Басқармасының Қаулысы алматы қаласы 2005 жылғы 30 қыркүйек №359


Өтімділік тәуекелін басқаруға қойылатын талаптар



бет5/15
Дата26.02.2016
өлшемі1.31 Mb.
#26669
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Өтімділік тәуекелін басқаруға қойылатын талаптар


Талаптың атауы

Талап критерийлері

Басқарма тәуекелдің белгіленген шекті деңгейіне сәйкес өтімділік тәуекелін басқаруға және банктің жеткілікті өтімділікті қолдауына кепілдік беруге мүмкіндік беретін стратегия мен тиісті рәсімдерді әзірлейді, Директорлар кеңесі бекітеді.

Басқарма тұрақты талдау жүргізеді және Директорлар кеңесіне тоқсанына кем дегенде бір рет банктің өтімділігі бойынша ағымдағы жағдай туралы ақпаратты хабарлайды.


Өтімділік тәуекелін басқару стратегиясы банк қызметінің ауқымына өлшемдес және:

бизнес қызметінің бағыттарын ескереді;

өтімділіктегі мұқтаждықтарын, банк үшін ғана, не бүкіл нарық үшін, не екі жағдай да басталған кезде тән болуы мүмкін өтімділіктің жеткіліксіздігі кезеңдерінде өтімділік үшін салдарын ескереді;

Директорлар кеңесі стратегияны:

Басқарманың бақылау жасаудың басшылықтарын, ішкі ережелерін, рәсімдерін, механизмдерін әзірлеуі арқылы іске асыруды қамтамасыз етеді;

Басқарма мүшелерінің және банктің тиісті қызметкерлерінің қажетті жұмыс тәжірибесінің, банктегі өтімділік тәуекелінің барлық дереккөздерін өлшеуге, мониторинг және бақылау жасауға арналған процесстер мен жүйенің болуына кепілдік береді;

банктің өтімділік позициясы туралы есептерін қарайды.

Басқарма:

еншілес ұйымдарды ескерумен өтімділік тәуекелін басқаруға және өтімділік позицияларының мониторингіне арналған бақылау жасаудың құрылымын, міндеттері мен механизмдерін анықтайтын өтімділікті басқару саясатын әзірлейді;

өтімділік проблемаларын шешу үшін қажет ақша қаражатын аударым жасауға нормативтік құқықтық және операциялық шектеулерді ескереді;

егер банк банк конгломератының бас ұйымы болып табылатын жағдайда банк конгломераты бойынша өтімділік тәуекелінің мониторингін жүзеге асырады;

конгломераттың өтімді активтерге деген барлық ірі мұқтаждықтарын анықтау, мониторинг жасау және шұғыл ден қою рәсімдерін әзірлейді және бар болуын қамтамасыз етеді және қажет болған кезде олар туралы Директорлар кеңесіне хабарлайды;

өтімділікпен стресстік жағдайларды тудыруы мүмкін нарықтағы ағымдық үрдістерді және ықтимал оқиғаларды бақылап отырады;

нақты рәсімдерді, саясаттарды және лимиттерді белгілейді, Директорлар кеңесіне саясаттарды (лимиттерді) бұзған жағдайларды жою үшін қабылдау қажет шаралар туралы хабарлайды;

жүргізілетін стресс-тестердің, кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайларға арналған жоспардың, сондай-ақ өтімділік резервінің банк қызметінің ауқымына сәйкестігін қамтамасыз етеді;

банктің мүдделі бөлімшелерінің қызметкерлеріне өтімділік тәуекелін басқару стратегиясын, стратегияны іске асыру үшін қажет негізгі ішкі ережелерді, сондай-ақ өтімділік тәуекелін басқару құрылымын мәлімет үшін жеткізеді;

Директорлар кеңесіне, сондай-ақ уәкілетті органға өтімділіктің ағымдық немесе ықтимал проблемалары туралы уақтылы хабарлайды. Банк ішкі құжаттарға сәйкес мұндай проблемаларға оның ішінде (олармен шектелмей) мыналарды жатқызады: қаржыландыру алшақтығын шоғырландыру, мөлшерін ұлғайту, өтімділіктің баламалы дереккөздерін қысқарту, белгіленген лимиттерді жүйелі бұзу, ауыртпалық салынбаған, жоғары өтімді активтер резервтерін немесе болашақ проблемалардың дереккөздері болуы мүмкін сыртқы нарықтардағы жағдайлардың өзгерістерін едәуір қысқарту, мерзімінен бұрын өтеу. Директорлар кеңесі Басқарманың осы проблемаларды шешу үшін тиісті шараларды орындауына бақылау жасауды қамтамасыз етеді;

банкте банктегі өтімділік тәуекелін басқару процесінің тиімділігіне кепілдік беретін бақылау жасауды бірдей ішкі механизмдердің болуын қамтамасыз етеді.

Директорлар кеңесі қаржыландырудың дереккөздері мен мерзімдерін тиімді әртараптандыруды қамтамасыз ететін қаржыландыру стратегиясы бар ішкі құжатты бекітті.

Басқарма банктің капиталды барлық дереккөздерден тез жұмылдыру қабілетін өлшейді, банктің капиталды жұмылдыру қабілетіне ықпал ететін негізгі факторларды анықтайды.


Қаржыландыру стратегиясы мыналарды:

қолда бар қаржыландыру дереккөздерін қысқа, орташа және ұзақ мерзімді перспективада әртараптандыруды. Әртараптандыру бағыттары қаржыландырудың орташа және ұзақ мерзімді жоспарларына кіргізілген және бюджетті жасау және бизнесті жоспарлау жөніндегі іс-шаралармен келісілген;

қаржыландырудың бір нақты дереккөзі бойынша шоғырландыруды шектеу жөніндегі шараларды;

бір дереккөзінен қаржыландыруға мейлінше аз тәуелділікті қамтамасыз ету мақсатында көтерме қаржыландыру дереккөздерін әртараптандыру жөніндегі шараларды көздейді.

Басқарма өтімді активтерді тарту дереккөздеріне (ішкі және сыртқы дереккөздер) әртараптандыру және олар тартылатын операциялар түрлері бойынша мониторингті; банк активтерінің және қаржыландыру дереккөздерінің құрамына, ерекшеліктеріне және әртараптандырылуына талдау жасауды жүйелі түрде жүргізеді;

банкаралық немесе қор нарықтарындағы ішкі немесе сыртқы жағдайларды ескере отырып, қаржыландыру стратегиясын жүйелі түрде қайта қарайды.

Директорлар кеңесі өтімділік тәуекелін басқарудың бірдей құрылымының болуы үшін жауапкершілік атқарады.

Директорлар кеңесі өтімділік тәуекелін басқару саясаты мазмұнды ішкі құжатты бекітті.

Совет директоров несет ответственность за наличие адекватной структуры управления риском ликвидности.

Совет директоров утвердил внутренний документ, содержащий политику управления риском ликвидности.


Өтімділік тәуекелін басқару саясаты өтімділік тәуекелін басқару жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар жүйесін, оның ішінде:

өтімділік тәуекелін басқару үшін жауапты бөлімшені;



банктің органдары мен бөлімшелері арасында өтімділік тәуекелін басқару жөніндегі өкілеттіктер мен жауапкершілікті бөлуді;

өтімділіктің артықтығын (тапшылығын) және өтімділік артықтығының (тапшылығының) шекті рұқсат етілген мәндерін белгілеуді қосқанда банктің өтімді қаражатқа деген мұқтаждығын белгілеу рәсімдерін;



банк қызметінің ауқымына сәйкес келетін өтімділік резервін оңай сатылатын активтер түрінде қолдау жөніндегі талапты;

өтімділік тәуекелін басқару тұрғысынан активтер мен міндеттемелерді басқаруды ұйымдастыруға қойылатын талапты;



өтімділіктің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамын жасау тәртібін;

нарықтың жай-күйімен, не міндеттемелерді орындаумен байланысты банктің қосымша өтімділікке деген мұқтаждығына әсер ететін өзге жағдайлармен байланысты оқиғалардың банк үшін жағымсыз дамуының сценарийлерін пайдаланумен өтімділіктің жай-күйіне талдау жүргізу тәртібін;

банктің өтімділігін қалпына келтіру рәсімдерін, оның ішінде өтімді активтерді жұмылдыру жөніндегі шешімдерді қабылдау, өтімділіктің тапшылығы туындаған жағдайға қосымша ресурстарды тарту рәсімдерін;

жеке және шоғырландырылған негізде банктегі өтімділіктің жай-күйі туралы ақпаратты жинау және талдау үшін ақпараттық жүйенің міндетті түрде болуын белгілейтін ережелерді;

банктің өтімділік тәуекелін басқару үшін жауапты бөлімшелері беретін есептілік тізбесін;

активтердің және міндеттемелердің құрылымы мен өтеу мерзімдері, қаржыландыру дерек көздерінің әртүрлілігі мен тұрақтылығы, түрлі валюталардағы өтімділікті басқару әдістері сияқты өтімділікті басқару жөніндегі ішкі ережелер мен рәсімдерді реттейді;

өтімділік тәуекелі деңгейінің түрлі сандық және сапалық көрсеткіштерін белгілейді.



Директорлар кеңесі бизнес-стратегияға және банктің қаржы жүйесіндегі роліне сәйкес келетін, өтімділік тәуекелінің рұқсат етілген деңгейін белгіледі.


Директорлар кеңесі банктің өтімділік тәуекелінің рұқсат етілген деңгейін белгілейді.

Банктің өтімділік тәуекелінің рұқсат етілген деңгейін анықтау рәсімдері төтенше қаржыландырудың дерек көздерін іздестіру қабілетін көрсетеді;

банкке өз өтімділігімен басқару және өтімділік дағдарысы кезеңінде өтімділік тәуекелін басқара алу жағдайында болу мүмкіндігін береді;

сандық және/немесе сапалық тәсілдермен көрінеді.

Банктің Директорлар кеңесімен ауқыммен, жүзеге асырылатын қызметке, көрсетілетін қызметтердің географиялық қамтылуына, банк өнімдерінің сипатына сәйкес өтімділік тәуекелін басқаруға арналған лимиттер бекітілді.

Басқарма лимиттерді және проблеманы Директорлар кеңесінің назарына жеткізудің тиісті рәсімдерін жүйелі түрде қайта қарайды.

Банктің ішкі құжаттарымен:

банктің түрлі бизнес бағыттары арасындағы күн сайынғы өтімділікті соло және шоғырландырылған негізде басқаруға арналған лимиттер;

белгіленген қаржы бөлудің немесе банктің басқа міндеттемелерінің орындалуы нәтижесінде жылыстаудың есептік көлемі бар, әр түрлі уақыт мерзімдері ішіндегі қолма-қол ақша ағынының келіп түсуінің келісілген мерзімдеріндегі кумулятивті алшақтықтың (мәселен, міндеттемелердің жалпы сомасының үлес салмағы түріндегі қаржыландыруға деген кумулятивті нетто-мұқтаждық) мөлшеріне шектеулер белгіленген.

Лимиттер схемасында өз қызметін жалпы нарықтық стресстер, тек банкке ғана тән немесе екі жағдайдағы стресстер кезеңдерінде жалғастыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін шаралар болады.

Директорлар кеңесімен кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін банктің активтерін басқару жөніндегі саясаты бар ішкі құжат бекітілді.



Өтімді активтерді алу үшін кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін банктің активтерін басқару жөніндегі саясат, оның ішінде:

банктің кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін активтерге деген мұқтаждықтарын анықтау және бағалауды;

банктің кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін активтерін пайдалану негізінде жатқан құқықтық және операциялық проблемаларды шешуді;

банктің кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін активтерін консервативті анықтауды және олардың қаржыландыруға деген күтпеген мұқтаждық басталған кезде кез келген уақытта қол жетімді болуы тиіс еркін (ауыртпалық салынбаған) деңгейін анықтауды реттейді.

Банктің бөлімшесі:

Кепілге салынған активтерін қосқанда, банктің кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін активтері бойынша оларды қажетті қамтамасыз етудің және кепілге салуға болатын, ауыртпалық салынбаған активтердің мөлшерімен арақатынасын белгілей отырып, барлық позицияларды есептейді;

банктің иелігінде бар, заңды тұлғалардың және банк өз қызметін жүзеге асыратын юрисдикциялардың бөлігінде кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін активтерінің көлемін бақылап отырады;

активтердің әрбір ірі сыныбын банктің кепіл ретінде және көрсетілген активтердің қамтамасыз етілген активтер нарықтарында негізгі контрагенттер және ақша қаражатын жеткізушілер үшін жарамдылықпен пайдаланылуы мүмкін активтері ретінде пайдаланылу мүмкіндігін бағалайды;

нақты банктер бойынша, бағалар сезімталдығының, стресстер жағдайында кепіл бойынша талаптардың шоғырлануын ескере отырып, банктің кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін активтерінің дерек көздерін әртараптандыру бойынша бағдарларды белгілейді;

нарықтағы стресстің түрлі сценарийлері кезінде жеке сектордың контрагенттерінен қаражат тарту мүмкіндігін бағалайды;

ұзақ мерзімді құрылымдық, қысқа мерзімді және бір күндік факторларды қосқанда, банктің кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін активтеріне деген мұқтаждықтардың кең ауқымын қанағаттандыру мүмкіндігін бағалайды. Банкте қарыз алуға деген жоспарланған және күтпеген мұқтаждықтарды қанағаттандыру, сондай-ақ банктің қаржыландыру профиліне қарай түрлі уақыт бөліктеріндегі маржа жөніндегі талаптардың ықтимал көтерілуін қамтамасыз етуге дайын болу үшін кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін активтердің жеткілікті көлемі бар;

келісім-шартта айтылған банктің кепіл ретінде пайдаланылатын қосымша активтерін беруге қойылатын талаптардың, банктің кредиттік рейтингінің немесе оның қаржылық жай-күйінің өзгеруінің, сондай-ақ, оның ішінде баланстан тыс міндеттемелермен байланысты, міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуге, өтімділіктің белгілі бір көлеміне деген мұқтаждыққа алып келуі мүмкін басқа да оқиғалардың пайда болу мүмкіндігін ескереді.

Ақпараттық жүйелер кездейсоқ жағдайлар үшін банктің кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін ауыртпалық салынбаған активтерінің жеткіліктілігін, талап етілетін түрі мен сапасын бағалауға мүмкіндік береді.

Банктің өтімділік тәуекелін басқару жөніндегі ішкі саясаты оның ішінде өтімділіктің жетіспеушілігімен проблемалар пайда болған жағдайда ауыртпалық салынбаған жоғары сапалы өтімді активтердің резервті қорын қолдауды көздейді.

Өтімділікті басқару саясаты:

стресс жағдайларында қосымша өтімділікті тарту үшін пайдалануға болатын ауыртпалық салынбаған, өтімді активтер резервтерінің мөлшерін;

резервтерді қалыптастыру кезінде, оның ішінде қолма-қол ақша ағынының сәйкессіздік шамасы туралы жорамалдарды, стресстік оқиғаларды, стресс жағдайларында банктің кепіл ретінде пайдалануы мүмкін активтер құнын (яғни, активтерді сатқан немесе оларды қаржыландырудың қамтамасыз етілген түрлері бойынша кепіл ретінде пайдаланған жағдайда банктің алуы мүмкін қолма-қол ақшаның есептік көлемі) ескереді;

өзін өте күрделі стресс сценарийлерінен қауіпсіздендіру үшін қолма-қол ақша және жоғары сапалы мемлекеттік облигациялар немесе осыған ұқсас құралдар сияқты резервтерді (мейлінше сенімді өтімді активтерді) қалыптастырудың дерек көздерін;

банктің өтімді активтердің қажет мөлшерін қалыптастыру қабілетіне әсер ететін ақпаратқа мониторинг және талдау жасау рәсімдерін анықтайды;

Басқарма стресс сценарийлері басталған кезде қаражат тарту үшін сатуға немесе кепілге салуға болатын ауыртпалық салынбаған, өтімді активтер резервтерінің динамикасына талдау жүргізеді.

Басқармамен өтімділік тәуекелін анықтау, өлшеу, мониторинг және бақылау жасау рәсімдері бекітілді. Рәсімдерге уақыт бөліктерінің тиісті ауқымы ішінде активті, пассивті және баланстан тыс баптардан алынған қолма-қол ақша ағынын жан-жақты болжаудың сенімді схемасы кіреді.


Банктің өтімділік тәуекелін анықтау, өлшеу, мониторинг және бақылау жасаудың ішкі рәсімдерінде:

өтімділікке деген күтпеген (шартты) мұқтаждықтардың дерек көздерін анықтау;

міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуге, оның ішінде баланстан тыс міндеттемелермен байланысты, өтімділіктің белгілі бір көлеміне деген мұқтаждыққа алып келуі мүмкін оқиғалардың болуын анықтау немесе басталуын болжау;

егер банк банк конгломератының бас ұйымы болып табылған жағдайда барлық еншілес ұйымдарға тән өтімділік тәуекелін белгілеу және анықтау;

әрбір ірі баланстық және баланстан тыс бапты, оның ішінде банктің қаржыландыру дерек көздерінде және оның осы қорларды пайдалануында көрінуі мүмкін, «орнатылған» опциондардың және басқа шартты міндеттемелердің әсерін бағалау;

банктің қаржыландыру тәуекеліне душар болуы мен нарықтың өтімділік тәуекелі арасындағы өзара қарым-қатынастарға талдау жасау;

өтімділік тәуекелінің және банк душар болатын тәуекелдің басқа түрлері арасындағы өзара байланысқа талдау жасау;

өтімділік тәуекелін, оның ішінде түрлі факторларды, атап айтқанда: өтімділікке деген мұқтаждықтың және бір күн ішіне қаржыландыру қабілетінің өзгеруіне деген әлсіздікті; өтімділікке деген күн сайынғы мұқтаждықты және бір жылға дейінгі қысқа және орта мерзімді уақыт кезеңдерінде қаржыландыру қабілетін; бір жылдан астам мерзімге өтімділікке деген ұзақ мерзімді мұқтаждықты; банктің қорларды жұмылдырудың ішкі қабілетіне күшті салмақ салуы мүмкін оқиғаларға, іс-әрекеттерге және стратегияларға деген әлсіздікті ескеретін басқару әдістері.

Өтімділікті өлшеу әдістері кезеңді түрде, бірақ кемінде айына бір рет:

Банктің ақша қаражатының түсіміне бағалау (ақша қаражатының жылыстауымен салыстырғанда);

түрлі уақыт мерзімдерінде (3ай, 6 ай, 1 жыл және 3 жыл), оның ішінде түрлі стресс сценарийлерін ескере отырып, активтер, міндеттемелер, баланыстан тыс міндеттемелер және туынды қаржы құралдары бойынша ақша қаражатының болашақ ағынын өлшеуді және болжам жасауды жүргізуді көздейді.

Банкте өтімділік тәуекелінің сандық көрсеткіштерін өлшеу және талдау жөніндегі құралдар бар.

Ішкі рәсімдер банктің баланс құрылымын, болашақ қаржы ағынын бағалау және баланстан тыс тәуекелдерді ескере отырып, өтімділік позициясын болжау үшін пайдаланатын, мыналарды:

қаржыландырудың әдеттегі дерек көздеріне қатысты болжанатын қаражат жылыстауы нәтижесінде пайда болуы мүмкін мұқтаждықтарды;

өз кезегінде түрлі уақыт бөліктеріндегі алшақтықтар шамасы бойынша өтімділік тәуекелінің лимиттерін, сондай-ақ ертерек алдын алу индикаторларын анықтау үшін негіз болып табылатын түрлі уақыт мерзімдерінде қаржыландырудың тапшылығын;

бірнеше баламалы сценарий аясында белгілі бір уақыт ішінде қаржы ағынын болжауды;

ақша қаражатының қозғалысы туралы есептерді талдауды;

активтердің, міндеттемелердің және баланстан тыс баптардың болашақ әрекеті туралы жорамалға (әлеуетті сценарийлерге) сүйенетін «ақша ағынының сәйкестігін» немесе «өтімділік тапшылығын» талдауды;

жуырдағы 6 айда шартты міндеттемелердің бір бөлігін не барлығын мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігін ескере отырып, банктің активтерін және міндеттемелерін гэп-талдауды;

белгілі уақыт аралықтарындағы кумулятивті таза артылуды немесе өтімділіктің жетіспеушілігін есептеуді;

банк өтімділіктің әлеуетті тәуекелін анықтау кезінде пайдаланатын жорамалдар тізбесін (әлеуетті сценарийлер), оның ішінде сол немесе басқа активтер мен міндеттемелерді өтеу ықтималдығын; тұрақсыз қаржы ағыны бар талап етуге дейінгі депозиттердің, активтердің, міндеттемелердің және баланстан тыс баптардың мерзімдерін; өтімділікпен қауырттылық кезеңдерінде қаражаттың баламалы дерек көздерінің болуын анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерді көздейді.

Пайдаланылатын жорамалдар (әлеуетті сценарийлер) басталуының жоғары дәрежелі ықтималдығы бар әлеуетті ықтимал жағдайларға жақындатылған, қисынды, негізделген болып табылады, банктің жүзеге асыратын қызметінің ауқымына сәйкес келеді.

Таңдалып алынған жорамалдар тізбесі (әлеуетті сценарийлер) құжатталған, банктің Директорлар кеңесімен кезеңді түрде, бірақ кемінде жылына бір рет қайта қаралады және бекітіледі.

Банктің ішкі құжаттарында ақша қаражатының болашақ ағынын (баланстың белсенді бөлігінен түсімді және банктің өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындауы бойынша шығыстарды) анықтауға мүмкіндік беретін өтімділік тәуекелін басқару рәсімдері көзделген.

Ақша қаражатының болашақ ағынын болжау рәсімі:

банк қызметінің күрделілігін, өнімдерді және нарықтарды көрсететін, оның өтімділікке (қысқа және ұзақ мерзімді) деген болашақ мұқтаждықтарына қатысты нақты жорамалдарды қабылдауды;

кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін активтердің, оларды стресс жағдайларында орнын толтыру дерек көзі ретінде пайдалану үшін сапасын талдауды;

қаржыландыру дерек көздерін өтеу мерзімдерін тең бөлу және қаражатты пайдалану мақсатында шығатын ағынмен үйлестірумен болашақ ақша ағыны түсімінің мерзімдерін реттеуді;

банктің міндеттемелерінен туындайтын ақша ағынын бағалау кезінде стресстік жағдайлар жағдайында қаржыландыру дерек көздерінің қозғалысын бағалауды жүргізуді көздейді.

Банктің өтімділік тәуекелін анықтау, өлшеу, мониторинг және бақылау жасау жөніндегі ішкі рәсімдері оның ішінде баланстан тыс және басқа шартты міндеттемелермен байланысты әлеуетті қаржы ағынын ескереді.

Ішкі рәсімдер:

міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындаудың банк үшін ықтимал салдары болжамының болуын, міндеттемелердің сипатын және контрагенттің кредит қабілеттілігін қарауды, сондай-ақ салалар және географиялық секторлар бойынша әлеуетті тәуекелді;

стресс кезеңдерінде басталуы мүмкін, банктің баланстан тыс міндеттемелерінен пайда болатын өтімділік тәуекелдерін басқаруды (арнайы қаржы компаниялары, қаржы деривативтері, сондай-ақ қаржылық міндеттемелер);

міндеттемелердің түрлері бойынша бөлуде және біріктірілген негізде банктің өз міндеттемелерін, оның ішінде шартты міндеттемелерін орындауымен байланысты қаржылық қаражат ағынының болжамын. Банктің иелігінде кез келген шартты міндеттемелер басталған кезде, оның ішінде заемшының (эмитенттің) белгілі бір іс-әрекеттерді жасауына немесе белгілі бір іс-әрекеттерден қалыс қалуына алып келетін шартты міндеттемелер (бұдан әрі – ковенанттар) бұзылған кезде қабылданған міндеттемелерді орындау үшін өтімділіктің жеткілікті, сенімді дерек көздері бар;

туынды қаржы құралдары, оның ішінде банктің кредиттік рейтингі немесе оның кредит қабілеттілігі нашарлаған не базалық активтің бағасы төмендеген жағдайда контрагенттердің қосымша кепілді талап ету ықтималдығы бойынша келісім-шарттарды қайта бағалаумен, орындаумен немесе жақындап қалған мерзімімен байланысты қаржы ағынының болжамын;

банктің шартты міндеттемелерінің бір бөлігін не барлығын мерзімінен бұрын өтеуді ескере отырып, шартты міндеттемелер бойынша апта сайынғы стресс-тестілеуді жүргізуді көздейді.

Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі және (немесе) тиісті функциялары мен өкілеттіктері бар өзге алқалық орган нарықта тұрақты ақша тарту қажеттілігі, мүмкіндігі болған жағдайда қамтамасыз ету үшін ақша ағыны графигінің және міндеттемелерді өтеу графигінің көмегімен қажетті ақша шамасын бақылайды.

Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі және (немесе) тиісті функциялары мен өкілеттіктері бар өзге алқалық орган:

апта сайын ақша ағынының графигін жасайды және таяу арадағы он жұмыс күніне қолма-қол ақша бойынша гэп-позицияға мониторинг жүргізеді;

есеп айырысу күніне сәйкес апта сайын активтер мен міндеттемелерді өтеу мерзімдерінің графигін жасайды және күн сайынғы, апта сайынғы және ай сайынғы негізде қолма-қол ақша бойынша гэп-позицияға мониторинг жүргізеді;

әрбір валюта бойынша ұлттық валютаға немесе басқа шетел валютасына айырбастаусыз қолма-қол ақша бойынша гэп-позицияны мониторинг жасауды және басқаруды апта сайын жүзеге асырады;

банк банктің баланстан тыс міндеттемелерін өтеудің болжамды көлемін ескерумен өтімділікке бақылау жасауды жүзеге асырады.

Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі және (немесе) тиісті функциялары мен өкілеттіктері бар өзге алқалық орган лимиттер белгілеу арқылы қолма-қол ақша бойынша гэп-позицияны бақылайды.

Банктің басқармасы немесе тиісті функциялары мен өкілеттіктері бар басқа алқалық органы капитал нарығындағы, оның ішінде банк аралық нарықтағы өтімді активтерді жұмылдыру мүмкіндігін ескере отырып, қолма-қол ақша бойынша гэп-позицияға лимиттер белгілейді.

Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі банктің өтімді активтерді жұмылдыру қабілетінің өзгеруін ескерумен кезеңді түрде, бірақ тоқсанда кемінде бір рет қолма-қол ақшаның гэп-позициялары бойынша лимиттерге шолу жүргізеді.

Басқарма міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуге және банктің оның арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдарымен шарттық және шарттық емес қатынастарымен байланысты пайда болатын өтімділіктің белгілі бір көлеміне деген мұқтаждықтарға алып келуі мүмкін оқиғалардың басталу ықтималдығына және өтімділік тәуекеліне мониторинг жасауды жүзеге асырады

Басқарма секьюритилендіру немесе сыртқы қаржыландыру мақсаттары үшін құрылған арнайы қаржы компаниялары бойынша өтімдік позицияларын кезеңді түрде, бірақ тоқсанда кемінде бір рет бақылап отырады;

стресс-тестілеу кезіндегі өтімділік болжамын қосқанда өтімділікке және гэп-талдауға өзіндік болжам жасау асында арнайы мақсаттағы ұйымдардың түсімі (өтеу мерзімі жақындаған активтер) мен (өтеу мерзімі жақындаған міндеттемелер) жылыстауын ай сайын бақылап отырады;

арнайы мақсаттағы ұйымда өтімділіктің қажетті деңгейі болмауының (болмаған жағдайда) банктің өтімділігіне ықпалына талдау жасайды;

арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдарын өтімділікпен толықтыруға ақша жылыстауды ескерумен өзінің өтімділік позициясын бағалайды;

секьюритилендіру мақсаттары үшін құрылған арнайы қаржы компаниясы активтерді қаржыландырудың дерек көзі ретінде пайдаланған кезде банк міндеттемелерінің көлемін ұлғайтатын жағдайлардың басталуымен байланысты өтімділікке деген мұқтаждықтарға талдау жасайды;

Басқарма өтімділіктің шетел валютасына деген жиынтық мұқтаждықтарын бағалайды және валюталар сәйкессіздігінің рұқсат етілген шектерін анықтайды.


Басқарма стресс жағдайларындағы ықтимал шектеулерді, оның ішінде:

ішкі нарықтағы валюталық резервті құралдарға қол жеткізуді (жасалған шарттар, «РЕПО» нарықтық мәмілелерінің және СВОП операцияларының болуы);

өтімділіктің артығын бір валютадан басқасына аудару мүмкіндігін (шетел валютасындағы өтімді қаржы құралдары) қарастыра отырып, өзі белсенді қызметті жүзеге асыратын валюталардың әрбір түрі үшін өзінің стратегиясына жекелеген талдау жасауды жүргізеді.

Банктің өтімділік тәуекелін басқару жөніндегі ішкі рәсімдері оның ішінде:

шетел валютасындағы активтер мен міндеттемелер арасындағы алшақтықтарды;

жасалған хеджирлеу операцияларымен және СВОП операцияларымен байланысты тәуекелдерді назарға алады.

Банкпен өтімділік тәуекелінің пайда болуын ертерек алдын алудың көрсеткіштері әзірленді.


Банктің өтімділік тәуекелін басқару жөніндегі ішкі саясаты минимум ретінде мыналар кіретін ертерек алдын алудың көрсеткіштерін (сапалық немесе сандық) көздейді:

әлеуетті құбылмалы міндеттемелердің есебінен қаржыландырылатын қысқа мерзімді активтерді қоспағанда, активтердің тез өсуі;

активтер немесе міндеттемелер бойынша өсетін шоғырлану;

валютаның тура келмеулерінің ұлғаюы;

активтер мен міндеттемелер өтелгенге дейін орташа мөлшерленген алшақтықтың ұлғаюы;

бір нақты өнімдік сызық бойынша жағымсыз үрдістер немесе жоғары тәуекел (мәселен, мерзімі өткен төлемдердің ұлғаймалы көлемі);

банк кірістерінің, активтер сапасының едәуір нашарлауы;

кредиттік рейтингтің төмендеуі;

қарыз алу жөніндегі спредтің немесе кредиттік дефолт своптары жөніндегі спредтің ұлғаюы;

көтерме немесе бөлшек қаржыландырудың өсетін құны;

бөлшек депозиттердің үдеуші жылыстауы;

ұзақ мерзімді қаржыландыруға қол жеткізудің қиындауы;

қысқа мерзімді міндеттемелерді орналастырумен қиындықтар.

Банктің ішкі құжаттарымен кейбір өнімдердегі орнатылған іске қосу механизмдерінің жақындап келе жатқан бұзушылықтары туралы немесе шартты тәуекелдердің басталу ықтималдығы туралы белгі беретін ертерек алдын алудың көрсеткіштері белгіленген, бұл банкті осы өнімге өтімділікпен қосымша қолдауды ұсынуға немесе активтерді балансқа аударуға мәжбүр ететін еді.

Банктің басқармасы өтімділікті ауыстыру үшін заңдық, реттеуіш және бизнес шектеулерді ескерумен банктің, сондай-ақ оның еншілес ұйымдарының бизнес бағыттарының және валюталарының әлеуетті өтімділік тәуекелі мен қаржылық мұқтаждықтарын бақылап отырады және қадағалайды.

Өтімділік тәуекелін басқару саясаты:

шоғырландырылған негіздегі өтімділік тәуекелі туралы көрініс алу үшін ақпарат жинау процестерін қосқанда, жекелеген банк, сондай-ақ еншілес, оның ішінде шетелдік ұйымдар ескерілген деңгейінде өтімділік тәуекеліне мониторинг және бақылау жасауды, банктің және оның еншілес ұйымдарының арасында өтімділікті тапсыру шектеулерін анықтау рәсімдерін жүргізуді;

банк жұмыс істейтін әрбір ел бойынша, өтімділік тәуекелін басқаруға әсер ететін құқықтық және реттеуіш режимдердің қажетті білімдерінің болуын;

еншілес ұйымдарды, қаражатты осылай ауыстыру қаншалықты заңмен рұқсат етілгенін ескерумен өтімділікті және ілеспе ресурстарды орналастыру үшін жұмыс рәсімдерінің болуын;

өтімділіктің топ ішілік тәуекеліне ішкі лимиттерді, банктің еншілес ұйымдары деңгейіндегі лимиттерді белгілеуді;

қаражаттың және кепілдің орын ауыстыруына қатысты жорамалдарды (әлеуетті сценарийлерді) көздейді. Банктің жорамалдарында өтімділіктің және кепілдің тиімді қозғалысы үшін реттеуіш, құқықтық, бухгалтерлік, кредиттік, салықтық және ішкі шектеулер, қаражатты және кепілді топ мүшелерінің арасында аударым жасау үшін қажет операциялық шаралар, сондай-ақ осы шаралар аясында осындай аударым жасауды жүргізу үшін қажет уақыт толығымен ескеріледі.

Басқарма капитал нарығына қол жеткізуді белсенді басқаруды, тиісті қызметкерлер тарабынан оған мониторинг және тексеру жасалуын қамтамасыз етеді.

Басқарма бекітілген қаржыландыру стратегиясына сәйкес капиталдың нарықтарға белсенді қатысуын қолдайды;

қысқа және ұзақ мерзімді қаржыландыру нарықтарына қол жеткізу мүмкіндігін қарастырады;

оның стресс кезеңдері уақытында өтімділік жетіспеушілігінің проблемаларын шешу қабілетін көтеретін қаржыландырудың баламалы дерек көздерін анықтайды.

Банктің ішкі рәсімдерімен өтімділік жетіспеушілігі жадайында банктің огың ішінде мыналар болып табылатын қаржыландырудың ықтимал дерек көздері белгіленген:

акционерлер қаражаты;

депозиттердің өсуі;

міндеттемелерді өтеу мерзімдерінің ұлғаюы;

қысқа және ұзақ мерзімді борыштық құралдардың эмиссиялары;

қаражатты топ ішінде аударым жасау;

еншілес компанияларды сату;

активтерді секьюритилендіру;

сату немесе ауыртпалық салынбаған жоғары өтімді активтермен репо операциясы;

салынған қаражатты игеру;

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен қарыз алу.

Басқарма банкті қысқа, орташа және ұзақ мерзімді перспективада өтімділікпен қамтамасыз ету мақсатында олардың тиімділігін бағалай отырып, қаражат тартудың өз нұсқаларына жүелі түрде талдау жасайды және тестілейді.

Банктің басқармасы әдеттегі, сондай-ақ стресс жағдайлары кезінде төлем жасау және есеп айырысу міндеттемелерінің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету үшін өтімділіктің күн сайынғы позицияларын және тәуекелдерді белсенді басқарады, осылайша төлем жасау және есеп айырысу жүйелерінің үздіксіз қызмет атқаруына мүмкіндік береді.

Банктің күн сайынғы өтімділікті басқару жөніндегі стратегиясына тіпті болмаса төрт операциялық элемент кіреді:

біріншіден, оларды күтілетін іс-әрекеттермен және қолда бар ресурстармен қатынастыра отырып, өтімділіктің күндік позицияларын бақылап отыру, қосымша күндік өтімділікті тартуға немесе маңызды төлемдерді жүргізу үшін өтімділікті жылыстауды шектеуге мүмкіндік беретін негізгі позицияларға бір күн ішінде мониторингті жүзеге асыру;

екіншіден, өзінің күндік мақсаттарына жету үшін күндік қорлардың жеткілікті көлемін сатып алу;

үшіншіден, күндік заем қаражатын (қорларды) алу қажеттілігі жағдайында кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін банктің активтерін басқару. Банкте күндік мақсаттарға жету үшін қажет болатын күндік өтімділіктің көлемін тарту үшін пайдалануға болатын жеткілікті кепіл бар;

төртіншіден, күндік өтімділік ағыны күтпеген кезде бұзылған жағдайда үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдердің, шаралардың болуы.

Банк банкке тән түрлі қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді стресс-сценарийлер бойынша стресс-тестілеуді кезеңді түрде, бірақ айына кемінде бір рет жүргізеді.

Басқарма стресс-тест нәтижелерін өзінің өтімділік тәуекелін басқару жөніндегі саясаты мен позицияларын түзету, сондай-ақ оқыс жағдайлардағы іс-әрекеттерінің тиімді жоспарларын әзірлеу үшін пайдаланады.

Басқарма ықтимал өтімділік тәуекеліне душар болуды анықтау және сандық тұрғыда өлшеу үшін жүйелі түрде стресс-тестілеудің жүргізілуін және сценарийлерге талдау жасалуын қамтамасыз етеді;

Басқарма кезеңді түрде, бірақ тоқсанына кемінде бір рет Директорлар кеңесіне стресс-тестілеудің нәтижелері туралы хабарлайды және талқылау қорытындылары бойынша алынған нәтижелерді банктің әлеуетті тәуекелдерін шектеу, сондай-ақ өтімділік резервтерін құру мақсатында салдарды жою немесе бәсеңдету жөніндегі шараларды қабылдау үшін пайдаланады.

Стресс-тестілеудің нәтижелері банктің оқыс жағдайлардағы іс-әрекеттерінің жоспарын жасауда және өтімділік жетіспеушілігі жағдайында жұмыс стратегиясы мен тактикасын анықтауда пайдаланылады.

Стресс-тестілеудің нәтижелері жан-жақты талдануы және ішкі лимиттер белгілеу кезінде назарға алынуы тиіс.

Басқарма егер банк банк конгломератының бас ұйымы болып табылған жағдайда кезеңді түрде, бірақ тоқсанына кемінде бір рет стресс- сценарийлердің өтімділіктің жалпы топтық позициясына, сондай-ақ конгломератқа мүше жекелеген ұйымдардың өтімділік позициясына әсеріне және қызметтің бағыттарына талдау жасауды жүргізеді.

Банктің ішкі құжаттарымен едәуір өтімділік тәуекеліне душар болатын, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдар үшін қосымша стресс-тестілеу жүргізу көзделген. Банк тестілеу барысында сценарийлердің әр түрлі уақыт бөліктеріндегі, оның ішінде күндік ауқымдағы салдарын қарастырады.

Тестілеудің дәрежесі мен жиілігі банктің шамасына және оның алдында тұрған әлеуетті өтімділік тәуекелдеріне, сондай-ақ банктің Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіндегі қатысты салмағына өлшемдес.

Банк стресс-сценарийлерді жасау кезінде бизнестің сипатын, жүзеге асырылатын қызметтің өтімділік тәуекеліне душар болуын ескереді.

Басқарма түрлі стресс-сценарийлердің жобаларын қарайды.

Банк стресс-тестілеу жүргізу кезінде қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді стресс-сценарийлерді, сондай-ақ жеке алынған банкке және жалпы алғанда бүкіл нарыққа тән стресс-сценарийлерді, оның ішінде:

тиісті оқиғалар басталған жағдайда банктің шартты міндеттемелерін ескерумен міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуді, оның ішінде ковенанттың бұзылуын;

нарықта бір мезгілде өтімділік жетіспеушілігін;

қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген қаржыландыруға қол жеткізуді шектеуді;

айырбасталатын валюталарды шектеуді назарға алады;

нарықтың өтімділігін қысқартудың және қаржыландыру өтімділігінің тапшылығы арасындағы байланысты;

банктің өтімділігіне әсердің, тәуекелдердің басқа түрлері бойынша (кредиттік, операциялық, нарықтық және басқалар) стресс-тестілеудің нәтижелерін ескереді.

Банк стресс-тестілеу үшін жорамалдарды белгілеу кезінде консервативті-қалыпты тәсіл дайындады.



Банк сценарийдің түріне қарай мынадай тізбе кіретін бірқатар жорамалдарды қарастырады:

активтер нарығының өтімсіздігі;

бөлшек қаржыландырудың жылыстауы;

көтерме қаржыландырудың қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген дерек көздерінің қол жетімділігі (сіздігі);

қосымша маржаны белгілеу талаптары және кепіл жөніндегі талаптар;

қаржыландырудың мерзімдері;

үшінші тұлғаларға немесе еншілес ұйымдарға берілген кредиттік желілер бойынша шартты талаптар;

баланстан тыс құралдар мен операциялар бойынша міндеттемелердің орнын толтыратын өтімділік;

банкке берілген кредиттік желілердің болуы;

валюталар айырбасталымы және валюталық нарықтарға қол жеткізу;

Ұлттық Банктің кредиттік қаражатына қол жеткізу;

активтердің болашақ өсу деңгейі.

Банк кезеңді түрде, бірақ жылына кемінде бір рет тест жүргізілетін сценарийлердің сипаты мен маңыздылығының банк жүзеге асыратын қызметіне сәйкестігін қамтамасыз ету үшін сценарийлердің жобаларын қайта қарайды.

Банк сценарийлерді қайта қарау кезінде нарық жағдайының өзгеруін; банк қызметі сипатының, ауқымының өзгеруін; стресс жағдайларындағы қызметтің нақты тәжірибесін ескереді.

Банк өтімділіктің профиліне едәуір әсер етуі мүмкін факторларды анықтау және талдау үшін стресс-тестілеу нәтижелерінің белгілі негізгі жорамалдарға деген сезімталдығына талдау жүргізуі мүмкін.

Басқарма стресс-тестілеуде қолданылатын сценарийлер мен жорамалдарды, сондай-ақ стресс-тестілеу нәтижелерін қарайды. Банктің сценарийлер мен ілеспе жорамалдарды таңдауы құжатталған және стресс-тестілеу нәтижелерімен қатар қаралған.


Басқарма кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайда арналған жоспарында қаржыландырудың ілеспе ықтимал тапшылығын бағалауға және жоспарлауға стресс-тестілеу нәтижелерін қалай кіргізуді шешеді.

басшылық (Директорлар кеңесімен кеңесе отырып) банк жол беретін өтімділік тәуекелінің рұқсат етілген деңгейінен қаржыландырудың болжанған тапшылығы қандай дәрежеде жоғары (немесе қаржыландырудың болжанған тапшылығы төмен) болса, сол дәрежеде: өзінің өтімділік позициясын түзеуді немесе кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспарын қолдауды шешеді.

Басқарма өтімділік тәуекелін басқарудың сенімді құрылымының қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.


Басқарма өтімділік тәуекелін басқару бойынша оған жүктелген функцияларды орындау мақсатында, оның ішінде:

Директорлар кеңесі бекіткен өтімділік тәуекелін басқару жөніндегі саясатқа сәйкес қажетті рәсімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;

Банктің өтімділік жөніндегі күн сайынғы міндеттемелерін, оның ішінде банктің ішіндегі не жалпы нарықтағы проблемалардан туындаған өтімділіктің жетіспеу кезеңінде орындауын қамтамасыз етеді;

банктің баланстық және баланстан тыс операцияларының мерзімділігімен, оның активтері мен міндеттемелерінің өтімділігімен өлшемдес өтімділіктің жеткілікті резервін қолдауды (ауыртпалық салынбаған активтер түрінде) қамтамасыз етеді. Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі оларды берілген займдарды қамтамасыз ету ретінде кепілге тез беру үшін өтімді активтердің қажетті деңгейін анықтайды және қолдайды;

активтердің сатылуы және банк үшін өтімділікпен қауырттылық кезеңдерінде қаржыландыру дерек көздерінің қол жетімділігі туралы жеткілікті дәрежеде қалыпты жорамалдарды қолданады.

Директорлар кеңесін және Басқарманы банктің өтімділік бойынша позициясы туралы уақтылы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін банктің ішкі құжаттарымен тиісті басқарушылық ақпараттық жүйені құру көзделген. Басқарушылық ақпараттық жүйе банктің, сондай-ақ банктің еншілес ұйымдары бөлігінде өтімдік позицияларын есептеуге мүмкіндік береді.



Басқарушылық ақпараттық жүйе:

шартты тәуекелдерді, сондай-ақ міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуге және өтімділіктің белгілі көлеміне деген мұқтаждыққа алып келуі мүмкін оқиғалардың пайда болуымен байланысты, оның ішінде баланстан тыс баптармен байланысты тәуекелдерді қосқанда, өтімділік тәуекелінің барлық дерек көздерін;

бір операциялық күнге, күн сайынғы (мейлінше қысқа уақыт бөліктері үшін), одан кейін одан ұзағырақ уақыт кезеңдерінің бірқатары да бойынша өтімділік позицияларын;

стресс жағдайларын қамтитын түрлі сценарийлерді;

жүйе, заңдық кедергілер, уақыт аймақтары және валюталар тұрғысынан алғанда ұйымдардағы өзгешеліктерді назарға ала отырып, өтімділік тәуекелін басқару үшін, оның ішінде шоғырландырылған негізде қажетті ақпаратты ескереді.

Банк Директорлар кеңесіне, Басқармаға және (немесе) тиісті функциялары мен өкілеттіктері бар басқа алқалық органдарға есеп берудің ауқымын, нысанын және кезеңділігін анықтайтын есеп берушілік критерийлердің тізбесін әзірледі.

Директорлар кеңесі кезеңді түрде, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өтімділіктің ағымдағы әлеуетті тәуекелдерін белгіленген лимиттермен салыстырғандағы тәуекел деңгейі туралы есеп берулерді алады.

Басқарма Директорлар кеңесіне өтімділік тәуекелі лимиттерінің бұзушылықтары туралы хабарлайды және түзету шараларын қабылдайды.

Директорлар кеңесі функциялары жағынан тәуелсіз, тиісінше оқытылған және құзыретті қызметкерлердің өтімділік тәуекелін басқару жүйесіне ішкі бақылау жасау жөніндегі жұмысты жүргізуін қамтамасыз етеді.

Ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің банктегі өтімділік тәуекелін басқару жүйесінің тиімділігін бағалау үшін қажет тәжірибесі және машықтары бар. Ішкі аудит қызметі банк бөлімшелерінің өтімділік тәуекелін басқарудың келісілген құрылымын іске асыруын және тиімділігін жүйелі түрде қарайды.

Екiншi деңгейдегi банктерде тәуекелдердi

басқару және iшкi бақылау жүйелерiнiң

болуына қойылатын талаптар туралы

нұсқаулыққа 5-қосымша

Қаржы құралдарымен операциялар жүргiзуге


қойылатын талаптар


Талаптың атауы

Талаптардың критерийлері

Директорлар         кеңесі қаржы           құралдарын сатып алу/сату және баға тәуекелі             бойынша операцияларды басқарудың               ішкі саясатын бекітті.

Қаржы құралдарын сатып алу/сату бойынша   операцияларды басқарудың ішкі саясаты:

банк          активтерінің          (міндеттемелерінің) құрылымына  байланысты  проценттік тәуекелді айқындайды;

банк          активтерінің          (міндеттемелерінің) құрылымына    байланысты    валюта   тәуекелін айқындайды;

туынды қаржы құралдарының операцияларына тән тәуекелдерді айқындау,

баға тәуекелінің лимиттерін белгілеу әдістерін, рынок тәуекелі бойынша меншікті капиталдың жеткіліктілігін;

банктің   рыноктық   тәуекелін   өлшеу   кезінде пайдаланылатын үлгілерді;

тәуекелдерді басқару бөлімшесінің директорлар кеңесіне және басқармаға    рынок     тәуекелі   бойынша     банк позициялары     туралы     есепті     ұсынуының кезеңділігін реттейді. 


Директорлар           кеңесі функционалдық,       атап айтқанда            мәмілені жүзеге асыратын фронт-офис    пен    көрсетілген операцияларды     есепте көрсетумен айналысатын     бэк-офис арасындағы  міндеттерін бөлуге            негізделген фронт-және бэк офистер үшін             қосарланған бақылау             саясатын бекітті.

Қосарланған бақылау жүйесі:

фронт- және бэк -офистерді бөлуді; бэк-офистің      фронт-офистің      операцияларының жай-күйін уақтылы тексеру мүмкіндігін;

қосарланған   бақылау   жүйесі   қатысушылар арасындағы     ықтимал     келісімдерді     шектеу шараларын;

тәуекелдер      мониторингі      мен    кастодиан қызметін  жүзеге  асыратын  фронт  пен  бэк-офистерде   және   бөлімшелердегі  қызметтік міндеттерді бір ғана тұлғаның қатар орындауына тыйым салуды қарастырады.



Басқарма                   банк операцияларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша рәсімдерді бекітті.

Ішкі аудит қызметі меншікті капиталдың және банк кірістерінің мөлшеріне теңбе-тең болмайтын кірістермен айла-әрекет жасау және тәуекелді қабылдау жағдайларын анықтау және болдырмау мақсатында банк операцияларын тексереді.

Банктің       автоматтандырылған жүйесі        бар        (қаржы құралдарының портфелін           басқару, операцияларды қамтамасыз                ету, шоттарды    өңдеу   және есептерді            жүргізу, тәуекелдерді басқару).

Банктің   қаржы   құралдарын   сатып   алу/сату бойынша   операцияларын   қамтамасыз   ететін техникалық жүйесі бар;

банктің      тәуекелдерді      басқаруға      қажетті ақпаратты жинау жөніндегі жүйесі бар;

банктің ақша және қаржы құралдары бойынша есептеулер жүргізуге арналған техникалық жүйесі бар;

ішкі     аудит   қызметі     және     сыртқы аудиторлар тәуекелдерді            басқару            бөлімшесінде бухгалтерлік есеп және есеп беруді жүргізуге жауап    беретін    банк    бөлімшесі    ұсынған мәліметтердің нақтылығын тексереді.



Банктің шоғырландырылған негізде,     нақты    уақыт режимінде        тәуекелді бақылап              отыруға мүмкіндікті   қамтамасыз ететін                     қаржы құралдарымен операциялар     бойынша тәуекелдерді       басқару жүйесі бар.

Банк   басқа  рыноктық   операциялардан   бөлек сауда операцияларына өңдеу жүргізеді; банк еншілес        ұйымдарды        ескере        отырып, оның ішінде шоғырландырылған    негізде    баға   тәуекеліне ұшыраған    баланстық    және    баланстан    тыс операциялар    бойынша    кірістер/шығыстарды және тәуекелдерді бақылайды;

банк мерзімдік биржалық позицияларды қайта бағалау   негізінде       кірістер/шығыстарға   күн сайынғы бағалауды жүргізеді.



Банк                       қаржы құралдарына    ағымдағы рыноктық бағаны ескере отырып,                әлуетті рыноктық         тәуекелді және кірістер/шығыстарды

кезең- кезеңмен бағалайды.



Банк  қаржы   құралдары   портфелінен   банктің математикалық   модельдерімен   айқындалған ағымдағы рыноктық бағалар немесе есептеу бағасы жоқ қаржы кұралдарын шығарып тастайды.

банк әр операциялық күн ішінде қаржы құралдарымен жасалған операциялардан түскен кірістер/шығыстарға жүйелі бағалау жүргізеді;

тәуекелдерді басқару бөлімшесі қаржы құралдары бойынша банк айқындаған әділ құнның дұрыстығына мониторинг жүргізеді;

банктің директорлар кеңесі    тәуекелді ескере отырып,   қаржы   құралының   құнын   айқындау рәсімдерін бекітті;

тәуекелді    бағалау    моделі    және    ағымдағы бағаларды    рыноктық    бағаларға          келтіру негізінде қаржы құралдарының құнына бағалау жүргізеді,    оның    ішінде    стресс-тестингтерді (stress-testing)  және  бэк-тестингтерді  (back-testing) жүзеге асырады;

банк қаржы құралдарымен операциялар жасауға шешім қабылдаған кезде тәуекелді және жүйелі стресс-    тестингтерді  (stress-testing)    бағалау нәтижелерін пайдаланады.



Директорлар кеңесі қаржы құралдарымен операциялар бойынша жиынтық лимитті, басқарма - жекелеген қаржы құралдары бойынша лимиттерді, сондай-ақ "stор - loss" ережесі бойынша халықаралық практикада қабылданған лимиттерді белгілейді.

Директорлар кеңесі

кезең- кезеңмен  жиынтық лимитті және   "stор - loss" лимиттерін белгілеу ережелерін айқындайды; қаржы  құралдарын  сатып  алу/сату  бойынша операцияларды       жүзеге       асыратын       банк бөлімшесі       банктің басқармасына қаржы құралдары бойынша банк позициясын ұсынады;

директорлар кеңесі қаржы құралдары бойынша лимиттерді   және   "stор   - loss"   лимиттерін белгілеу     ережесін     айқындау     рәсімдерін белгілейді.


Басқарма әрбір қаржы құралдары бойынша тәуекелдерді басқару рәсімдерін бекітті.

Басқарма  немесе тиісті функциялары және өкілеттіктері бар басқа алқалы орган шетел валюталарының әрбір түрлері мен     барлық     валюталар     бойынша     спот, форвард, своп операцияларының халықаралық практикасында  қабылданған        позициялар бойынша лимиттерді белгілейді;

активтерді және міндеттемелерді   басқару   бөлімшесі   спот   және форвард    операцияларын    өтеу    мерзімдерін басқару   үшін   активтер   мен   міндеттемелерді өтеу    мерзімдерінің    күн    сайынғы    кестесін пайдаланады;

басқарма немесе тиісті функциялары және өкілеттіктері бар басқа алқалы орган қаржы құралдары үшін "stор - loss" лимиттерінің диапазонын белгілейді;

ішкі аудит қызметі  "stор - loss" лимиттерін айқындау ережелерін банктің дұрыс қолдануын тексереді.



Директорлар кеңесі баға тәуекелі,    оның    ішінде қаржы         құралдарына рынок пен қаржы рыногы өтімділігінің мөлшерін ескере отырып бөлу                   бойынша позицияны        айқындау жөніндегі      шешімдерді қабылдау           саясатын бекітті.


Тәуекелдерді      басқару      бөлімшесі      қаржы құралдары     бойынша     лимиттердің     теңбе- теңдігіне, яғни қаржы құралдарының рыногы мен қаржы құралдары өтімділігінің ауқымы мен динамикасына сәйкес талдау жүргізеді;




Директорлар   кеңесі   инвестициялық   саясатты бекітті, ол:

инвестициялау       мақсатын,       инвестициялау операцияларын,   сондай-ақ   инвестициялаудың жоспарлары мен лимиттерін   бекіту жөніндегі өкілеттіктерді;

құпия        ақпаратты        пайдалану        арқылы жүргізілетін    операцияларға    рұқсат    бермеу мақсатында        кредиттеу        функцияларынан инвестициялық           операциялар           жүргізу функцияларын бөлу рәсімдерін; қаржы құралдарының түрлері, инвестициялық қызмет   мақсаттары   бойынша   инвестициялық критерийлерді айқындайды.


Тәуекелдерді        басқару бөлімшесі       тоқсанына кемінде         бір         рет нәтижелері    басқармаға тоқсанына   кемінде   бір рет,               директорлар кеңесіне   жарты   жылда кемінде         бір         рет нәтижелері кезең-кезеңмен ұсынылатын, инвестициялардың көлемін талдайды.

Басқарма банктің              инвестициялық операцияларының   күнделікті   мониторингінің рәсімдерін бекітті;

инвестициялар             портфелі             бойынша кірістер/шығыстар     туралы     есеппен     бірге мониторинг       нәтижелері       басқарма       мен директорлар кеңесіне ай сайын ұсынылады;

тәуекелдерді      басқару      бөлімшесі      қаржы құралдарының,    эмитенттің        түрі,    айналыс мерзімдері, валюта түрлері және инвестициялау мақсаттары   бойынша   банктің   инвестициялық портфеліне мониторингті жүзеге асырады.


Басқарма инвестициялар портфелін    құрылымдау рәсімдерін      орта  және ұзақ                     мерзімді перспективада инвестициялық тиімділіктің        тұрақты көрсеткіштерін       ұстап тұратындай етіп бекітті;

Құрылымдау рәсімдері:

айына кемінде бір рет рыноктық құны бойынша инвестициялар     портфеліне     қайта     бағалау жүргізуді;

жарты жылда кемінде бір рет әрбір есепті кезең үшін     қаражаттарды,     кірістерді/шығыстарды тарту құнын ескере отырып, инвестициялардың қаржы      нәтижелеріне      бағалау      жүргізуді қарастырады.


Директорлар кеңесі қаржы құралдарын сатып алу/сатудан болған шамадан тыс шығыстарды ескерту және көрсетілген саясатты банктің сақтауын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі саясатты бекітті.

Банк олардың рыноктық құнының динамикасын ескере отырып, қаржы құралдарымен жасалған операциялардан                              болған кірістердің/шығыстардың  өзгерістеріне  талдау жүргізеді.

Активтер мен міндеттемелерді басқару жөніндегі бөлімше және/немесе тиісінше функциялары мен өкілеттіктері бар алқалы орган тәуекелінің, процент тәуекелінің және валюта тәуекелінің мониторингін жүзеге асырады.

Активтер мен  міндеттемелерді     басқару жөніндегі бөлімше және/немесе тиісінше функциялары мен өкілеттіктері бар алқалы орган:

активтерді     және     міндеттемелерді     басқару мәселелерін қарайды;

тәуекелдерді  басқару  бөлімшесімен  өзара  іс-әрекет жасайды;

баланстық   және   баланстан   тыс   операциялар бойынша процент және валюта тәуекелдерін апта сайын бақылайды;

процент  және  валюта тәуекелдері, сатып     алу/сату     операцияларының     түрлері және динамикасы бойынша банктің позициясы туралы басқармаға апта  сайын,   директорлар   кеңесіне   ай   сайын ақпарат береді;

берілетін заемдер және тартылатын депозиттер бойынша    сыйақы    мөлшерлемелерін        белгілеу жөнінде ұсыныстар береді.



Активтер мен міндеттемелерді         басқару бөлімшесі шоғырландырылған негізде              процент    және    валюта тәуекелдерінің мониторингін       жүзеге асырады.

Активтерді және міндеттемелерді басқару бөлімшесі тоқсанына кемінде бір рет еншілес ұйымдарда ақшаны басқарудың мониторингін жүргізеді және шоғырландырылған негізде банктің және еншілес ұйымдардың активтері мен міндеттемелерін басқаруды жүзеге асырады;

Директорлар кеңесі тәуекелдерді бағалау саясатын, оның ішінде болжалданатын тәуекелдер бойынша қаржы құралдарын бағалаудың халықаралық практикасын әдістемелерді пайдалана отырып бекітті.(VАR-әдісі)




Активтер       мен       міндеттемелерді       басқару бөлімшесі     және/немесе тиісінше функциялары мен өкілеттіктері бар алқалы орган өтеу мерзімдері бойынша сыйақының мөлшерлемесінің деңгейін айқындайды.




Активтер       мен       міндеттемелерді       басқару бөлімшесінің басқару бөлімшесінің процент тәуекелдерін бағалау үшін деерктерді жинау мен талдау жүйесі бар.     

Активтер       мен       міндеттемелерді       басқару бөлімшесі     және/немесе тиісінше функциялары мен өкілеттіктері бар алқалы орган процент     тәуекелінің,      процент тәуекелінің    негізгі    көздеріне    мониторингін жүзеге асырады (өтеу мерзімдерінің ерекшелігі, заем      капиталы      рыногының      ставкалары, кіріктірме опциондар);

директорлар    кеңесі     валюта    бағамдарының өзгеруіне   талдау   жасауға   сәйкес   валюталар позициялары    бойынша   шешімдер    қабылдау саясатын бекітті.



Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі   және тәуекелдерді   басқару бөлімшесі           банктің капиталы                 мен кірістерімен салыстырғанда    тәуекелдер сандық қатынаста      шамадан     тыс     болған жағдайларда   тәуекелдің төмендеуі         бойынша шараларды қабылдайды.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі:
әр түрлі талдама әдістерді пайдалану арқылы тәуекелдерді кешенді басқаруды;

проценттік сезімталдықты бағалауды,    тәуекел құнын      (немесе      тәуекел      кірістері) бағалау жүргізетін гэпті талдауды, модельді талдауды үнемі жүргізеді;


нәтижелері      тәуекелдерді      қабылдау      және тәуекелдерге            бақылау            салаларында стратегиялық           шешімдер           қабылдауда пайдаланылатын стресс-тестингті;

кезең-кезеңмен                                 қайталанатын кірістер/шығыстар        сияқты        көлемдердегі өзгерістер     тұрғысынан      процент     тәуекелі талданады және бақыланады; басқарма:

туынды     қаржы     құралдары     немесе     басқа рыноктық операциялардың көмегімен процент тәуекелін хеджирлеу рәсімдерін бекітті;

тәуекелдер    бойынша    меншікті    капиталдың теңбе-теңдігін ескере отырып, гэп және процент тәуекелінің    мөлшері     бойынша    лимиттерді белгілейді.



Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі және/немесе тиісінше функциялары мен өкілеттіктері бар алқалы орган Басқарма бекіткен әдістерді пайдалана отырып валюта тәуекелінің деңгейін бағалайды және талдайды.

Активтер       мен       міндеттемелерді       басқару бөлімшесі және/немесе тиісінше функциялары мен өкілеттіктері бар алқалы орган:

валюта   бағамдарының   өзгеруін   талдау   үшін қосымша жүйеге ие; валюта           бағамдарының           өзгерістеріне сезімталдықты     айқындау    үшін    тәуекелден валюта      құралдарының       кұнына      бағалау жүргізетін ашық    валюталық позициялар мен модельдерді үнемі талдайды.



Директорлар кеңесі валюта тәуекелінің сандық қатынаста меншікті капитал мен банк кірістерінің мөлшерінен асып түсетін жағдайларында тәуекелдің төмендеуі жөніндегі саясатты бекітті.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі   жарты жылда кемінде бір рет   стресс-тестинг жүргізеді және тәуекелді   қабылдау   және   тәуекелге   бақылау кезінде     стратегиялық  шешімдер  қабылдауда олардың нәтижелерін пайдаланады;

банк активтерді және міндеттемелерді басқару саясатына сәйкес туынды құралдармен немесе басқа рыноктық операциялармен   мәмілелердің көмегі арқылы валюта тәуекелін теңбе-тең және уақтылы хеджирлеу рәсімдерін пайдаланады;


директорлар кеңесі ашық валюта позициялары бойынша лимиттерді    және валюталық нетто-позицияларды белгілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет