байланысты мақсаттарды сәйкес келтiруге бағытталған iс-шараларды жүргiзу, сондай-ақ банк маржасын қажеттi деңгейде ұстауды қарастырады.

Тәуекелдердi басқару жүйесi шеңберiнде қаржы құралдарымен операциялар жүргiзу тәжiрибесiнiң болуы осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасында көрсетiлген талаптарға банктiң сәйкес келуiн қамтамасыз етедi.

12. Ақпарат жүйесiн және басқару ақпараты жүйесiн қалыптастыруды қамтамасыз ету банкте бағдарламалық-техникалық кешеннiң, қызметкерлердiң және банк жүргiзетiн операцияларға бiрдей, оның iшiнде банктiк операциялық тәуекелдерге ұшырау дәрежесiн шектейтiн ақпараттық-коммуникациялық жүйенiң болуын қарастырады.

Тәуекелдердi басқару жүйесi шеңберiнде банктiң операциялық қызметiнiң, ақпарат жүйесiн және басқару ақпараты жүйесiн қалыптастырудың болуы осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасында көрсетiлген талаптарға банктiң сәйкес келуi кезiнде рұқсат етiледi.



3-тарау. Ішкі аудит жүйесінiң

болуына қойылатын талаптар

13. Банктің Директорлар кеңесі мен басшылығы ішкі бақылаудың бірдей жүйесінің болуын қамтамасыз етеді және банк қызметкерлерінің ішкі бақылау саласында өз міндеттерін орындауы үшін жағдай жасайды.

14. Банктегі ішкі бақылау мынадай мақсаттарды:

1) банктің активтерін басқарудың тиімділігі мен пайдалылығын және шығын ықтималдығын болжайтын банк қызметінің операциялық және қаржы тиімділігін;

2) қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігін, толықтығы мен уақтылылығын. Аталған мақсат шынайы және сапалы қаржылық есептің жасалуын және шешімдер қабылдаған кезде банк пайдаланған басқа қаржы құжаттарын тексеруді болжалдайды;

3) банктің заңнамаларды, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ банктің ішкі саясаты мен рәсімдерін айқындайтын құжаттардың талаптарын тексеруді болжайтын Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын сақтауды жүзеге асыру үшін жасалады.

15. Ішкі бақылау өзара байланысты бес элементтен тұрады:


  1. басқарушылық бақылау;

  2. тәуекелді анықтау және бағалау;

  3. бақылауды жүзеге асыру және өкілеттіктерді бөлу;

  4. ақпарат және өзара іс-әрекет;

  5. мониторинг және кемшіліктерді түзету.

Осы компоненттердің тиісінше қызмет етуі банктің тиімді қызметінің, ақпараттық жүйе жұмысының және пруденциалдық нормативтер мен уәкілетті орган белгілеген банктің өзге нормаларын және лимиттерін сақтаудың маңызды шарты болып табылады.

16. Ішкі бақылау жүйесі мынадай үш кезеңнің үздіксіз кезекті түрде жүру принципі бойынша қызмет етуі тиіс:



  1. банктің ішкі регламенттеріне рәсімдерді қосу жолымен ішкі бақылау жүйесін (тиімділікті бақылау нәтижелерін есепке ала отырып) қалыптастыру;

  2. жұмыста банктің ішкі регламенттерін пайдалану;

  3. ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау.

17. Ішкі аудитті жүргізу:

1) банктің қаржылық қызметінің ағымдағы қорытындылары туралы есептерді қаржылық қызметтің жоспарлы көрсеткіштерімен қоса директорлар кеңесіне және басшылыққа беру арқылы банктің алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу процесін тоқсан сайын тексеру;

2) жоспарлы көрсеткіштерден ауытқу мен жоспарлы көрсеткіштерді орындамау себептерін көрсетуден тұратын бөлімше қызметінің нәтижелері туралы стандарт нақты есептерді бөлімше басшыларының ай сайын тексеруі;

3) кассалық қолма-қол ақша мен бағалы қағаздарды, қосарлы кастодиандық сақтауға бақылау жасауды, мерзімдік түгендеу жүргізуді қоса отырып, материалдық активтерге қол жеткізудің шектеулілігіне бақылау жасау мақсатында тексеру;



  1. тәуекелдің белгіленген лимиттерінің сақталуын тексеру мен анықталған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі іс-шараларды іске асыру;

5) міндетті авторизацияны талап ететін операциялардың тізбесіне банк басшылығының талаптарын белгілеу;

6) операциялардың шарттары мен банк қызметіне байланысты тәуекелдерді басқару үлгілерін қолданудың нәтижелерін тексеру;

7) жүргізілген банктік және Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген өзге операциялар көрсетілуінің уақтылылығын, дұрыстығын, толықтығы мен дәлдігін тексеру;

8) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстауды) және лаңкестікті қаржыландыруды жою жатады.

18. Банкте ішкі бақылау жүйесінің сәйкестігін тексеру үшін ішкі аудит қызметі құрылады.

Банк бөлімшелерінің жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау жағдайы, ішкі бақылау мен тәуекелдерді басқару жағдайы туралы уақтылы және шүбасыз ақпартпен қамтамасыз ету әрі банк басшылығына жұмысты жақсарту жөніндегі ұтымды және тиімді ұсынымдар беру ішкі аудиттің мақсаты болып табылады.

19. Ішкі бақылаудың бірдей жүйесінің болуы мен қызмет етуін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды директорлар кеңесінің жүзеге асыруы кезінде туындайтын міндеттерді шешу мақсатында ішкі аудит қызметі құрылады.

20. Ішкі аудит қызметі өз қызметінде банк жарғысын, ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру мен банктің ішкі аудит қызметі туралы ережелерді, сондай-ақ банктің қызметін реттейтін басқа ішкі құжаттарды және осы Нұсқаулықтың талаптарын басшылыққа алады.

21. Ішкі аудит қызметінің мүшелерін банктің директорлар кеңесі тағайындайды.

22. Ішкі аудит қызметі банктің кез келген бөлімшесін тексеруді тағайындайды. Ішкі аудит қызметі директорлар кеңесінің алдында үнемі дауыс береді.

23. Ішкі аудит қызметі ішкі аудиттің жоспары мен банктің директорлар кеңесі бекіткен ішкі аудит бағдарламасын жасайды.

24. Ішкі аудит қызметінің міндетіне мынадай мәселелерді:

ішкі бақылау жүйесінің қызмет етуін;

ішкі аудит қызметінің жұмысын;

ағымдағы жылда ішкі және сыртқы аудитке қамтылуы қажет банк операцияларындағы тәуекел саласын;

менеджмент пен сыртқы пайдаланушыға берілген қаржы ақпаратының анықтығын және дәлдігін;

ішкі немесе сыртқы аудитор анықтаған бухгалтерлік есептегі немесе ішкі аудиттегі кез келген елеулі кемшіліктерді.

25. Ішкі аудиттің негізгі функциялары:

1) ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін тексеру мен бағалау;

2) банк тәуекелдерін бағалау әдістемесінің және банк тәуекелдерін басқару рәсімдерінің (әдістемелерінің, бағдарламаларының, ережелерінің және банк операцияларын жасау мен мәмілелер, тәуекелдерді басқару рәсімдерінің) қолдану толықтығын және тиімділігін тексеру;

3) деректер базасының тұтыстығы мен оларды санкция берілмеген рұқсаттан қорғауды және пайдалануды, күтпеген жағдайларда іс-қимыл жоспарының болуын қоса отырып, автоматтандырылған ақпарат жүйесін пайдаланғаны үшін ішкі бақылау жүйесінің қызмет ету сенімділігін тексеру;

4) бухгалерлік есеп пен есеп берудің анықтығын, толықтығын, объективтілігі мен уақтылылығын, сонымен қатар ақпарат пен есеп алудың және берудің сенімділігін әрі уақтылылығын тексеру;



  1. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзге мәліметтерді берудің анықтығын, толықтығын, объективтілігі мен уақтылылығын тексеру;

  2. банк мүлігінің сақталуын қамтамасыз етудің қолданылып жүрген тәсілдерін (әдістерін) тексеру;

  3. банк жасаған операциялардың экономикалық мақсатқа лайықтылығын және тиімділігін бағалау;

8) тармақша алынып тасталсын;

9) ішкі бақылау процестері мен рәсімдерін тексеру;

10) Қазақстан Республикасының нормативтік құқытық актілерінің талаптарын сақтау мақсатында құрылған жүйелерді тексеру;

11) банк қызметкерлерін басқару қызметінің жұмысын бағалау;

12) анықталған тәуекелдер деңгейін төмендетуді немесе бөлімше басшысының және (немесе) басқару органдарының банк үшін анықталған тәуекелдердің жарамдылығы туралы қабылдаған шешімін құжаттандыруды қамтамасыз ететін банк бөлімшелерін тексеру нәтижелері бойынша банк бөлімшелері мен органдарының қабылдаған шараларының тиімділігіне бақылау жасау;

13) банктің ішкі құжаттары көздейтін басқа мәселелер болып табылады.

26. Ішкі аудит қызметі сыртқы аудитордың үміткерін ұсынады.

27. Ішкі аудит қызметінің басшысы және қызметкерлері бір мезгілде банктің басқа бөлімшелеріне басшылық (жетекшілік) жасап, сондай-ақ әрі кредит комитеті мен банктің басқа органдарының мүшелері бола алмайды.

28. Ішкі аудит қызметінің басшысында және қызметкерлерінде жоғары білім бар, азаматтық және банк заңнамаларын меңгерген, кәсіби құзыреттілікті (нормативтік құқықтық актілер білімі мен қаржылық қызмет көрсету және реттеу саласында кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар) меңгерген, сонымен қатар экономикалық қызмет саласында жасаған қылмысы үшін, сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге қылмыстары үшін заңмен белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы болмайды.

29. Банк қызметкерлері өзінің лауазымдық міндеттерін жүзеге асыру процесінде заңсыз жолмен алынған кірістерді (ақшаның заңсыз жолмен өтуі) және лаңкестік жолмен алынған заңдастырудың алдын алу бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын сақтайды.

30. Банк қызметкерлері мынадай мәмілелер (операциялар):

1) олардың шығу көздерін растайтын құжаттарсыз бес миллион теңгеден астам банкке түске кез келген түсімдер (депозит, заем, банктің бағалы қағаздарын сатып алу түріндегі);

2) қолма-қол ақша түрінде ақы төлей отырып бес миллионнан астам сомаға кез келген мәмілелер;

3) корпоративтік бағалы қағаздармен жасалатын алыпсатарлық операциялар;

4) растайтын құжаттарды ұсынбайқаржы құралына қойылатын талап құқықтарын қайта ресімдеу немесе қайта табыстау;


  1. заңдылығына күмән келтірілетін басқа операциялар немесе мәмілелер туралы ішкі аудит қызметіне ақпарат береді.

31. Банктің ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасында көрсетілген талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.

4-тарау. Қорытынды ережелер

32. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.







Екiншi деңгейдегi банктерде тәуекелдердi басқару және iшкi бақылау жүйелерiнiң болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулыққа 1-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет